Бiлiм алушылардың құқын және мүмкiндiктерiн одан әрi кеңейту мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 350 бұйрығымен бекiтiлген "Жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру орындарында бiлiм алушыларды қайта алу және ауыстыру тәртiбi туралы"
бұйрыққа
келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру орындарында бiлiм алушыларды қайта қабылдаудың және ауыстырудың тәртiбi туралы Ережеге:
1-бөлiмiнiң:
4-тармағында:
бiрiншi абзацында "бiлiм беру ұйымының бiреуiнен екiншiсiне" деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi абзац "курста" деген сөзден соң "академиялық қарызы, iшкi тәртiп ережелерiн бұзғаны үшiн" сөздерiмен толықтырылсын;
келесi мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
"Қысқы емтихандық-сынақ сессиясын табысты тапсырғаннан соң бiрiншi курстың бiлiм алушыларының бiр ұйымнан екiншi ұйымға ауысуға құқы бар";
5-тармақта:
"Бiлiм алушының" сөздерiнiң алдында "Күндiзгi және сырттай оқу түрiнде" сөздерiмен толықтырылсын;
келесi мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
"Сырттай оқу түрiнде бiлiм алушының қайта қабылдауға немесе ауысуға байланысты өтiнiшi бiлiм беру ұйымының басшысымен кезектi емтихандық-сынақ сессиясының басталуына дейiн қаралады";
2-бөлiмде:
7-тармақта "бес" сөзiнiң алдында "мiндеттi түрде" деген сөздермен толықтырылсын;
келесi мазмұндағы 9-1 және 9-2 тармақтарымен толықтырылсын:
"9-1. Ақысын төлемегендiктен немесе оқу төлемақысына қарыздар болғандықтан семестр барысында оқудан шығарылған ақылы негiзде бiлiм алушылардың, ақысын төлеген немесе қарызын жойған уақыттан оқуға қайта қабылдануына құқы бар.
9-2. Егер бiлiм алушы басқа бiлiм ұйымына қайта қабылданып жатса, бiлiм алушы бұрын оқыған бiлiм беру ұйымының басшысы қабылдаушы жағының жазбаша өтiнiшi негiзiнде, өзiнде академиялық анықтаманың көшiрмесiн, оқу карточкасын, сынақ кiтапшасын, студенттiк билетiн және жiберiлген құжаттардың тiзбесiн қалдырып, студенттiң жеке құжаттарын жiбередi.";
3-бөлiмде:
12-тармақта "Бiлiм алушылардың" сөздерi алдында "Мемлекеттiк емес оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм гранттары мен несиелерi бойынша оқитындардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
келесi мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Жоғары оқу орнын қаражаттандыру көлемiн нақтылау мақсатында мемлекеттiк бiлiм тапсырысы негiзiнде бiлiм алушыларды 13, 14-тармақтарға сәйкес бiр бiлiм ұйымынан басқасына ауыстырғанда, қабылдаушы жағының басшысы бiлiм беру саласының орталық орындау органына бiлiм алушыны қабылдау жөнiндегi бұйрығының көшiрмесiн, оның оқуға қабылданғаны және шығарылғаны туралы бұйрықтың көшiрмесiн бiрге жiбередi";
18-тармақтың 2-тармақшасы келесi сөздермен толықтырылсын:
"Бұл жағдайда бiлiм алушының өтiнiшiне ғылыми кеңестiң шешiмiмен бiрге оқудан шығарылған мемлекеттiк бiлiм гранты иесiнiң және бос орынға ауыстырылатын мемлекеттiк бiлiм несиесi иесiнiң куәлiктерi, ауыстырылатын студенттiң сынақ кiтапшасының көшiрмесi қоса берiледi";
19-тармақтың 2-тармақшасы келесi мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"Бұл жағдайда бiлiм алушының өтiнiшiне ғылыми кеңестiң шешiмiмен бiрге, оқудан шығарылған мемлекеттiк бiлiм несиесi иесiнiң куәлiгi, ауыстырылатын студенттiң сынақ кiтапшасының көшiрмесi қоса берiледi";
келесi мазмұндағы 19-1 тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Сол мамандыққа мемлекеттiк бiлiм гранттары мен несиелерi түрiндегi мемлекеттiк тапсырыс болмаған жағдайда ақылы негiзде оқитын бiлiм алушыны 18-тармақтың 1)-5) тармақшаларында берiлген тәртiппен мемлекеттiк бiлiм гранттары мен несиелерi негiзiнде оқуға ауыстыруға болады;
21-тармақтың екiншi абзацында:
екiншi жолда "және" деген сөз "немесе" сөзiмен ауыстырылсын;
"оқу карточкасының көшiрмесi" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ жоғары оқу орнының осы мамандық бойынша бiлiм беру қызметiн жүргiзуге берiлген лицензияның көшiрмесi" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Жоғары бiлiм департаментi (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсiн.
Министр