"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң бағалы қағаздарына инвестициялауды жүзеге асыруға келiсiмдер берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 644 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 2000 жылғы 02 қазандағы N 668 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 10 қазанда N 1253 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

      

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      14. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "3ейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң бағалы қағаздарына инвестициялауды жүзеге асыруға келiсiмдер берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндeгi Ұлттық комиссиясы Директоратының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 644 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" 2000 жылғы 2 қазандағы N 668 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1253 тiркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегі нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, 2001 жыл, 4 том)...

___________________________________       

      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымның алуына қажеттi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң капитал қозғалысына байланысты операцияларды жүргізуге және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына өтуi (орын ауыстыруы) көзделген бас лицензиясын алуға қажеттi Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң бағалы қағаздарына инвестициялауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) келiсiмiн беру процесiн оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130  V970314_  қаулысымен бекiтiлген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау қағидаларының 2.2.-1-тармағы 4) тармақшасының негізiнде Ұлттық комиссияның Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 22 қыркүйекте 1244  V001244_  нөмiрмен тiркелген "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң бағалы қағаздарына инвестициялауды жүзеге асыруға келiсiмдер берудiң тәртiбi туралы" Ұлттық комиссияның 2000 жылғы 24 тамыздағы N 644  V001244_  қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн: 
      1) 4-тармақтағы "осы Қаулының 1-қосымшасына сәйкес ресiмделетiндiгi және оған Ұлттық комиссия Төрағасының немесе оның мiндетiн атқарушы Ұлттық комиссия атқарушы директорының қол қоятындығы" деген сөздер "Ұлттық комиссия Директоратының қаулысымен ресiмделетiндігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 6-тармақ алып тасталсын; 
      3) 1-қосымша алып тасталсын. 
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнінен бастап күшiне енетiндігі белгіленсiн. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, "Активтердi Басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң (оған осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу мiндетiн жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi: 
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегі комитетiнiң және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн; 2) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн; 
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.     

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады