Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 20 шілде N 309 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 2 тамызда N 1207 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн жетiлдiру және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдаланумен байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Сембиев Н.Қ.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 24 сәуірдегі N 130 қаулысымен бекітілген Шетел валютасын пайдаланумен байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банкі
      Төрағасы

      Келiсiлген:                          Қазақстан Республикасы
      Қазақстан Республикасының            Ұлттық Банкі Басқармасының
      Экономика министрлігі                2000 жылғы 20 шілдедегі
      24 шілде 2000 ж.                     N 309 қаулысымен
      1-ші вице-Министр                    бекітілген

Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Валюта құндылықтарын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесi".
      Қазақша мәтiн бойынша "Осы Ереже" деген сөздер өзгермейдi.
      2. Мәтiндегi "нотариалды куәландырылған" деген сөздер қазақ тiлiнде мәтiн бойынша өзгермейдi.
      3. 1.4-тармақтағы:
      екiншi азатжол мынадай сөздермен толықтырылсын "(заңды тұлға - шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ұсынған өтiнiште заңды тұлғаның шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатындығын растайтын жазба жасалуы тиiс)";
      мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "салық органының соңғы есептiк күнгi белгiсi қойылған заңды тұлғаның жылдық балансы (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн)";
      4. 1.5. тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ұсынған шетел валютасына бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге арналған лицензияларды беру туралы өтiнiш осы Ережеге сәйкес барлық қажеттi құжаттарды берген күннен бастап он күн мерзiмде қаралуы тиiс".
      5. 1.14. тармақтың екiншi азатжолы алынып тасталсын.
      6. 2.2.-тармақта:
      екiншi азатжол мынадай сөздермен толықтырылсын "(заңды тұлға - шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ұсынған өтiнiште заңды тұлғаның шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатындығын растайтын жазба жасалуы тиiс)";
      алтыншы азатжолдағы "Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "салық қызметi органының өтiнiш беруге дейiнгi 10 күнтiзбелiк күн бұрын берген салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер бойынша берешегi жоқ екендiгi туралы берген құжаты (заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы жеке тұлғалар үшiн). Құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өтiнiш берушiден салық қызметi органының өтiнiш беруге дейiнгi 10 күнтiзбелiк күн бұрын берген салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер бойынша берешегi жоқ екендiгi туралы кейiнгi мерзiмде берген құжатын сұратуға құқылы";
      сегiзiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "салық органының соңғы есептiк күнгi белгiсi қойылған заңды тұлғаның жылдық балансы (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн)";
      тоғызыншы азатжол алынып тасталсын;
      7. 2.3-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ұсынған капитал қозғалысына байланысты операцияларды жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге арналған лицензияларды беру туралы өтiнiш осы Ережеге сәйкес барлық қажеттi құжаттарды берген күннен бастап он күндiк мерзiмде қаралуға тиiс".
      8. 3.4. тармақтың:
      а) тармақшасының:
      бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi:";
      екiншi азатжол "(шағын кәсiпкерлiк субъектiсi заңды тұлға берген өтiнiште осы заңды тұлғаның шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатынын растайтын жазба болуы тиiс)" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi азатжолындағы "көшiрмесiн" деген сөз "нотариалды куәландырылған көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi азатжолы жаңа редакцияда жазылсын: "лицензия беру туралы өтiнiш бергенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақыт бұрын берiлген бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi жөнiндегi салық органының құжаты. Құжаттардың толық пакетi берiлмеген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өтiнiш берушiден салық қызметi органынан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кешiктiрiлген мерзiмге берешегiнiң жоқ екендiгi туралы құжат сұратуға құқылы.";
      алтыншы және жетiншi азатжолдары алынып тасталсын;
      сегізiншi азатжолдағы "сондай-ақ" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын, "клиенттiң шоттары бойынша көшiрмелердi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органында заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      салық органының соңғы есеп беретiн күнгi белгiсi қойылған заңды тұлғаның жылдық балансы (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн)";
      б) тармақшасының:
      бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылған заңды тұлғалардың -резиденттердiң өкiлдiктерi";
      екiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңды тұлға өкiлдiгiнiң және валюта есепшоты ашылуы көзделген шетелдiк банктiң тұрған жерi және деректемелерi көрсетiлген өтiнiште (шағын кәсiпкерлiк субъектiсi заңды тұлға берген өтiнiште осы заңды тұлғаның шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатынын растайтын жазба болуы тиiс), сондай-ақ өкiлдiк ашу туралы бұйрықтың және ол туралы ереженiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi";
      үшiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы өкiлдiктi құрған заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi";
      төртiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "лицензия беру туралы өтiнiш бергенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақыт бұрын берiлген бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi жөнiндегi салық органының құжаты. Құжаттардың толық пакетi берiлмеген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өтiнiш берушiден салық қызметi органынан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кешiктiрiлген мерзiмге берешегiнiң жоқ екендiгi туралы құжат сұратуға құқылы";
      бесiншi және алтыншы азатжолдар алынып тасталсын;
      жетiншi азатжолдағы "сондай-ақ" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын, "клиенттiң шоттары бойынша көшiрмелердi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:
      "заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органында мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      салық органының соңғы есеп беру күнi белгi қойған заңды тұлғаның жылдық балансын (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн).";
      в) тармақшасының:
      бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi:";
      үшiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн";
      9. 3.5-тармағы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ұсынған резиденттердiң шетел банктерiнде есепшот ашуына лицензия беру туралы өтiнiшiн осы Ережеге сәйкес барлық тиiстi құжаттарды берген күннен бастап он күн iшiнде қарауға тиiс.";
      10. 3.6-тармақты екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      11. 3.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шет елде ашылған валюта есепшоттарының режимi:
      1) осы есепшоттарға лицензия шарттарында аталған валюта қаражаты ғана, ал қалғандары - Қазақстан Республикасының банктерiндегi есепшоттарға түсуi тиiс;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясында белгiленген лимит сомасынан асатын қаражат қалдығы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банкiне аударылуға тиiс;
      3) есепшот ашылған шетелдiк банк ай сайын, есеп берiлген айдан кейiнгi айдың 10-на дейiн есепшоттан алынған көшiрмелердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жiбередi;
      4) есепшот иелерi тоқсан сайын, есеп берiлген айдан кейінгi айдың 20-на дейiн осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес есепшоттағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп берiп отырады.".
      12. 3.13-тармақтың екiншi азатжолы алынып тасталсын.

      Төраға

      Оқығандар:
           Багарова Ж.А.
           Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады