Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери қызметтi және запастағы қызметтi өтеу Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Бұйрығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2000 жылғы 12 сәуір N 83 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 05 шілде тіркелді Тіркеу N 1179. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2006 жылғы 23 шілдедегі N 289 бұйрығымен.

       Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2006 жылғы 23 шілдедегі  N 289 бұйрығымен .

----------------Бұйрықтан үзінді--------------------

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарында әскери қызметтi өткеру ережелерiн бекiту туралы" 2006 жылғы 25 мамырдағы N 124 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күшi жойылды деп танылсын:
      ...
      3) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде прапорщиктердiң (мичмандардың) әскери қызметтi және запастағы қызметтi өткеру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2000 жылғы 12 сәуiрдегi N 83 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2000 жылғы 5 шiлдеде N 1179 тiркелген)...

      Армия генералы
------------------------------------ 

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери қызметiн өтеу тәртiбiн келешекте жетiлдiру мақсатымен БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери қызметтi және запастағы қызметтi өтеу Ережелерi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер түрлерiнiң қолбасшылары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабының дербес бөлiмдерiнiң және қызметтерiнiң Бас басқармаларының, департаменттерiнiң бастықтары, әскери бөлiмдердiң және бiрлестiктердiң, құрамалардың командирлерi, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының, кәсiпорындардың бастықтары мен әскери комиссарлары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жеке құрамымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери қызметтi және запастағы қызметтi өтеу Ережелерi оқытылсын және олардың талаптарының қатаң орындалуы қамтамасыз етілсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери және запастағы қызметтi өтеу Ережелерiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қолдану тәртiбi жөнiндегi Нұсқау күшiне енгiзiлсiн (осы бұйрыққа 1-ші қосымша). 
      4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадрлар және әскери 

 

бiлiм департаментiнiң бастығы берiлген Ережелермен орнатылған Қазақстан 

Республикасы Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң және мичмандарының қызметтi 

өтеу тәртiбi қатаң сақталуын тұрақты қадағалануды қамтамасыз етсiн.

     5. КСРО Қорғаныс министрiнiң 1985 жылғы N 275 бұйрығы күшiн жойды деп 

саналсын.

     6. Бұйрық жеке роталарға жеткiзiлсiн.

     

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi

генерал-лейтенант

 

                                         Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                           2000 жылғы "___"_____________

                                                 N _____ қаулысымен

                                                     бекітілген

     

                      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРI

                ПРАПОРЩИКТЕРIНIҢ (МИЧМАНДАРЫНЫҢ) ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІ

                     ЖӘНЕ ЗАПАСТАҒЫ ҚЫЗМЕТТI ӨТКЕРУ ТУРАЛЫ

                                      ЕРЕЖЕ

     

                                     1-БӨЛIМ

     

                                  Жалпы ережелер

     

 
      1. Осы Ереже "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес прапорщиктердiң (мичмандарының) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өтеу тәртiбiн олардың бейбiт және соғыс уақытындағы құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды. 
      Прапорщиктерге (мичмандарға) Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарда прапорщик, аға прапорщик, ал әскери-теңiз күштерi бөлiмдерiнде-мичман, аға мичман әскери атақтары берiлген әскери қызмет өтеушi адамдар кiредi. 
      2. Прапорщиктердiң (мичмандардың) қызметi әскери қызмет пен запастағы қызметтен тұрады. 
      3. Прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметте 45 жасқа дейiн бола алады, одан кейiн Қарулы Күштер қатарынан босатылуға жатады. 
      Әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен, әскери қызмет өтеуге денсаулық жағдайы бойынша жарамды прапорщиктердiң (мичмандардың) келiсiмдерi бойынша олардың әскери қызмет мерзiмi, ерекше қажет болған жағдайларда, Қорғаныс министрiнiң шешiмiмен 5 жылға дейiн ұзартылуы мүмкiн. 
      4. Прапорщиктер (мичмандар) ретiнде: 
      1) мерзiмдi әскери қызметтегi немесе келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өтеушi солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар үшiн - прапорщиктер (мичмандар) әскери атағын беру туралы бұйрық шыққан күнi; 
      2) запастан әскери қызметке қабылданған прапорщиктер (мичмандар) үшiн, прапорщиктер (мичмандар) ретiнде әскери қызметке қабылданған запастағы солдаттар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, әйелдер үшiн әскери комиссариаттың нұсқамасында көрсетiлген қызмет орнына кеткен күн әскери қызметтiң басталуы болып табылады. 
      5. Әскери бөлiм командирiнiң бұйрығымен прапорщиктердi (мичмандарды) әскери бөлiм жеке құрамынын тiзiмiнен шығарған күнi, олардың әскери қызметiнiң аяқталғаны болып саналады. 

                                 2-БӨЛIМ

 
                         Прапорщиктердiң (мичмандардың) 
                            лауазымдарын жасақтау 
      6. Прапорщиктер (мичмандар) ретiнде әскери қызметке 35 жасқа дейінгi, әскери қызмет өтеу талаптарына жауап беретiн адамдар қабылданады. 
      Прапорщиктер (мичмандар) өтеуге жататын лауазымдар: 
      1) мерзiмдi әскери қызмет өтеген, даярлық бейiнi бойынша тиiстi әскери мамандыққа тектес жоғары немесе орта арнаулы бiлiмi бар солдаттармен, матростармен, сержанттармен, старшиналармен; 
      2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өтеушi (офицерден басқа) жоғары және арнаулы орта бiлiмi бар 35 жасқа дейiнгi әскери қызметшiлермен; 
      3) осы Ереженiң 58-тармағына сәйкес әскери қызметке белгiленген запастағы прапорщиктермен (мичмандармен); 
      4) даярлық бейiнi бойынша тиiстi әскери мамандыққа тектес жоғары және орта арнаулы бiлiмi бар запастағы солдаттармен, матростармен, сержанттармен; 
      5) 19-дан 35 жасқа дейiнгi жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi бар тиiстi арнаулы дайындықтан өткен әйелдермен. 
      Прапорщиктер орын ауыстыруға жататын әйел адамдар тағайындалатын лауазымдар тiзбесiн Қорғаныс министрi айқындайды. 
      6) мерзiмдi әскери қызметтi өткерген солдаттармен, матростармен, сержанттармен, старшиналармен, келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлермен және прапорщиктер (мичмандар) мектебiн бiтiргеннен кейiн, оқу кезеңiне және одан әрi 5 күнтiзбелiк жыл бойы әскери қызмет өтеуге келiсiм-шарт жасаған запастағы әскери мiндеттілермен жасақталады. 
      7. Прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызметке қабылданған адамдармен; 
      1) әскери қызметте болудың шектi жасына дейiн; 
      2) 3 не 5 жылға, одан кейiн келiсiм-шарт әр кезде 3 жыл, 5 жыл мерзiмге немесе әскери қызметте болудың шектi жасына келгенге дейiн ұзартылады. 
      8. Әскери мiндеттiлер мен әйелдер қатарынан прапорщиктер (мичмандар) лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшiн үмiткерлердi iрiктеудi әскери бөлiмдер облыстық әскери комиссариаттарға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жiберген тапсырыстар негiзiнде аудандық, қалалық әскери комиссариаттар жүргiзедi. 
      9. Iшкi iстер органдары аудандық әскери комиссариаттың өтiнiшi бойынша оларға бұл адамдар туралы өздерiнде бар ақпаратты бередi. Келiсiм-шарт бойынша прапорщиктер (мичмандар) лауазымына әскери қызметке тағайындалған адамдарға бақылау органдары арқылы тиiстi нысандағы рұқсаттама ресiмделедi. 
      10. Келiсiм-шарт бойынша прапорщиктер (мичмандар) лауазымына әскери қызметке қабылданғандарға жеке құрам бойынша шығарылатын бұйрықпен осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес келiсiм-шарт жасаған адамдар жатады. 
      11. Келiсiм-шарт талаптарын сақтауға кепiлдiк болатын Қорғаныс министрi атынан келiсiм-шартқа қол қою құқығы жеке штаттарда ұсталатын әскери бөлiм командирлерiне, егер осы командирлер лауазымы бойынша штатта "полковник" оған тең және одан жоғары әскери атағы көзделген болса, берiледi. 
      Прапорщиктер (мичмандар) лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке адамдарды қабылдау Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi. 

                                   3-БӨЛIМ

                              Әскери атақтар беру

 
      12. Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлерге прапорщиктер (мичмандар) әскери атағы олардың адамгершiлiк пен әскерлiк қасиеттерiн, әскери және арнаулы даярлығын, қызмет тәжiрибесiн, атқарып жүрген қызметiн және осы Ережеде көзделген басқа да шарттарды ескере отырып, берiледi. 
      13. Прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызметте қабылданғандарға осы Ереженiң 6-тармағының 1, 2, 3, 4, 5, 6-тармақшаларына сәйкес прапорщик (мичман) әскери атақтары берiледi. 
      14. Прапорщик (мичман) болып кем дегенде бес жыл, оның iшiнде бiр жыл әскери штатына сәйкес аға прапорщиктермен жасақталуға жататын лауазымдарда қызмет атқарған әскери қызметшiлерге аға прапорщик (аға мичман) әскери атағы берiледi. 
      15. Аға прапорщик (аға мичман) әскери атағы, сондай-ақ прапорщиктерге (мичмандарға): 
      1) Қазақстан Республикасын қорғау, жауынгерлiк жағдайда басқа да тапсырмаларды орындау кезiнде прапорщик (мичман) ретiнде қызмет өтеген мерзiмi мен өтеген лауазымына қарамастан; 
      2) 10 жыл бойы үздiксiз прапорщик (мичман) ретiнде мүлтiксiз қызмет өтегенi үшiн, атқарған лауазымына қарамастан; 
      3) арнайы орындарда жауынгерлiк кезекшiлiктi жауынгерлiк қызметтi мүлтiксiз өтегенi үшiн, прапорщик (мичман) ретiнде кем дегенде 5 жыл қызмет атқарғандарға берiлуi мүмкiн. 
      16. Прапорщик, аға прапорщик мичман, аға мичман әскери атақтары Қорғаныс министрi белгiлейтiн, жеке құрам бойынша шығарылатын командирдiң бастықтың бұйрығымен берiледi. 
      17. Прапорщиктер (мичмандар) әскери атағынан Қорғаныс министрiнiң, сондай-ақ жасаған қылмысы үшiн шығарылған сот үкiмi бойынша айырылады. 
      18. Прапорщик, аға прапорщик, мичман, аға мичман әскери атақтарынан айырылған адамдар әскери атағын қайтып алуға жатпайды. 
      Заңсыз айыпталуына байланысты прапорщик (мичман) әскери атағынан айырылғандар Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен бұрынғы атағын қайтып алады. 
      19. Әскери қызметте тұрған аға прапорщиктердiң (аға мичмандардың) әскери атағын бiр саты төмендету тәртiптiк жаза белгiлеу шарасы ретiнде немесе Қарулы Күштердiң Тәртiптiк Жарғысымен құқық берiлген тiкелей бастықтың шешiмiмен прапорщиктердiң (мичмандардың) жолдастық сотының өтiнiшi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. 
      Әскери атағы төмендетiлген прапорщиктер (мичмандар) дұрыс аттестацияланған жағдайда, әскери атағын төмендету жөнiнде шешiм қабылдаған, оған тең және одан жоғары бастықтардың бұйрығы бойынша, төмендетiлген күннен бастап 1 жылдан кешiктiрмей, атқарған штаттық лауазымына қарамастан бұрынғы әскери атағын қайтып алады. 
      20. Қызметтен қол үзбей, орта арнаулы әскери бiлiм алғысы келген прапорщиктерге (мичмандарға) Экстернат туралы ереже шарттарымен орта әскери-оқу орнының бағдарламасы бойынша экстерн түрiнде емтихан тапсыруына рұқсат берiледi. 
      21. Прапорщиктерге (мичмандарға) офицер атағын беру офицерлiк құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарына әскери қызметтi және запастағы қызметтi өтеуi туралы ережеде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

                                  4-БӨЛIМ

 
                        Қызметке тағайындау қызмет бойынша 
                           орын ауыстыру, аттестация 
      22. Прапорщиктермен (мичмандармен) орындалуға жататын лауазымдар және осы лауазымдарға сәйкес келетiн әскери атақтар штатпен белгiленедi. 
      23. Прапорщиктердi (мичмандарды) қызметке тағайындау жеке құрам бойынша бұйрықпен жүргiзiледi. 
      24. Прапорщиктердiң (мичмандардың) адамгершiлiк пен iскерлiк қасиеттерi ескерiле отырып олар офицерлермен орындалуға жататын қызметке тағайындала алады. 
      Прапорщиктердi (мичмандарды) офицерлiк қызметке тағайындау осы қызметке офицерлiк құрамды тағайындау құқы бар командирлердiң бұйрығы бойынша жүргiзiледi. 
      25. Офицерлер осы қызметтердiң орнын ауыстыруға келгенде және офицер лауазымында басқа бос орын болмаған жағдайда офицер қызметiн өтеп жүрген прапорщиктер (мичмандар) прапорщиктер (мичмандар) лауазымына орын ауыстырады. 
      26. Қызмет бойынша прапорщиктердi (мичмандарды); 
      1) жоғары қызметтерге; 
      2) тең қызметтерге; 
      3) төменгi қызметтерге орын ауыстыру жүргiзiледi. 
      Қызмет бойынша орын ауыстыру туралы бұйрықта прапорщик (мичман) қандай (жоғары, тең, төмен) қызметке ауысқаны және осы Ереженiң 29-тармағында көзделген орын ауыстыру негiзi көрсетiледi. 
      Прапорщиктiң (мичманның) лауазымы жоғары болып саналады: егер, осы лауазым бойынша штатпен әскери атағы орындаушы лауазымы бойынша әскери атағынан жоғары болып қаралса, ал әскери атақтары тепе-тең кезде үлкен лауазымдық жалақы; төменгi, егер осы лауазым бойынша штатпен әскери атағы орындаушы лауазымы бойынша әскери атағынан төмен болып қаралса, ал әскери атақтары тепе-тең кезде - төмен лауазымдық жалақы. Егер штатта екi әскери атақ немесе лауазымдық жалақылары ең аздан ең үлкенге дейiн жағдайы қаралса, онда жоғары әскери атағы немесе ең үлкен лауазымдық жалақысы ескерiледi. 
      27. Прапорщиктердi (мичмандарды) жоғары қызметке ауыстыру қызмет бойынша көтеру тәртiбiмен жүргiзiледi. 
      28. Прапорщиктердi (мичмандарды) тең қызметке ауыстыру; 
      1) штат қысқартылуына немесе ұйымдық шараларға байланысты; 
      2) мамандығы бойынша орынды пайдалану үшiн немесе жұмыс тәжiрибесiн ескере отырып; 
      3) әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысы негiзiнде денсаулық жағдайы бойынша; 
      4) отбасы жағдайы бойынша - прапорщик (мичман) өтiнiшiне сәйкес осы Ереженiң 46-тармағының 5-тармақшасында көзделген тәртiппен және шартпен, сондай-ақ егер әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысы бойынша прапорщиктер (мичмандар) қызмет өтейтiн жер оның отбасы мүшелерiнiң денсаулығына сәйкес келмеген жағдайларда жүргiзiледi. 
      29. Прапорщиктер (мичмандар) төменгi қызметке: 
      1) штат қысқартылуына немесе ұйымдық шараларға байланысты; 
      2) әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысы негiзiнде денсаулық жағдайы бойынша; 
      3) жасына немесе отбасы жағдайы бойынша - прапорщик (мичман) өтiнiшiне сәйкес осы Ереженiң 46-тармағының 5-тармақшасында көзделген тәртiппен және шартпен, сондай-ақ егер әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысы бойынша прапорщиктер (мичмандар) қызмет өтеген жер оның отбасы мүшелерiнiң денсаулығына сәйкес келмеген жағдайларда; 
      4) Қарулы Күштердiң Тәртiптiк жарғысына сәйкес тәртiптiк жаза белгiлеу тәртiбiмен немесе прапорщиктер (мичмандар) жолдастық сотының өтiнiшi бойынша; 
      5) аттестациядан өткiзу тәртiбiмен қызметке сай келмеуi бойынша; 
      6) прапорщиктердiң (мичмандардың) iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерiн ескере отырып, немесе прапорщиктердiң (мичмандардың) рапорты бойынша жұмыс көлемi аздау қызметке орын ауыстыру жүргiзiледi. 
      Әскери бөлiмдердiң құрылуына, өрiстелуiне, басқа жерге орналастырылуына, қатарға жаңа кемелер кiргiзiлуiне байланысты және басқа қызметке қажеттi жағдайларда прапорщиктердi (мичмандарды) ауыстыру Қорғаныс министрiнiң шешiмi бойынша жүргізілуі мүмкiн. 
      30. Прапорщиктер (мичмандар) өз келiсiмi және тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша әскери қызметтi одан әрi өтеу үшiн: 
      1) Қарулы Күштердiң жеке құрамы тiзiмiнен шығарыла отырып, Қорғаныс министрiнiң бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен Ұлттық қауiпсiздiк, Iшкi iстер органдары, Республикалық ұланға, Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетке, құқық қорғау органдарына және басқа да әскери құрылымдарға; 
      2) тиiстi министрлiктер, ведомстволар мен әскерлердiң жеке құрамы тiзiмiнен шығарыла отырып, тиiстi министрлiктер, ведомстволар мен әскери басшыларының бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк Iшкi iстер органдарына, Республикалық ұланға, Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетке, әскери құқық қорғау органдарына және Қарулы Күштердiң басқа да әскери құрылымдарына; 
      3) жеке құрам тiзiмiнен шығарыла отырып, мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Қарулы Күштерiне жiберiледi. 
      Іссапарларға жiберу тиiстi мемлекеттiк органдардың өзара келiсiмi бойынша белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
      Әскери бөлiмдi тапсыру кезiнде прапорщиктер (мичмандар) осы бөлiмнiң тiзiмдiк құрамына сәйкес сол бөлiм құрамындағы жаңа жұмыс орнына барады. Прапорщиктер (мичмандар) өз келiсiмдерi бойынша әскери қызметке қалдырыла отырып, қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттiк органдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн. 
      31. Прапорщиктердiң (мичмандардың) қызмет аясын, олардың iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерiн үнемi бағалау, сондай-ақ iрiктеу, орналастыру және тәрбиелеу мақсатында аттестация жүргiзiледi. Прапорщиктердi (мичмандарды) аттестациядан өткiзу мерзiмдiлiгi, уақыты мен тәртiбi Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен белгiленедi. 
      32. Аттестациядан өткiзудi қарау және ол бойынша қорытынды шығару үшiн әскери бөлiмде құрамы әскери бөлiм командирiнiң бұйрығымен белгiленетiн тұрақты жұмыс iстейтiн аттестация комиссиясы құрылады. 
      33. Прапорщиктер (мичмандар) аттестация кезiнде көрсетiлген кемшiлiктердi жоюға мiндеттi. 
      Тiкелей бастықтар прапорщиктерден (мичмандардан) аттестация кезiнде көрсетiлген кемшiлiктердi жоюды талап етуге тиiстi. 
      Аттестациядан өткен прапорщиктерге (мичмандарға) бекiтiлген 

 

аттестацияларды олардың тiкелей бастықтары хабарлайды. Аттестация 

тәртiбiнiң бұзылғандығы және дұрыс аттестацияланбағандығы үшiн берiлетiн 

шағымды тәртiп бойынша аттестация хабарланған күннен бастап бiр ай мерзiм 

iшiнде беруге болады. Шағым бойынша соңғы шешiмдi аттестацияны бекiткен 

бастық қабылдайды. Әскери қызметшiнiң шағымы негiзi бар деп табылған 

жағдайда аттестацияға тиiстi өзгертулер енгiзiледi немесе қайтадан 

аттестация жүргiзiледi.

     

                                   5-БӨЛIМ

                                  Демалыстар

     34. Әскери қызметте тұрған прапорщиктерге (мичмандарға):

     1) негiзгi демалыстар;

     2) сырқатына байланысты демалыстар;

     3) отбасы жағдайына байланысты қысқа мерзiмдi демалыстар;

     4) оқу орнында оқуына байланысты демалыстар;

     5) ана болып бала бағуына байланысты демалыстар;

     6) Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және 

оларды әлеуметтiк қорғау туралы заңға сәйкес берiлетiн қосымша демалыстар:

     зиянды (ауыр) жағдайларда қызмет өтегенi үшiн;

     ерекше қызмет түрi үшiн;

     экологиялық апат аймақтарында қызмет өтегенi үшiн берiледi.

     Демалыстың ұзақтығы тәулiкпен есептеледi.

 
      Демалыс өткiзетiн жерге барып-қайту үшiн, оның iшiнде прапорщиктi (мичманды) еңбек демалысынан керi шақырып алу кезiнде демалысқа қосымша уақыт берiледi. 
      35. Заңға сәйкес прапорщиктерге (мичмандарға) күнтiзбелiк есеппен жалпы қызмет өтеген жылдарына, олардың әскери қызмет ерекшелiктерi мен шарттарына қарай негiзгi демалыстар ұзақтығы: 
      1) әскери қызметте 10 жылға дейiн еңбек сiңiрсе - 30 тәулiк, 10 жылдан 15 жылға дейiн - 35 тәулiк, 15 жылдан 20 жылға дейiн - 40 тәулiк, 20 және одан да көп болса - 45 тәулiк берiледi. 
      Негiзгi демалыс ұзақтығын анықтау кезiнде ескерiлетiн жалпы қызмет өтеген жылдар, әскери қызметшiлерге зейнетақы тағайындауға байланысты қызмет өтеген күнтiзбелiк жылдарын есептеу үшiн белгiленген тәртiп бойынша есептеледi. 
      2) ұшу жұмысында болғандарға (жауынгерлiк кезекшiлiк өтеушiге) - 45 тәулiкке. 
      Осы прапорщиктерге (мичмандарға) ұзақтығы 45 тәулiк негiзгi демалыс алуға құқық беру үшiн орындалатын мiндеттер, лауазымдар тiзiмi Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен белгiленедi; 
      3) климаты ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өтеп жүргендерге - 45 тәулiкке; 
      4) ерекше жағдайларда, прапорщиктерге (мичмандарға) аса қиын жағдайдағы қызметтерiне сәйкес ұзартылған демалысты қажет өтеген немесе төтенше жағдайлар кезiнде Қорғаныс министрiнiң шешiмiмен - 45 тәулiкке берiледi. 
      Прапорщиктерге (мичмандарға) әскери қызметтiң ерекшелiгi мен жағдайына қарай берiлетiн негiзгi демалыстың ұзақтығы, олардың қызмет атқарған жылдарына байланысты болмайды. Негiзгi демалыс ұзақтығы басқаша белгiленген әскери бөлiмге өздерiн тағайындағанға дейiн негiзгi демалысын пайдаланбаған прапорщиктердiң (мичмандардың) негiзгi демалысының ұзақтығы, бұрын және жаңа қызмет орны бойынша ағымдағы жылдағы қызмет уақытына сәйкес сайма-сай түрде белгiленедi. 
      5) әскери қызметке қабылданған жылы прапорщиктерге (мичмандарға) негiзгi және қосымша демалыстарын беру кезiнде демалыстар ұзақтығы ағымдағы жылы қызмет өтелген уақытына сайма-сай түрде барлық қызмет жылдарын, қызмет ерекшелiгi мен жағдайын ескере отырып, аталған әрбiр демалыстарды 12-ге бөлу және қызметiнiң толық айларының санына көбейту жолымен есептеледi. Мұндай демалысты прапорщиктiң (мичманның) тiлегi бойынша келесi жылдың демалысына қосып беруге де болады. 
      36. Прапорщиктерге (мичмандарға) негiзгi демалыс күнтiзбелiк жыл iшiнде демалысты пайдалану кезеңдерiнiң кезектесуiн, әскери бөлiмдердiң тұрақты жауынгерлiк әзiрлiгiн ұстауды қамтамасыз етудi ескере отырып және негiзгi демалыс жоспарларына сәйкес берiледi. 
      Осы қаулыға сәйкес жеңiлдiктер пайдалануға құқығы бар прапорщиктерге (мичмандарға) негiзгi демалыс әдетте жазда немесе өздерiне ыңғайлы уақытта әскери бөлiмдердiң тұрақты жауынгерлiк әзiрлiгiн ұстауды қамтамасыз етудi ескере отырып және негiзгi демалыс жоспарларына сәйкес берiледi. 
      Негiзгi және қосымша демалыстар кезiнде ауырып қалған прапорщиктерге (мичмандарға) сауыққаннан кейiн демалыс кезiнде ауырған күндерiне сәйкес демалысы ұзартылады. 
      Негiзгi демалысқа басқа гарнизоннан келген прапорщиктердiң (мичмандардың) демалысын ұзартуды бұл жөнiнде әскери бөлiм командирiн немесе емдеушi дәрiгер мен емдеу мекемесiнiң бастығы, бас дәрiгерi куәландырған тиiстi анықтама негiзiнде демалыс берген командирдi, бастықты ескерте отырып, гарнизон бастығы, әскери полиция органының бастығы жүргiзедi. Отбасы мүшелерiнiң бiрi әкесi, шешесi, әйелi, балалары, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары немесе өздерi тәрбиесiнде болған басқа да адамдар қайтыс болған немесе ауыр науқастанған, сондай-ақ осы прапорщиктер (мичмандар) отбасына төнген қандай да бiр апаттар болған жағдайда бұл жөнiнде тез арада өздерi келген әскери бөлiм командирiне хабарлай отырып, демалыс 10 тәулiкке дейiн ұзартылады. 
      Прапорщиктiң (мичманның) әскери қызметтен босатылуына байланысты кейiннен әскери бөлiм жеке құрамының тiзiмiнен шығарыла отырып берiлген негiзгi демалыс ұзартылмайды. 
      Ерекше жағдайларда, негiзгi демалысты келесi жылға ауыстыруға дивизия командирiнен бастап, оған тең немесе жоғары тiкелей бастықтың шешiмi бойынша рұқсат етiледi. Бұл ретте өткен жылдың демалысы жаңа жылдың бiрiншi тоқсанында берiлуi тиiс, ал егер прапорщик (мичман) әскери қызметтен босатылатын болса, босаған жылдың еңбек демалысына қосылады. 
      Ағымдағы жылда жеке құрам бойынша Қарулы Күштер қатарынан босатылған және келесi жылды әскери бөлiм жеке құрамының тiзiмiнен шығарылуға жататын прапорщиктер (мичмандар) Қарулы Күштер қатарынан босатылуына байланысты берiлген негiзгi және қосымша демалыстары аяқталғаннан кейiн әскери бөлiмдерге қайтып келмейдi және оларға әскери бөлiм жеке қосымша демалыстар алу құқығы берiлмейдi. 
      Ағымдағы жылда жеке құрам бойынша Қарулы Күштер қатарынан босатылған және келесi жылы әскери бөлiм жеке құрамының тiзiмiнен шығарылуға жататын прапорщиктерге (мичмандарға) келесi жылдың негiзгi және қосымша демалыстары босатылу негiзiне қарамастан 35-тармақтың 5-тармақшасында белгiленген тәртiппен берiледi. 
      37. Прапорщиктерге (мичмандарға) сырқатының алдын алу және кәсiби жұмыс қабiлеттiлiгiн толық қалпына келтiру мақсатында зиянды ауыр жағдайларда мiндет өтегенi және қызметтiң ерекше түрi үшiн қосымша демалыс берiледi. 
      38. Прапорщиктерге (мичмандарға) зиянды ауыр жағдайларда мiндет өтегенi және қызметтiң ерекше түрi үшiн берiлетiн қосымша демалыстың тәртiбi мен шарттары Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен белгiленедi. Сонымен бiрге прапорщиктерге (мичмандарға) зиянды ауыр жағдайларда мiндет өтегенi және қызметтiң ерекше түрi үшiн қосымша демалыс, егер олар барлық күнтiзбелiк жыл iшiнде тiзбеде белгiленген лауазымдарда қызмет уақытын толық пайдаланған жағдайда толық көлемде берiледi. Басқа жағдайларда, қосымша демалыстың ұзақтығы ағымдағы күнтiзбелiк жыл iшiнде зиянды ауыр жағдайларда мiндет өтегенi және қызметтiң ерекше түрi үшiн қызмет өтеген уақытына сайма-сай түрде белгiленедi. Берiлген демалыс түрлерiн алу тәртiбiн, ұзақтығын және осындай демалысты алу құқығы бар прапорщиктер қызметi тiзiмiн Қорғаныс министрi белгiлейдi. 
      39. Қосымша демалыс негiзгi демалысқа қосылады және демалыспен бiрге немесе жеке берiледi. Зиянды ауыр жағдайларда мiндет атқарғаны, қызметтiң ерекше түрi үшiн бiр уақытта қосымша демалыс алу құқығы бар прапорщиктерге (мичмандарға), сондай-ақ экологиялық апат аймақтарында әскери қызмет өтеушiлерге қосымша демалыс олардың тiлегiмен тек бiр негiз бойынша берiледi. 
      Негiзгi және қосымша демалыстың жалпы ұзақтығы, демалыс өткiзетiн жерге барып-қайту жолын есептемегенде, екi айдан аспауы керек. 
      Негiзгi демалыс, ал қосымша демалыс берiлген кезде, екеуiн қосып, прапорщиктiң (мичманның) қалауы бойынша екi бөлiмге бөлуге болады. 
      40. Прапорщиктер (мичмандар), қызметке аса қажеттi жағдайдан басқа, демалыстан керi шақырып алуға жатпайды. Ерекше жағдайларда, олар дивизия командирiнен бастап, оған тең және жоғары тiкелей бастықтарының жазбаша рұқсаты негiзiнде ғана демалыстан керi шақырылуға жатады. Осыған байланысты пайдаланылмаған демалыс бөлiгi осы күнтiзбелiк жыл iшiнде басқа уақытта берiледi немесе келесi күнтiзбелiк жыл демалысына қосылады. Сонымен бiрге, егер прапорщиктiң пайдаланылмаған демалыс бөлiгi осы күнтiзбелiк жыл iшiнде 10 тәулiк немесе одан да көп болса, оған демалыс өткiзетiн жерiне барып-қайту жолына, тек өзi керi шақыртылып алынған пункттен аспайтын, жолына демалыстан тыс қосымша уақыт берiледi. 
      Өз өкiлеттiгi шегiнен шыққан және прапорщиктi (мичманды) демалыстан шақыртып алған басқа командирлер бастықтар тәртiптiк, сондай-ақ үзiлген демалысты қалпына келтiруге кеткен қосымша шығындардың орнын толтыратын мөлшерде материалдық жауапкершiлiкте болады. 
      41. Дәлелдi себепсiз қызметке келмей қалған прапорщиктердiң (мичмандардың), зиянды ауыр жағдайларда қызмет атқарғаны және қызметтiң ерекше түрi үшiн ағымдағы немесе келесi жылы берiлетiн негiзгi және қосымша демалыстары келмеген күн санына қысқартылады. Бұл ретте негiзгi және қосымша демалыстар жиынтығы жиырма тәулiктен аспауы керек. 
      Көрсетiлген демалыстарды қысқарту жөнiндегi шешiмдi демалыс беру құқығы бар командир бастық қабылдайды. 
      42. Әскери қызметтен босатылған прапорщиктерге (мичмандарға) босатылған жылы негiзгi демалыс: 
      1) жасына қарай, сырқатына байланысты, штат қысқартылуына, денсаулық жағдайының шектелуiне байланысты босатылғандарға - осы Ереженiң 35-тармағында белгiленген ұзақтықпен; 
      2) басқа негiздер бойынша босатылғандарға - осы Ереженiң 35-тармағының 5-тармақшасында белгiленген ұзақтықпен берiледi. 
      43. Прапорщиктерге (мичмандарға) сырқатына байланысты демалыс емдеу мекемесiнде емделiп болғаннан кейiн әскери дәрiгерлiк комиссия шешiмi негiзiнде берiледi. 
      Сырқатына байланысты берiлетiн демалыс ұзақтығы 30 тәулiкке дейiн, ал жекелеген жағдайларда жарақат, зақым алған және ауырып қалған жағдайларда олардың түрiне қарай 60 тәулiкке дейiн болады. 
      Прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметтен босатылған кезде сырқатына байланысты демалыс берiлмейдi. 
      Сырқатына байланысты демалыс негiзгi және қосымша демалыстар есебiне кiргiзiлмейдi. 
      44. Шұғыл әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi шешу үшiн, әсiресе, денсаулығына, туысқандық парызын өтеуiне байланысты, сондай-ақ басқа да себептер бойынша әскери бөлiм командирi прапорщиктерге (мичмандарға) отбасы жағдайына байланысты әр кезде ұзақтығы 10 тәулiкке дейiн қысқа мерзiмдi демалыстар бередi. Демалыс өткiзетiн жерге барып-қайту жолына қажеттi уақыт қосымша берiледi. 
      Қысқа мерзiмдi демалыстар негiзгi демалыс есебiне енгiзiлмейдi. 
      45. Азаматтық жоғары оқу орындарына түсетiн прапорщиктерге (мичмандарға) түскi емтихандарына әзiрлеу және оларды тапсыру үшiн ұзақтығын Қорғаныс министрi белгiлейтiн демалыс берiледi. 
      46. Әйелдерге ана болуына байланысты: 
      1) екiқабаттылығына және тууына байланысты - ақшалай және заттай үлестерiн, азық-түлiк пайларын сақтай отырып; 
      2) бала бағуына байланысты жарым жартылай төлеу - тiлегi бойынша ақшалай және заттай үлестерi, азық-түлiк пайлары сақталмай берiледi; 
      3) бала бағуына байланысты қосымша демалыс - тiлегi бойынша ақшалай және заттай үлестерi, азық-түлiк пайлары сақталмай берiледi. 
      Аталған демалыстар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ұзақтық мерзiмiнде берiледi. Осы демалыстар уақыты әскери атақтарына, прапорщиктер (мичмандар) лауазымына қызмет атқарған жылдарына, мерзiмi шектеулi қызметi үшiн, сондай-ақ зейнетақыға үстемақы төлеу үшiн қызмет өтеген жылдарына енгiзiледi. 
      Екiқабаттылығы мен тууына байланысты берiлетiн демалыс негiзгi және қосымша демалыстар есебiне енгiзiлмейдi. Екiқабаттылығы мен тууына байланысты демалыстар алдында немесе одан кейiн әйелдерге тiкелей ағымдағы жылға негiзгi және қосымша демалыс берiледi. 
      Бала бағуына байланысты берiлген демалыс аяқталған жылдың негiзгi және қосымша демалысы осы демалыстың күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейiнгi күнгi уақытта сайма-сай түрде есептелiнедi. 

                                  6-БӨЛIМ

                           Әскери қызметтен босату

 
      47. Әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметтен босатылуға жатады. 
      Әскери қызметте болудың шектi жасынан тыс әскери қызметте қалдырылған прапорщиктер (мичмандар) осы Ережеде көзделген негiзде өздерi қалдырылған мерзiм бiткеннен кейiн босатылуға жатады. 
      Прапорщиктердi (мичмандарды) әскери қызметтен босату осы Ереженiң 48-50-тармақтарында көзделген негiздердiң бiрi бойынша жүргiзiледi. 
      Прапорщиктердi (мичмандарды) әскери қызметтен босату: 
      1) запасқа, егер босатылғандар запаста болудың шектi жасына жетпеген және денсаулық жағдайы бойынша бейбiт және соғыс уақытында әскери қызметке жарамды болса; 
      2) отставкаға, егер босатылғандар запаста болудың шектi жасына жеткен немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссия әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп тапқан жағдайда; 
      3) әскери қызметтен, егер босатылғандар жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға немесе түзету жұмыстарына тартыла отырып бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда жүргiзiледi. 
      Прапорщиктердi (мичмандарды) әскери қызметтен босатуға ұсынар алдында, олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық деңгейiн анықтау үшiн, шешiмi әскери қызметтен босатуға негiз болатын әскери-дәрiгерлiк комиссияға куәландыру үшiн жiберiледi. Прапорщиктiң (мичманның) жеке мәлiмдемесi бойынша медициналық куәландыру өткiзiлмеуi мүмкiн немесе амбулаторлы түрде жүргiзiледi. 
      48-тармақтың 5, 6, 7, 9, 10-тармақшалары және 50-тармақтың 2-тармақшасы бойынша босатылуға ұсынылған прапорщиктер (мичмандар) мұндай мақсаттармен әскери-дәрiгерлiк комиссияларға куәландыруға жiберiлмейдi. 
      Прапорщиктердiң (мичмандардың) бұйрық бойынша бөлiм жеке құрамының тiзiмiнен шыққан күн олардың әскери қызметтен запасқа немесе отставкаға шыққан күнi болып саналады. 
      48. Прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметтен запасқа: 
      1) қызмет өткерген жылдары және зейнетке шығуға құқық беретiн әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша; 
      2) жасы бойынша - әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен жағдайда; 
      3) сырқаты бойынша - бейбiт уақытта соғыс кезiнде - 2-шi дәрежедегi жарамдылықпен шектелiп әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысымен әскери қызметке жарамсыз деп табылғандар немесе әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз деп табылғандар; 
      4) денсаулық жағдайының шектелуiне байланысты әскери қызметке жарамдылығын шектеу, денсаулық жағдайына байланысты атқаратын қызметiнiң мiндеттерiн орындай алмайтындығы және қызметi бойынша басқа лауазымға ауыстыру мүмкiндiгiнiң жоқ екендiгi, денсаулық жағдайын ескере отырып ол өтей алатын мiндеттер туралы әскери-дәрiгерлiк комиссиясын қаулысы негiзiнде; 
      5) прапорщиктiң (мичманның) өтiнiшi бойынша отбасы жағдайына және басқа да маңызды себептерге байланысты қызметтен босатуға басқа негiз болмаған кезде; 
      әскери қызметiн орындауға кедергi келтiретiн отбасы жағдайы қалыптасқан кезде. Бұл ретте отбасы жағдайы деп әйелi ерi, ерлi-зайыптылардың балалары қайғылы қазаға ұшырағанда немесе прапорщиктiң (мичманның) не әйелiнiң ата-аналары олардың тұрақты қамқорлығын қажет ететiн жағдайдың қалыптасуы отбасылық-мүлiктiк тексеру актiсi және әскери-дәрiгерлiк комиссияның қаулысы негiзiнде айтылады, осындай себеппен бала тууына байланысты прапорщик мичман-әйелдер де босатылуға жатады; 
      6) өз қызметiне сәйкессiздiгiне байланысты командованиенiң шешiмi бойынша аттестациялық тәртiппен оның iскерлiк және адамгершiлiк қасиетiн ескере отырып; 
      7) тұрақты жұмыс iстейтiн аттестациялық комиссияның қорытындысы немесе жолдастық сотының шешiмi бойынша әскери қызметшiнiң абыройына кiр келтiретiн қылықтар жасағаны үшiн; 
      8) штаттардың қысқартылуына немесе ұйымдық шараларға байланысты әскери қызметке қолдану мүмкiндiгi болмаған жағдайда; 
      9) Қазақстан Республикасының Парламентiне депутат болып және жергiлiктi өкiлдi органдар комиссиясының босатылған төрағалары болып сайланған кезде; 
      10) келiсiм-шарт мерзiмiнiң аяқталуына байланысты; 
      11) келiсiм-шарттың жасалмауы себептi; 
      12) тараптар келiсiм-шарт талаптарын сақтамаған жағдайда келiсiм-шартты бұзуына байланысты босатылады; 
      49. Прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметтен отставкаға: 
      1) жасына байланысты - запаста тұрудың шектi жасына жеткенде; 
      2) сырқатына байланысты - әскери есептен шығара отырып әскери қызметке жарамсыздығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссия қаулысы негiзiнде босатылады. 
      50. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған әскери атағынан айырылған прапорщиктер (мичмандар): 
      1) әскери қызметтен бас бостандығынан айыруға сотталғанда немесе шартты түрде бас бостандығынан айырылып түзеу жұмыстарына мiндеттi түрде тартылуға байланысты; 
      2) әскери қызметтен запасқа немесе отставкаға бас бостандығынан айырмай жазалау шараларымен сотталғанда - егер олар шартты түрде немесе үкiмнiң орындалуы кейiнге қалдыра отырып сотталған болса, сондай-ақ бостандығынан айырылып, бiрақ жазасын өтеуден рақымшылық бойынша босатылған болса босатылады. 
      Осы баптың 2-тармақшасында аталған прапорщиктер мен мичмандар бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеуден рақымшылық бойынша босатылғандардан басқа тиiстi командирлердiң өтiнiшi бойынша Қорғаныс министрiнiң шешiмiмен тiкелей бағынысында әскери қызметшiлер ұстау штатпен көзделмеген прапорщиктердiң (мичмандардың) лауазымдарында пайдалану үшiн әскери қызметке қалдырылуы мүмкiн. Мұндай прапорщиктердi (мичмандарды) босату туралы шешiм қабылдау осы Ереженiң 48, 49-тармағына сәйкес жүргiзiледi. 
      Тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе қылмыстық iстерi соттың қарауында жатқан прапорщиктер (мичмандар) iс бойынша соңғы шешiм қабылданбай, әскери қызметтен босатылмайды. Олардың iшiнен қылмыстық iс бойынша тергеу жүргiзiлу кезеңiнде қамауға алынғандар атқаратын қызметтерiнен босатылады және тергеудiң барлық кезеңiнде тиiстi командирлердiң бастықтардың қарамағында болады. Прапорщик (мичман) тергеу жүргiзу кезiнде қамауға алынбаған жағдайда, оны өтейтiн қызметiнен босату, уақытша басқа жұмысқа ауыстыру мәселесiн командование тергеу жүргiзушi әскери құқық қорғау органдарымен келiсе отырып шешедi. 
      51. Прапорщиктердi (мичмандарды) әскери қызметтен босату жеке құрам бойынша бұйрықпен жүргiзiледi. 
      52. 48-тармақтың 6, 7, 12-тармақшаларында, 50-тармақтың 2-тармақшасында көзделген негiздер бойынша прапорщиктердi (мичмандарды) әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын босату кезiнде, сондай-ақ прапорщиктердi (мичмандарды) әскери атағынан айыру кезiнде олардан осы 17-тармағына сәйкес алған заттай мүлкiнiң құны киiмнiң киiлу мерзiмi аяқталғанға дейiн толық күнтiзбелiк есеппен қалған уақытқа тең есептелген сомада өндiрiлiп алынады. 
      53. Осы Ереженiң 48, 49-тармағы бойынша босатылған прапорщиктер (мичмандар) босатылғаннан бастап бiр ай мерзiм iшiнде бұл шешiмдi жоғарғы басшылыққа немесе сотқа шағым беруге құқылы. 
      Прапорщиктер (мичмандар) заңсыз босатылған жағдайда, әскери қызметтегi бұрынғы қызметтерiне қайта қабылданады. 
      Әскери қызметтен босатылғаннан бастап қайта орналасуға және қызмет орнына қайта тағайындалғанға дейiнгi барлық кезеңi қызмет еткен жылдарына, оның iшiнде жеңiлдiк есеппен және прапорщик мичман әскери атағының қызмет ету мерзiмiне саналады. 
      Прапорщикке (мичманға) кiнәлi адамдардың материалдық залалды өтеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. 
      54. Әскери iс-қимылдарға байланысты қайтыс болған, қаза тапқан, хабарсыз кеткен, сондай-ақ iз-түзсiз жоғалған прапорщиктер (мичмандар) Қарулы Күштердiң жеке құрамы тiзiмiнен шығарылады. 
      Әскери iс-қимылдарға байланысты хабарсыз кеткен немесе iз-түзсiз жоғалған прапорщиктердi (мичмандарды) тану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен жүргiзiледi. 
      55. Әскери қызметте жеңiлдiк есеппен 25 және көп жыл қызмет атқарған, осы Ереженiң 48-тармағының 6, 7-тармақшалары және 50-тармақ бойынша босатылған адамдардан басқа прапорщиктерге (мичмандарға) запасқа немесе отставкаға кету кезiнде әскери киiм нысанын кию құқы берiледi. 

                                 7-БӨЛIМ

                             Запастағы қызмет

 
      56. 3апастағы және отставкадағы солдаттарға, матростарға, старшиналарға, сержанттарға, прапорщиктерге, мичмандарға, прапорщик, мичман, аға прапоршик, аға мичман әскери атақтары берiлмейдi. 
      57. Әскери қызметшi абыройына кiр келтiретiн қылықтар жасағаны үшiн, егер бұрын қолданған шара ақталмаған болса, запастағы және отставкадағы прапорщиктi (мичманды), аға прапорщиктi, аға мичманды әскери атағынан айыру Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен жүргiзiле алады. 

 

     Аталған әскери атақтардан айыру қатарындағы жауынгерге матросқа дейiн 

шенiн түсiрумен, сондай-ақ егер оған әскери киiм нысанын кию құқы берiлген 

болса, одан да айырумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.

     58. Әскери атақтарынан айырылған және қатардағы жауынгерге матросқа 

дейiн шенiнен түсiрiлген запастағы прапорщиктер (мичмандар) бұрынғы атағын 

қайта қалпына келтiруге жатпайды.

     59. Әскери даярлығын арттыру үшiн прапорщиктер (мичмандар):

     1) оқу;

     2) тексеру;

     3) арнаулы жиындарға шақырылуы мүмкiн;

     Жиындардың ұзақтығы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери 

қызмет туралы" заңмен айқындалады.

     Жиындарды белгiленген ұзақтық шегiнде өткiзу тәртiбi мен мерзiмi 

Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен айқындалады.

     60. 3апастағы прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметке, әскери 

қызметте болудың шектi жасына жетпеген адамдар қатарынан үш жылдан кем 

емес мерзiмге келiсiм-шарт бойынша алынуы мүмкiн.

                                 8-БӨЛIМ

 
               Соғыс уақытындағы қызмет өтеу ерекшелiктерi 
      61. Прапорщиктер (мичмандар) соғыс уақытындағы әскери қызметтерiн осы тарауда және соғыс уақытына қарай қабылданған басқа да құқықтық актiлерде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып атқарады. 
      62. Жұмылдыру жарияланған кезде: 
      1) Қарулы Күштер қатарынан босатылуға тиiстi прапорщиктер (мичмандар), сондай-ақ жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер ерекше өкiмге дейiн белгiленген норма бойынша үлестiң барлық түрлерiмен қамтамасыз етiлуiн сақтай отырып кiдiртiледi. 
      Сырқаты бойынша отставкаға жiберу жөнiндегi бұйрықтардан басқа, бөлiм жеке құрамының қатарынан шығарылған прапорщиктердi (мичмандарды) әскери қызметтен босату туралы бұйрықтардың күшi жойылады. Әскери қызметшiлер өздерiнiң бұрынғы қызметтерiнiң мiндеттерiн қайта орындауға кiрiседi, ал бұл қызметтердiң мiндеттерiн басқа әскери қызметшiлер өтеп жатқан жағдайда, тиiстi тiкелей бастықтардың нұсқауы бойынша қолданылады; 
      2) сырқаты, екiқабаттылығы және тууы бойынша демалыстарды қоспағанда, барлық демалыстар тоқтатылады, демалыстағы прапорщиктер (мичмандар) шұғыл түрде қызмет орындарына қайта оралуға мiндеттi; 
      3) запастағы прапорщиктер (мичмандар) олардың алған шақыру қағаздарында немесе аудандық қалалық әскери комиссарлардың бұйрықтарында көрсетiлген жұмылдыру нұсқамаларындағы пункттерге белгiленген уақытына келедi; 
      4) демалыстан қызмет орнына дәлелдi себепсiз уақытында оралмаған немесе жұмылдыру бойынша аталған пункттерге көрсетiлген мерзiмде келмеген прапорщиктер (мичмандар) соғыс уақытының заңдары бойынша жауапқа тартылады. 
      63. Соғыс уақытында запастағы прапорщиктердi (мичмандарды) әскери қызметке жұмылдыру бойынша шақыруды және басқа шақыруларды әскери комиссариаттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары негiзiнде шақырылған Қорғаныс министрiнiң бұйрықтарына сәйкес жүргiзiледi. 
      64. Прапорщиктердiң (мичмандардың) соғыс уақытындағы құрамы Қарулы Күштердiң қызмет атқару мерзiмi айқындалмаған прапорщиктерге (мичмандарға) деген мұқтаждықтарын ескере отырып осы Ереженiң 63-тармағына сәйкес әскери атақ алған адамдармен толықтырылады. 
      65. Соғыс уақытында прапорщиктердiң (мичмандардың) әскери атақтары: 
      1) тиiстi әскери мамандық даярлығының бейiнi бойынша оған ұқсас жоғары немесе орта арнаулы бiлiмi бар солдаттарға, матростарға, сержанттарға, старшиналарға, оларды прапорщиктердiң мичмандардың лауазымдарына тағайындай отырып; 
      2) прапорщиктердiң (мичмандардың) лауазымдарына тағайындалған және осы лауазымдар бойынша кемiнде үш ай, ал iс-қимылдағы армия мен флотта қызмет мiндеттерiн орындау мерзiмiне қарамай табысты атқарған сержанттар мен старшиналарға; 
      3) тиiстi арнаулы даярлығы, жоғары немесе орта бiлiмi бар әскери қызметке алынған және прапорщиктердiң (мичмандардың) лауазымдарына тағайындалған әйелдерге берiледi. 
      Соғыс уақытында аға прапорщик (мичман) әскери атағы аға прапорщиктерден (мичмандардан) немесе офицерлерден жинақталуға тиiстi лауазымдарда кемiнде үш ай, ал iс-қимылдағы армия мен флотта бұл лауазымдарда қызмет ету мерзiмiне қарамай, қызмет атқарған прапорщиктерге (мичмандарға) берiледi. 
      66. Прапорщиктерге және мичмандарға соғыс уақытында әскери атақ беру дивизия командирiнiң, оған тең және одан жоғары командирлердiң бұйрықтарымен берiледi. 
      67. Соғыс уақытында прапорщик (мичман) әскери атағынан айырылған әскери қызметшiлер осы Ереженiң 17-тармағына сәйкес қатардағы жауынгерлiк матростар қатарына ауыстырылады. 
      68. Соғыс уақытында прапорщиктер (мичмандар) әскери атағынан, одан кейiн прапорщиктер (мичмандар) лауазымы мiндеттерiн уақытша орындауда өздерiн лайықты таныта бiлген адамдарға прапорщиктер (мичмандар) әскери атағы қайта берiлуi мүмкiн. 
      69. Соғыс уақытында прапорщиктердi (мичмандарды) аттестациялау тек оларды офицер атағына беруге ұсыну бойынша жүргiзiледi. 
      70. Соғыс уақытында прапорщиктерге (мичмандарға) қажеттi жағдайларда құрама командирлерi, оларға тең және одан жоғары лауазымдағы адамдар демалыс өткiзетiн жерге бару-қайту жолына қажеттi уақыты есептелмейтiн 10 тәулiкке дейiн демалыс беруi мүмкiн. 
      71. Соғыс уақытында прапорщиктердiң (мичмандардың) емделуi емдеу мекемесiнде аяқталуы тиiс. Жекелеген жағдайларда әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде әскери бөлiм командирлерi бөлiм жеке құрамы тiзiмiнен шығарылған жағдайда - әскери-емдеу мекемесiнiң бастығы сырқаты бойынша 30 тәулiк демалыс берiлуi мүмкiн. Бұл мерзiм аяқталған соң, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы бойынша сырқатына байланысты демалысы тағы да ұзартылуы мүмкiн. 
      Жалпы алғанда сырқаты бойынша демалыс мерзiмi үш айдан аспауы керек. Сырқаты бойынша демалыс аяқталған соң, әскери-дәрiгерлiк комиссия әскери қызметшiнiң әскери қызметке жарамдылық дәрежесi туралы қаулы қабылдайды. 
      72. Соғыс уақытында әскери-дәрiгерлiк комиссия әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған, әскери қызметте тұрған прапорщиктер (мичмандар) сырқаты бойынша отставкаға шығарылады. 
      Соғыс уақытында прапорщиктердi (мичмандарды) денсаулығы жағдайы бойынша әскери есептен шығара отырып немесе әскери қызметке 6 немесе 12 айдан кейiн қайта куәландырудан соң жарамсыз деп тануды құрама командирлерiн, оған тең және одан жоғары адамдар жүргiзедi. 
      73. Жұмылдыру бойынша шақырылған запастағы прапорщиктер (мичмандар) мен соғыс уақытында прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарына немесе офицер құрамы лауазымдарына тағайындалған адамдар прапорщиктер мен мичмандарға етiледi. 
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгінiң Кадрлар және әскери бiлiм департаментiнiң бастығы полковник 

                                                 Қазақстан Республикасы

                                                   Қорғаныс министрiнің

                                                2000 жылғы N ____ бұйрығына

                                                        2-қосымша

 
                    Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi 
                прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери қызметтi 
     және запастағы қызметтi өтеуi туралы Ереженi қолдану тәртiбi туралы 
                                   НҰСҚАУ 

 
                       1. "Жалпы ережелер" тарауына 

 
      1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери қызметтi және запастағы қызметтi өтеуi туралы Ереженi қолдану (Қысқалық үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери қызметтi және запастағы қызметтi өтеуi туралы Ереже Нұсқаудың бұдан арғы тармақтарында және оның қосымшаларында "Ереже" деп аталады.) тәртiбiн анықтайды және командирлердiң, штабтардың, кадрлық органдардың және әскери комиссариаттардың прапорщиктермен (мичмандармен) жұмысын ұйымдастыру мәселелерi бойынша нұсқауларды ұстанады. 
      2. Әскери бөлiмдердiң командирлерi (Нұсқаудың осы және бұдан арғы тармақтарында әскери бөлiмдер деп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң корабльдерi, басқармалары, мекемелерi, әскери оқу орындары мен ұйымдары да аталады.) штабтар, кадрлық органдар және әскери комиссариаттар мыналарды қамтамасыз етедi: 
      1) прапорщиктер (мичмандар) лауазымдарының толық және сапалы жабдықталуын және олардың әскери қызметке ұзақ мерзiмге орнығуын; 
      2) әскери қызметшiлер, әскери мiндеттiлер мен әскери есепте тұрмайтын әйелдер қатарынан жоғары iскерлiк, моральдық-адамгершiлiк қасиеттерге ие лайықты кандидаттарды әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде iрiктеу мен қабылдауды; 
      3) прапорщиктер (мичмандар) мектептерiн жеке құраммен жинақтауды; 
      4) прапорщиктер (мичмандар) орта әскери оқу орындарының бағдарламалары бойынша емтихандарға жедел дайындалуы және тапсыруы үшiн олардың әскери-арнаулы дайындықтарын арттыру және тәрбиелеу жөнiндегi шараларды; 
      5) прапорщиктердi (мичмандарды) аттестациялауды және аттестациялаулар бойынша қорытындыларды жүзеге асыруды. 
      3. Прапорщиктер мен мичмандарды даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiктерiн арттыруды ұйымдастыру мен жоспарлау (Ереженiң 6-тармағының 6-тармақшасы) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң прапорщиктер мен мичмандарды даярлау жөнiндегi мектептерi (курстары) туралы Ережеде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 1998 жылғы N 181 бұйрығымен iске қосылған) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң экстернаты туралы Ережеде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 1993 жылғы N 22 бұйрығымен iске қосылған) белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 
      4. Прапорщиктер (мичмандар) мектептерiне жiберiлген адамдар оқу мерзiмi кезiнде олар прапорщик (мичман) лауазымына кандидат етiп тiркелген әскери бөлiмнiң сандық құрамы есебiнен ұсталады және мектептi бiтiргеннен кейiн сол бөлiмдерге жiберiледi. Ол адамдар оқудан келгенше олар тiркелген прапорщиктердiң (мичмандардың) лауазымдары бойынша мiндеттердi атқаруға мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер немесе келiсiм-шарт бойынша сарбаз, матрос, сержант және старшина лауазымдарында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер уақытша жiберiле алады. Әскери бөлiмдерде прапорщиктердiң (мичмандардың) бос қызмет орыны болмаған жағдайда әскери қызметтен босатылуға немесе басқа әскери бөлiмге ауыстырылуға жататын прапорщиктердiң (мичмандардың) орнын басуға даярлау үшiн мектептерге жiберiлген адамдар оқу мерзiмi кезiнде Қарулы Күштер түрлерi (әскерлер түрлерi) әскери бөлiмдерiнiң сандық құрамы есебiнен ұсталады. 
      Қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарға жiберiлген прапорщиктердiң (мичмандардың) қызмет орыны сақталады. 
      5. Прапорщиктердiң (мичмандардың) дербес, штаттық-лауазымдық және сандық (статистикалық) есебiн жеке құрамның есебiн жүргiзу жөнiндегi Ережеге сәйкес ұйымдастырылады және жүргiзiледi. 
      6. Прапорщиктер мен мичмандарға әскери атақтар беру (әскери атақтарын төмендету және қалпына келтiру, әскери атағынан айыру), прапорщиктер мен мичмандарды қызметке тағайындау және әскери қызметтен босату жөнiндегi ұсыныстар офицерлер құрамы үшiн белгiленген тәртiптерге (офицерлер құрамы адамдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi әскери қызмет пен запастағы қызметтi өтеулерi Ережесiн қолдану тәртiбi туралы Нұсқауға 1-қосымша (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 1998 жылғы N 210 бұйрығымен iске қосылған) сәйкес ресiмделедi. 
      7. Әскери қызметтегi әйелдер үшiн келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiндегi әскери қызметтiң басталуы Ереженiң 4-тармағына сәйкес белгiленедi. Әскери есепте тұрмайтын әйелдер үшiн келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiндегi әскери қызметтiң басталуы прапорщик (мичман) әскери атағын беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бiрақ әскери комиссариаттың нұсқамасында көрсетiлген қызмет орнына кету күнiнен ерте емес, есептеледi. 

 
                      2. "Прапорщиктердiң (мичмандардың) 
                         лауазымдарын жинақтау" тарауына 

 
      8. Келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызметке мерзiмдi әскери қызметiн өтеген, сәйкес әскери мамандықтың даярлау саласы бойынша салалас артықшылықты жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi бар әскери қызметшiлер қабылданады. 
      9. Прапорщиктердiң (мичмандардың) бос лауазымдарын мерзiмдi әскери қызметiн өтеген әскери қызметшiлердi келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызметке қабылдау есебiнен жинақтау мүмкiн болмаған жағдайда, ол лауазымдар аталған қызметке әскери қызметтi келiсiм-шарт бойынша сарбаз, матрос, сержант және старшина лауазымдарында өтеп жүрген әскери қызметшiлердi қабылдау есебiнен жасақталады. 
      10. Қызметiн басқа әскери бөлiмде өткеруге тiлек бiлдiрген әскери қызметшiлердi келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызметке қабылдауды Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген тәртiппен сол әскери қызметшiлер таңдаған қызмет орыны бойынша командирлер (бастықтар) жүзеге асырады. 
      11. Әскери қызметшiлер мен әскери есепте тұрмайтын әйелдер қатарынан прапорщиктiкке (мичмандыққа) кандидаттарды жоспарлы iрiктеу үшiн әскери бөлiмдердiң командирлерi команда бойынша Қарулы Күштер түрлерiнiң кадрлық органдарына мынадай деректер көрсетiлген тиiстi тапсырыс бередi: әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде қабылдау үшiн iрiктелуi қажет әскери бөлiмнiң атауы мен орналасқан пунктi, лауазымы және әскери-есептiк мамандығы, лауазым бойынша тарифтiк разряд, тәртiптiк бөлiмдердегi қызметке арналған адамдар үшiн сонымен бiрге кiру рұқсатының материалын ресiмдеу мерзiмi мен кiру рұқсатының нысаны көрсетiледi. Тапсырыстар Жылына екi рет - 15 қаңтарда және 15 шiлдеде ұсынылады. 
      12. Әскери мiндеттiлер мен әскери есепте тұрмайтын әйелдердi келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызметке қабылдау үшiн әскери қызметшiлер мен әскери есепте тұрмайтын әйелдердi iрiктеудi әскери комиссариаттар әскери бөлiмдер командирлерiнiң тiкелей әскери комиссариаттарға жолдаған тапсырыстары бойынша жүргiзедi. 
      Әскери мiндеттiлер мен әскери есепте тұрмайтын әйелдердi келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызметке қабылдау бiрiншi кезекте шалғай және басқа жергiлiктi ресурстар есебiнен жинақтау мүмкiндiгi шектеулi жерлерде орналасқан әскери бөлiмдерде жүзеге асырылады. 
      Әскери бөлiмдер мен кадрлық органдарда, құрамаларға дейiн қоса, барынша лайықты әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде қабылдау туралы тiкелей өтiнiш еткен әскери мiндеттiлер мен әскери есепте тұрмайтын әйелдер қатарынан әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде қабылдау үшiн кандидаттар тiзiмi жүргiзiледi. 
      13. Әскери қызметке прапорщик (мичман) ретiнде түсуге тiлек бiлдiрген адамдар Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы", "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңдарымен, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери қызметтi және запастағы қызметтi өтеуi туралы Ережемен, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлермен танысқан соң олармен қызмет өткеру туралы келiсiм-шарт (осы Нұсқаудың 1-қосымшасы формасы кепiлдемелiк сипатта болады) жасалады. Әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде түсетiндермен әңгiмелесулер өткiзiледi: 
      1) әскери қызметтегi адамдармен - бөлiмшелердiң және әскери бөлiмдердiң командирлерi; 
      2) әскери мiндеттiлермен және әскери есепте тұрмайтын әйелдермен - аудандық (қалалық) әскери комиссарлар және әскери бөлiмдердiң өкілдерi. 
      14. Әскери бөлiмдердiң штабтары мен аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызметке түсуге тiлек бiлдiрген және Ереженiң 6-тармағының талаптарына сай келетiндердiң бәрiнiң мынадай құжаттары болуы тиiс және жеке iс қағаздары ресiмделедi: 
      1) қызмет тiзiмi; 
      2) өмiрбаян; 
      3) әскери қызмет өтеу туралы қол қойылған келiсiм-шарт; 
      4) әскери қызметшiлерге - рота командирлерiнен төмен емес тiкелей бастығы, ал әскери мiндеттiлер мен әскери есепте тұрмайтын әйелдерге соңғы жұмыс немесе оқу орнынан тиiстi лауазымды тұлға жазған қызметтік мiнездеме; 
      5) прапорщиктiкке (мичмандыққа) кандидаттыққа тiркелгенi туралы командирдiң (бастықтың) бұйрығының көшiрмесi; 
      6) бiлiмi туралы құжаттың нотариус куәландырған көшiрмесi; 
      7) тууы туралы куәлiктiң нотариус куәландырған көшiрмесi; 
      8) денсаулығы жағынан Қарулы Күштердiң сәйкес түрiндегi (әскерлер түрлерiндегi), ал қажет болған жағдайда сол жердегi әскери қызметке жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның анықтамасы; 
      9) тәртiптiк бөлiмдерiндегi қызметке белгiленген адамдарға белгiленген нысандағы кiру рұқсаты; 
      10) жеке құрамның есебiн жүргiзу жөнiндегi Ережеде белгiленген нысан бойынша қысқаша қызмет тiзiмi. 
      Кандидаттарға ресiмделген жеке iс қағаздары мыналарға жiберiледi (ұсынылады). 
      1) әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде түсуге тiлек бiлдiрген әскери қызметшiлер үшiн - әскери бөлiмдердiң командирлерiне немесе сол бөлiмдер құрамына кiретiн құрамалардың, бiрлестiктердiң кадрлық органдарына; 
      2) әскери мiндеттiлер мен әскери есепте тұрмайтын әйелдер үшiн - алынған нарядтарға (тапсырыстарға) сәйкес тиiстi әскери бөлiмдердiң командирлерiне. 
      15. Адамдарды әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде қабылдауға және прапорщиктердi (мичмандарды) аттестациялауға байланысты мәселелердi қарау бөлiмдердiң тұрақты әрекет ететiн аттестациялық комиссияларына жүктеледi. 
      16. Тұрақты әрекет ететiн аттестациялық комиссияларға мыналар жүктеледi: 
      1) iрiктеп алынған кандидаттарды сипаттайтын жеке iс қағаздары мен басқа да құжаттарды зерделеу; 
      2) тиiстi адамдарды әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде қабылдаудың мақсатқа сай келетiндiгi немесе оларды қабылдаудан бас тарту, бас тарту себептерi негiзделген түрде, туралы өз қорытындыларын әскери бөлiм командирiнiң шешуiне ұсыну. Ол қорытындылар хаттамалармен ресiмделедi (осы Ереженiң 2-қосымшасы); 
      3) осы Ереженiң IV тарауына сәйкес прапорщиктердi (мичмандарды) аттестациялауға қатысу. 
      17. Прапорщиктер мен мичмандар мектептерiне жiберiлуге жататын әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер (Ереженiң 6-тармағының 6-тармақшасы) олар оқуға жiберiлетiнен кемi бiр ай бұрын күнделiктi бөлiм бойынша бұйрықпен прапорщиктiкке, мичмандыққа кандидаттыққа тiркеледi (осы Нұсқаудың 3-қосымшасы). 
      18. Прапорщиктер (мичмандар) мектептерiне жiберiлген прапорщиктiкке (мичмандыққа) кандидаттар мектептер бастықтарының бұйрықтарымен немесе ол мектептер құрамына кiретiн болса, әскери бөлiмдер, құрамалар командирлерiнiң, әскери оқу орындары бастықтарының бұйрықтарымен курсанттар қатарына тiркеледi. 
      19. Белгiленген мерзiмде әскери қызметтi өтеу туралы одан кейiнгi келiсiм-шарттарды (Ереженiң 7-тармағы) бөлiм штабы ресiмдейдi (осы Нұсқаудың 1 қосымшасы). 
      Әскери қызметте болатын шектеулi жасына жетуiне кемi үш жыл қалған прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметте болатын шектеулi жасына жеткенiне дейiнгi мерзiмге келiсiм-шарт жасасады. 
      Одан кейiнгi келiсiм-шарттар прапорщиктердiң (мичмандардың) бұрынғы жасасқан келiсiм-шарттары бойынша қызмет мерзiмдерi аяқталардан кемi үш ай бұрын жасалады. 
      20. Әскери қызметте болатын шектеулi жасына жеткен прапорщиктердi (мичмандарды) 5 жыл мерзiмге әскери қызметте қалдыру туралы шешiмдi (Ереженiң 3-тармағы) командирлер (бастықтар) прапорщиктiң (мичманның) кейiн жеке iс қағаздарына тiркелетiн жеке рапорты негiзiнде қабылдайды. 

 
                      3. "Әскери атақтар беру" тарауына 

 
      21. Ереженiң 6-тармағының 1, 2, 3, 4, 5 тармақшаларына сәйкес прапорщик (мичман) әскери атағын беруге ұсынылатын сәйкес әскери мамандыққа даярлық саласы бойынша салалас жоғары және арнаулы орта бiлiмi бар әскери қызметшiлерге, әскери мiндеттiлерге және әскери есепте тұрмайтын әйелдерге команда бойынша сол әскери атақтарды беруге құқылы командирлердiң (бастықтардың) шешiмiне жолданатын ұсыныстар ресiмделедi (осы Нұсқаудың 6-тармағы). 
      Аға прапорщик (аға мичман) әскери атағын беруге ұсыныс осы тақылеттес тәртiппен ресiмделедi. 
      22. Прапорщиктер (мичмандар) мектептерi мен техниктер мектептерiнiң түлектерiн прапорщик (мичман) әскери атақтарын беруге оқу бiтiру туралы бұйрықтардың жобаларын сәйкес кадр органдары арқылы жолдайтын мектеп бастықтары ұсынады. 
      Прапорщиктер (мичмандар) мектептерiн немесе техниктер мектептерiн ойдағыдай бiтiрген адамдарға прапорщик (мичман) әскери атағын беру Ереженiң 16 тармағында көрсетiлген командирлердiң (бастықтардың) бұйрығымен жүргiзiледi. 
      23. Прапорщиктер (мичмандар) әскери атақтарын беру туралы бұйрықтар белгiленген айыру белгiлерi бар погондар тапсырумен бiрге әскери бөлiм сапының алдында салтанатты жағдайда жарияланады. 
      24. Аға прапорщик және аға мичман әскери атақтары (Ереженiң 14 тармағы) аға прапорщиктермен және аға мичмандармен немесе офицерлермен жинақтауға жататын лауазымдарға тағайындалған және нақтылы атқарып жүрген прапорщиктер мен мичмандарға берiледi. Бұл орайда осы лауазымдардағы бұрынғы қызмет кезеңдерi де аға прапорщиктермен және аға мичмандармен немесе офицерлермен жинақтауға жататын лауазымдағы қызмет мерзiмiне (кемi бiр жыл) есептеледi. 
      Аяқталғаннан кейiн аға прапорщик және аға мичман әскери атақтары берiлетiн прапорщик және мичман әскери атақтарында еңбек сiңiру мерзiмi Ереженiң 4, 14, 15 тармақтарына сәйкес есептеледi. Запасқа босатылған, ал одан кейiн әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша прапорщик және мичман ретiнде қайта қабылданған прапорщиктер мен мичмандарға бұл мерзiм әскери комиссариаттың нұсқамасында көрсетiлген әскери қызметке соңғы қабылданғанында қызмет орнына кеткен күнiнен бастап есептеледi. 
      25. Прапорщиктердi (мичмандарды) iрiктеу, даярлау және олардың орта әскери оқу орнының бағдарламасы бойынша емтихандарды жедел тапсыруы (Ереженiң 20-тармағы) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң экстернат туралы Ережесiмен анықталады (1). 

_______________________________     

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 1993 жылғы N 22 бұйрығымен күшiне енгiзiлген. 

 
               4. "Лауазымға тағайындау және қызмет ауыстыру, 
                            аттестациялау" тарауына 

 
      26. Командирлердiң (бастықтардың) прапорщиктердi (мичмандарды) лауазымдарға тағайындау жөнiндегi құқықтары сонымен бiрге дербес штаттарда ұсталатын әскери бөлiмдердiң командирлерiне де, егер ол командирлердiң лауазымдары бойынша штатта "полковник", оған тең және жоғары әскери атағы қарастырылған болса берiледi. 
      27. Запастағы прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметке әскери комиссариаттың нұсқамасы негiзiнде қабылданады және лауазымдарға әскери бөлiмдер командирлерiнiң жеке құрам бойынша бұйрықтарымен тағайындалады (Ереженiң 11-тармағы). 
      28. Прапорщиктердi (мичмандарды) қызмет бойынша ауыстыру (Ереженiң 26, 27 тармақтары) ондай құқықтары бар командирлердiң (бастықтардың) жеке құрам бойынша бұйрықтарымен жүргiзiледi. 
      Қызмет мүддесiмен прапорщиктердi (мичмандарды) ауыстыру кезiнде (олардың келiсiмiнсiз) олар, тәртiп бойынша, негiзгi немесе салалас мамандық бойынша немесе олардың практикалық әскери қызмет тәжiрибесi болуына сәйкес, маңызы бiрдей лауазымдарға тағайындалуы тиiс. 
      29. Прапорщиктердi (мичмандарды) бiр әскери бөлiмнен екiншiсiне ауыстыру былайша жүргiзiледi: құрама iшiнде - құрама командирiнiң жеке құрам бойынша бұйрығымен, Қарулы Күштер түрiнiң iшiнде - Құрама Күштер қолбасшысының жеке құрам бойынша бұйрығымен. 
      30. Өзiнiң денсаулық жағдайына немесе отбасы мүшелерiнiң денсаулық жағдайларына байланысты қызмет орнын (тұратын орнын) ауыстыруды қажет ететiн прапорщиктердi (мичмандарды) ауыстыру олардың рапорттары бойынша Ереженiң 27-тармағының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес тең лауазымға және Ереженiң 27-тармағының 2 және 3 тармақшаларына сәйкес төмен лауазымдарға сәйкестендiрiп жүргiзiледi. Бұл орайда денсаулық жағдайы бойынша бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз деп танылған прапорщиктер (мичмандар) запасқа босатылуға немесе отставкаға жiберуге ұсынылады. Мұндай жағдайда олардың отбасы мүшелерi куәландыруға жiберiлмейдi. 
      Қызмет бойынша орын ауыстыру қажеттiлiгi туралы қорытындыны денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерi мен ыстық климатты шет елдерде әскери қызмет өтеу (тұру) мүмкiндiктерiн анықтау үшiн әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн медициналық куәландыру тәртiбi туралы Нұсқауға (1) сәйкес әскери-дәрiгерлiк комиссиялар бередi. 
      Осы мақсатпен медициналық куәландыруға жiберiлуi мүмкiн отбасы мүшелерiне әйелi (күйеуi), кәмелетке толмаған балалары және прапорщиктiң (мичманның) асырауындағы кәмелетке толған оқушы балалары, сонымен бiрге 1 және 2 топтардағы мүгедек балалары жатады. Нұсқаудың денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерi мен ыстық климатты шет елдерде әскери қызмет өтеу (тұру) мүмкiндiктерiн анықтау үшiн әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн медициналық куәландыру тәртiбi туралы 4-тармағында атап көрсетiлген прапорщиктiң (мичманның) асырауындағы және онымен бiрге тұратын қалған отбасы мүшелерi олар денсаулық жағдайы бойынша бiреудiң күтiмiне зәру және басқалай жақын туысқандары жоқ жағдайда ғана куәландыруға жiберiледi. 
      Айрықша жағдайларда прапорщиктiң (мичманның) оның немесе әйелiнiң бөлек тұратын қартайған немесе науқас ата-аналарын күту қажеттiлiгiне негiзделген, қызметi бойынша басқа жерге ауыстыру туралы өтiнiшiне байланысты әскери бөлiмнiң командирi (бастығы) олардың тұратын жерлерi бойынша әскери комиссариаттан олардың денсаулық жағдайлары әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысын, отбасылық жағдайлары мен басқа туысқандарының бар-жоғы туралы мәлiметтер сұрата алады. 
      31. Прапорщиктердiң (мичмандардың) мемлекеттiк және жеке меншiк кәсiпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда қосалқы жұмыс iстеулерiне, яғни негiзгiсiнен басқа тұрақты ақылы жұмыс атқаруларына тыйым салынады. 
      32. Прапорщиктердi (мичмандарды) лауазымдарға тағайындау оларға прапорщик (мичман) әскери атағын бiр мезгiлде немесе әскери бөлiмдегi қызмет орнына келген күнiнен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей беру арқылы жеке құрам бойынша бұйрықпен жүзеге асырылады. 
      33. Офицер лауазымынан прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарына ауыстырылатын прапорщиктер (мичмандар) (Ереженiң 25-тармағы) ақша үлесi олар офицер лауазымына тағайындалғандарына дейiн алып тұрған кесiмдi ақыларынан кем емес лауазымдарға тағайындалуы тиiс. 
      34. Прапорщиктердi (мичмандарды) аттестациялауды жүргiзу олардың бойында тапсырылған iске деген жоғары жауапкершiлiк сезiмiн тәрбиелеуге, әскери-кәсiби даярлығы деңгейiн одан әрi арттыруға және әскери тәртiптi нығайтуға ықпал етуi тиiс. 

_______________________________

 
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 1995 жылғы 61 бұйрығымен iске қосылған. 

 
      Прапорщиктер мен мичмандарды аттестациялау (Ереженiң 29 тармағы) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлеген кезеңдiлiкпен және мерзiмде жүргiзiледi. 
      35. Аттестацияларды аттестацияланатындардың рота командирiнен төмен емес және соған тең келетiн тiкелей бастықтары құрастырады. 
      Аттестацияларды құрастыратын бастықтар мыналарға мiндеттi: 
      1) прапорщиктердi (мичмандарды) аттестациялаудың қолданылып жүрген тәртiбiн зерделеуге; 
      2) аттестацияланушының iскерлiк және моральдық-адамгершiлiк қасиеттерiн жан-жақты зерделеуге және бағалауға. Ол үшін: 
      аттестацияланушы туралы өзiнiң орынбасарларымен пiкiр алмасуға; 
      аттестацияланушымен кемi екi әңгiмелесу өткiзуге (бiрiн - аттестациялаудың басында, екiншiсiн - тiкелей аттестацияны құрастыру алдында) және кемшiлiктерiн жою, жеке дайындығы мен ол жауап беретiн жұмыс учаскесiндегi iстiң жағдайын жақсарту жөнiнде қажеттi ақыл-кеңес және ұсыныстар беруге; 
      3) аттестацияланушыны жан-жақты зерделеу негiзiнде аттестацияның маңызы мен ол бойынша қорытындыларды анықтауға; 
      4) бағынысындағы адамның аттестациясын өз қолымен құрастыруға және аттестацияның машинкаға басылған барлық даналарына қол қоюға; 
      5) қорытындылар мен бекiтулер алу үшiн команда бойынша аттестациялардың барлық даналарын бекiтушi инстанцияларға беруге. 
      36. Аттестация екi данада - қолжазба және офицерлер құрамын аттестациялау үшiн белгiленген бланкада машинкаға басылған түрiнде жасалады. 
      Еркiн түрде мазмұндалған аттестациялар мәтiнiнде аттестацияланушыны сипаттайтын мынадай сұрақтар көрiнiс табуы тиiс: 
      4) өзiне және бағынысындағыларға талапшылдығы, жеке басының тәртiбi және орындаушылығы; 
      5) жұмыстағы ұйымдастырғыштығы, қойылған мiндеттердi сапалы орындаушылық қабiлетi, парасатты бастама таныта бiлуi, күрделi жағдайда тез бағдар тауып, шебер әрекет ете алуы; 
      6) бағынысындағыларға сапалы басшылық ете алуы, оларды оқыта және тәрбиелей алуы; 
      7) аттестацияланушы басқаратын жағдайдың бағасы немесе ол жауапты жұмыс учаскесiнiң бағасы; 
      8) арнайы әскери даярлық деңгейi, әскери жарғыларды, ережелердi және басқа қызмет бойынша қажеттi заң актiлерiн, өзiнiң атқаратын қызметi бойынша мiндеттерiн бiлуi және оларды орындауы, мамандығы бойынша кластығы, жауынгерлiк тәжiрибесiнiң бар-жоғы; 
      9) мемлекеттiк-құқықтық даярлық деңгейi және оны жетiлдiру жөнiндегi жұмысы, тәрбие жұмысына қатысуы; 
      10) өзiнiң iс-қызметiн сын тұрғысынан бағалай бiлуi, iске шығармашылықпен қарау қабiлетi, ұжымдағы беделi, әскери және мемлекеттiк құпияны сақтай бiлуi; 
      11) денсаулық жағдайы мен жұмыс қабiлетi, сондай-ақ аттестацияланушыны сипаттау үшiн қажеттi басқа да мәселелер. 
      37. Аттестациялау бойынша тұжырымда аттестацияланушының атқарып отырған қызметiне сәйкес келетiндiгi немесе келмейтiндiгi көрсетiлiп, одан кейiн оның iскерлiк және моральдық-адамгершiлiк қасиеттерiне, жұмыс тәжiрибесiне, қабiлетi мен бейiмдiлiгiне, сонымен бiрге қызмет мүддесiне қарай одан әрi барынша орынды қызметтiк пайдалану туралы пiкiр мазмұндалады. 
      Бұл орайда мынандай ұсынымдар берiлуi мүмкiн: 
      1) жоғары қызметке жылжыту туралы (қандай және қашан); 
      2) тең келетiн қызметке ауыстыру туралы (қандай қызметке ауыстырған дұрыс және ауыстыру себебi); 
      3) жоғарғы қызметтен төменгiге ауыстыру, қандай негiзде (Ереженiң 27-тармағы) және қандай қызметке тағайындаған дұрыс екендiгi туралы; 
      4) әскери қызмет өтеуге жаңа келiсiм-шарт жасасу туралы; 
      5) әскери қызметтен босату және қандай негiзде екенi туралы. 
      Аттестациялау тұжырымы бойынша аттестацияланушының атқарып отырған қызметiне сәйкестiгiн анықтау және оның одан әрi қызметтiк пайдаланылуы туралы ұсынысты мазмұндаумен бiрге аттестацияланушының қызмет бойынша және жеке мiнез-құлқында қандай кемшiлiктердi жоюы керектiгi көрсетiлуi мүмкiн. 
      Аттестацияда прапорщиктiң (мичманның) запасқа босатылуы туралы тұжырыммен бiрге оның соғыс кезiнде қандай қызметке тағайындалу мүмкiндiгi, сонымен бiрге оның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында әскери есепке жататын әскери-есептiк мамандықтың атауы мен нөмiрi көрсетiледi. 
      Тұжырым мен ұсыным аттестация мәтiнiнен туындауы тиiс. 
      38. Прапорщиктерге (мичмандарға) жасалған аттестациялар әскери бөлiмдердiң тұрақты жұмыс iстейтiн аттестациялық комиссияның қарауына жатады. 
      Аттестациялық комиссиялар аттестацияларды жан-жақты зерделеуге, аттестацияланушылардың нақтылы iскерлiк және моральдық-адамгершiлiк қасиеттерiне сәйкестiгiн анықтауға және олар бойынша қорытындылар беруге мiндеттi. 
      Аттестациялық комиссиялар анықтамалар мен түсiнiктемелер беру үшiн өздерiнiң мәжiлiстерiне аттестацияланушылардың өздерi сияқты аттестацияларды жасаған командирлердi (бастықтарды) де шақыруға құқылы. 
      Запасқа босатудың дұрыстығы, атқарып отырған қызметiне сәйкессiздiгі туралы тұжырым жасалған аттестациялар, сондай-ақ аттестацияланушының елеулi кемшiлiктерi бар екенi атап көрсетiлген аттестациялар аттестацияланушыларды аттестациялық комиссиялардың мәжiлiстерiне шақыру арқылы қаралуы тиiс. 
      39. Аттестациялық комиссиялар және аттестацияларды бекiтушi бастықтарға дейiнгi тiкелей бастықтар өздерiнiң аттестацияланушылар туралы тұжырымдарын аттестацияларда қорытынды түрiнде мазмұндайды. 
      Аттестациялық комиссияның қорытындысы хаттамаға енгiзiледi (осы Нұсқауға 4-қосымша). 
      Аттестациялық комиссияның қорытындысы хаттамадан комиссия мүшелерiнiң лауазымдары мен әскери атақтары көрсетіле отырып аттестацияның барлық даналарына көшiрiледi және оны комиссия хатшысы куәландырады. 
      Аттестацияларды бекiтетiн бастықтар аттестациялық тұжырымды аттестацияның түпнұсқа даналарындағы тиiстi бөлiмге өз қолдарымен жазуға және оған қол қоюға мiндеттi. 
      40. Прапорщиктерге жасалған аттестацияларды аттестацияны жасаған адамның жақын тiкелей бастығы, бiрақ жеке батальонның командирiнен төмен емес және оған тең келетiн бастық бекiтедi. 
      Аттестацияланушының атқарып жүрген қызметiне сәйкессiздiгi, оны төмен қызметке ауыстыру немесе запасқа шығару (жасының ұлғаюы мен науқастығына байланысты запасқа шығарудан басқа) туралы тұжырымдар жазылған аттестацияларды дивизия командирi, оған тең және жоғары лауазымды адамдар бекiтедi. 
      Аттестацияны бекiткен командирдiң (бастықтың) қолы елтаңбалы мөрмен бекiтiледi. 
      41. Бекiтiлген аттестацияларды аттестацияланғандарға тiкелей бастықтары 10 күндiк мерзiмде жария етедi. Өзгеше айрықшылыққа бекiтiлген аттестациялары өздерi бөлiмге қайтып оралысымен жарияланатын, iссапарда, демалыста немесе емделуде жүрген прапорщиктерге (мичмандарға) қатысты жағдайларда ғана жол бередi. 
      Аттестацияны жариялау кезiнде тiкелей командирi (бастығы) жеке әңгiмелесу өткiзуi тиiс, аттестацияланған адам аттестацияның түпнұсқалық данасына қол қояды және өзiнiң онымен танысқан күнiн жазады. 
      42. Аттестациялау бойынша тұжырымдардың жүзеге асырылуын бақылауды әскери бөлiмдердiң штабтары мен кадрлық органдар арқылы iске асырады. 
      Аттестациялау бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары офицер кадрларымен, прапорщиктермен (мичмандармен) жұмыс туралы баяндамада көрсетiледi. 
      43. Қазақстан Республикасының офицерлер құрамындағы адамдар үшiн қызмет мерзiмi белгiленген жерлерiнде қызмет өткеретiн прапорщиктер (мичмандар) қажет болған жағдайда офицерлер құрамындағы адамдар үшiн белгіленген қызмет мерзiмiнiң аяқталуы бойынша ауыстырылады. 

 
                          5. "Демалыстар" тарауына 

 
      44. Прапорщиктер мен мичмандарға демалыс беру (Ереженiң 32-тармағы) құқына олар әскери қызмет өткерiп жүрген әскери бөлiмдердiң командирлерi ие. 
      45. Прапорщиктерге берiлетiн қосымша демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, ал оларды бекiту тәртiбi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен белгiленедi. 
      46. Әскери бөлiмдерде 1 қаңтарға дейiн алдағы жылға арналған негiзгi демалыстар жоспары жасалып, оны әскери бөлiмнiң командирi бекiтедi және оны прапорщиктерге (мичмандарға) жариялайды. 
      Негiзгi демалыстар прапорщиктерге (мичмандарға) барлық күнтiзбелiк жыл бойында сол әскери қызметшiлердiң ай сайын 10-12 процентi демалыста болатындай есеппен бiркелкi берiледi. Демалыстар беруге құқылы әскери бөлiмдердiң командирлерi әскери дайындықтың (тапсырмаларды орындаудың) күрделi кезеңдерiнде прапорщиктерге (мичмандарға) негiзгi демалыстар берудiң ай сайынғы нормаларын қысқарта алады және соған сәйкес ол нормаларды жылдың басқа кезеңдерiнде ұлғайта алады. 
      Қазақстан Республикасын қорғау және интернационалдық парызын өтеу негiзiндегi ұрыс әрекеттерiнде немесе басқалай әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақат, зақым алған немесе мертiккен прапорщиктерге (мичмандарға) негiзгi демалыстарын өздерiне қолайлы уақытта пайдалану құқы берiледi. 
      47. Ереженiң 39-тармағына сәйкес негiзгi демалысты қысқарту туралы шешiм әскери бөлiм бойынша бұйрықпен ресiмделедi және қолхат бойынша прапорщиктерге (мичмандарға) жарияланады. Негiзгi демалысты қысқарту туралы бұйрық жүзеге асырылмаған прапорщик (мичман) әскери бөлiмнен кеткен жағдайда ол бұйрықтың көшiрмесi жеке iс қағазымен бiрге жаңа қызмет орнына жiберiледi. 
      48. Прапорщиктерге (мичмандарға) демалыс беру кезiнде олардың демалыстарын өткiзетiн жерiне баруы және қайтуы үшiн қажеттi уақыт (Ереженiң 32-тарауының үшiншi азат жолы) Қорғаныс министрлiгiндегi тасымалдарды ресiмдеу және олар үшiн есеп айырысу жөнiндегi Басшылық белгiлеген тәртiппен есептеледi. 
      49. Әскери бөлiмдердiң штабтары мен кадрлық органдар бекiтiлген жоспарларға сәйкес прапорщиктерге (мичмандарға) негiзгi демалыстар беруге тұрақты бақылауды жүзеге асыру және ол туралы тиiстi командирлерге (бастықтарға) баяндауы тиiс. 
      50. Прапорщиктер (мичмандар) емдеу орындарында емделуде және науқастануына байланысты демалыста жүрген кездерiнде Ереженiң 41-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде оларды запасқа шығаруға немесе отставкаға жiберуге ұсыным жасалмайды. 
      Емделудiң және сырқаттануына байланысты демалыста болудың белгiленген мерзiмi аяқталған соң бейбiт уақыттарда әскери қызметке жарамсыз немесе әскери есептен шығару арқылы әскери қызметке жарамсыз деп танылған жағдайда әскери-дәрiгерлiк комиссияның куәландыруы туралы шешiм қабылданған прапорщиктер (мичмандар) емдеу орнына жазылып шыққандарына дейiн запасқа жiберiлулерi мүмкiн. 
      Қазақстан Республикасын қорғау және интернационалдық парызын өтеу кезiндегi ұрыс әрекеттерiнде немесе басқалай әскери қызмет мiндеттерiн өтеу кезiнде жарақат (зақым, жара немесе мертiккен) алған немесе науқастанған прапорщиктердiң (мичмандардың) әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшiн әскери-дәрiгерлiк куәландыруы олардың емдеу мекемесiндегi емделуi аяқталуына қарай жүргiзiледi. 
      Туберкулезбен науқастанған жағдайда әскери қызметшiнiң емделуде немесе науқастануына байланысты демалыста болулары бейбiт уақытта 12 айдан аспауы керек. 
      51. Прапорщиктердiң (мичмандардың) емделуде және науқастануына байланысты демалыста үздiксiз болу мерзiмiн ұзарту құқы (Ереженiң 41-тармағы) Қарулы Күштер түрлерiнiң қолбасшыларына, оған тең және жоғары лауазымдағы адамдарға берiледi. 
      52. Прапорщиктердiң (мичмандардың) азаматтық жоғары және орта оқу орындарының кешкi және сырттай оқу бөлiмдерiнде оқуларына рұқсатты (Ереженiң 43-тармағы) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың және әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы азаматтық жоғары және арнаулы орта оқу орындарының кешкi және сырттай оқу бөлiмдерiнде оқу туралы Ережеге (1) сәйкес олардың тiкелей басшылары бере алады. 
      53. Прапорщик (мичман) әйелдерге жүктiлiгi және босануына байланысты демалыстар (Ереженiң 44-тармағы) олардың рапорттары мен тиiстi медициналық мекеменiң анықтамасы негiзiнде босанғанына дейiн күнтiзбелiк жетпiс күндiк және босанғаннан кейiн күнтiзбелiк елу алты (дұрыс босанбаған немесе екi және одан да көп бала туған жағдайда - жетпiс) күндiк ұзақтықпен берiледi. 
      Егер жүктiлiгi бойынша қызметтiк мiндетiн атқарудан босатылған күнiнен босанған күнiне дейiн белгiленген босанғанға дейiнгi демалыс күндерi артық немесе кем болса, онда ақшалай және заттай үлес нақтылы босанғанға дейiнгi демалыста болған барлық күндерi үшiн берiледi. Босанғанға дейiнгi демалысының асып кетуi немесе керiсiнше толық пайдаланылмауы босанғаннан кейiнгi демалысының ұзақтығына әсер етпейдi. 
      Босанғаннан кейiнгi демалыс босанған күннiң өзiн де қоса босанған күннен бастап есептеледi. 
      Бала үш жасқа толғанға дейiн оны күтуге арналған iшінара ақылы демалыс пен қосымша демалыс прапорщик (мичман) әйелдерге олардың тiлектерi бойынша толық немесе бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Прапорщик (мичман) әйел ақшалай және заттай сақталмайтын демалыс ресiмделген мерзiмi аяқталғанға дейiн де қызметтiк қызметiн атқаруға кiрiсе беруге құқылы. 
      Прапорщик (мичман) әйелдер науқас баласын күту үшiн қызметтiк мiндетiн орындаудан тиiстi медициналық мекеменiң анықтамасы негiзiнде және Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiппен, жұмысқа жарамсыздығы туралы қағаз беру белгiленген мерзiм үшiн ақшалай қаражаты сақтала отырып босатылады. 

_______________________________     

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 1997 жылғы N 68 бұйрығымен күшiне енгiзiлген. 

 
      54. Прапорщик (мичман) әйелдер жүктiлiгi, босануы және үш жасқа толғанға дейiн баласын күтуi бойынша демалыста болған кезiнде олардың атқаратын қызметтерi бойынша мiндеттердi орындауға белгiленген тәртiп бойынша прапорщиктер (мичмандар), сондай-ақ егер олардың тiкелей бағыныстарында әскери атағы жоғары адамдар болмаса әскери қызметтi келiсiм-шарт бойынша сарбаз, матрос, сержант және старшина лауазымдарында атқарып жүрген әскери қызметшiлер, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер уақытша жiберiле алады. 

 
                     6. "Әскери қызметтен босату" тарауына 

 
      55. Прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметтен босату туралы өтiнiш рапортын келiсiм-шарт бойынша қызмет мерзiмi аяқталғанға немесе әскери қызметте болатын шектеулi жасына жеткенге дейiн үш айдан кешiктiрмей бередi. Әскери бөлiм командирiнiң шешiмi жазылған рапорт жеке iс қағазына тiркеледi. 
      56. Прапорщиктердi (мичмандарды) әскери қызметтен босатуға ұсыну алдында олардың қызмет атқаруы жөнiндегi деректер анықталады, қажет болған жағдайда олардың қызметтерiнiң күнтiзбелiк есептеудегi көп жылғы еңбек сiңiрген жылдарын есептеуге жататын кезеңдерi құжаттармен куәландырылады, және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес зейнетақыға жататын көп жылғы еңбек сiңiрген жылдары есептелiп, ол прапорщикке (мичманға) қол қоюы арқылы жарияланады. 
      57. Прапорщиктердi (мичмандарды) босату туралы олардың өздерiмен кемi екi рет жеке әңгiмелесу өткiзiледi. 
      Алғашқы әңгiмелесу босатуға ұсыныс жасалғанға дейiн өткiзiледi. Әңгiмелесу барысында босатуға ұсыныс жасау негiздерi мен мерзiмi түсiндiрiледi, басқа да мәселелер бойынша түсiнiктер берiледi, босатылғанынан кейiн әскери есепке жолданылатын әскери комиссариаты белгiленедi, прапорщиктер мен мичмандардың өтiнiштерi анықталады. Бұл орайда әскери қызметтен жасының ұлғаюына, денсаулығына, келiсiм-шарт бойынша белгiленген қызмет мерзiмiнiң аяқталуына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты босатуға жататын прапорщиктермен (мичмандармен) алғашқы әңгiмелесу, тәртiп бойынша, босатуға ұсынудан кемi екi ай бұрын өткiзiледi. Әскери-дәрiгерлiк комиссия әскери қызметке жарамсыз деп таныған және қызметтiк мiндеттерiн одан әрi атқарудан босатуға мұқтаж прапорщиктердi (мичмандарды) әскери есептен шығара отырып босату әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы әскери бөлiмге алынғаннан кейiн кемi бiр ай мерзiмде жүргiзiледi. 
      Қызметтен босатылатын прапорщиктермен (мичмандармен) әңгiмелесулерге қажет болған жағдайда кадр және қаржы органдарының өкілдерi қатыстырылады. 
      Қызметтен босатылатын прапорщиктермен (мичмандармен әңгiмелесу барысында әңгiмелесудi өткiзетiн бастықтар сол жерде шеше алмайтын мәселелер қойылған жағдайда олар ол мәселелердi оларды шешуге қажеттi анықтамалық деректердi баяндай отырып жоғарғы тiкелей бастығына баяндайды. 
      Екiншi әңгiмелесудi қызметтен босатуға ұсыныс жолданған жағдайда тiкелей бастығы өткiзедi, әңгiмелесу барысында прапорщиктiң (мичманның) алғашқы әңгiмелесуде қойған сұрақтары мен өтiнiштерiне жауап берiледi, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысын және қызметтен босатуға байланысты басқа да мәселелердi қоса қызметтен босатудың негiздерi дәйектеледi. 
      Өткiзiлген әңгiмелесулердiң мазмұны қызметтен босатылатын прапорщик және әңгiмелесудi өткiзген бастық қол қоятын әңгiмелесу парағында (осы Нұсқауға 6 және 6а қосымшалары) мазмұндалады. Әңгiмелесу парағы жеке iс қағазына тiркеледi. 
      58. Прапорщиктер (мичмандар) запасқа босатылғанға немесе отставкаға жiберiлгенге дейiн денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамдылық деңгейiн анықтау үшiн қорытындысы қызметтен босату негiздерiн анықтау кезiнде ескерiлетiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның куәландыруына жiберiледi. Мұндай мақсатпен әскери-дәрiгерлiк комиссияның куәландыруына мына прапорщиктер (мичмандар) өз өтiнiштерi бойынша жiберiлмейдi: 
      6) әскери қызметте бола алатын шектеулi жасқа жеткендер және шектеулi мөлшерде зейнетақы алуға құқылылар; 
      7) запаста болудың шектеулi жасына жеткендер және көп жылғы еңбегi үшiн зейнетақы алуға құқылылар. Ереженiң 46 тармағының 5, 6, 7, 9, 10 тармақшалары және 48 тармағының 2 тармақшасы бойынша қызметтен босатылуға ұсынылатын прапорщиктер (мичмандар), тәртiп бойынша, әскери-медициналық куәландыруға жiберiлмейдi. 
      59. Прапорщиктердi (мичмандарды) әскери қызметтен босатуға ұсыну және босату Ереженiң 46-тармағына сәйкес негiздердiң бiрi бойынша жүргiзiледi. Бұл орайда жақсы аттестацияланған, қызметтен босатылуға бiрнеше негiздерi бар прапорщиктер (мичмандар) қызметтен босатылуға қызметтен босатылғаннан кейiн басым құқықтар мен жеңiлдiктер берiлетiн негiздер бойынша, ал қызметтен босатылуға жасының ұлғаюы мен науқастығына байланысты негiздерi барлар қызметтен босатылуға әскери қызметшiнiң тiлегi ескерiле отырып сол негiздердiң бiрi бойынша ұсынылады. 
      Әйел прапорщиктердi босануына байланысты әскери қызметтен босату жөнiндегi бұйрықтарда қызметтен босату негiзiне "отбасылық жағдайына - босануына байланысты" деп атап көрсетiледi. 
      60. Қызметтен босатуға немесе отставкаға жiберуге ұсыныста жақсы аттестацияланған прапорщиктердi (мичмандарды) ынталандыру шаралары туралы, сондай-ақ Ереженiң 53-тармағының талаптарын ескере отырып оларға әскери киiм нысанын кию құқын беру туралы ұсыныстар көрсетiледi. 
      Қызметтен босату туралы жеке құрам бойынша бұйрықтарда және басқа бастықтардың бұйрықтарында қызметтен босатылатын прапорщиктерге (мичмандарға) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi мiнсiз қызметi үшiн алғыс жарияланады, алғыс грамоталарымен марапатталады және ынталандырудың басқа да шаралары қолданылады. 
      Қызметтен босатылатын прапорщиктер (мичмандар) оларға тиiстi үлестердiң барлық түрлерiмен уақытылы және толық қанағаттандырылады. 
      61. Жасының ұлғаюына, денсаулығына немесе штаттың қысқартылуына байланысты қызметтен босатылатын прапорщиктерге (мичмандарға): 
      1) заң жүзiнде белгiленген жеңiлдiктердi алу құқына арналған куәлiк; 
      2) әскери қызметте көп жыл еңбек сiңiргендiгi туралы (Қарулы күштерде кемi 20 күнтiзбелiк жыл қызмет өткерген прапорщиктер мен мичмандарға) анықтама берiледi. 
      62. Штатты қысқарту кезiнде (Ереженiң 46-тармағының 8-тармақшасы) прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметтен оларды Қарулы күштер түрлерiнiң әскери бөлiмдерiнде мамандықтары бойынша пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда ғана босатылады. 
      63. Прапорщик (мичман) әйелдер бала тууына байланысты атқаратын қызметтiк мiндеттерiн орындай алмайтын жағдайда (Ереженiң 46-тармағының 5-тармақшасы) олар жүктiлiгiне байланысты демалыстарын пайдаланғаннан кейiн ғана қолбасшылықтың шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын босатыла алады. 
      64. Ереженiң 46-тармағының 6-тармақшасында көрсетiлген негiзде қызметтен босатылатын, қоғамдық өмiрде және өндiрiсте жақсы қырынан танытқан прапорщиктер (мичмандар) жағымды қызметтiк мiнездемесi болған жағдайда, бiрақ запасқа босатылғанынан екi жыл аспайтын мерзiмде, аудандық (қалалық) әскери комиссардың өтiнiш етуi бойынша әскери қызметке қайта қабылданулары мүмкiн. 
      Ереженiң 46-тармағының 7-тармақшасында және 48-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша қызметтен босатылған прапорщиктер (мичмандар) бейбiт уақыттарда келiсiм-шарт бойынша прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызметке қабылдануға жатпайды. 
      Аталмыш запастағы прапорщиктердiң (мичмандардың) әскери қызметке қайта қабылдануы Қарулы Күштер түрлерiнiң қолбасшыларының, оған тең және жоғары лауазымды тұлғалардың бұйрығымен жүзеге асырылады. 
      65. Прапорщик (мичман) атағынан айырылған әскери қызметшiлер Тәртiптiк жарғыда қарастырылған тәртiппен әскери қызметтен запасқа қатардағы сарбаз (матрос) ретiнде босатылады. 
      Қамауға алынған прапорщиктер (мичмандар) қылмысты iс бойынша тергеу кезiнде қызметiнен босатылады және барлық тергеу кезеңiнде тиiстi командирлердiң (бастықтардың) өкiлдiгiне берiледi. Прапорщиктер (мичмандар) тергеу кезiнде қамауға алынбаған жағдайда оларды қызметiнен босату және уақытша басқа қызметке тағайындау туралы мәселенi тергеу органдарының келiсiмiмен қолбасшылық шешедi. 
      Қылмыс жасағандығы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, соның iшiнде мiндеттi түрде еңбекке тарту арқылы бас бостандығынан айыруға шартты сотталғандар, үкiм заңды күшiне енген сәтiнде қамауда отырған прапорщиктер (мичмандар) мiндеттi әскери қызметтен үкiмде көрсетiлген жазасын өтеудiң бастапқы мерзiмi басталатын күннен бастап босатылады; соның iшiнде мiндеттi түрде еңбекке тарту арқылы бас бостандығынан айыруға шартты сотталғандар, әскери қызмет бойынша шектеуге сотталғандар, және үкiм заңды күшiне енген сәтiнде бостандықта жүргендер әскери бөлiм әскери соттың күшiне енген үкiмдi орындау туралы өкiмiн алған күннен бастап босатылады. 
      Шартты сотталған, үкiмнiң орындалуы кейiнге қалдырылып сотталған, әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң шешiмi бойынша әскери қызметте қалдырылған прапорщиктердiң (мичмандардың) тәртiбiн бақылауды әскери бөлiмдердiң командирлерi жүзеге асырады. 
      Жасаған қылмыстары үшiн әскери атағынан айырмай бас бостандығынан айыруға сотталған прапорщиктер (мичмандар) бас бостандығынан айыру орындарынан босап келгеннен кейiн егер Ереженiң 45 тармағы 1-тармақшасының талаптарына сәйкес келетiн болса, запастағы прапорщиктердiң (мичмандардың) әскери есебiне алынады. 
      66. Запасқа босатылатын немесе отставкаға жiберiлетiн жақсы аттестацияланған прапорщиктер (мичмандар) үшiн қызметтен босату туралы бұйрық алынғаннан соң, олар iстерi мен қызметтерiн тапсырып болғаннан кейiн бөлiмшелердiң (әскери бөлiмнiң) офицерлер құрамының қатысуымен прапорщиктер (мичмандар) жиналысында салтанатты шығарып салу рәсiмi ұйымдастырылады. 
      Әскери қызметшiнiң абырой-атағына нұқсан келтiретiн терiс қылықтары үшiн немесе жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға қатысты емес түрде жазалануына байланысты қызметтiк сәйкессiздiгi бойынша әскери қызметтен босатылған (Ереженiң 46 тармағының 6, 7 тармақшалары және 48-тармағының 2 тармақшасы) прапорщиктер (мичмандар) әскери бөлiмнен кетер алдында бөлiм командирi олармен әңгiмелесу өткiзiп, қажеттi түсiнiктер мен ақыл-кеңес бередi. 
      Әскери қызметтен босаған прапорщиктердiң (мичмандардың) жеке iс қағаздарын әскери бөлiм нұсқаманы оған тапсырған күнi аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа жiбередi. 
      Қызметтен босаған прапорщиктердiң (мичмандарды) жеке iс қағаздарының олардың таңдап алған тұрғылықты жерлерiне уақытылы жiберiлуi мен барып жетуiн бақылауды кадрлық органдар жүзеге асырады. 
      67. Қайтыс болған (қаза тапқан) прапорщиктердi (мичмандарды) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi жеке құрамының тiзiмiнен шығару туралы бұйрықтарда, егер әскери қызметшi мынадай салдарлармен қайтыс болса (қаза тапса), олардың қазасының әскери қызметтi орындаумен байланысы туралы атап көрсетiледi: 
      1) Қазақстан Республикасын қорғау немесе әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн орындау кезiнде алған жарақаты, зақымдануы немесе мертiгуi; 
      2) ұрыс әрекеттерi жүрiп жатқан елдерде интернационалдық борышын өтеуге байланысты науқастануы. 
      Мүлiктiк және басқа азаматтық-құқықтық мәселелердi шешу қажет болған жағдайда прапорщиктердi (мичмандарды) хабарсыз жоқ деп тану немесе оларды өлдi деп жариялау азаматтық заңмен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
      Жасаған қылмысы үшiн әскери атағынан айырумен сотталған прапорщиктер (мичмандар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi жеке құрамының тiзiмiнен әскери бөлiм әскери соттың олар сотталып қамауға алынған күнiнен заңды күшiне енген үкiмдi орындау туралы өкiмiн алғаннан шығарылады. 
      Прапорщиктердi (мичмандарды) Ереженiң 52-тармағында қарастырылған жағдайларда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi жеке құрамының тiзiмiнен шығаруға байланысты бұйрықтар мен басқа да құжаттарды ресiмдеу тәртiбi Жеке құрамның есебiн жүргiзу жөнiндегi ережемен айқындалады. 
      68. Жеке құрам бойынша прапорщиктердi (мичмандарды) әскери қызметтен босату туралы бұйрықтар берiлгеннен кейiн, егер қызметтен босату кезiнде қолданылып жүрген заңдардың бұзылуына жол берiлмесе және қызметтен босатуға байланысты жаңа жағдайлардың басы ашылмаса, қызметтен босату негiздерi (Ереженiң 46, 47, 48 тармақтары) өзгертiлмейдi. 

 
                       7. "Запастағы қызмет" тарауына 

 
      69. Прапорщиктер мен мичмандардың запасы (Ереженiң 2-тармағы) әскери қызметтен босаған және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасына тiркелген прапорщиктер мен мичмандардан құралады. Бұл жағдайда запастағы прапорщиктердiң (мичмандардың) әскери атақтарына "запастағы" сөзi қосылады, ал отставкадағы прапорщиктердiң (мичмандардың) әскери атақтарына "отставкадағы" сөзi қосылады. 
      70. Запастағы прапорщиктердiң (мичмандардың) есебi жеке және сандық (статистикалық) жағынан жүргiзiледi. 
      Прапорщиктердiң (мичмандардың) жеке есебi аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарда әскери мiндеттiлердiң басқа категорияларынан бөлек, запастағы сержанттар мен старшиналар үшiн қарастырылған тәртiппен жүргiзiледi. 
      71. 50 жасқа жеткен немесе денсаулық жағдайларына байланысты соғыс кезiнде әскери қызметке жарамсыз деп танылған прапорщиктер (мичмандар) әскери есептен шығарылады және отставкаға жiберiледi. 

 
           8. "Соғыс кезiнде қызмет өткеру ерекшелiктерi" тарауына 

 
      72. Ереженiң 8-тармағында және соғыс кезiне арнап қабылданған басқа да заң актiлерiнде белгiленген соғыс кезiнде прапорщиктермен (мичмандармен) жұмыс iстеу, оларға әскери атақтар беру, қызметке тағайындау, аттестациялау, демалыстар беру және әскери қызметтен босату тәртiбi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң айрықша нұсқауы бойынша қолданылады. 
      73. Соғыс кезiнде прапорщиктердi (мичмандарды) даярлау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы айқындайтын мамандықтар бойынша үш айлық курстарда жүргiзiледi. 
      74. Запастағы прапорщиктердi (мичмандарды) соғыс кезiне тағайындау олардың iскерлiк қасиеттерi, әскери және мамандық даярлықтары, жастары мен денсаулық жағдайлары ескерiле отырып жүргiзiледi. 
      Бiршама тәжiрибелi және әскери және мамандық жағынан даярлығы бар запастағы прапорщиктер (мичмандар) офицерлiк қызметтерге тағайындала алады. 
      75. Жұмылдыру жарияланған кезде әскери қызметтен босатылуы туралы бұйрық өзгертiлген прапорщиктер (мичмандар) (Ереженiң 60-тармағы 1-тармақшасының екiншi азат жолы), оларды бұрынғы қызметтерiне тағайындау мүмкiн болмаған жағдайда, тәртiп бойынша, соған тең қызметке тағайындалулары тиiс. 
      76. Соғыс кезiнде прапорщик немесе мичман әскери атақтарын беруге 

 

ұсынылатын әскери қызметшiлерге (Ереженiң 63-тармағы) осы Нұсқаудың 

5-қосымшасында көрсетiлген нысан бойынша ұсыныстар жасалады.

     77. Соғыс кезiнде прапорщиктердiң (мичмандардың) есебiн жүргiзу 

ерекшелiктерi жеке құрамның есебiн жүргiзу жөнiндегi Ережемен айқындалады.

     

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

Кадрлар және әскери бiлiм департаментiнiң бастығы

полковник

 

                                                    Нұсқаудың 13 тармағына

                                                           1-қосымша

     

                       Әскери қызмет өткеру туралы

                              КЕЛIСIМ-ШАРТ

     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi атынан ________________

___________________________________________________________________________

              (қызметi, әскери атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

     және әскери қызметшi (әскери мiндеттi) _______________________________

___________________________________________________________________________

              (қызметi, әскери атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

төмендегiлер туралы келiсiм-шарт жасасты:

     1. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) _________________________________

 
                                                 (тегi, әкесiнiң аты) "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы", "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғалуы туралы", "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы 3аңдарының мазмұнымен, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери қызметтi және запастағы қызметтi өткеру туралы Ережемен және әскери қызмет өткерудi реттейтiн басқа да нормативтiк актiлермен таныса отырып, ерiктi түрде мыналарға мiндеттенедi: 
      А) заң жүзiнде және осы келiсiм-шарт бойынша белгiленген шартпен келiсiм-шарт бойынша _____________________________________________ мерзiмге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi кадрларының қатарында қызмет өткеруге; 
      Б) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеру кезiнде қызмет мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын адал және абыройлы орындауға. 
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi әскери қызметшi (әскери мiндеттi) _________________________________________________________ 
                                     (фамилиясы, инициалы) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылдайды және мыналарға кепiлдiк бередi: 
      а) оның алған мамандығына, бiлiмiне және жұмыс тәжiрибесiне сәйкес 

 

прапорщиктер (мичмандар) атқаратын әскери қызметке тағайындауға;

     б) қолданылып жүрген заңдар жүзiнде келiсiм-шарт бойынша әскери 

қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшілер үшiн белгiленген құқықтарды, 

әлеуметтiк кепiлдiктердi, жеңiлдiктер мен артықшылықтарды сақтауға, барлық 

үлес түрлерiмен қамтамасыз етуге.

     3. Келiсiм-шарт 20__ жылғы "___"___________ жасалды және _____________

командирiнiң жеке құрам бойынша 20__ жылғы "___"_________ N ___ бұйрығы 

негiзiнде күшiне ендi.

     4. Мынадай жағдайларда тараптардың бiрi келiсiм-шартты бұзуы және 

прапорщиктер (мичмандар) әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын босатылуы 

мүмкiн:

     А) денсаулық жағдайы бойынша;

     Б) штаттың қысқартылуына немесе ұйымдастыру шараларына байланысты;

     В) келiсiм-шарттың бұзылуына байланысты - тараптар келiсiм-шарт 

шарттарын сақтамаған жағдайда;

     Г) отбасы жағдайы бойынша;

     Д) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты немесе жергiлiктi 

өкiлеттi орган комиссиясының азат төрағасы болып сайланған жағдайда;

     Е) қызметтiк сәйкессiздiгi бойынша;

     Ж) әскери қызметшiнiң абырой-атағына кiр келтiретiн терiс қылығы үшiн;

     З) қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты.

     5. Осы келiсiм-шарт екi данада жасалды.

     6. Қосымша шарттар: __________________________________________________

___________________________________________________________________________

     7. Осы келiсiм-шарттың шарттары тараптардың келiсiмi бойынша жазбаша 

түрде өзгертiлуi мүмкiн.

     

     Әскери қызметшi                          Қазақстан Республикасы

    (әскери мiндеттi)                         Қорғаныс министрлiгiнiң

                                                       өкілі

___________________________________________________________________________

(әскери атағы, жеке қолы және фамил)      (өкiлдiң әск. бөлiмiнiң атауы,   

                                                      қолы, фам)

     

         М.О.                                           М.О. 

     20__ жылғы "___"__________

     

     Ескерту: мұндай нысандағы келiсiм-шарт атқаратын лауазымында қызмет 

өткерiп жүрген прапорщиктермен (мичмандармен) және әскери қызметке 

келiсiм-шарт бойынша орналасатын прапорщиктермен (мичмандармен) жасалады.

     

                                                     Нұсқаудың 16-тармағына

                                                           2-қосымша

     

           11111 әскери бөлім тұрақты жұмыс істейтін аттестациялық 

      комиссиясының прапорщик (мичман) ретінде әскери қызметке қабылдау    

                   жөніндегі мәжілісінің N ___ Хаттамасы

---------------------------------------------------------------------------

Р! Әскери !Тегі, аты!Туған!Ұлты!Білімі!Отба.!Кандида.!Аттеста.!Бөлім (құры.

N!  атағы !әкесінің ! жылы!    !      !сылық!ттың іс.!циялық  !лым) коман.

 !        !   аты   !     !    !      !жағ. !керлік  !Комис.  !шешімі

 !        !         !     !    !      !дайы !және мо.!сияның  !

 !        !         !     !    !      !     !ральдық-!ұсынысы !

 !        !         !     !    !      !     !адамгер.!        !

 !        !         !     !    !      !     !шілік   !        !

 !        !         !     !    !      !     !қасиет. !        !

 !        !         !     !    !      !     !тері    !        !

---------------------------------------------------------------------------

1!   2    !    3    !  4  !  5 !  6   !  7  !   8    !    9   !     10    

---------------------------------------------------------------------------

1  Сержант  Әбілов        қазақ 11 кл. Бойдақ  Жақсы  Байланыс  ШБ прапор.

            Жолдас                            мінез. жөніндегі  щиқ әскери

           Қайырұлы                           деледі   кезекші  атағын бе.

                                                     қызметіне  руге мате.

                                                     ұсынылды   риал ресім.

                                                                десін      

                                                               (қолы, күні)

2 Запастағы Блинов        орыс  10 кл. Үйлен. Мынадай Прапор.   Келісемін 

   сержант  Сергей                     ген    кемші.  щик ре.   (қолы,    

           Петрович                    бір    лікте.  тінде      күні)     

                                       бала.  рімен   қызметке             

                                       сы бар мінез.  қабылдау  

                                              деледі: -дан тоқ.            

                                              кәсіби  тала тұр.            

                                              даярлы. ған жөн.

                                              ғы на.  Қажетті

                                              шар     арнаулы

                                                      дайындығы

                                                      жоқ

3 Запастағы Дәуітов      қазақ  10 кл. Үйлен.  Жақсы             ШБ бұйрық.

  прапорщик Раушан.            прапор. ген,    мінез.            қа (қолы,

            бек Шам.           щиктер  үш ба.  деледі            күні)

            ғонұлы             мектебі ласы

                                       бар

---------------------------------------------------------------------------

Аттестациялық комиссиясының төрағасы _____________________________________

                                           (әскери атағы, тегі, қолы)   

Аттестациялық комиссиясының мүшелері _____________________________________

                                           (әскери атағы, тегі, қолы)   

                                     _____________________________________

                                           (әскери атағы, тегі, қолы)

Аттестациялық комиссиясының хатшысы  _____________________________________

                                           (әскери атағы, тегі, қолы)   

   

     

                                                    Нұсқаудың 17-тармағына

                                                           3-қосымша

     

                       11111 әскери бөлiм командирiнiң

                                   БҰЙРЫҒЫ

                                    N ___

     

2000 жылғы "___"_____________                                     Атырау қ.

     

                            (әскери бөлiм бойынша)

                                    1

 
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери қызметтi және запастағы қызметтi өткеруi туралы Ережеге сәйкес төменде аталған прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызмет өткеру туралы келiсiм-шарт жасасқан мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер прапорщиктiкке кандидат ретiнде тiркелсiн: 
      1. Сержант Жолдас Қайырұлы Әбiловты. 
         1979 жылы туған, қазақ, бiлiмi - 11 класс, ҚК қатарында 1997 
         жылдың қарашасынан берi. 
         1999 жылдың 28 қарашасында 00 прапорщиктер мектебiне жiберуге 
         жатады. 
         Байланыс бойынша кезекшi қызметiне тағайындалады, ӘСМ - 
      2. ... 

                                    2

 
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi прапорщиктерiнiң 

 

(мичмандарының) әскери қызметтi және запастағы қызметтi өткеруi туралы 

Ережеге сәйкес төменде аталған прапорщик (мичман) ретiнде әскери қызмет 

өткеру туралы келiсiм-шарт жасасқан әскери мiндеттiлер ерiктi түрде әскери 

қызметке қабылдансын және прапорщиктiкке кандидат етiп тiркелсiн:

     1. Запастағы сержант Жомарт Серғазыұлы Төлебаевты.

        1975 жылы туған, қазақ, бiлiмi - 11 класс, ҚК қатарында 1993

        жылдың мамырынан 1995 жылдың мамырына дейiн болған.

        1999 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласындағы прапорщиктер         

        мектебiне, 00000 әскери бөлiмге, жiберуге жатады.

        Полктiң танк ротасының технигi қызметiне тағайындалады, ӘСМ -

        Алматы қаласының Бостандық АӘК есебiнде тұрады.

     2. ...

     

              11111 ӘСКЕРИ БӨЛIМНIҢ КОМАНДИРI

              подполковник

     

              11111 ӘСКЕРИ БӨЛIМНIҢ ШТАБ БАСТЫҒЫ

              подполковник

 

                                                    Нұсқаудың 39-тармағына

                                                          4-қосымша

     

                        Аттестациялық комиссия мәжiлiсiнiң

                                  N ____ ХАТТАМАСЫ

 

___________________________________________________________________________

(әскери бөлiм, басқарма, мекеме, кәсiпорын, құрама немесе Қарулы Күштер 

түрi атаулары)

     Комиссияның төрағасы _________________________________________________

                                   (лауазымы, әскери атағы,

___________________________________________________________________________

                                   тегi, әкесiнiң аты, аты)

     Комиссия мүшелерi ____________________________________________________

                                   (лауазымы, әскери атағы,

___________________________________________________________________________

                                   тегi, әкесiнiң аты, аты)

Комиссия хатшысы __________________________________________________________

                                   (лауазымы, әскери атағы,

___________________________________________________________________________

                                      тегi, әкесiнiң аты)

---------------------------------------------------------------------------

 Р !  Кiмнiң аттестациялануы қаралды    ! Аттестациялау бойынша комиссия

 N !(аттестацияланушының әскери атағы,  !    қандай қорытынды жасады

   ! фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және  !

   ! лауазымы көрсетiледi)              !

---------------------------------------------------------------------------

                           Толтыру үлгiсi

---------------------------------------------------------------------------

1   Прапорщик Раев Нұрболат Нұрпапаұлы  !     Танк ротасының старшинасы

    - 1 танк батальоны 2 танк ротасының ! қызметі сәйкес. Келісім-шарт

    старшинасы                          ! бойынша қызмет мерзiмiнiң

                                        ! аяқталуына байланысты бес жылға  

                                        ! жаңа келiсiм-шарт жасасқан дұрыс.

---------------------------------------------------------------------------

2   Прапорщик Соколов Сергей            !     Атқаратын қызметiне сәйкес

    Александрович - 1 танк батальонының ! емес. Қызметтiк сәйкессіздігі

    технигi                             ! бойынша запасқа босатқан дұрыс.

---------------------------------------------------------------------------

     Ескерту: Хаттаманың соңында аттестацияланушы прапорщиктердiң 

(мичмандардың), сонымен бiрге аттестациялық комиссияның мәжiлiсiне 

шақырылған лауазымды тұлғалардың атақтары мен фамилиялары көрсетiледi.

     

                                Комиссияның төрағасы

                         подполковник              С. Иванов

                                 Комиссия мүшелерi:

                         подполковник              Б. Иханбаев

                         майор                     А. Есмағамбетов

                         майор                     И. Баринов

                                  Комиссия хатшысы

                         капитан                   А. Борисов   

20__ жылғы "___"______________

 

     

                                            Нұсқаудың 76-тармағына

                                                   5-қосымша

                                                      Құпия

                                              (толтырылғаннан кейін)

                                           _______ дивизияның командирі

                                       ____________ қаласы ________ ә/бөлім

     Төменде аталған әскери қызметшілерді прапорщик (мичман) әскери 

атақтарын беруге ұсынамын:

---------------------------------------------------------------------------

Рет!Әскери атағы, тегі, аты,! Прапорщиктің қандай !   Ұсынымның қысқаша 

 N !әкесінің аты, атқаратын !қызметіне тағайында. !         мазмұны

   !қызметі, туған жылы,    !лады, әскери-есептік !

   !ұлты, білімі, әскери-   !мамандығы, прапорщик.!

   !есептік мамандығы       !тің қандай мамандығын!

   !                        !атқарады, прапорщик  !

   !                        !қызметін атқару мер. !

   !                        !зімі                 !  

---------------------------------------------------------------------------

 1 !           2            !          3          !             4     

---------------------------------------------------------------------------

                                  Прапорщик     

1   Сержант Смирнов Николай  2 батальон 1 танк ро.  Өзін тәртіпті, сауатты

    Семенович - 2 батальон   тасының старшинасы     әскери қызметші ретінде

    1 ротасының танк коман.  қызметіне, ӘЕМ N ___,  танытты. Рота старшина.

    дирі, 1970 жылы туған,   өтініш етемін.         сы қызметіне тағайында.

    орыс, автомобиль-жол                            уға және "прапорщик"

    техникумы, ӘЕМ N ___                            әскери атағын беруге

                                                    лайықты.

2   Сержант Ахметов Ідріс    3 батальон 2 танк ро.  Өзін тәртіпті         

    Абдоллаәлімұлы - 2       тасының старшинасы     әскери қызметші ретінде

    танк ротасының старши.   қызметіне, ӘЕМ N ___,  танытты. Рота старшина.

    насы, 1965 жылы туған,                          сы қызметін жақсы атқа.

    қазақ, ауыл шаруашылығы                         рады. "Прапорщик"

    техникумы, ӘЕМ N ___                            әскери атағын беруге

                                                    лайықты.

                                Аға прапорщик

1   Прапорщик Коршунов Петр  Взвод командирі,       Өзін жоғары іскерлік, 

    Николаевич - взвод ко.   ӘЕМ N ___, 1 жыл       моральдық-адамгершілік 

    мандирі, 1960 жылы                              қасиеттеріне ие тәртіп.

    туған, орыс, педагоги.                          ті, атқарушы әскери    

    калық институт, ӘЕМ                             жауынгер ретінде таныт.

    N ___                                           ты. Командирлік дағды.

                                                    лары жақсы дамыған.

                                                    "Аға прапорщик" әскери 

                                                    атағын беруге лайықты.

---------------------------------------------------------------------------

                 5 мап командирі _________________________

                                   (әскери атағы, қолы)     

     

                                                   Нұсқаудың 57-тармағына

                                                          6-қосымша

     

           Әскери қызметтен запасқа (отставкаға) босатуға ұсынылатын

___________________________________________________________________________

        (босатылатын адамның әскери атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

     

                             N 1 ӘҢГIМЕЛЕСУ ПАРАҒЫ

---------------------------------------------------------------------------

Рет!     Әңгiмелесу сауалдарының мазмұны       !    Босатуға ұсынылатын

 N !                                           !     адамның жауаптары

---------------------------------------------------------------------------

 1  __________________ байланысты Қазақстан

    Республикасының Қарулы Күштерi

    прапорщиктерiнiң (мичмандарының) әскери

    қызметтi және запастағы қызметтi өткеруi

    туралы Ереженiң "___" тармағының "___"

    тармақшасы бойынша Сiз 20___ жылғы

    "___"_________ дейiнгi мерзiмде запасқа

    (отставкаға) босатылуға ұсынылатын боласыз.

 2  Аталмыш негiз бойынша қызметтен

    босатылуыңызға байланысты Қазақстан

    Республикасының заңдарына сәйкес Сiзге

    еңбекке орналастыру және материалдық-

    тұрмыстық қамтамасыз ету жөнiнде мынадай

    жеңiлдiктер мен артықшылықтар берiледi:

    -

    - 

 3  Сiз көп жылғы еңбегiңiздiң есептелуiмен

    таныстыңыз ба және келiсесiз бе?

 4  Сiз тұрғын үймен қамтамасыз етілдiңiз бе

    және қай жерден?

 5  Қызметтен босатылған соң әскери есепке

    қою үшiн Сiздi қандай АӘК жолдау қажет?

 6  Сiздiң қолбасшылыққа қандай сұрақтарыңыз

    бен өтiнiштерініз бар?

---------------------------------------------------------------------------

     

     Әңгiмелесу 20__ жылғы "___"__________ өткiзiлдi.

     Әңгiмелесудi жүргiзушiнiң қолы __________________________

                                     (әскери атағы, фамилиясы)

     Қызметтен босанушының қолы ______________________________

                                  (әскери атағы, фамилиясы)

 

                                                    Нұсқаудың 57 тармағына

                                                          6а-қосымша

     

           Әскери қызметтен запасқа (отставкаға) босатуға ұсынылатын

           

___________________________________________________________________________

        (босатылатын адамның әскери атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

     

                             N 2 ӘҢГIМЕЛЕСУ ПАРАҒЫ

---------------------------------------------------------------------------

Рет!     Әңгiмелесу сауалдарының мазмұны        !    Босатуға ұсынылатын

 N !                                            !     адамның жауаптары

--------------------------------------------------------------------------

 1  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi

    прапорщиктерiнің (мичмандарының) әскери

    қызметтi және запастағы қызметтi өтеуi 

    туралы Ереженiң "__" тармағының "___" 

    тармақшасы бойынша Сiздi әскери қызметтен 

    запасқа босату ұсынысы бүгiн бөлiм 

    командирiмен қол қойылып және жүзеге 

    асырылу үшiн жіберiледi

 2  Бiрiншi әңгіме барысында Сiз қойған сауалдар

    мен айтылған өтiнiштерiңіз бойынша мен

    төмендегiдей жауап беремiн:

    -

    -  

 3  Сiз алған жауаптарыңызға және түсініктерге

    қанағаттандыңыз ба?

 4  Сiздiң қолбасшылыққа тағы өтiнiштерiңiз және

    сауалдарыңыз бола ма?

---------------------------------------------------------------------------

     

     2000 ж. "___"__________ әңгiме өткiзiлдi

     Әңгiме өткiзушiнiң қолы ________________________________________

                                     (Әскери атағы, фамилиясы)

     Босатылатынның қолы ____________________________________________

                                     (әскери атағы, фамилиясы)

 

 

 

 

Оқығандар:

     

     

     Бағарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.     

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады