2000 жылға арналған бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 23 толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 20 қыркүйектегі N 410 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 қазан N 1259 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы N 73 N990073_ өкіміне, "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы P001243_ қаулысына сәйкес Бұйырамын:
      1. "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000

жылға арналған бірыңғай бюджеттік жіктемесінде:
     "3.1.251.30.34 Қылмыстық-атқару инспекциясы" деген жолдан кейін 
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын;
     "3.1.251.34 Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды 
көтермелеу";
     "8.9.263.54. Жергілікті деңгейде мәдениет пен спорт объектілерін салу 
және күрделі жөндеу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен 
толықтырылсын;
     "8.9.263.56 Аймақтық жастар саясатын өткізу".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Министр
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады