"Медициналық мекемелердiң, азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының, әлеуеттi құрылымдар мен зейнетақыларды және жәрдемақыларды республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi қызметтерiнiң құжат айналымдарын, қайтыс болу, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн көшiп кету фактiлерiн растайтын құжаттарды тiркеу мен ұсынуды уақытында қамтамасыз ету жөнiндегi өзара iс-әрекеттерi туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 05.05.2000 N 106-ө, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 01.08.2000 N 75, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 15.05.2000 N 291 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 25 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1234. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнiң 2006 жылғы 29 қарашадағы N 264-ө, ҚР Әдiлет министрiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 318, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 631 Бірлескен бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнiң 2006 жылғы 29 қарашадағы N 264-ө, ҚР Әдiлет министрiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 318, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 631 Бірлескен бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді-------------------

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 106-ө, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2000 жылғы 1 тамыздағы N 75, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 15 мамырдағы N 291 "Медициналық ұйымдардың, азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының, әлеуеттi құрылымдар мен  республикалық бюджет қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi қызметтерiнiң құжат айналымын, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың қайтыс болу, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактілерін куәландыратын құжаттарды уақытында тіркеуді және ұсынуды қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-әрекеттері туралы" бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 25 тамызда N 1234 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2000 ж., N 10, 271 құжат) күші жойылған деп танылсын.
      ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты 
      әлеуметтiк қорғау министрiнің
      міндетін атқарушы

      Қазақстан Республикасының
      Әдiлет министрi

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
----------------------------------      

      Медициналық мекемелердiң, азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының, әлеуеттi құрылымдар мен зейнетақыларды және жәрдемақыларды республикалық бюджеттiк қаражаты есебiнен жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi қызметтерiнiң өзара iс-қимылдарын жақсарту және алушының қайтыс болуына, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн көшiп кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақыларды уақытында тоқтатуын қамтамасыз ету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН
      1. Медицина ұйымдарының басшылары: 
      дәрiгерлердiң бақылауындағы ауру адамның қайтыс болғандығы туралы АХАТ органдары мен азаматтардың хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi селолық (поселкелiк) округтердiң лауазымды адамдарына бiр тәулiк iшiнде хабарласын; 
      дәрiгердiң бақылауындағы қайтыс болған адамдардың толық тiзiмiн әр айдың 5 жұлдызынан кешiктiрмей аудандық (қалалық) азаматтардың хал актiлерiн тiркеу органдары мен азаматтардың хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi селолық (поселкелiк) округтердiң лауазымды адамдарына ұсынсын; 
      ай сайын әр айдың 5-жұлдызына қарай өздерiнiң бақылауындағы қайтыс болғандарды азаматтардың хал актiлерiн тiркеу органдарымен, азаматтық хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi селолық (поселкелiк) округтердiң лауазымды адамдарымен бiрге салыстырып тексерсiн; 
      өлiмi туралы дәрiгерлiк куәлiктi алушыларды АХАТ органдарында немесе азаматтардың хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi селолық (поселкелiк) округтерде өлiмi туралы тiркеу және өлiмi туралы куәлiктi алу қажеттiгi туралы хабардар етсiн; 
      өлiмiн уақытында дәрiгерлiк тiркеудi жеке бақылауына алсын, әрбiр медициналық ұйымда осы бөлiмге жауапты қызметкердi дербес белгiлесiн. 
      2. Аудандық, қалалық азаматтарды хал актiлерiн тiркеу бөлiмдерiнiң басшылары немесе азаматтардың хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi селолық (поселкелiк) округтердiң лауазымды адамдары: 
      қайтыс болған зейнетақы және жәрдемақы алушылардың толық тiзiмiн олардың фамилиясын, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, тұрақты тұратын жерiн, қайтыс болған күнiн көрсете отырып, әр айдың 5-жұлдызынан кешiктірмей ЗТМО-ға тапсырсын; 
      әрбiр ұйымда қайтыс болған зейнетақы және жәрдемақы алушылардың тiзiмiн ЗТМО-ға тапсыруға жауапты қызметкердi белгiлеп, жеке бақылауына алсын. 
      3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары қайтыс болған жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектердiң тiзiмiн ЗТМО-ға уақытында тапсыруды ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдасын, әрбiр әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнде осы Бұйрықтың 2-тармағында көзделген жұмысқа жауапты әлеуметтiк қызметкердi белгiлесiн. 
      4. АХАТ органдары, Қорғаныс министрлiгiнiң, Ішкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық Ұланның және Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң зейнетақылық қызметтерi ұсынған мәлiметтердiң негiзiнде зейнетақы және жәрдемақы алушылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге көшiп кеткен, қайтыс болған жағдайда ЗТМО бөлiмшесi, егер Қазақстан Республикасы заңнамасында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, зейнетақылар мен жәрдемақыларды олардың есеп шоттарына аударуды зейнетақы және жәрдемақы алушы көшiп кеткен айдан кейiнгi айдан немесе қайтыс болған күннен бастап тоқтатады. 

     Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
     Еңбек және халықты               Әдiлет министрi
     әлеуметтiк қорғау министрi                       

                        Қазақстан Республикасының
                       Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi 
                              агенттiгi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады