Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 10 наурыздағы N 145 бұйрығымен.
---------------Бұйрықтан үзінді----------------
Нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тізім бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. ...
Министр
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2005 жылғы 10 наурыздағы
N 145 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. "Бастауыш кәсіптік білім ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі қызметін атқарушының 2000 жылғы 16 мамырдағы№N 463 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1215 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2000 ж., N 10, 269-құжат, 270-құжат).
2. ...
3. ...
4. ...
5. ...
6. ...
___________________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi N 1013 "Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Заңын жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы"
P991013_
қаулысын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса тiркелген (N 1, 2 қосымшалар) бастауыш кәсiптiк бiлiм
ұйымдарының қызметін тәртіпке келтiретiн нормативтiк-құқықтық актiлер
бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы кәсiптiк мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру
тәртiбi туралы Ереже;
2) Қазақстан Республикасы кәсiптiк лицейлерiнiң қызметiн ұйымдастыру
тәртiбi туралы Ереже.
2. Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм департаментi (Қ. Лекер) осы
бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3. Облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм басқармалары
(департаменттерi) меншiк және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, осы
бұйрықты барлық бастауыш кәсiптiк ұйымдарының басшыларына жеткiзсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.С. Ахметовке
жүктелсін.
Министрдің міндетін
атқарушы
Білім және ғылым министрлігінің
2000 жылғы 15 мамырдағы N 463
бұйрығына қосымша N 1
Қазақстан Республикасы кәсiптiк мектептерiнiң қызметiн
ұйымдастыру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының кәсiптiк мектептерi үшiн, меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан типтiк болып табылады.
2. Кәсiптiк мектеп - жалпы орта, бастауыш кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және еңбек қызметiнiң түрлi бағыттары бойынша бiлiктi еңбек қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз ететiн орта оқу орны.
3. Кәсiптiк мектеп Қазақстан Республикасындағы барлық азаматтарға өзiнiң қабілетi, бейiмдiлiгi, денсаулығының жағдайына қарай кәсiптер, мамандықтар, бiлiктiлiктер алуда тең мүмкiндiк бередi.
4. Кәсiптiк мектептегi оқу мерзiмi 2-3 жыл.
5. Қазақстан Республикасының кәсiптiк мектептерi алдында тұрған мiндеттерi:
1) бастауыш кәсiптiк және жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдай туғызу;
2) жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, салауатты өмiр салты мен берiк адамгершiлiк негiздерiн қалыптастыру, дара ерекшелiктерiн дамытуға жағдайлар жасау арқылы интеллектiсiн байыту;
3) оқушыларды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отанына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi қастерлеуге, халық дәстүрлерiн сыйлауға, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне сапалы көзқарасын қалыптастыру;
5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру;
6) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;
7) еңбек нарығында бәсекелесуге қабiлеттi бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
8) жұмыссыздар мен жұмыстан босаған қызметкерлердi қайта оқыту және қайта даярлау;
9) жартылай қызмет көрсетушi бiлiм беру ұйымы ретiнде оқу орнын тиiмдi дамыту.
6. Кәсiптiк мектептер:
1) мемлекеттiк (бiлiм беру мекемелерi мен бiлiм кәсiпорындары);
2) мемлекеттiк емес (жеке меншiк, Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң бiлiм беру ұйымдары);
3) халықаралық болуы мүмкiн.
7. Кәсiптiк мектептi құру, қайта құру және тарату жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзіледi.
8. Кәсiптiк мектеп бiлiм беру құқығын ендiру лицензиясын республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, облыстық бiлiм басқармалары (департаменттерi) бередi.
9. Кәсiптiк мектеп өзiнiң қызметiн Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi және Yкiметi актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргiзедi.
10. Кәсiптiк мектеп меншiктi мүлкi, аты мен мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, мемлекеттiк тiлде өзiнiң аты жазылған мөртаңбасы (белгiсi), сондай-ақ, банктерде есеп-шоты бар заңды тұлға болып табылады.
11. Кәсiптiк мектеп Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" Заңы мен осы Ереже негiзiнде құрылтайшысы бекiткен өз жарғысын жасайды.
12. Оқушыларды қабылдау тәртiбiн, бiлiм саласындағы орталық атқарушы органдар бекiткен, аталған оқу орнына оқушыларды қабылдау туралы үлгi Ережеге сәйкес, кәсiптiк мектептер белгiлейдi.
13. Мемлекеттiк кәсiптiк мектептер оқушылары, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша, жатақханамен және жолаушы көлiктерiндегi жеңiлдiктермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
14. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту мемлекеттiк тұрғыда толық қамтамасыз етіледі.
15. Оқу орнының жарғысында немесе шартта (контрактiде) қарастырылған iшкi тәртiп ережелерiн бұзғаны үшiн оқушыларға жазалау шаралары қолданылады.
16. Толық оқу курсын ойдағыдай аяқтаған, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк циклдағы пәндерден, өндiрiстiк оқудан оң қорытынды бағалары бар кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн оқу орнының оқушылары бiтiру емтихандарын тапсыруға жiберiледi.
Емтихандарды тапсырудан босатуға құқық берiлетiн ауру түрлерiне сәйкес, сырқаты туралы медициналық комиссияның қорытындысы негiзiнде ғана теориялық пәндерден емтихан тапсырудан босатылады.
17. Кәсiптiк мектептер оқушыларды аралық аттестациядан өткiзудiң формасын, тәртiбiн және кезеңдерiн таңдауға ерiктi.
Оқушылардың кәсiптiк мектептегi кәсiптiк бастауыш және жалпы орта бiлiм бағдарламаларын меңгеруi, қорытынды мемлекеттiк аттестациядан өту арқылы аяқталады.
Бiтiру емтихандары бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдар бекiткен тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
18. Кәсiптiк мектептi бiтiрушiлерге меншiк формасы мен ведомостволық бағыныштылығына қарамастан, қорытынды мемлекеттiк аттестациядан өткеннен кейiн, бiлiм мен мамандық деңгейi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар берiледi.
19. Оқу жоспарындағы пәндердiң 75 пайызынан астамынан 5 (өте жақсы) деген бағасы бар, ал қалғандарынан 4 (жақсы) деген баға алған, қорытынды мемлекеттiк аттестациядан 5 (өте жақсы) деген баға алып өткен кәсiптiк мектеп бiтiрушiлерiне үздiк диплом берiледi.
20. Кәсiптiк мектептi бiтiрушiлер ұқсас мамандықтарына сәйкес қысқартылған, жеделдетiлген бiлiм беру бағдарламалары бойынша кәсiптiк орта бiлiм ала алады.
21. Егер кәсiптiк мектептi (лицейдi) бiтiрген күнi мен жұмысқа орналасқан күнi арасында мерзiм бiр айдан аспаса, онда кәсiптiк мектепте оқыған уақыты жалпы еңбек стажына, сондай-ақ, үзiлiссiз еңбек стажына есептеледi.
22. Әр түрлi себептерге байланысты, оқудың толық курсын аяқтамаған және белгiлi деңгейде бiлiктiлiгi бар оқушыларға белгiленген үлгiдегi анықтама берiлуi.
23. Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк оқу орнын бiтiргендiгi туралы құжаттың республикадан тыс жерлерде мойындалуы, халықаралық шарттар (келiсiмдер) негiзiнде жүзеге асырылады.
24. Кәсiптiк мектептегi оқу-тәрбие қызметi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм стандарттары негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестесiн жасау мен бекiту кәсiптiк мектеп құзыретiне кiредi.
26. Кәсiптiк мектепте бiлiктi жұмысшыларды даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру мәселелерi оқу орнының жұмыс берушiлермен, жұмыспен қамту қызметi мен жеке азаматтармен бiрге анықтаған кәсiптер (мамандықтар) және кәсiптер тобы бойынша жүзеге асырылады.
27. Кәсiптiк мектептерде оқу төмендегідей нысандарда жүзеге асырылады: күндiзгi, сырттай, кешкi оқу, дистанциялық оқыту және экстернат.
Кәсiптiк бiлiм алудың әркелкi түрлерiн ұштастыруға жол берiледi.
28. Мемлекеттiк кәсiптiк мектептерде оқу қазақ тiлiнде, ана тiлiнде және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi, мұның өзi қажеттi сәйкес оқу бөлiмдерiн құруды, сонымен бiрге олардың қызмет етуiне жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк емес кәсiптiк мектептерде оқу тiлi (тiлдер) олардың құрылтайшылары арқылы анықталады.
Меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, кәсiптiк мектептер мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн оқыту мен дамытуды, сондай-ақ, орыс тiлiн және бiр шетел тiлiн оқып-үйренудi қамтамасыз етуге тиiс.
Ұлттық топтар үшiн олардың ана тiлдерiн оқып-үйренуiне жағдай жасалады, ал олар жинақы тұратын жерлерде өз тiлдерiнде оқытатын кәсiптiк мектептер немесе құрылымдар (бөлiмдер, топтар) құрыла алады.
29. Кәсiптiк мектептегi оқу сабақтары 1 қыркүйекте басталып, 1 шiлдеге дейiнгi аралықта аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы 52 оқу аптасы. Оқу жылы бойындағы демалыстардың ұзақтығы 11 аптадан аспауы керек.
Оқушылардың апталық оқу жүктемесi 36 сағаттан аспауы керек.
Оқушылардың жекелеген санаттары үшiн сабақтың басталуы оқу топтарының жасақталу шамасына қарай жұмыс берушiлермен келiсiм-шарт негiзiнде белгiленедi.
30. Оқу топтары мамандықтар бойынша 25 адамнан аспайтын көлемде жасақталады, бюджеттен тыс қаржыларды пайдалану кезiнде жергiлiктi басқару органдарымен келiсiм негiзiнде шағын оқу топтары құрылады.
31. Жекелеген пәндердi, оның iшiнде дене тәрбиесi мен тiлдердi оқытудағы теориялық және лабораториялық-практикалық сабақтар кезiнде топ екiге бөлiнедi.
Топтарға бөлiнiп оқытылатын пәндердiң тiзiмi оқу жоспары бойынша анықталады. Теориялық оқу сабағының ұзақтығы 45 минут, қажет болған кезде кәсiптiк циклдағы пәндер бойынша ортасында 5 минуттық үзiлiс бар жұп сабақтары өткiзiледi, ал 2 сабақтан кейiнгi үзiлiс 10 минутқа созылады.
Өндiрiстiк оқу сабақтарында топ екi кiшi топтарға бөлiнедi, ал кiшi топтардағы оқушылар саны мамандықтар, күрделi жабдықтармен жұмыс iстеу, қауiптi жұмыстарды орындау сияқты жағдайларға байланысты анықталады.
Өндiрiстiк оқу сабақтарының ұзақтығы 10 минуттық үзiлiсiмен 90 минут болады. Теориялық, практикалық сабақтардың кезектестiрiлуi оқу жоспарына қарай анықталады.
32. Оқушылардың өндiрiстiк оқуы оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертхана, полигондарда, оқу орнының тәжiрибе шаруашылықтарында, құрылыс объектiлерiнде, егiс даласында, тапсырыс берушiлердiң кәсiпорындарында, фермаларында жүргiзiледi.
Оқу бағдарламаларына сәйкес өндiрiстiк оқу процесiнде және сабақтан тыс уақытта келешекте сату мақсатында өнеркәсiп пен ауылшаруашылығы өнiмдерiн шығаруды ұйымдастыру қарастырылады.
33. Оқушылардың кәсiптiк практикасы теориялық оқыту процесiнде алынған бiлiм және бiлiктiлiгiн бекiтуге, кәсiптiк тәжiрибенiң практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған.
Кәсiптiк практика, практика базасы болып табылатын ұйымдарда өткiзiледi.
Кәсiптiк практиканың түрлерi, мерзiмi мен мазмұны оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен белгiленедi. Практиканы ұйымдастырудың күнтiзбелiк кестесi ұйымдармен шарт негiзiнде келiсу арқылы бекiтiледi.
Шарттарда практика базасы болып табылатын ұйымдардың, кәсiптiк мектептердiң және оқушылардың мiндеттерi белгiленедi.
34. Кәсiптiк мектептi басқару Қазақстан Республикасының Заңына, осы Ережеге және оқу орнының жарғысына сәйкес жүргiзiледі.
Кәсiптiк мектептi басқару алқалық пен дара бастылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады. Алқалық басқару түрлерiне: кәсiптiк мектептiң кеңесi, қамқорлық жасаушы кеңес, жалпы жиналыстар және педагогикалық (әдiстемелiк) кеңес, т.б. жатады.
Кәсiптiк мектептi тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңдары бекiткен тәртiпте құрылтайшы тағайындайтын басшы жүргiзедi.
35. Кәсiптiк мектеп басшысы өзiнiң орынбасарын, бiлiм беру басқармаларының өкiлеттi органдарымен келiсе отырып тағайындайды және қызметтен босатады.
36. Кәсiптiк мектеп оқу-тәрбие процесiн, мамандарды таңдауды және орналастыруды, ғылыми, шаруашылық-қаржыландыру және тағы да басқа қызметтердi Қазақстан Республикасында белгiленген заңдар шегiнде өздiгiнен, дербес жүзеге асырады.
37. Кәсiптiк мектеп ұжымы қызметкерлерiнiң құқығы мен мiндеттерi, ұйымның жарғысы, iшкi тәртiп ережелерi және лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.
5. Мемлекеттiк кәсiптiк мектептердiң қызметiн қаржылық-
шаруашылық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету
38. Мемлекеттiк кәсiптiк мектептi қаржыландыру, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қаржыландыру нормативтерiнiң негiзiнде бiр бiлiм алушыға шаққандағы бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
39. Мемлекеттiк кәсiптiк мектеп Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуге құқылы.
Ақылы бiлiм беру қызметiн, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының шеңберiнде қаржыландыратын негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына көрсетуге болмайды.
40. Мемлекеттiк кәсiптiк мектеп өзге қаржылық және материалдық түсімдерді, оның iшiнде валюталық түсімдерді Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен ұстауға құқылы.
41. Ақылы бiлiм беру қызметiнен түсетiн қаржыны қалыптастыру, пайдалану, есепке алу, есеп беру және бақылау, қаржылық, материалдық, сондай-ақ валюталық түсiмдер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi арқылы анықталады.
42. Кәсiптiк мектеп өзiнiң жарғысында анықталған тәртiппен мүлiктердi пайдалануға және иелiк етуге құқылы.
43. Кәсiптiк мектептер басқару құрылымын, штаттық кестесiн бекiтедi, қызмет мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасы заңдарындағы белгiленген тәртiппен жалақы ставкасы мен лауазымдық айлықақылары, оған қосылатын үстеме ақы мен қосымша ақы, оларға сыйлық берудiң тәртiбi мен
мөлшерiн белгiлейдi.
44. Мемлекеттiк емес кәсiптiк мектептердi қаржыландыру бiлiм беру
қызметiн сату, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасы
Заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
45. Мемлекеттiк емес кәсiптiк мектептер бiлiм беру қызметiн
көрсеткенi үшiн, соның iшiнде мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру
стандарттары шеңберiнде оқытқаны үшiн ақы алуға құқығы бар.
6. Кәсiптiк мектептердiң халықаралық қызметi
46. Кәсiптiк мектептердiң халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан
Республикасының заңдары және халықаралық шарттар, келiсiмдер негiзiнде
жүзеге асырылады.
47. Кәсiптiк мектептер Қазақстан Республикасы заңдарымен бекiтiлген
тәртiпте шетелдiк бiлiм, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық
ұйымдармен және қорлармен ынтымақтастық туралы екi жақты және көп жақты
шарттар жасасуға, бiлiм саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдармен
(қауымдастықтармен) тiкелей байланыс жасауға құқылы.
Білім және ғылым министрлігінің
2000 жылғы 15 мамырдағы N 463
бұйрығына қосымша N 2
Қазақстан Республикасы кәсiптiк лицейлерінің қызметiн
ұйымдастыру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер.
1. Кәсiптiк лицей - жалпы орта, бастауыш кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және бiліктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны.
2. Кәсiптiк лицей Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына, кәсiптiк бастауыш бiлiм беру жүйелерiнiң ережелерiне, осы Ережеге және кәсiптiк лицейдiң жарғысына негiзделген, аттестаттаудан өткен таңдаулы кәсiптiк мектептiң негiзiнде құрылады.
3. Кәсiптiк лицей заңды ұйым, жеке мүлкi, мемлекеттiк тiлде көрсетiлген ұйымның мөрi, таңбасы, әрi заңға сәйкестендiрiлген есеп айыру шоты болады.
4. Кәсiптiк лицей жеке оқу жүйесi болып құрыла алады, сонымен қатар олар өз ерiктерiмен әртүрлi дәрежедегi оқу орындары мен оқу-өндiрiстiк құрамына ене алады.
5. Кәсiптiк лицей бiлiм беру құқына лицензия беру уақытынан бастап ие болады.
6. Кәсiптiк лицейдi құру, қайта құру және тарату жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
7. Оқушыларды қабылдау тәртiбiн, бiлiм саласындағы орталық атқарушы органдар бекiткен, аталған оқу орнына оқушыларды қабылдау туралы үлгі Ережеге сәйкес, кәсiптiк лицейлер белгiлейдi.
8. Көшiру және толық курсты бiтiру емтихандары Бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен оқушыларды келесi курсқа көшiру, аттестациялау және оқуды бiтiру туралы нұсқауларына сәйкес жүргiзiледi.
9. Кәсiптiк лицейдегi оқу-тәрбие процесi, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес iске асырылады.
10. Оқу жоспарларын, бағдарламаларын және оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестесiн әзiрлеу мен бекiту кәсiптiк лицейдiң құзырына кiредi.
11. Кәсiптiк лицейдегi оқу топтарының саны 25 оқушыдан артпауы керек. Бюджеттен тыс қаржы көздерiн тапқан кезде жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдарымен келiсе отырып, шағын оқушылар топтарын құруға болады.
Ережеге және оқу орнының жарғысына сәйкес жүргiзiледi.
Кәсiптiк лицейдi басқару алқалық пен дара басшылық принциптері
негiзiнде жүзеге асырылады.
Алқалық басқару нысандарына: кәсiптiк лицей кеңесiнiң мәжiлiсi,
қамқорлық жасаушы кеңес, жалпы жиналыстар және педагогикалық (әдiстемелiк)
кеңес, т.б. жатады.
Кәсiптiк лицейдi тiкелей басқаруды құрылтайшы тағайындаған басшы
жүргiзедi.
13. Кәсiптiк лицейдiң басшысы өзiнiң орынбасарын бiлiм беру
басқармаларының өкiлеттi органдарымен келiсе отырып тағайындайды және
қызметтен босатады.
14. Кәсiптiк лицейдiң оқу-тәрбие процесiн, мамандарды таңдауды және
орналастыруды, ғылыми, шаруашылық-қаржыландыру және тағы да басқа
қызметтердi Қазақстан Республикасында белгiленген заңдар шегiнде, дербес
жүзеге асырады.
15. Кәсiптiк лицейлер қызметкерлерiнiң құқығы мен мiндеттерi оқу
ұйымының жарғысы, iшкi тәртiп ережелерi және лауазымдық нұсқаулықтармен
анықталады.
5. Мемлекеттiк кәсiптiк лицейдiң қызметiн қаржылық-
шаруашылық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету
16. Мемлекеттiк кәсiптiк лицейдi қаржыландыру Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiткен қаржыландыру нормативтерiнiң негiзiнде
бiр бiлiм алушыға шаққандағы бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттiк кәсiптiк лицей заңды негiзде бiлiм беру және өзге де
ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.
Ақылы бiлiм беру қызметiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының
шеңберiнде қаржыландыратын негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына көрсетуге
болмайды.
18. Кәсiптiк лицей өзге қаржылық және материалдық түсiмдердi, оның
iшiнде валюталық түсiмдердi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген
тәртiппен ұстауға құқылы.
6. Кәсiптiк лицейдiң халықаралық қатынасы
19. Кәсiптiк лицейдiң халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан
Республикасының заңдары және халықаралық шарттар, келiсiмдер негiзiнде
жүзеге асырылады.
20. Кәсiптiк лицей Қазақстан Республикасы заңдарымен бекiтiлген
тәртiпте шетелдiк бiлiм, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық
ұйымдармен және қорлармен ынтымақтастық жағдайда екi жақты және көп жақты
шарттар жасасуға, бiлiм саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдармен
(қауымдастықтармен) тiкелей байланыс жасауға құқылы.
Оқығандар:
Икебаева А.Ж.
Қасымбеков Б.А.