2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 7 толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 12.04.2000 ж. N 172 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1141. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 12 сәуірдегі N 172 (тіркелген N 1141) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 7 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 19 маусымдағы N  2335   "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N  202   "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығын мерекелеудiң бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N  715  "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына: 
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы: 
      "6.2.258.37 Денсаулық сақтау, бiлiм, мәдениет және әлеуметтiк қамту салаларының ауылдық жерде тұратын мамандарына отын алу жөнiндегi әлеуметтiк көмек көрсету" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "6.2.258.38 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеудi өткiзу";
     "13.9.105.61 Өкiлеттiк шығыстар" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "13.9.105.64 Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың жарғылық қорына жарна".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшiне енеді.    

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады