Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің 2000 жылғы 11 шілдедегі N 65, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2000 жылғы 11 шілдедегі N 388 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1226. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер Министрінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N 08-1/77, ҚР Ішкі істер Министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 Бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында Бұйырамыз:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
     2. 1996 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бірлесіп бекіткен Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықтың  күші жойылды деп есептелсін.
     3. Осы бұйрық  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.    

     Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
     Сыртқы істер Министрі            Ішкі істер Министрі

                       "Келісілген"
                   Қазақстан Республикасы
                Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                         төрағасы

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрлігі
2000 жылғы 11 шілдедегі
N 65 бұйрығымен және 
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрлігі
2000 жылғы 11 шілдедегі
N 388 бұйрығымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының визаларын беру
тәртібі туралы
Нұсқаулығы

1. Жалпы ереже

      1. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен
келісімдерінде өзгеше тәртіп белгіленбесе шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі жарамды төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша мемлекеттік шекарадағы халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.
      2. Визалар мынандай санаттарға бөлшектенеді:
      1) дипломатиялық;
      2) қызметтік;
      3) инвесторлық;
      4) іскерлік;
      5) жеке;
      6) туристік;
      7) оқуға арналған;
      8) жұмысқа арналған;
      9) емделуге арналған;
      10) тұрақты тұруға арналған.

2. Дипломатиялық визалар

      3. Дипломатиялық визаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - ҚР СIМ), ҚР СIМ-нiң шетелдегi мекемелерi және консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда дипломатиялық төлқұжатты иемденген шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттiк берiлген өкілдерi:
      1) дипломаттарға - шетелдiк дипломатиялық өкілдiктiң, консулдық мекемелердiң қызметкерлерiне және Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдерiне;
      2) жоғарыда аталған санаттағы тұлғалардың отбасы мүшелерiне;
      3) шетелдiк дипломатиялық курьерлерге;
      4) шетел азаматтарына - Қазақстан Республикасы ресми таныған мемлекеттердiң үкiмет, парламент мүшелерiне, белгiлi қоғамдық және саяси қайраткерлерiне;
      5) шетелдiк дипломаттарға, штаттық және құрметтi консулдарға, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арқылы үшiншi мемлекетке транзитпен өтетiн дипломаттық курьерлерге, егер осы барлық тұлғалар Қазақстан Республикасы таныған мемлекеттердiң азаматтары болып табылса бередi.
      4. Қазақстан Республикасына келетiн немесе Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өтетiн шетелдiк азаматтарға олар ұлттық төлқұжаттарын көрсеткен жағдайда, дипломатиялық виза берiлуi орынды деп танылған кезде дипломатиялық визалар берiлуi мүмкін.
      5. Дипломатиялық визалар:
      1) дипломаттық төлқұжатты көрсеткен тұлғаларға олардың дипломаттық сапасы Қазақстан Республикасында танылмаған жағдайда;
      2) дипломаттық поштаны тасушы тұлғалар, егер олардың дипломатиялық төлқұжаты болмаса берiлмейдi.

3. Қызметтiк визалар

      6. Қызметтiк визаларды ҚР СIМ, ҚР СIМ-нiң шетелдегi мекемелерi мен консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттiк берiлген өкілдерi, сондай-ақ ҚР СIМ консулдық мекемелерiнiң бастапқы визалары негiзiнде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - ҚР IIМ):
      1) Қазақстан Республикасындағы шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң қызметтiк және техникалық құрамына жататын шетелдiк азаматтарға;
      2) Қазақстан Республикасындағы шетелдiк дипломатиялық өкілдiктердiң және консулдық мекемелердiң қызмет көрсетушiлерiне жататын шетелдiк азаматтарға;
      3) жоғарыда аталған санаттағы тұлғалардың отбасы мүшелерiне;
      4) дипломатиялық поштаны тасушы тұлғаларға, егер олардың дипломатиялық төлқұжаты болмаса;
      5) Қазақстан Республикасы таныған шетелдiк мемлекеттердiң министрлiктерi мен ведомстволарының, ұйымдардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, қоғамдардың, қорлардың, компаниялардың, фирмалардың және басқа да заңды тұлғалардың тапсырмалары бойынша қызметтiк немесе қоғамдық iстер бойынша Қазақстан Республикасына келетiн шетелдiк азаматтарға, олардың көрсеткен төлқұжаттарының санаттарына байланысты емес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары және мемлекеттiк заңды тұлғаларының сапардың қызметтiк сипатын растайтын шақырулары болған жағдайда бередi.

4. Инвесторлық визалар

      7. Инвесторлық визаларды ҚР СIМ, ҚР СIМ-нiң шетелдiк мекемелерi мен консулдық пункттерi, ҚР СIМ-нiң және ҚР СIМ КҚД-i басшылығының нұсқауымен өтiнiш бiлдiрген күнi шақырусыз немесе дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық өкiлдiктер басшыларының келiсiмi бойынша iрi шетелдiк компаниялар немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң өтiнiш жасауымен "ТМД елдерiне келуге тыйым салынған тұлғалар тiзiмi" бойынша алдын-ала тексерумен және виза берiлген дерек туралы келесi кезекте ҚР СIМ-н хабардар етумен мына санаттағы шетелдiк азаматтарға:
      1) Қазақстан Республикасында iскерлiк мақсатпен болатын, сондай-ақ Қазақстан экономикасын инвестициялауға нақты қатысуға жiберiлген дүниежүзiне белгiлi шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басшыларына;
      2) Қазақстан рыногында жұмыс iстейтiн немесе бизнес жобаларын дамыту жөнiнде нақты жоспары бар iрi шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басқару буындарының өкілдерiне бередi.
      8. "Инвесторлық" санаттағы визалармен шетелдiк азаматтардың төлқұжатын тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында ҚР СIМ және шет елдерде оның өкілдiктерi визаларды ресiмдеу сәтiнде алғашқы үш сан виза берген консулдық мекеменiң кодын (мысалы: тiркеу N 929/15 ҚР СIМ), ал одан кейiнгiлер тiркеудiң реттiк санын бiлдiретiн визалық жапсырманың "Қосымша мәлiметтер/аdditiоnаl information" бағанында тиiстi жазба енгiзу жолымен жүргiзiледi. Сонымен бiрге "ҚР СIМ" сөзi виза берiлген жерiне қарамастан өзгермейдi.
      Визалардың берiлуi және олардың тiркелуi туралы кешiктiрiлместен бекiтiлген тәртiпте ҚР СIМ Консулдық қызмет департаментiн хабардар етедi.
      9. Қазақстанда нақты экономикалық қызметтi жүзеге асыратын iрi шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басқару буындарының басшылары мен өкiлдерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне ҚР СIМ-мен келiсiм бойынша бiр жылға дейiнгi мерзiмге көп мәртелiк инвесторлық виза берiлуi мүмкiн.
      Заңды тұлғалардың бiрiншi жетекшiлерiне, Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында есептiк тiркеуi бар iрi шетелдiк компаниялардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшыларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне ҚР СIМ-мен келiсiм бойынша екi жылға дейiнгi мерзiмге көп мәртелiк инвесторлық виза берiледi.
      10. Транзитпен өтетiн үшiншi елдердiң азаматтарына немесе ҚР СIМ-нiң шетелдiк мекемесi болған елде өкiлдiгi бар, олардың мәртебесiн растайтын тиiстi құжаттары бар болған жағдайда тек iрi трансұлттық фирмалардың және компаниялардың жетекшiлерiне инвесторлық визалар бередi.
      11. Аталған санаттағы визаларды ресiмдеу кезiнде, консулдық тариф, құжаттарды өңдеу мерзiмдерiне қарамастан жеделдік тарифтердi қолданусыз кәдуiлгi тариф бойынша өндiрiлiп алынады.
      12. Инвесторлық виза берген үшiн оларды ресiмдеу жөнiнде түпкiлiктi шешiм қабылдайтын елшiлер, дипломатиялық миссиялардың басшылары, бас консулдар, консулдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.

5. Іскерлiк визалар

      13. Iскерлiк визаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдiк мекемелерi мен консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi, сондай-ақ ҚР СIМ-нiң консулдық мекемелерi берген бастапқы визалары негiзiнде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Астана қаласының Iшкi iстер басқармасы (бұдан әрi қарай - IIБ), Алматы қаласының Iшкi iстер Бас басқармасы (бұдан әрi қарай - IIББ) және облыстардағы IIБ:
      1) Қазақстан Республикасында тiркелген мемлекеттiк емес ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың және басқа заңды тұлғалардың өтiнiшi негiзiнде берiлген, оларда iшкi iстер органдарының рұқсаты бар жағдайда (тек iскерлiк және коммерциялық сипаттағы, iскерлiк келiссөздерге, кеңесулерге, симпозиумдарға, конференцияларға, тендерлерге, контрактiлерге қол қоюларға қатысуға, бiрлескен кәсiпорындар құруға, қазақстандық рынокты зерделеуге, аукциондарға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуға, сауда операцияларын және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға, консультативтi және аудиторлық қызмет көрсетуге) iскерлiк мақсатпен жiберiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға.
      2) Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларда көрсетiлiп, құрылған компанияларда немесе өкiлдiктерде, филиалдарда еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн iссапарға жiберiлген, Қазақстан Республикасындағы iрi шетелдiк бейрезидент компаниялардың қызметкерлерi болып табылатын шетелдiк азаматтарға берiледi.
      14. Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының БIIБ және облыстардың IIБ, ҚР СIМ-нiң консулдық мекемелерi берген бастапқы визалар болмаған жағдайда оларды ұзарту құқығынсыз 15 тәулiкке дейiнгi мерзiмге кету iскерлiк визаларын беруi мүмкiн.

6. Жеке визалар

      15. Жеке визаларды шет елдердегi ҚР СIМ-нiң консулдық мекемелерi мен дипломатиялық өкiлдiктерi бередi, ал ондайлар болмаған жағдайда - ҚР СIМ консулдық мекемелерiнiң бастапқы визалары негiзiнде Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi, сондай-ақ ҚР IIМ, Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының БIIБ және облыстардың ІІБ.
      ҚР Iшкi iстер органдары берген шақырулары бар болған жағдайда Қазақстанға туыстары мен таныстарына қонаққа демалысқа немесе басқа да жеке сипаттағы мақсаттармен келетiн шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға бередi.
      16. Жеке визалар ерекше жағдайларда шақырусыз:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұрған шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетелде тұрақты тұратын және неке туралы куәлiгi бар болған жағдайда бiр айға дейiнгi мерзiмге, бiрақ жыл iшiнде екi реттен көп емес;
      2) дәрiгер куәландырған халықаралық жедел хат /телеграмма/ болған жағдайда бiр айға дейiнгi мерзiмге Қазақстан Республикасына туыстарын немесе таныстарын жерлеуге келетiн (сондай-ақ, ауыр науқас жағдайларында) шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
      Ескертпе: Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары берген Қазақстан Республикасына уақытша келуге арналған шақырулар берiлген күннен бастап 12 ай iшiнде жарамды.

7. Туристiк визалар

      17. Туристiк визаларды Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк туристердi қабылдау және қызмет көрсету жөнiндегi туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығында лицензиясы бар, сондай-ақ iшкi iстер органдарының рұқсаты және ҚР СIМ-нiң визалық қолдауымен Қазақстан Республикасы туристiк ұйымдарының шетелдiк азаматтарды қабылдау туралы растамасы бар болған жағдайда, шет елдердегi ҚР СIМ-нiң консулдық мекемелерi мен дипломатиялық өкiлдiктерi:
      шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға 30 тәулiктен көп емес мерзiмге және тек ерекше жағдайларда (туристiң науқастануы, табиғаттық катаклизмдер, төтенше жағдайлар және т.б.) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнде, Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының БIIБ және облыстардың ІІБ-да ұзартылады.
      18. Қажет болған жағдайларда шақырған туристiк ұйым шетелдiк туристердiң Қазақстан Республикасының аумағына екi мәрте кiру қажеттiлiгiн негiздейтiн туристiк топтың (туристiң) сапар бағытын көрсеткен кезде 60 тәулiктiк мерзiмнен аспайтын екі мәртелiк туристiк виза берiлуi мүмкiн. Сонымен қатар туристiң Қазақстанда әрбiр болуы 30 тәулiктен аспауға тиiс.
      19. Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi болмаған жерлерде Қазақстанға шет елдерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша ҚР СIМ мен ҚР IIМ бiрлесiп, Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiмен айқындалған тiзiмдегi елдерден келетiн туристерге, ҚР СIМ консулдық пункттерiнде туристiк ұйымдардың өтiнiшi бойынша белгiленген тәртiпте туристiк визалар ресiмделуi мүмкiн.

8. Оқуға арналған визалар

      20. Оқуға арналған визаларды ҚР СIМ және оның шетелдiк мекемелерi, ал ондайлар болмаған жағдайда - ҚР СIМ консулдық мекемелерiнiң бастапқы визалары негiзiнде Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi, сондай-ақ ҚР IIМ, Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының БIIБ және облыстардың IIБ:
      шетелдiктердi оқытуға құқығы бар оқу орындарының өтiнiштерi негiзiнде берiлетiн iшкi iстер органдарының рұқсаты болған жағдайда Қазақстанға оқу үшiн, оқулық тәжiрибеге, сынақ мерзiмiн өткiзуге келетiн шетелдiк азаматтарға бередi.
      21. Шет елдерде Қазақстан Республикасының визаларын беруге уәкiлеттiк берiлген консулдық мекемелер болмаған жағдайларда ерекше түрде оқуға арналған визаларды ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерi бере алады.

9. Емделуге арналған визалар

      22. Емделуге арналған визаларды ҚР СIМ, ҚР СIМ-нiң мекемелерi мен консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi, сондай-ақ ҚР СIМ консулдық мекемелерiнiң бастапқы визалары негiзiнде ҚР IIМ, Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының БIIБ және облыстардың IIБ:
      Қазақстанға емделу, медициналық тексерiлу, кеңес алу үшiн және басқа да осыған ұқсас мақсаттармен тиiстi мекемелер және ұйымдардың өтiнiштерi немесе белгiленген тәртiппен ресiмделген шақыру сипатын растайтын өзге де құжаттар негiзiнде берiлетiн ҚР iшкi iстер органдарының рұқсаты болған жағдайда шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға бередi.
      23. Ерекше жағдайларда жедел медициналық араласуды қажет ететiн кездерде емделуге арналған визаларды ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерi бере алады.

10. Жұмыс iстеуге арналған визалар

      24. Жұмыс iстеуге арналған визаларды ҚР СIМ, оның шет елдердегi мекемелерi, ал ондайлар болмаған жағдайда - тек ҚР СIМ-нiң растамасы болған кезде Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi, сондай-ақ ҚР СIМ консулдық мекемелерiнiң бастапқы визалары негiзiнде ҚР IIМ, Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының БIIБ және облыстардың IIБ:
      1) белгiленген тәртiпте ресiмделген шақыру және жұмыс берушiмен жасалған контракт, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң шақырушы ұйымдарға шетелдiк жұмыс күшiн тарту құқығын беретiн рұқсаты (лицензиясы) болған жағдайда Қазақстан Республикасына жұмыс iстеуге келетiн шетелдiк азаматтарға берiледi. Рұқсатқа (лицензияға) Қазақстанда жұмыс iстеу үшiн тартылған тұлғалардың төлқұжаттық мәлiметтерiмен бiрге жауапты тұлға қол қойған және мөрiмен расталған тiзiм қоса берiлуi қажет;
      2) Халықаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес Қазақстан
Республикасына жұмыс iстеуге келетiн шетелдiк азаматтарға берiледi.
      25. Шет елдердегi виза беруге уәкiлеттiгi бар ҚР СIМ-нiң консулдық мекемелерi болмаған жағдайда жұмыс iстеуге арналған визаларды ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерi бере алады.

11. Тұрақты тұруға арналған визалар

      26. Шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға тұрақты тұруға арналған визаларды ҚР СIМ-нiң растамасы және белгiленген заңды тәртiппен ресiмделген басқа да қажеттi құжаттары болған жағдайда Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi бередi.

12. Болу мақсатындағы визалардың сәйкестiгi

      27. Келу визаларын беру негiздемесi шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу мақсаттарымен сәйкес келуi тиiс.
      Қазақстан Республикасына туыстарының және таныстарының шақырулары бойынша, яғни, жеке iстерi бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға және турист ретiнде келген шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналаспайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсаттарымен байланысты емес өзге де қызметпен айналыса алмайды.
     Шет елдiк жұмыс күшiн лицензиясыз тартуға (әкелуге) сондай-ақ 13 тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардан басқа, тиiстi рұқсатсыз Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiктерге еңбек қызметiн жүзеге асыруға тыйым салынады.    

13. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктерге визалар беру

      28. "Дипломаттық", "қызметтiк" және "инвесторлық" визаларды
қоспағанда барлық санаттағы визаларды белгiленген тәртiпте ресiмделген өтiнiш-хатпен өтiнiш бiлдiрiлген кезде ҚР IIМ, Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының БІІБ және облыстардың ІІБ:
      әр-түрлi мақсаттармен елден тысқары шығу кезiнде Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға бередi.

14. Визалардың түрлерi

      29. Визалар түрлерi бойынша:
      1) келу
      2) келу-кету
      3) кету
      4) кету-келу
      5) транзиттiк болып бөлшектенедi.
      30. Тұрақты тұруға визалар келу және кету ретiнде ресiмделедi.
      31. Оқуға және емделуге арналған визалар келу, кету-келу және кету ретiнде берiледi.
      32. Дипломаттық, қызметтiк визалар және жұмысқа арналған визалар келу, келу-кету, кету-келу және кету ретiнде берiлуi мүмкін.
      33. Инвесторлық, iскерлiк және туристiк визалар келу-кету және кету ретiнде ресiмделедi.
      34. Жеке визалар келу-кету, кету-келу және кету ретiнде ресiмделедi.
      35. Келу визалары:
      1) Қазақстан Республикасында ашылған дипломатиялық өкiлдiктерде, консулдық мекемелерде және басқа халықаралық өкiлдiктерде, бiр жылдан жоғары кезеңге жұмыс iстеу үшiн және олардың отбасы мүшелерiне;
      2) Қазақстан Республикасына жұмысқа, оқуға, емделуге жiберiлетiн шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға үш айдан жоғары кезеңге, сондай-ақ тұрақты тұруға берiледi.
      36. Келу визалары берiлген күннен бастап, 3 айдан жоғары емес, ал тұрақты тұруға келетiндерге 6 айдан көп емес қолданылу күшi бар мерзiмге берiледi.
      37. Келу-кету визалары:
      Қазақстан Республикасына қызметтiк және жеке iстерi бойынша, жұмысқа келетiн шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, iскерлiк мақсатта жiберiлетiн адамдарға, сондай-ақ туристерге және 35 тармақтың 1 тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға берiледi.
      38. Келу-кету визалары "дипломаттық", "қызметтiк" және "инвесторлық" санаттағы визаларды қоспағанда бiр жылдан жоғары емес, ал жеке iстерi бойынша келу үшiн үш айдан көп емес жарамды мерзiмге берiледi.
      39. Кету визалары:
      1) 35 тармақтың 1 тармақшасында көрсетiлген қызмет мерзiмiнiң аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасынан кету кезiнде өкілдiктердiң қызметкерлерi - шетелдiк азаматтарға және олардың отбасы мүшелерiне;
      2) Жұмыстар, оқу, емделу аяқталғаннан кейiн немесе басқа да себептер бойынша Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi кетуiне байланысты шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан басқа елдерге тұрақты тұруға кететiндерге берiледi.
      40. Кету визалары берiлген күнiнен бастап, 15 күннен аспайтын, ал тұрақты тұруға кететiндерге 6 айдан аспайтын жарамды мерзiмге берiледi.
      41. Кету-келу визалары:
      1) дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң және басқа халықаралық өкілдiктердiң қызметкерлерiне, сондай-ақ Қазақстанға жұмыс iстеуге, оқуға, емделуге және т.б. келген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасынан уақытша тысқары шығатындарға және отбасы мүшелерiне;
      2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға, оларға уақытша елден тысқары шығатын кезде берiледi.
      42. Транзиттiк визаларды:
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуi үшiн, олардың визасыз транзитке құқығы жоқ болған кезде, оларда үшiншi елге кiруге жарамды құжаттары (виза) мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан портқа немесе стансаға келген сәттен бастап 72 сағаттан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының аумағында ауысып мiну пунктiнен кететiн күнi расталған тиiстi жол жүру құжаттары (билеттерi) болған жағдайда ҚР СIМ-нiң шетелдiк мекемелерi мен консулдық пункттерi шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға бередi.
      43. Транзиттiк визалар үш тәулiк iшiнде бiр бағытта транзиттiк өту кезiнде 30 тәулiкке дейiнгi мерзiмге оның иесiне жоғарыда көрсетiлген мерзiм кезеңiнде Қазақстан Республикасында болу құқығымен берiледi.
      44. Транзиттiк визаларды ресiмдеу кезiнде (ТВ сериясындағы визалық жапсырма) "басталу мерзiмi/vаlid from" және "аяқталу мерзiмi/vаlid untіl" бағанында екi күн қойылады: бiрiншiсi, визаның жарамды мерзiмi басталатын, екiншiсi, қай уақытқа дейiн жарамдылығы.
      45. Транзиттiк визаны екi жаққа ресiмдеу қажеттiлiгi жағдайында екi (дубль) транзиттiк, олардың әрқайсысында келу-кету және шекараларды қайта кесiп өту нақты кезеңi көрсетiлген (30 тәулiкке дейiн) визалар берiледi.
      46. Мемлекеттерден Қазақстан аумағы арқылы транзитпен келетiн шетелдiк азаматтар олардың шекараларында Қазақстан Республикасының бақылау-өткiзу пункттерi болмағанда, Қазақстанда болу кезеңiнде өзiмен бiрге Қазақстан Республикасының аумағына кiрген күнiн растайтын құжаттары (жол жүру билетi) болуы тиiс, ол туралы Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi хабардар етедi.

15. Визаның еселілігi

      47. Бiр мәртелiк виза үш айлық жарамды мерзiмге дейiн ресiмделiп, Қазақстан Республикасына бiр рет келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық бередi.
      48. Бiр мәртелiк визаларды ҚР СIМ, ҚР СIМ-нiң шетелдiк мекемелерi мен консулдық пункттерi, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 73-шi тармағымен көзделген негiздеме болған жағдайда ҚР СIМ, Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының БIIБ және облыстардың IIБ шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға бередi.
      49. Қазақстан Республикасының аумағында бiр мәртелiк визалар:
      1) ҚР СIМ, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары және мемлекеттiк заңды тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ашылған дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң және өзге де шетелдiк өкiлдiктердiң өтiнiшi бойынша ҚР СIМ-де төлқұжаттары тiркелген шетелдiк азаматтарға;
      2) ҚР СIМ консулдық мекемелерiнiң бастапқы визалары негiзiнде ҚР IIМ, Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының, БІІБ және облыстардың IIБ, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерi бойынша бередi.
      50. Көп мәртелiк визалар екi жылға дейiн жарамды мерзiмге ресiмделiп Қазақстан Республикасына бiрнеше мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге құқығын бередi және екi мәртелiк, үш мәртелiк және көп мәртелiк болып бөлiнедi.
      51. Шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға көп мәртелiк визаларды ҚР СIМ және оның шетелдiк мекемелерi, сондай-ақ бастапқы визалар және жеткiлiктi негiздеме болған жағдайда (контракттiлер, келiсiмдер, шарттар, бизнес-жоспарлар, лицензиялар, жұмыс қызметiне арналған рұқсатнамалар және т.б.) ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсiм бойынша белгiленген заң тәртiбiмен ресiмделген қабылдайтын тараптың жазбаша өтiнiштерi немесе шақырулары бойынша ҚР IIМ, Астана қаласының IIБ және Алматы қаласының БIIБ бередi.
      52. Қазақстан Республикасының аумағында көп мәртелiк визалар:
      1) ҚР СIМ, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары және мемлекеттi заңды тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң және өзге де шетелдiк өкілдiктердiң өтiнiштерi бойынша ҚР СIМ-де төлқұжаттары тiркелген шетелдiк азаматтарға;
      2) ҚР СIМ консулдық мекемелерiнiң бастапқы визалары негiзiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, компаниялардың, фирмалардың, қорлардың, қоғамдардың, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша ҚР IIМ, Астана қаласының ІІБ және Алматы қаласының БIIБ бередi.
      53. "дипломаттық", "қызметтiк", "инвесторлық", "iскерлiк" және "жұмыс iстеуге арналған" санаттағы визалар бiр мәртелiк және сонымен қатар, көп мәртелiк сапарларға, "туристiк" екi мәртелiк сапардан көп емес, "жеке" тек бiр мәртелiк сапарға берiлуi мүмкiн.

16. Топтық визалар

      54. Топтық визалар Қазақстан Республикасына ұйымдасып келу, Қазақстан Республикасынан кету немесе шетел азаматтары топтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi кезiнде, ол мақсатқа сай және орынды немесе жеке визаларды ресiмдеу үшiн қиындықтар болғанда ресiмделедi.
      Мұндай визаларды беру үшiн барлық топ мүшелерiнiң Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi кезiнде бiр уақытта болуы және шекарадағы бақылау-өткiзу пунктiнен өтуi, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша топ құрамында жүрiп-тұруы мен қандай да бiр пунктте болуы мiндеттi шарттар болып табылады.
      55. Топтық визаларды ҚР СIМ-нiң шет елдердегi дипломатиялық өкілдiктерi, консулдық мекемелерi, егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзге тәртiп көзделмесе құзырлы органдармен келiсiлген, ҚР СIМ-нiң визалық қолдауы бойынша ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерi бередi.
     Топтық визаларды, сондай-ақ шетелдiк азаматтар тобын Қазақстан
Республикасынан кетiру кезiнде ҚР IIМ, Астана қаласындағы IIБ, Алматы қаласындағы БIIБ және облыстардағы IIБ-лары бередi.
     Топтық визалар атаулы тiзiмдерде алфавиттiк тәртiпте құралатын нысан бойынша ресiмделедi:
____________________________________________________________________ N     Аты,          Күнi, айы     Жынысы    Құжат      Азаматтығы
    фамилиясы       және туған               нөмiрi
                       жылы
____________________________________________________________________ 1     2                3             4        5             6     
____________________________________________________________________

      Виза бөлек қағаздың жеке парағында жабыстырылып осы Нұсқаулықтың 17 бөлiмiне (Визаларды ресiмдеу) сәйкес толтырылады. "Төлқұжат N/раssроrtN" бағанында "топтық" жазылады, "қосымша мәлiметтер/аdditiоnаl information" бағанында тiзiм бойынша келетiн (кететiн) саны көрсетiледi (мысалы: "25 адамға тiзiм қоса берiлiп отыр").
      Визасы бар парақтың төменгi бөлiгiне мына жазу қойылады: "Қоса берiлiп отырған тiзiмде көрсетiлген әрбiр тұлға (__________фамилиясымен басталатын және __________ фамилиясымен аяқталатын) БӨП-де жеке басын куәландыратын төлқұжат немесе фотокәртiшкемен басқа құжатын көрсеткен кезде ғана осы виза жарамды".
      Виза мен парақ тiзiммен бiрге жоғары сол бұрышын майыстыру жолымен тiгiледi, ол консулдық мекеменiң мөрiмен немесе Қазақстан Республикасы iшкi iстер органының визалық мөрiмен бекiтiледi.
      Визаны берген консулдық лауазымды тұлға (көшi-қон полициясының лауазымды тұлғасы) тiзiмнiң төменгi жағына (лауазымын және фамилиясын көрсетiп) қол қояды, қойылған қол Қазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң немесе iшкi iстер органының мөрiмен расталады.
      Жабыстырылған визамен тiзiм бiр данада жасалынады, түпнұсқа топ жетекшiсiнде қалады, ксерокөшiрмелерi: бiреуi Қазақстан Республикасына келу (кету) кезiнде БӨП-не тапсырылады, екiншiсi визаны берген Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде немесе iшкi iстер органында қалады.
      Тiзiмде түзетулер мен толықтырулар жасалмайды!

17. Визаларды ресiмдеу

      56. Барлық санаттағы визалар жалған көшiрмелерден қорғайтын өзiндiк ерекшелiктерi бар жапсырма түрiнде және түстерi бойынша ажыратылатын арнайы қағазда жасалынады, сондай-ақ, әртүрлi сериялары болады - ДВ (дипломатиялық), ҚВ (қызметтiк), ИНВ (инвесторлық), IСВ (iскерлiк), ЖСВ (жеке), ТСВ (туристiк), ОУВ (оқуға арналған), ЕАВ (емделуге арналған), ЖЕВ (жұмыс iстеуге арналған), ТТВ (тұрақты тұруға), ал транзиттік визада - ТВ сериясы бар.
      Визалық жапсырма бiрдей сериясы және нөмiрi бар визаның өзiнен (түпнұсқа) және көшiрмесiнен тұрады.
      57. Визаны ресімдеу кезiнде әрбiрiнде серияның алдында оны берген мекеменiң коды қойылады және консулдық лауазымды тұлғаның (көші-қон полициясының лауазымды тұлғасының) фамилиясы көрсетіліп, қолы қойылады.
      ҚР СІМ қажеттілік бойынша ереже ретiнде реттік кодын өзгертедi, бiрақ жылына бiр реттен кем емес, ол туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегi консулдық мекемелерiн, ҚР IIМ және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздік комитетін уақытында хабардар етедi.
      58. Визалардың толтырылуы қолмен (визалар берудiң автоматтандырылған тәсiлiн енгiзгенге дейiн) немесе компьютерде жасалады.
      Визаларды беру күні мен жарамды мерзімi сандармен қойылады (мысалы: 35.09.2000).
      59. Келу визасын ресiмдеу кезiнде, тиiстi санатты және сериялы визаның, IВ сериялы визаны қоспағанда, "түрі/tуре" бағанындағы "шығу/ехit - "кiру/еntrу" сөздерi сызылып тасталынады.
      60. Кету визасын ресiмдеу кезiнде, "түрі/tуре" бағанында "кiру/еntrу" сөздері сызылып тасталынады, ал "басталу мерзімі/vаlid from" және "аяқталу мерзiмi/vаlid untіl" бағандарында визаның жарамды мерзімдерi қойылады.
      61. Келу-кету визаларын ресiмдеу кезiнде тиістi санатты және сериялы визаның "түрі/tуре" бағанының оң жақ шетіндегі "кiру/еntrу" сөзi сызылып тасталынады "басталу мерзімі/vаlid from" бағанында визаның басталу күні қойылады және "аяқталу мерзiмi/vаlid untіl" бағанында визаның аяқталу мерзімі қойылады.
      62. Келу-кету визаларын беру кезiнде де екі күн қойылады: бiрiншiсi, визаның жарамдылығының басталу мерзiмі екiншiсi, оның қай уақытқа дейiн жарамдылығы. Тиiстi санатты және сериялы визаның "түрі/tуре" бағанының сол жағы шетіндегі "кiру/еntrу" сөзi сызылып тасталынады.
      63. Бiр тұлғаға ресiмделген визаның "өзімен бірге/ассомраniеt by" бағанында сызықша қойылады.
      Егер виза иесінің төлқұжатында оның отбасы мүшелерi кiргізілсе және олар онымен бiрге заңды негізде еріп жүрсе "өзімен бірге/ассомраniеt by" бағанында олардың заңы жазбаша түрде көрсетіледi, ал оның қатарына жақшаның iшiнде "төлқұжат бойынша" деп жазылады (мысалы: "(төлқұжат бойынша) бiр бала", "(төлқұжат бойынша) екi бала)" және т.б.
      Егер отбасы мүшелерi төлқұжат иесiнiң құжатына жазылмай, өздерiнiң жеке жол жүру құжаттары болса, ол кезде осы бағанда адамдардың саны көрсетiледi, ал оның қатарына жақшаның iшiне "бөлек" деп жазылады (мысалы "бiр бала (бөлек)"), ал "қосымша мәлiметтер/аdditinаl information" бағанында баланың жол жүру құжатының түрi мен нөмiрi көрсетiледi.
      Егер төлқұжат иесiмен бiрге өзiнiң жеке жол жүру құжаттары бар үш баладан артық жүретiн жағдайларда, онда бөлек визалар берiлiп, "қосымша мәлiметтер/аdditinаl information" бағанында олармен бiрге жүретiн тұлғаның төлқұжатының түрi, сериясы және нөмiрi көрсетiледi.
      64. ДВ (дипломаттық), ҚВ (қызметтiк), ИНВ (инвесторлық), IСВ (iскерлiк), ТСВ (туристiк), ОУВ (оқуға арналған), ЕАВ (емделуге арналған), ЖЕВ (жұмыс iстеуге арналған), ТТВ (тұрақты тұруға арналған) сериялы визалардың "шақырған мекеме/inviting organization" бағанында мiндеттi түрде шақырушы ұйымның аты көрсетiледi (мысалы: "ҚР Қаржы министрлiгi", "Ақ бота" ЖШС, "Астанасервис" АҚ және т.б.), ал ЖСВ сериялы "Жеке" санаттағы визада Қазақстан Республикасына уақытша келуге шақыру қағазының нөмiрi қойылады және шақыруды ресiмдеген органның аты көрсетiледi (мысалы: 21.04.2000 жылғы 0376945 Астана қаласының IIБ).
      65. Визалардың жарамды мерзiмiн ұзарту "қосымша мәлiметтер/аdditinаl information" бағанында визалардың нөмiрi, жарамдылығының өтiп кеткен мерзiмiн (мысалы: "визаларды ұзарту - 943 КМВ N 0275386") көрсетумен, сол санатты және сериялы жаңа виза беру жолымен жасалады.
      66. "Қосымша мәлiметтер/аdditinаl information" бағанына да мынадай қажеттi мәлiметтер енгiзуге болады:
      1) төлқұжат иесiнiң жүрген көлiк құралының маркiсiн, моделiн (тұрпатын) (мысалы: "автомобиль Тоуоtа lаnd Сrusеr Рrаdо, АҒ-723 R");
      2) халықаралық жеделхаттың жiберiлген күнi мен нөмiрiн, егер жеделхат негiзiнде виза берiлген жағдайда туыстарының бiреуiнiң (немесе ауыр науқастың жай-күйiн) қайтыс болғанын растайтын фактiсiн;
      3) шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың баруына жабық елдi-мекеннiң атауын, егер көрсетiлген санатты тұлғалардың оған баруына рұқсат етiлген жағдайда ҚР СIМ растамасының нөмiрi мен күнiн (мысалы: "Курчатов қаласы, N 01027/3 11.04.2000 жыл");
      4) шетелдiк мемлекеттердiң халықаралық жолаушы және жүк тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк компанияларының жүргiзушiлерiне (мамандарға, механиктерге, бухгалтер-кассирлерге) егер, виза берудiң негiздемесi тасымалдауды жүзеге асыру болып табылса (мысалы "халықаралық тасымалдар");
      5) Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету пункттерi мақсатқа сай және қажет болғанда;
      6) жұмыс күшiн тартуға құқық беретiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң рұқсат (лицензия) нөмiрiн;
      7) басқа қосымша мәлiметтер.
      Осы бағанда қосымша мәлiметтер болмаған жағдайда сызықша қойылады.
      67. Бiр мәртелiк немесе көп мәртелiк (екi мәртелiк, үш мәртелiк) визаларды беру кезiнде тиiстi сериялы (ДВ, ҚВ, ИНВ, IСВ, ТСВ) визалық жапсырма бланкiлердiң "мәртесi/еntrіеs" бағанында керек емес белгiлер сызылып тасталынады.
      68. Визалардың мәтiнiнде өзгертулерге жол берiлмейдi. Осы бапта көрсетiлген өзгертiлген мәтiндердегi (сандармен) немесе өзгеше түрде ресiмделген визалар жарамсыз болып есептеледi.

18. Визаларды алу үшiн ұсынылған құжаттарға
қойылатын талаптар

      69. Қазақстан Республикасының визалары шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға төлқұжаттарды немесе егер оларды алмастыратын құжаттарды көрсеткенде оның түпнұсқалылығына және иесiнiкi екендiгiне күмән келтiрмейтiн болса берiледi.
      Төлқұжатта немесе оны алмастыратын құжатта ескертiлмеген тазартып өшiру мен өзгертулер, фотокәртiшкесi мөрмен бекiтiлмеген және беттерi сөгiлгендiгi табылған жағдайда бұндай құжаттардың иелерiне визалар берiлмейдi.
      Құжаттардың жарамсыздығы немесе жалғандығы, оларда жасалған ескертiлмеген өзгертулердiң себебi бойынша виза беруден бас тарту жағдайы туралы мiндеттi түрде ҚР СIМ-н хабардар ету қажет.

19. Визаларды беру тәртiбi

      70. Қазақстан Республикасына келуге арналған визаларды (келу) және Қазақстан Республикасына келуге - Қазақстан Республикасынан кетуге арналған (келу-кету) визаларды шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға ҚР, ҚР СIМ-нiң мекемелерi мен консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлдiк берiлген өкілдiктерi бередi.
      71. Қазақстан Республикасынан кетуге арналған визаларды (кету) және Қазақстан Республикасынан кетуге - Қазақстан Республикасына келуге арналған визаларды шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында ҚР IIМ, Астана қаласындағы IIБ, Алматы қаласындағы БIIБ, облыстардағы IIБ-лары бередi.
      72. ҚР СIМ-де және оның өкiлдiктерiнде төлқұжаттары тiркелген шетелдiк азаматтарға кету және кету-келу визаларын беру осы ұйымдарда жасалынады.
      73. Қазақстан Республикасының визаларын беру негiздемесi және олардың жарамдылық мерзiмiн ұзарту:
      1) Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнде өзге тәртiп көзделмесе шетел мемлекеттерiнiң халықаралық ұйымдары мен өкiлдіктерiнiң, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары және мемлекеттiк заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк ұйымдардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың және басқа да мемлекеттiк заңды тұлғалардың ұлттық қауiпсiздiк органдарымен белгiленген заңды тәртiпте ресiмделген және келiсiлген жазбаша өтiнiшi (шақыруы);
      2) Қазақстан Республикасына мемлекеттiк емес ұйымдардың шақыруы бойынша жеке iстермен, турист ретiнде, iскерлiк мақсаттармен немесе тұрақты тұруға келетiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар үшiн iшкi iстер органдарының рұқсаты болып табылады.
      Ескертпе: ҚР СIМ-нiң шетелдiк мекемелерiне Қазақстан Республикасының визаларын ресiмдеу үшiн шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық, консулдық, сауда және өзге де өкiлдiктерi, сондай-ақ болатын елдерiнiң сыртқы саяси ведомстволары өтiнiш бiлдiре алады.
      74. 73 тармақтың 2 тармақшасында көрсетiлген жеке тұлғалардың және мемлекеттiк ұйымдардың шақыруы бойынша шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың келуi үшiн құжаттарды ресiмдеу тәртiбi және оларды ҚР СIМ-не визалық қолдау көрсету үшiн ұсынуды немесе оны шетелдiк өкiлдiктерде ресiмдеудi Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша ҚР IIМ айқындайды.
      75. Шетелдiк азамат Қазақстан Республикасына келу үшiн визалар беру туралы өтiнiштi алуы бойынша Қазақстан Республикасының консулдық мекемесi ҚР IIМ-БIIБ-IIБ-ның белгiленген үлгідегi шақыру түпнұсқасын немесе ҚР СIМ-нiң визалық қолдауын (өтiнiштердің негiзiнде берiлетiн Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты), ұсынылған төлқұжаттың түпнұсқалылығы мен жарамдылығын осының жарамдылық мерзiмi сұралған визаның аяқталу мерзiмiнен кейiн 6 айдан ерте емес уақытта аяқталуы тиiс, фотокәртiшкемен бiрге визалық сауалнама (сауалнамадағы аты-жөнi қосымша латын әрiптерiмен көрсетiледi) толтырудың дұрыстығын тексередi және визаны ресiмдеу жөнiнде шешiмдi қабылдау үшiн өтiнiш бiлдiрушіден оның сапары мақсатын және басқа да сұрақтарды анықтау қажет болуы мүмкiн.
      Ескертпе: ҚР СIМ-нiң визалық қолдауы болған жағдайда ҚР iшкi iстер органдарының шақыруы немесе рұқсаты болуы талап етiлмейдi.
      76. Өтiнiштi зерделеу кезінде:
      1) өтiнiш бiлдiрушiнің "ТМД аумағына кiруге жабық тұлғалардың тiзiмi" бойынша өтпейтiндiгiне көз жеткiзу;
      2) өтiнiш бiлдiрушiмен әңгiме барысында немесе басқа деректемелерден алынған мәлiметтi және төлқұжат мағлұматын визалық сауалнамадағы сұрақтарға жауаптардың мазмұнымен салыстыру;
      3) өтiнiш бiлдiрушiнiң Қазақстан Республикасында болғаннан кейiн төлқұжаттық құжаты оған тұрақты тұратын елге қайтып оралуына немесе басқа елге кетуiне құқық беретiндiгiн анықтау;
      4) Қазақстан Республикасына кiруге арналған виза беру мүмкiндiгiн ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсу (ҚР СIМ-нiң шетелдiк мекемелерi үшiн - ҚР СIМ визалық қолдауының немесе ҚР iшкi iстер органдарының рұқсаты бар болуына көз жеткiзу және олардың бiреуi болмаған жағдайда белгiленген үлгіде сұрау салу жолымен ҚР СIМ-нiң Консулдық қызмет департаментi арқылы ұлттық қауiпсiздiк органдарымен виза беру мүмкiндiгiн келiсу).
      77. Өтiнiштi зерделеу нәтижесiнде консулдық мекеме осы Нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, виза беру немесе виза беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Ескертпе: Қазақстан Республикасының шет елдегi консулдық мекемесiнiң сұрау салуына ҚР СIМ Консулдық қызмет департаментiнiң жауабы, ҚР СIМ-нiң басқа нұсқауы болмаған жағдайда бiр мәртелiк виза ҚР СIМ шетелдiк мекеменiң сұрау салуын алғаннан кейiн жетi күннен соң берiлуi мүмкiн.
      Көп мәртелiк (екi мәртелiк, үш мәртелiк) виза ҚР СIМ-нiң растамасынсыз берiлмейдi.
      78. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесi "ТМД аумағына кiруге жабық тұлғалардың тiзiмi"-не қосылған шетелдiк азаматтарға виза беруден бас тартады және бiруақытта осындай тұлғалардың виза үшiн өтiнiш білдiрген фактiсi туралы ҚР СIМ-н хабардар етедi (қажет жағдайда кiруге жабық туралы нұсқаулық хаттың күнiне және нөмiрiне сiлтеме жасай отырып).
      Өтiнiш білдiрген тұлғаларға виза беруден бас тартудың себептерi хабарланбайды.
      79. "ТМД аумағына кiруге жабық тұлғалардың тiзiмi"-не өзгерiстердi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiленген тәртiппен енгiзедi, бұл туралы уақтылы ҚР СIМ-нiң Консулдық қызмет департаментiн хат түрiнде немесе дискеттiк нұсқада хабардар етедi. ҚР-ның шетелдiк консулдық мекемелерi "тiзiмге" өзгерiстердi ҚР СIМ-нiң нұсқауы бойынша жасайды.
      80. Шетелдiк азаматқа және азаматтығы жоқ тұлғаға Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы шетелдiк азаматтардың құқықтық мәртебесi туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күшi бар Жарлығындағы  22-шi бапқа сәйкес:
      1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi немесе тұрғындардың денсаулығын қорғау мүдделерiнде;
      2) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
      3) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандырса;
      4) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
      5) егер ол террористiк қызмет үшiн айыпталса немесе сот оны аса қауiптi қылмыскер деп мойындаса;
      6) егер ол бұрын Қазақстан Республикасынан кетiрiлсе;
      7) егер ол бұның алдында Қазақстан Республикасында болған уақытында Қазақстан Республикасындағы шетелдiк азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңдарын, кедендiк, валюталық немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны туралы фактiлерi анықталса;
      8) егер ол кiру туралы өтiнiш бiлдiрген кезiнде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарласа немесе қажеттi құжаттарды бермесе;
      9) Қазақстан Республикасының белгiленген заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда ҚР-ның визасын беруден бас тартылуы мүмкiн.
      81. Шетелдiк азаматқа және азаматтығы жоқ тұлғаға Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы шетелдiк азаматтардың құқықтық мәртебесi туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күшi бар Жарлығындағы  23-шi бапқа сәйкес:
      1) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздемелер бар болса iс бойынша аяқталу мерзiмiне дейiн;
      2) егер ол жасаған қылмысы үшiн сотталса - жазасын өтеуге дейiн немесе жазадан босатылса;
      3) егер ол сотпен оған жүктелген мiндеттемелердi атқарудан
жалтарса - мiндеттемелерiн атқаруға дейiн;
      4) Қазақстан Республикасының белгiленген заң актілерінiң өзге де негiздерi бойынша;
      5) Қазақстан Республикасының заңды актiлерiмен белгiленген өзге де негiздемелер бойынша кету визасын беруден бас тартылуы мүмкiн.
      82. Қазақстан Республикасының визаларын ресiмдеу егер, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнде өзге ережелер белгiленбесе, ҚР СIМ бекiткен және ҚР Қаржы министрлiгiмен келiсiлген заңды тәртiптегi белгiленген Тарифке сәйкес, консулдық алымдар және нақты шығындар төленгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.    

20. Визалардың жарамды мерзiмi және оларды
ұзарту тәртiбi

      83. Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдi ҚР СIМ және iшкi iстер органдары қабылдайды.
      Қабылданған шешiмдер негiзiнде осы нұсқаулықтың тармақтарындағы ережелерге сәйкес олардағы визалардың және оларды қабылдаған ұйымдар мен жеке тұлғалардың немесе шетелдiктердiң өздерiнiң жазбаша өтiнiш берген сәттен бастап, үш тәулiк iшiнде тiркелген төлқұжаттарының жарамды мерзiмi ұзартылады.
      Визалар мен тiркелген төлқұжаттардың жарамды мерзiмiн қайта ұзарту шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн ұзарту қажеттiлiгiн растайтын құжаттары болған кезде (лицензия, контракт және т.б.) ғана рұқсат етiледi.
      Визалардың жарамды мерзiмiн ұзарту кезiнде санаты және визалық жапсырманың сериясы өзгермейдi.
      Ерекше жағдайларда (науқас, төтенше жағдайларда), Қазақстан Республикасына келетiн шетелдiк азамат визасының санаты мен мәртелiлiгiн өзгертудi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша жаңа визалар беру жолымен ҚР IIМ жасауы мүмкiн.
      84. Төлқұжаттары ҚР СIМ-де және оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетел мемлекеттерiнiң ресми делегациялары мүшелерiне, министрлiктер мен ведомство делегацияларына, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары және мемлекеттiк заңды тұлғалардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келген тұлғаларға, сондай-ақ ҚР СIМ-де ашылған шетелдiк дипломатиялық және консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдардың және шетел мемлекеттерiнiң өзге де өкілдiктерi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзiмiн ұзарту ҚР СIМ-мен жүзеге асырылады.
      Өзге жағдайларда шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзiмiн ұзарту осы Нұсқаулық тармақтарының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарымен жүзеге асырылады.
      85. Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзiмiн ұзарту кезiнде (визаларды ресiмдеу және тiркеу) ұлттық қауiпсiздiк органдарымен қосымша келiсу талап етiлмейдi.
      86. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде ҚР-ның визаларын Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнен жазбаша сұрау салу негiзiнде қабылдаған ҚР СIМ-нiң рұқсаты бойынша ҚР СIМ-нiң шет елдердегi дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi ұзартады.
      ҚР СIМ-нiң нұсқауы бойынша берiлген пайдаланылмаған визалардың жарамды мерзiмiн ұзарту үшiн ҚР СIМ-нiң қосымша келiсiмi талап етiледi. Бұл туралы сұрау салуда визалардың пайдаланылмаған себептерi көрсетiлуi тиiс. Бұл туралы сұрау салуда визалардың пайдаланылмаған себептерi көрсетiлуi тиiс.
      87. ҚР СIМ-нiң Қазақстан Республикасына шетелдiк азаматтардың кiрген және келген нақты күнi мазмұндалған Қазақстан Республикасының шет елдегi консулдық мекемесiне визалар беруге рұқсаты оларда көрсетiлген мерзiмнiң аяқталуы бойынша күшiн жояды.
      Шетелдiк азаматтардың келуi және кетуi нақты көрсетiлмеген, ал олардың тек Қазақстан Республикасында болу ұзақтығы айқындалған ҚР СIМ-нiң рұқсаты Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнен мұндай рұқсатты алған сәттен бастап үш ай iшiнде жарамды.

21. Визаларға қол қою құқығы

      88. Қазақстан Республикасының визаларына:
      1) ҚР СIМ-нiң бұған уәкiлеттi Консулдық қызмет департаментiнiң жедел-дипломатиялық қызметкерлерi, сондай-ақ ҚР СIМ шетелдiк мекемелерiнiң консулдық лауазымды тұлғалары, елшiлер, дипломатиялық миссиялардың және консулдық мекемелердiң басшылары;
      2) ҚР IIМ-нiң көшi-қон полициясы департаментiнiң, облыстардағы IIБ, Астана қаласындағы IIБ, Алматы қаласындағы ҚIIБ көшi-қон полициясы басқармаларының (бөлiмдерiнiң) бастықтары немесе олардың орынбасарлары қол қояды.
      89. Қазақстан Республикасының шет елдердегi консулдық мекемелерi және ҚР ІІМ-нiң көшi-қон полициясы департаментi қажеттiкке қарай визаларға қол қоюға уәкiлеттi тұлғалар туралы (фамилиясы, аты-жөнi, әкесiнiң аты, лауазымы) ҚР СIМ-н хабардар етiп, олардың қолдарының үлгiлерiн үш данада, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визасын берген мекеменiң (органның) дөңгелек гербтiк (визалық) мөрi оттискiлерiн (таңбаларын) жiбередi.
      ҚР СIМ қазақстандық визаларға қол қоюға уәкiлеттi құқығы бар тұлғалар туралы уақытында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызметiн және ҚР IIМ-н хабардар етедi.

22. Берiлген визалардың есебi

      90. Ресiмделген визалар туралы деректер дипломаттық, қызметтiк, iскерлiк және транзиттiк визалардың арнайы есеп журналына енгізіледi. "Инвесторлық", "жеке", "туристiк", "оқуға арналған", "жұмысқа арналған", "емделуге арналған" және "тұрақты тұруға арналған" санаттағы визаларға "визалар N" бағанында тиiстi визалық жапсырмалар сериялары көрсетiлген бiрыңғай жеке есеп журналы арналады.
      Журналдар нөмiрленген, жiппен тiгілген, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктердiң консулдық бөлiмдерi, Консулдық мекемелер, ҚР СIМ ККД, ҚР IIМ КПД, облыстардағы IIБ, Астана және Алматы қалаларындағы КПБ басшыларының мөрiмен және қолымен расталған болуы керек.
      91. Визалық жапсырмалар бланкiлерi қатаң есеп-қисапты құжат болып табылады.
      ҚР-ның шет елдегi дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемесi, сондай-ақ ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерi және өкілдiктерi әр айдың 5-i күнi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне берiлген визалар, түскен консулдық алымдардың сомасы туралы және фактiлiк шығындардың өтеу есебiне, сондай-ақ визалық жапсырмалар шығыстары туралы белгiленген үлгідегi статистикалық есебiн тапсырады.
      92. Толтыру кезiнде бүлiнген визалық жапсырмалар блокта (кiтапшада) қалады. Мұндай әр фактi бойынша тиiстi акт жасалынады.
      93. Әр түрлi себептер бойынша (мерзiмдердiң, санаттардың, түрлердiң т.б. өзгеруi) төлқұжаттағы (жол жүру құжатында) визалардың күшiн жоюы жағдайларында, құжаттан фотокәртiшкелi беттiң және төлқұжаттық деректердiң, сондай-ақ визаның күшi жойылған бетiнiң ксерокөшiрмесi алынады. Сонымен бiрге тиiстi акт жасалынады.

23. Халықаралық шарттар     

     94. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында осы
Нұсқаулықта қамтылғандардан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережесi қолданылады.    

                                    Қосымша

ҚР-ның ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ (ДВ), ҚЫЗМЕТТІК (ҚВ), ІСКЕРЛІК
(ІСВ) ВИЗАЛАРЫН БЕРУ ЕСЕП ЖУРНАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ

____________________________________________________________________ N | Құжат.|     |       |     |     |төл. |Визалар|    |    |     |
р/с| тарды |Виза.|Азамат.|Фами.|Туған|құжат|ды беру|Шақы|Виза|Мәрте|
   | қабыл.|лар  |тығы   |лиясы|жылы |тың  |негізде|рушы|лар|лілігі|
   | дау   | N   |       |Аты- |айы  |серия|месі   |тарап|дың|     |
   | күні  |     |       |жөні |күні |сы N |(визалық|   |түрі|     |
   |       |     |       |     |     |     |қолдауN)|   |    |     |
___|_______|_____|_______|_____|_____|_____|________|___|____|_____|
 1    2       3      4      5     6     7      8      9   10   11
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
____________________________________________________________
Виза. |  Консулдық  |    |    |    |        |      |       |
лардың|    алым     |тү. |Нақ.|тү. |Визалар.|Алушы.|       |
жарам.|_____________|бір.|ты  |бір.|  дың   | ның  |Ескерту|
ды    |тариф |Жедел |тек |шығ.|тек |берілген| қолы |       |
мер.  |бойын.|жасау | N  |ыс. | N  |  күні  |      |       |
зімі  | ша   |үшін  |    |тар |    |        |      |       |
______|______|______|____|____|____|________|______|_______|
  12  |  13  | 14   | 15 | 16 | 17 |  18    |  19  |   20  |
____________________|____|____|____|________|______|_______|

ҚР-ның ИНВЕСТОРЛЫҚ (ИНВ), ЖЕКЕ (ЖСВ), ТУРИСТІК (ТСВ),
ОҚУҒА АРНАЛҒАН (ОУВ), ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН (ЖЕВ), ЕМДЕЛУГЕ АРНАЛҒАН (ЕАВ), ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА АРНАЛҒАН(ТТВ) ВИЗАЛАРЫН БЕРУ ЕСЕП ЖУРНАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ

____________________________________________________________________ N |Құжат.|Виза. |Ви.|Аза|     |     |төл. |Визалар.|    |    | 
р/с|тарды |лық   |за.|мат|Фами |Туған|құжат|ды беру |Шақы|Виза|Виза
   |қабыл.|жапсыр|лар|ты |лиясы|жылы |тың  |негізде.|рушы|лар.|лар.
   | дау  |маның | N |ғы |Аты- |айы  |серия|месі    |тарап|дың|дың
   | күні |серия.|   |   |жөні |күні |сы N |(визалық|    |сан |түр.
   |      |сы    |   |   |     |     |     |қолдауN)|    |аты |лері
___|______|______|___|___|_____|_____|_____|________|____|____|____
 1 |   2  |  3   | 4 | 5 |  6  |  7  |  8  |   9    | 10 | 11 | 12 |
___|______|______|___|___|_____|_____|_____|________|____|____|____|

таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________
 Мәр.|Виза. |  Консулдық  |    |    |    |        |      |       |
 те. |лардың|    алым     |тү. |Нақ.|тү. |Визалар.|Алушы.|       |
 лі. |жарам.|_____________|бір.|ты  |бір.|  дың   | ның  |Ескерту|
 лі. |ды    |тариф |Жедел |тек |шығ.|тек |  беру  | қолы |       |
 гі  |мер.  |бойын.|жасау | N  |ыс. | N  |  күні  |      |       |
     |зімі  | ша   |үшін  |    |тар |    |        |      |       |
_____|______|______|______|____|____|____|________|______|_______|
  13 |  14  | 15   | 16   | 17 | 18 |  19|  20    |  21  |   22  |
_____|______|______|______|____|____|____|________|______|_______|

ҚР-ның ТРАНЗИТТІК (ТВ), ВИЗАЛАРЫН БЕРУ ЕСЕП
ЖУРНАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ

____________________________________________________________________
 N | Құжат.|      |       |      |     |төл.  |Визаларды    |      р/с| тарды |Виза. |Азамат.|Фами. |Туған|құжат.|беру негіз.  |Жарам.
   | қабыл.|лар   |тығы   |лиясы,|жылы |тың   |месі(визалыр.| ды  
   | дау   | N    |       |Аты-  |айы  |серия.|дың болуы,   |мерзі.
   | күні  |      |       |жөні  |күні |сы N  |баратын елі, |  мі 
   |       |      |       |      |     |      |авиабилет    |     
___|_______|______|_______|______|_____|______|_____________|_______ 1 |   2   |  3   |   4   |  5   |  6  |   7  |     8       |   9  ___|_______|______|_______|______|_____|______|_____________|_______

таблицаның жалғасы
______________________________________________________
|  Консулдық  |    |    |    |        |      |       |
|    алым     |тү. |Нақ.|тү. |Берілген|Алушы.|       |
|_____________|бір.|ты  |бір.|  күні  | ның  |Ескерту|
|тариф |Жедел |тек |шығ.|тек |        | қолы |       |
|бойын.|жасау |тің |ыс. |тің |        |      |       |
| ша   |үшін  |N   |тар |N   |        |      |       |
|______|______|____|____|____|________|______|_______|
|  10  | 11   | 12 | 13 | 14 |  15    |  16  |   17  |
______________|____|____|____|________|______|_______|

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады