Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Реcпубликасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 16 мамырдағы N 195 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1149. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн енгiзу бойынша дайындық шараларын өткiзу қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 V991011_ қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасындағы "2000 жылдың I тоқсанында" деген сөздер "2000 жылдың 1 шiлдесiнен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мусаев Р.Н.) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

Ұлттық Банк Төрағасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады