Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1173 Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/32 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі).

      Мемлекеттiк органдар жүргiзетiн бос әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы хабарландыруларды жариялаудың тәртiбi мен ережелерiн жетiлдiру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi Төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 V990986_ бұйрығымен бекiтiлген, 1999 жылғы 30 қарашада Әдiлет министрлiгiнде 986 N-мен тiркелген Бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
     11- тармақта:
     бiрiншi сөйлем "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
     17-тармақта:
     "сондай-ақ осы Қағидамен көзделген" деген сөздер "немесе осы

Қағиданың 19-тармағымен көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;          

     18-тармақта:

     бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "Конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы

тиiс:";

     19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "19. Жергiлiктi атқарушы органдардың, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер

әкiмдерi аппараттарының, С-4-тен С-13 аралығындағы (қоса алғанда), D-3-тен


D-8 аралығындағы (қоса алғанда), Е-2-ден Е-9 аралығындағы (қоса алғанда) санаттардың аумақтық органдарының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға өткiзiлетiн сынақтар жөнiндегі конкурстарды өткiзу туралы хабарландыру облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi белгiлеген жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында ресми түрде жариялануы тиiс.
      Сонымен бiр мезгiлде жоғарыда аталған конкурстар туралы мәлiметтер

 

уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне Интернет жүйесiндегi

республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарын

WЕВ-парақтарына орналастыру үшін ұсынылуы тиіс.

     Жоғарыда аталған мемлекеттiк органдар С-2, С-3, D-1, D-2, Е-1

санаттарының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға конкурс

өткiзу туралы хабарландыруы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының

басылымдарында, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалаларының

әкiмдерi белгiлеген жергiлiктi ақпарат құралдарының басылымдарында

жариялануы мүмкiн";

     38-тармақтағы "алты айдан" деген сөздер "бір айдан" деген сөздермен

ауыстырылсын.


     Төраға



     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.         

              Икебаева Ә.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады