Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң бағалы қағаздарына инвестициялауды жүзеге асыруға келiсiмдер берудiң тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 24 тамыз N 644. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 22.08.2000 жылы тіркелді. Тіркеу N 1244. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 375 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуiрдегі N 130 V970314_ қаулысымен бекiтiлген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау қағидаларының 2.2.-1-тармағының 4) тармақшасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 U973755_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 15) тармақшасының негізiнде, Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты
      ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң капитал қозғалысына байланысты операцияларды жүргiзуге және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына өтуi (орын ауыстыруы) көзделген бас лицензиясын алуға қажеттi Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң бағалы қағаздарына инвестициялауды жүзеге асыруға Ұлттық комиссияның келiсiмiн (бұдан әрi "Келiсiм" деп аталады) алу үшiн зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымның Ұлттық комиссияға еркiн үлгiде жазылған өтiнiш беру керек екендiгi белгіленсiн.
      2. Осы Қаулының 1-тармағына сәйкес ұсынылған өтiнiштi Ұлттық комиссияның өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайтындығы белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссияның Келiсiмдi мынадай шарттар сақталған кезде беретiндігі белгiленсiн:
      1) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензияның бар болуы;
      2) Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялдық нормативтерге және есеп берушiлiкке қатысты заңдары нормаларының сақталуы;
      3) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтiң Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкестiгi.
      4. Келiсiмнiң Ұлттық комиссия Директоратының қаулысымен ресiмделетiндігі белгiленсiн. <*>
       Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар
                жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының
                2000 жылғы 02 қазандағы N 668 V001253_ қаулысымен.
      5. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және Келiсiм алған ұйымның оны капитал қозғалысына байланысты операцияларды жүргізуге және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына өтуi (орын ауыстыруы) көзделген бас лицензия алу үшiн Келiсiм берiлген күннен бастап отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынуға тиiс екендігі; өзгеше жағдайда берiлген Келiсiмнiң күшi жойылатындығы белгiленсiн.
      6. <*>
      Ескерту: 6-тармақ алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының
               2000 жылғы 02 қазандағы N 668 V001253_ қаулысымен.
      7. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
      8. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, "Активтердi Басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестігінiң (оған осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу мiндетiн жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн.
      9. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     Ұлттық комиссияның 
     Төрағасы


                                            Қазақстан Республикасының

Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 644 қаулысына 1-қосымша <*>


          Ескерту: 1-қосымша алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар

                  жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 
                  2000 жылғы 2 қазандағы N 668  

V001253_

  қаулысымен.        
   
                 
     
      Мамандар: 
            Омарбекова А.Т.
            Багарова Ж.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады