Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 304 бұйрығымен.
--------------Бұйрықтан үзінді------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (Шәженова Д.М.) бiр апта мерзiмде қабылданған шешiм туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне және "Заң" Медиа-корпорация" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2006 жылғы 16 тамыздағы
N 304 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
тiзбесi
...
4. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң кассалық атқарылуы жөнiндегi нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 21 маусымдағы N 298 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1261 болып тiркелген)...
--------------------------------
Бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң кассалық атқарылуы жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 7 қыркүйектегi N 484
V990900_
бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң кассалық атқарылуы жөнiндегi нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар (бұдан әрi - Өзгерiстер мен толықтырулар) бекiтiлсiн.
2. "Қазынашылық департаментi және оның аумақтық органдарының шетел валютасында операциялар жүргiзу жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 385
V980609_
бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
3. 2000 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енетін Өзгерiстер мен толықтырулардың 1, 2-тармақтарын 5-тармақтың үшiншi, төртiншi, бесiншi абзацтарын, 8-тармағын 11-тармақтың үшiншi абзацын, 76, 82 тармақтарын қоспағанда, осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Келісілген Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Ұлттық банкінің Төрағасы 2000 жылғы 21 маусым
N 298 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң
кассалық атқарылуы жөнiндегi нұсқаулыққа
өзгерiстер мен толықтырулар
1. Бүкiл мәтiн бойынша "0401002 н." және "(N 0401002 нысан)" деген
сөздер алынып тасталсын.
2. Бүкiл мәтiн бойынша және қосымшаларда көпше түрде, сол сияқты жекеше түрде де барлық септеулерде қолданылатын "алушы" және "алушы-мекеме" деген сөздер ауыстырылатын сөзiнiң септеуiне және жекеше, көпше түрiне тиiсiнше "бенефициар", "төлеушi" - "ақша жөнелтушi", "алушының банкi" - "бенефициардың банкi", "төлеушінің банкi" - "алушы банк" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 6-тармақта:
"келесi күннен кешiктiрiлмей" деген сөздер "сол күнi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
Z952235_
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңына сәйкес салық төлеушi клиенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған соманың бюджеттiң кiрiсiне уақытылы аударылуын бақылауды салық қызметi органдары жүзеге асырады.".
4. 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Iрi және бөлшек төлемдер жүйесi бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстанның банкаралық есеп айырысулар орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны арқылы бюджетке төленетiн төлемдердi аудару кезiнде заңды тұлғалардан алынатын төлем құжаттары екi данада қабылданады. Бiр данасы екiншi деңгейдегi банктiң күн құжаттарында қалады, екiншi данасы қаражаттың шоттан есептен шығарылғаны туралы растама ретiнде банктiң белгiсiмен төлеушiге қайтарылады. Төлемдердi бюджетке және клиенттердiң шоттарына есепке алу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен "Қазақстанның банкаралық есеп айырысулар орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны арасында жасалған Бағдарламалық криптографиялық қорғанысты және электрондық сандық қолдарды пайдалану туралы келiсiмге сәйкес төлем тапсырмасының электрондық бейнесi негiзге алынады.".
5. 10-тармақта: мынадай мазмұндағы он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, абзацтармен толықтырылсын:
"төлем мақсатының коды (төлем мақсатының 3 таңбалы сандық белгiсi көрсетiледi);
АЖк - ақша жөнелтушiнiң коды (2 таңбалы сандық белгiсi көрсетiледi, мұндағы бiрiншi сан - резиденттiк белгiсi, екiншiсi экономика секторының коды);
БеК - бенефициардың коды (2 таңбалы сандық белгiсi көрсетiледi, мұндағы бiрiншi сан - резиденттік белгiсi, екiншiсi экономика секторының коды);";
он төртiншi абзацтағы "есеп айырысу чектерi" деген сөздер "төлем тапсырмалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
он алтыншы абзац "өндiрiп алуға деген" деген сөздерден кейiн "салық қызметi аумақтық органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
он жетiншi абзац алынып тасталсын.
6. Мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Қазынашылықтың аумақтық органдары төлемдердi және/немесе ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде төлем құжаттарында қосымша деректемелер қойылуын талап етуге құқылы, егер бұл талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында тiкелей көзделген болса.".
7. 11, 34, 35, 36, 103, 112-тармақтардағы көпше түрде, сол сияқты жекеше түрде де барлық септеулерде қолданылатын "есеп айырысу чектерi" және "чек" деген сөздер ауыстырылатын сөзiнiң септеуiне және жекеше, көпше түрiне тиiсiнше "төлем тапсырмалары" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 13-тармақ мынадай мазмұндағы жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"төлем мақсаты кодының бар болуын;
ақша жөнелтушi кодының бар болуын;
бенефициар кодының бар болуын;".
9. 18-тармақтағы бiрiншi сөйлем мынадай мазмұнда жазылсын:
"Банк-агенттiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi қабылдаған бюджетке төленетiн төлемдер тиiстi шоттарға есепке алу үшiн мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерiнен сол күні ал жеке тұлғалардан келесі күннен кешiктiрмей Қазынашылықтың аумақтық органының корреспонденттiк шотына толық аударылады.".
10. 21-тармақтың он бiрiншi абзацындағы "және шығыстарды" деген сөздер алынып тасталсын;
11. 23-тармақтың жетiншi және сегiзiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк мекемелер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын қызметкерлерге еңбекақы төлеу түрiнде төленуге жататын кiрiстердi төлеумен бiр мезгiлде аударады.
Салықтарды бюджетке аудару кезiнде мемлекеттiк мекемелер "Төлемнiң мақсаты" мәтiндiк кеңiстiгiнде шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының 10 таңбалы кодын көрсетедi. "Бюджеттiк сыныптама коды" бөлiгiнде кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының 6 таңбалы кодын қояды және "Төлем мақсатының коды" бөлiгiнде төлем мақсатының 3 таңбалы сандық белгiсiн қосымша қояды. Міндеттi зейнетақы жарналарын аудару кезiнде "Төлемнiң мақсаты" мәтiндiк кеңiстiгiнде пайдасына ақша аудару жүргiзiлетiн жинақтаушы зейнетақы қорының деректемелерi көрсетiледi, "Бюджеттiк сыныптама коды" бөлiгiнде шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының 10 таңбалы кодын қояды және "Төлем мақсатының коды" бөлiгiнде төлем мақсатының 3 таңбалы сандық белгiсiн қосымша қояды.".
12. 24-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "ай сайын" деген сөздер алынып тасталсын; төртiншi, алтыншы абзацтар алынып тасталсын.
13. 28-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"28. Төленбеген есеп айырысу құжаттары "Төлем және ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының 38-бабына сәйкес картотекаға орналастырылады. Салық және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi сақтау мерзiмi шектелместен, картотекаға орналастырылады. Салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi өкiмдер картотекада болған жағдайда Қазынашылықтың аумақтық органдары осы өкiмдердi олардың картотекаға түсуiнiң күнтiзбелiк кезектiлiгi тәртiбiмен орындайды.".
14. 34-тармақта:
бiрiншi абзац "жүргiзiледi" деген сөздер "салық органдары жүргiзедi"
деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац алынып тасталсын;
тоғызыншы абзацтағы "(N 7 қосымша)" деген сөздер "(N 3 қосымша)"
деген сөздермен ауыстырылсын.
15. 35-тармақта:
"өтеудi" деген сөз "қайтаруды (есепке алуды)" деген сөздермен
ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "бiр данасы" деген сөздер "көшiрмесi" деген сөзбен
ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер салықты қайтару (есепке алу) сомасы облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша тұтастай алғанда кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының тиiстi iшкi сыныбы бойынша "жыл басынан бергi түскен салықтардың сомасынан асып түссе, қайтару (есепке алу) республика бойынша тұтастай алғанда кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының тиiстi iшкi сыныбы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң рұқсатымен жүргiзiледi, бұл
ретте облыс кiрiстерiнiң осы кiшi сыныбы бойынша "кем" кiрiстерге рұқсат
етiледі."
16. 37-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi, төртiншi абзацтармен
толықтырылсын:
"0413 нысаны - салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi
есепке алу тiзiмдемесiн;
салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi салық
органдары арасында есепке алу тiзiмдемесiн;".
17. 39-тармақта:
үшiншi абзац алынып тасталсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстық өкiлдi органдар кiрiстердi облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттерi арасында бөлудiң тұрақты нормативтерiн, облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн субвенциялардың және аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк алулардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiн белгiлейдi.".
18. 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Түсiмдердi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасында бөлудiң алынған сызбалары және мәслихаттар бекiткен нормативтер негiзiнде облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармалары үш күн мерзiмде 603-607, 611-нысандар бойынша (NN 9-1 - 9-6 қосымшалар) жергiлiктi қаржы органдарының басшылары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармалары және облыстық, Астана және Алматы қалаларының салық комитеттерi қол қоятын түсiмдердi бөлудiң тiзiмдемелерiн жасайды.".
19. 43-тармақтың бiрiншi абзацының соңғы сөйлемi алынып тасталсын.
20. 44-тармақтың бiрiншi абзацы "Республикалық және жергiлiктi бюджеттер" деген сөздердiң алдынан "Салықтардың бөлiнуiн бақылау тiзiмдемесiнде және" деген сөздермен толықтырылсын;
21. 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Түсiмдердi нормативтердiң өзгеру нәтижелерi бойынша бюджеттер арасында қайта бөлу тiзiмдемесi (N 11 қосымша) кiрiстердi бөлудiң нормативтерi өзгерген әрбiр қаржы жылы бойынша республикалық бюджет және жергiлiктi бюджеттер бойынша жасалады. Қаржы органдары бойынша тiзiмдемелер осы органдардың дербес шоттарынан (N 130, 132 баланстық шоттар) оларға тиiстi үзiндi көшiрмелермен бiрге берiледi.".
22. Мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
"45-1. Кiрiстердi түрлi деңгейлердiң бюджеттерi арасында бөлгеннен кейiн N 080 "Бюджеттер арасында бөлiнетiн кiрiстер" баланстық шоты бойынша қалдықтар болмауы тиiс.".
23. Мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:
"53-1. Республикалық бюджеттiң атқарылуы ол арналып бекiтiлген қаржы жылының 1 қаңтарында басталады және 31 желтоқсанында аяқталады.
Мемлекеттiк мекемелердiң өткен қаржы жылында қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген бекiтiлген бюджеттік шығыстар бойынша, сондай-ақ есептi кезең iшiнде жүргiзiлген ресми трансферттердi бюджеттерге есепке алу жөнiндегi қорытынды операцияларды қоспағанда, оларға ағымдағы қаржы жылына көзделген бюджеттен қаржы бөлудi жұмсауға арналған құқығы 31 желтоқсанда тоқтатылады.
Республикалық бюджеттiң атқарылуы бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының бекiтiлген жылдық сомасын ай сайынғы бөлуге сәйкес жасалатын және оған өзгерiстер енгiзу жолымен нақтыланатын республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесi негiзiнде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет шығыстарының тiзiмдемесi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiтетiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынатын шығыстардың жиынтық сметалары негiзiнде жасалады.
Республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi. Республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстары тiзiмдемесiнiң бiр данасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне ұсынылады.
Республикалық бюджет шығыстарының алынған тiзiмдемесi негiзiнде және бюджеттiң бекiтiлуi кезiнде ескерiлген есептемелерге сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бағынысты мемлекеттiк мекемелерге шығыстардың бекiтiлген жеке сметаларын, сондай-ақ оларға есеп айырысулардың көрсеткiштерiн хабарлайды. Өз кезегiнде, мемлекеттiк мекеме сметаның бiр данасын және оларға есеп айырысулардың көрсеткiштерiн Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органына ұсынады.
Бюджет қаражатын мемлекеттiк мекемелер шығыстардың бекiтiлген сметалары болған жағдайда ғана қазынашылық рұқсаттардың негiзiнде жұмсауы мүмкiн.".
24. 58-тармақ "бюджеттiк сыныптама" деген сөздердiң алдынан "Бiрыңғай" деген сөзбен толықтырылсын.
25. 60-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Атаулы мөртабан Қазынашылықтың аумақтық органының толық атауын және жауапты атқарушының сандық нөмiрiн көздейдi. Жауапты атқарушы босаған жағдайда, атаулы мөртабан операциялық бөлiмнiң бастығына, штатында операциялық бөлiмнiң бастығы жоқ Қазынашылықтың аумақтық органдарында Қазынашылықтың аумақтық органы бастығының бұйрығы бойынша тағайындалған жауапты атқарушыға тапсырылады. Атаулы мөртабанның сақталуына және оның бөтен адамға берiлмеуiне Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы жеке жауап бередi.".
26. 63-тармақтың бiрiншi абзацы "Республикалық" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын.
27. Мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:
"64-1. Бiрыңғай қазынашылық шотта дебет сальдосы пайда болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi түсiмдердi арттыру не бюджеттiк ақшаны пайдалануға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi берген рұқсаттар бойынша аудару (шығыс) операцияларын толық немесе iшiнара уақытша тоқтата тұру жөнiнде шаралар қолданады.".
28. 65-тармақтағы "Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитеттiң" деген сөздер "Мемлекеттiк қарыз алу департаментiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
29. 66-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалақының дұрыс төленуiн, экономикалық сыныптама ерекшелiгi құрылымының белгiлi бiр шығыстарын бақылау мақсатында және басқа да мақсаттар үшiн қолма-қол ақшалардың алынуын бақылау мақсатында мемлекеттiк мекемелер берiлуге жататын соманы көрсете отырып, Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органдарына бюджеттiк және "Ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат" ағымдағы шотынан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн шотынан және депозиттiк шоттан (N 19 қосымша) қолма-қол ақша алуға өтiнiмдi ұсынады, қолма-қол ақша алуға арналған өтінім ақша чегiмен бiрге, берiлуге жататын соманы көрсете отырып, бюджеттiк қаражат, ақылы қызмет көрсетулердi сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек, депозиттiк сома түрiнде алынатын қаражат және Алматы қаласы әкiмiнiң бюджеттен тыс қорының қаражаты бойынша жеке ұсынылады. Бұл ретте, демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң, депозиттiк соманың және Алматы қаласы әкiмiнiң бюджеттен тыс қорының қаражаты бойынша шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының коды толтырылмайды. Өтiнiм төлем тiзiмдемелерiнiң немесе кассалық шығыс ордерлерінің негiзінде жасалады.".
30. Мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толтырылсын:
"66-1. Ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күнi екiншi деңгейдегi банктер арқылы қолма-қол ақша төлеу мынадай тәртiппен жүргiзiледі:
1) қорытынды айналымдар кезеңiнде екiншi деңгейдегi банктер арқылы қолма-қол ақша төлеудi жүргiзуге рұқсат етiлмейдi;
2) мемлекеттiк мекемелерге қолма-қол ақша төлеу белгiленген тәртiппен және ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күннің аяғында екiншi деңгейдегi банктерде Қазынашылықтың аумақтық органдарының 889-шот бойынша қалдығын жабумен жүргiзiледi;
3) екiншi деңгейдегi банктерде касса бойынша қорытынды айналымдарға рұқсат етiлмейтiндiктен, келесi қаржы жылының 1 қаңтарында ауыспалы ақша чектерi болмауы тиiс, осыған байланысты Қазынашылықтың ағымдағы жылғы екiншi деңгейдегi банктер төлемеген барлық атаулы ақша чектерi ағымдағы жылдың соңғы жұмыс күнінің аяғында міндетті түрде қайтарып алуға жатады;
4) ағымдағы жылы алынған қолма-қол ақша бойынша Қазынашылықтың аумақтық органдары мен екiнші деңгейдегi банктер арасындағы барлық өзара есеп айырысуларды ағымдағы жылдың соңғы жұмыс күнi аяқтау қажет. Келесi қаржы жылының 1 қаңтарында екiнші деңгейдегi банктерде ашылған барлық транзиттiк шоттар нөлдiк қалдықтармен болуы тиiс;
5) Келесi қаржы жылының 1 қаңтарында Қазынашылықтың аумақтық органдарында (889) транзиттiк шоттардағы қаражаттың қалдығы бюджеттiк және "Ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат" ағымдағы шоттарына белгiленген есептi кезеңде қорытынды айналымдармен лимиттердi бөлушiлердiң (қолма-қол ақша алушылардың) қалпына келтiруiне жатады;
6) Қазынашылықтың аумақтық органы транзиттiк шоттарда шоғырландырылған қаражатқа қолма-қол ақша алуға арналған чектердi тiркеу журналы бойынша салыстыру жүргiзуi қажет.".
31. 72-тармақтың бiрiншi абзацында:
бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Лимиттердi дербес бөлушi болып табылмайтын, бюджет ақшасын жұмсауға лимиттер алмайтын және лимиттердi бөлушiнiң орналасқан жерiнен тыс орналасқан мемлекеттiк мекемелерге қазынашылықтың аумақтық органдарында ағымдағы шот (N 724 "Уәкiлеттiлердiң ағымдағы шоты және төленбеген аударымдар" баланстық шоты) ашылады.";
"көмектердi," деген сөзден кейiн "алименттердi" деген сөзбен толықтырылсын.
32. 73-тармақтың бiрiншi абзацындағы "жазылады" деген сөз "Бюджеттiк сыныптама коды" деген сөздермен ауыстырылсын;
33. 74-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бiріншi абзацтармен толықтырылсын:
"Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың кезеңге қарамастан, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын қайтару сомасы;
25 желтоқсанға дейiн қоса қаржыландырудың ағымдағы (арнайы) шотындағы пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы;
қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешiктiрмей уәкiлеттi және төленбеген аударымдарды ағымдағы шоттардағы пайдаланылмаған бюджеттiк ақшаның қалдығын мақсатты қаржыландыру ағымдағы шоттарында пайдаланылмаған бюджеттiк ақшаның қалдықтары;".
34. 80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Бұдан басқа, 902 "Өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шотына бюджеттiк қаражаттың бiрiншi лимитi ашылғанға дейiнгi мерзiмде:
1) жыл басында, бюджеттiк қаражаттың лимитi әлi ашылмаған және кассалық шығыстарды қалпына келтіруді жүргізу мүмкін емес кезде;
2) мемлекеттiк мекеме қайта ұйымдастырылған, мемлекеттiк мекеменiң немесе оның бюджеттiк шотының коды өзгерген кезде түсетiн дебиторлық берешектiң сомасы есепке алынады.".
35. Мынадай мазмұндағы 81-1, 82-1, 82-2-тармақтармен толықтырылсын:
"81-1. Төлем тапсырмаларында немесе жеке тұлғалардың тiзiмдерiнде қате табылған кезде, кезеңiне қарамастан, Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттiк орталықтың жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын қайтару сомасы қателердi жойғаннан кейiн Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа кейiннен аудару үшiн 111 "Негiзгi жалақы" ерекшелiгi бойынша мемлекеттiк мекеменiң шотына мiндеттi түрде қалпына келтiруге жатады.";
"82-1. Мемлекеттiк мекеменiң бюджеттiк шотындағы пайдаланылмаған бюджеттiк ақшаның қалдықтарын ол мемлекеттiк кәсiпорын болып қайта ұйымдастырылған кезде, осы мемлекеттiк мекеме қызметiнiң тоқтатылуы туралы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiне жазба енгізу сәтiне дейiн жете пайдалануға рұқсат етiледi.
82-2. Әрекет ету мерзiмi тоқтатылған, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бөлiнген лимиттердiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының құрылымына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуiне байланысты мемлекеттiк мекемелер осы ерекшелiк бойынша ағымдағы қаржы жылының iшiнде жете пайдаланады.".
36. 3-бөлiмде:
5-тараудың тақырыбында:
"беру" деген сөз "қайта ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және өзге де жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
85-тармақта:
екiншi абзацтағы "және ашылған лимиттердi көшiру" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Бұрынғы шоттардағы пайдаланылмаған лимиттердiң қалдығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң рұқсатымен жете пайдалануға рұқсат етiледi.";
89-тармақ алынып тасталсын;
90-тармақтың жетiншi абзацындағы "бiр операциялық күн" деген сөздер "үш операциялық күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
"5-1-тарау. Бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерінің қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне, бiр мемлекеттiк мекемеден басқасына көшiру.
91-1. Бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiру үшiн мемлекеттiк мекеменiң сұрау салуы бойынша Қазынашылықтың аумақтық органы түзетiлетiн бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджеттiк шоттан шығыс операцияларының тоқтатылуы туралы Қазынашылықтың жауапты атқарушысының белгiсiмен бiрге сұрау салу күнінде қалыптасқан 032-А "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстар қозғалысының тiзiмдемесi" нысанын бередi. Мемлекеттiк мекеме осы тiзiмдеменi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жiбередi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi көшiруге арналған өтінімдi жасайды және оны 032-А нысаны тiзiмдемелерiнiң көшiрмелерiмен бiрге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Бюджет департаментiне ұсынады. Өтiнiмде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгінен басқа ерекшелiгiне көшiрудiң қажеттiлiгiн негiздейдi. Бұл ретте өз шегінде басқа ерекшелiкке көшiру болжанатын кредиторлық берешектiң бар-жоғын және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша алынған мiндеттемелердi, бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын ескеру қажет. Бюджет департаментi республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтінімiн ол ұсынылған күннен бастап бес күнтiзбелiк күннен асырмай қарайды.
Бюджет департаментi бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелігіне көшiруден бас тартқан жағдайда, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бұл туралы бағынысты мемлекеттiк мекемелердi хабарлар етедi. Осыдан кейiн, мемлекеттiк мекемелер Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органдарына бюджеттiк шоттарды оқшауламау туралы жазбаша өтiнiш жасайды.
Өтiнiм оң қаралған жағдайда Бюджет департаментi терiс таңбамен - көшiруге жататын сома, оң таңбамен - тиiстi ерекшелiк бойынша арттыру сомасы көрсетiлетін "Республикалық бюджет шығыстарының тiзiмдемесiн өзгерту туралы" анықтама (N 21 қосымша) жасайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiрудi бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiру туралы Бюджет департаментi ұсынған қорытындының және анықтаманың (N 21 қосымша) негiзiнде жүргiзедi.
Қазынашылық комитетi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жаңа қазынашылық рұқсат жазып бередi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қазынашылық рұқсаттардың негiзінде тиiстi рұқсаттарды ресiмдейдi (2, 2а нысандары), оларды белгiленген тәртiппен тағайындауы бойынша бағынысты мемлекеттiк мекемелерге, Қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткiзедi және операциялардың жүруiн бақылайды.
Облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармаларына электронды почтамен бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiру жөнінде рұқсаттар (2, 2а нысандары) түскеннен кейiн Қазынашылықтың жауапты атқарушысы көшiруге арналған рұқсаттарды (2, 2а нысандары) қазынашының автоматтандырылған жұмыс орнына есепке алады.
Бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiру жөнiнде мемлекеттiк мекемелер бойынша операциялардың жүргiзiлу дұрыстығы 032-А "Алынған міндеттемелердi ескере отырып, бөлінген лимиттердiң және кассалық шығыстар қозғалысының тiзiмдемесi" нысаны бойынша анықталады.
91-2. Бiр бағдарламаның шегiнде бюджет қаражатының пайдаланылмаған лимиттерiнiң қалдықтарын шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгiнен басқа ерекшелiгiне көшiрiлген жағдайда мемлекеттiк мекеменiң сұрау салуы бойынша Қазынашылықтың аумақтық органы осы бағдарлама бойынша бюджеттiк шоттан шығыс операциялардың тоқтатылуы туралы Қазынашылықтың жауапты атқарушысының белгiсiмен бiрге сұрау салу күнiнде қалыптасқан 032-А "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстар қозғалысының тiзiмдемесi" нысанын бередi. Осы операцияның жүргiзiлуіне жауаптылық пен бақылау Қазынашылықтың жауапты атқарушысына жүктеледі.
91-3. Бюджеттiк ақшаның пайдаланылмаған лимиттерінің қалдықтарын ерекшелiктерi бойынша бiр мемлекеттiк мекемеден басқа мемлекеттiк мекемеге көшiрудi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жүргiзедi. Бұл үшiн көшiруге қатысқан бағынысты мемлекеттiк мекемелер республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлеріне бюджеттік шоттан шығыс операцияларының тоқтатылуы туралы Қазынашылықтың жауапты атқарушысының белгiсiмен бiрге көшiру күнінде қалыптасқан 032-А "Алынған міндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстар қозғалысының тiзiмдемесi" нысанын ұсынады.
Көшiрудi жүргiзудiң одан арғы тәртiбi 91-1-тармақтың жетiнші, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы абзацтарында көрсетiлген тәртiппен жүргiзiледi.
91-4. Егер қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменің құқықтық мирасқоры сол ведомстволық бағыныстылықтың мемлекеттік мекемесi болып табылса, онда бұрын бөлiнген лимиттердiң және кассалық шығыстардың сомасын көшiру 88-91-тармақтарда көрсетiлген тәртiппен жүргiзіледі.";
93-тармақтың бiрiнші абзацындағы "Сырттан қарыз алу жөніндегi комитет" деген сөздер "Мемлекеттiк қарыз алу департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын.
37. 94-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi - жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың қаржылық негiзделуіне және iске асырылуына жауапты, жергiлiктi бюджетпен қаржыландырылатын атқарушы органдар;".
38. 95-тармақ мынадай мазмұндағы екіншi абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк мекемелер бюджет қаражатын шығыстардың бекiтiлген сметалары болған кезде ғана қаржылық рұқсаттардың негiзiнде жұмсауы мүмкiн.".
39. 98, 99, 100-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Қазынашылықтың аумақтық органдары жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының есебін, облыстық бюджеттердiң есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуiн, арнайы экономикалық аймақтардың, қалалар мен аудандар бюджеттерінің қаржылық қорларын (бюджеттерiн) жүзеге асырады.
99. Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы осы бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының бекітiлген жылдық сомасын ай сайынғы бөлуге сәйкес жасалатын және оларға өзгерiстер енгiзу жолымен нақтыланатын барлық деңгейлердiң жергiлiктi бюджеттерінің кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесi негiзінде жүзеге асырылады.
Жергiлiктi бюджеттер шығыстарының алынған тiзiмдемесi негiзінде және бюджет бекіту кезінде ескерілген есептемелерге сәйкес, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бағынысты мемлекеттiк мекемелерге шығыстардың бекiтiлген жеке сметаларын, сондай-ақ оларға деген есептемелердiң көрсеткiштерін жеткiзедi. Өз кезінде, мемлекеттiк мекеме сметаның бiр данасын және оларға деген есептемелерінiң көрсеткiштерiн Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органына ұсынады.
100. Жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесін жергiлiктi қаржы органының басшысы бекiтедi. Жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстары тiзiмдемесiнiң бiр данасы электрондық түрде (дискетпен немесе байланыс арналары бойынша) файл түрінде немесе бюджеттiк сыныптаманың кодтары бойынша мың теңгемен қағаз тасымалдаушымен Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органдарына ұсынылады.
Қазынашылықтың аумақтық органдары жергiлiктi қаржы органдарынан тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiн ала отырып автоматтандырылған жұмыс орнының дерекқорына қаржыгердi енгiзедi.
Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесін енгiзу кезiнде мыналар:
тiзiмдемедегi кiрiстер мен шығыстардың бюджеттiк сыныптама кодтарының Кiрiстер мен шығыстардың бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының анықтамалығына сәйкестiгi;
кiрiстер бойынша тiзiмдеменiң қорытынды сомасының шығыстар бойынша тiзiмдеменiң қорытынды сомасына теңдiгi;
жеке сомның қорытынды сомаға сәйкестiгi бақыланады.
Егер тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына дейін жергiлiктi өкiлдi орган тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы шешiм қабылдамаған болса, онда ол бекітiлгенге дейiн тиiстi жергiлiктi қаржы органы жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылына арналған жылдық жергiлiктi бюджет жобасының 1/4 бөлiгi мөлшерінде 1-тоқсанға арналған уақытша тiзiмдемесiн жасайды және бекiтедi.".
40. Мынадай мазмұндағы 100-1-тармақпен толықтырылсын:
"100-1. Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiне олардың атқарылуы барысында "өзгерiстер енгiзу мыналардың:
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық кесімдері;
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерінiң шығыстардың сметасын өзгертуге арналған өтiнiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.
Кiрiстер мен шығыстардың тiзiмдемесіне өзгерiстер енгiзу N 203 нысан мен N 303 нысандағы Жергiлiктi қаржы органдарының анықтамалары бойынша жүргiзiледi (NN 24, 25 қосымшалар). Анықтамаларды нөмiрлеудi жергiлiктi қаржы органдары жүргiзедi. Анықтаманың қосымша бiрегей нөмiрін автоматты түрде бере отырып, анықтамаларды енгiзудi және нақтыланған бюджеттi есептеудi Қазынашылықтың аумақтың органдары жүзеге асырады.
Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесіне өзгерiстер енгiзген кезде мыналарды:
кірістер мен шығыстардың тұтастай алғанда жыл бойынша және әрбiр ай бойынша теңгерiмдiлiгiн сақтау;
жоспарлы тағайындаулар, қаржыландыру лимиттерi және кассалық шығыстар арасындағы сәйкестікті сақтау;
кемiтiлетін ерекшелiктер бойынша кредиторлық берешектiң бар екенін немесе жоқ екенін ескеру;
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлер алдындағы Қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген міндеттемелердi ескеру қажет.
Ерекшелiктер бойынша жоспарлы тағайындаулар мен қаржыландыру лимиттерін кемiту, өз шегінде белгiленген тәртiппен мiндеттемелер қабылданбаған және тiркелмеген сомаға жүргiзiлуi мүмкiн, Ерекшелiктер бойынша жоспарлы тағайындаулар мен қаржыландыру лимиттерiн арттыру бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома шегінде, басқа ерекшелiктер бойынша оларды кеміту есебін жүзеге асырылуы мүмкін.
Ерекшелiктер бойынша жергiлiктi бюджет шығыстарының жылдық сомасын өзгерту жергiлiктi өкiлдi органның ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмінде көзделген бағдарлама (кiші бағдарлама) бойынша қаржы бөлу шегінде жүзеге асырылады.".
41. 101-тармақтағы "бекiтедi және" деген сөздер алынып тасталсын.
42. Мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын:
"102-1. Жергiлiктi бюджеттер шығыстарының тiзiмдемесін өзгерту кезінде тиiстi өзгерiстер жергiлiктi бюджеттердің қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер шығыстарының сметаларына енгiзiлуi тиiс.".
43. 103-тармақтың үшіншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кiрiстердi асыра орындау нәтижесiнде қаржы жылының басында алынған бюджет қаражатының бос қалдықтары, сондай-ақ кiрiстер бойынша өткен тоқсандағы асыра орындаудың сомасы ағымдағы жыл бюджетiнiң атқарылуы барысында жоғары тұрған бюджетке алынуға жатпайды.".
44. Мынадай мазмұндағы 103-1-тармақпен толықтырылсын:
"103-1. Мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттерден бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануын қайтару Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 607 бұйрығымен бекiтiлген Жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген және қаржылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға мемлекеттiк мекемелер пайдаланған бюджет қаражатын қайтару ережесіне сәйкес жүргiзiледi.".
45. 106-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "бақылауды" деген сөздiң алдынан "алдын ала" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы "бақылауды" деген сөздiң алдынан "алдын ала" деген сөздермен толықтырылсын.
46. 115-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қаржылық және бюджеттiк рұқсаттарды есепке алу;".
47. Мынадай мазмұндағы 141-1-тармақпен толықтырылсын:
"141-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша мемлекеттiк тапсырысты қаржыландырудың ерекше тәртiбін белгiлеуi мүмкін.".
48. 142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"142. Қаржыландыру нысаны белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тапсырыс ретiнде анықталған бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) екi топқа бөлінедi:
Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) көлемiне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар);
мемлекеттiк тапсырыстың құн бiрлiгiне есептей отырып қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар).
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әрбiр бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша әзiрлейтiн және бекiтетiн Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы ережеде қаржыландыру кезiнде қолданылатын, өзi бойынша бағдарламалардың жоғарыда көрсетiлген топтардың бiреуiне тиесiлiлiгi анықталатын мемлекеттiк тапсырыстың құнын есептеу қағидаты көрсетiледi. Осы Ереженi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынады.
Ағымдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт (келісім-шарт) ағымдағы қаржы жылы қайта тіркелген, өткен қаржы жылының міндеттемелерін шегере отырып, республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген жылдық соманың шегінде жасалуы мүмкін.".
49. 7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. 2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген жекелеген республикалық бюджеттiк бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру тәртiбi
152-1. Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) ай сайын қаржыландыру осы тарауда белгiленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы N 255 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік бюджеттің есебiмен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге арналған бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын (мерзiмдi және жылдық) жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жүргiзiледi.
Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын 2000 жылға арналған бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру заңнамада анықталған тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) орындауға арналған шарттар (келiсiм-шарттар) бөлінген қаржыландыру лимиттерiнiң сомасына жасалады. Бұл ретте келесi кезеңдегi шарттар (келiсiм-шарттар) бұрын жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) толығымен орындалған жағдайда ғана жасалады.
152-2. Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру 2000 жылдың екiншi тоқсанынан бастап кезең-кезеңiмен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетi ағымдағы айдың 3 күніне дейін ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Бюджет департаментіне (бұдан әрi - Бюджет департамент) ағымдағы айдың 1 күнгi жағдай бойынша ("Салық түсімдері", "Салыққа жатпайтын түсімдер", "Капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер", "Алынған ресми трансферттер (гранттар)" және "Бюджеттен берiлген несиелердi "өтеу" кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша) республикалық бюджетке түсетін түсiмдердiң iс жүзіндегi көлемін ұсынады.
Бюджет департаментi "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген жылдық сомадан республикалық бюджетке іс жүзінде түсетін түсiмдердiң деңгейін талдауды жүргiзедi және мынадай тәртіппен бағдарламаларды (кішi бағдарламаларды) қаржыландыруды жүзеге асырады;
бiріншi кезеңде (2000 жылғы 1 сәуiрден бастап) 2000 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң бекiтiлген түсiмдердiң жылдық сомасының кемiнде 20 пайызы көлемi кезiнде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) сәуiрде, мамырда және маусымда қаржыландыру осы айларға республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесінде (бұдан әрi - тiзiмдеме) көзделген соманың шегінде жүзеге асырылады. Егер 1 сәуiрдегi жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 20 пайызы құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) сәуiрде қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 мамырдағы жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 20 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) мамырда және маусымда қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 мамырдағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 20 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) мамырда қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 маусымдағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 20 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) маусымда қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегінде жүзеге асырылады. Егер 1 маусымдағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 20 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) мамырда қаржыландыру жүргiзiлмейдi;
екіншi кезеңде (2000 жылғы 1 шiлдеден бастап) 2000 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң бекiтiлген түсiмдердiң жылдық сомасының кемiнде 45 пайызы көлемi кезiнде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) шiлдеде, тамызда және қыркүйекте қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көздеген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 шiлдедегi жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 45 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) шiлдеде қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 тамыздағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 45 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) тамызда және қыркүйекте қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегінде жүзеге асырылады. Егер 1 тамыздағы жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 45 пайызын құрайтын болса онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) тамызда қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 қыркүйектегi жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 45 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қыркүйекте қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 қыркүйектегi жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 45 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қыркүйекте қаржыландыру жүргiзiлмейдi.
Екiнші тоқсанның бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) жоспарлы тағайындауларының қаржыландырылмаған қалдықтары 2000 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi бекiтiлген жылдық соманың кемiнде 45 пайызы болған кезде үдемелi қорытындылармен үшіншi тоқсанда қаржыландырылуы мүмкін.
үшіншi кезеңде (2000 жылғы 1 қазаннан бастап) 2000 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң бекiтiлген түсiмдердiң жылдық сомасының кемiнде 72 пайызы көлемi кезінде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қазанда, қарашада және желтоқсанда қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 қазандағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 72 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қазанда қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 қарашадағы жағдай бойынша iс жүзіндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 72 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қарашада және желтоқсанда қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 қарашадағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 72 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қарашада қаржыландыру жүргiзiлмейдi. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемінде 72 пайызы болған кезде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) желтоқсанда қаржыландыру осы айларға тiзiмдемеде көзделген соманың шегiнде жүзеге асырылады. Егер 1 желтоқсандағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi жылдық соманың кемiнде 72 пайызын құрайтын болса, онда бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) желтоқсанда қаржыландыру жүргізілмейді.
Екіншi және үшiншi тоқсанның бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) жоспарлы тағайындауларының қаржыландырылмаған қалдықтары 2000 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша iс жүзiндегi түсiмдердiң көлемi бекiтiлген жылдық соманың кемінде 72 пайызы болған кезде және 2000 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бекiтілген жылдық соманың кемiнде 100 пайызы көлемiнде күтiлетiн түсiмдер кезінде үдемелi қорытындылармен төртінші тоқсанда қаржыландырылуы мүмкін.
152-3. 2000 жылға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген түсiмдер жөніндегi жоспар толық көлемінде орындалмаған жағдайда бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жоспарлы тағайындаулардың қалдығын қаржыландыру сомасы түсiмдер бойынша 1 жылға арналған жоспарды жете орындамау сомасына кемiтiлуi мүмкiн.".
50. 161-тармақтағы "бағанында" деген сөз "жолында" деген сөзбен ауыстырылсын.
51. 170-тармақ мынадай мазмұндағы екiнші абзацпен толықтырылсын:
"Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк алуларды берудiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн және облыстық бюджеттердің аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне субвенцияларды бөлудiң шарттарын облыс әкiмдерi анықтайды және оны аудандық (қалалық) мәслихаттармен келiсiм бойынша облыстық мәслихаттар бекiтедi.".
52. 173, 174-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"173. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiс бөлiгi жете орындалмаған жағдайда республикалық бюджетке бюджеттiк алулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi кiрiс бөлiгінің атқарылу пайызына пропорционалды жүргiзiледi.
174. Бюджеттiк алу республикалық бюджет туралы заңда белгiленген сомалардың шегiнде және бюджеттiк алуларды облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiне сәйкес ай сайын бөлумен қаржы жылы бойы жүргiзiледi. Республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулардың сомасы бiр ай iшiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiмен айқындалған бюджеттiк алудың сомасынан асып түскен жағдайда, заңнамада белгiленген тәртiппен облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесіне өзгерiс енгізiледi.".
53. 175-тармақ "Бюджеттiк алулардың" деген сөздердiң алдынан "Республикалық бюджетке" деген сөздермен толықтырылсын.
54. Мынадай мазмұндағы 181-1-тармақпен толықтырылсын:
"181-1. Қазынашылықтың аумақтық органдары тиiстi жергiлiктi атқарушы орган қол қойған қаржылық рұқсаттардың және бюджеттiк алуларды аудандардың (қалалардың) бюджетiнен облыстық бюджетке аударуға арналған төлем тапсырмаларының негiзiнде қолданылып жүрген заңнамада көзделген аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк алулар бойынша рәсiмдердi орындайды.".
55. 182-тармақта:
"сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомаларын" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомалары мен сақтандыру өтеулерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ережесіне" деген сөзден кейiн ", оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға" деген сөздермен толықтырылсын.
56. Мынадай мазмұндағы 183-1-тармақпен толықтырылсын:
"183-1. Мемлекеттiк мекемеге, өзінің жанында орталықтандырылған бухгалтерия ұйымдастырылған мемлекеттiк мекемеге бiр ағымдағы шот "Ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат", бір демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн шот және бiр депозит шоты ашылады.".
57. 186, 190, 196-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"186. Ақылы қызмет көрсетуді сатудан алынатын қаражат алатын бар мемлекеттiк мекемелер жыл сайын ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алатын қаражат бойынша кiрiстер мен шығыстардың жеке сметасын (бұдан әрi - жеке смета) жасайды.";
"190. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынған жиынтық сметаларды тиiстiлiгi бойынша функционалдық басқармалар қарайды және Бюджет департаментіне жетекшiлiк ететін Қаржы вице-министрi бекiтедi.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынған жиынтық сметаларды тиiстi жергiлiктi қаржы органдарының басшылары бекітедi.
Бекiтiлген жиынтық сметаның бiр данасы жиынтық сметаны бекiткен ұйымда (Қаржы министрлiгi немесе жергiлiктi қаржы органы) қалады, бiр данасы бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне берiледi.
Әрбiр мемлекеттiк мекеменің жеке сметасын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсінің басшысы үш данада бекiтедi. Мемлекеттiк мекеменің жеке сметасын бекітілген жиынтық сметасы болмаған жағдайда бекiтуге жол берiлмейдi.
Бекiтiлген жеке сметаның бiр данасы бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсінде қалады.
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi смета осы бекiтiлген мемлекеттiк мекемеге осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жиынтық сметаның көшiрмесiмен бiрге, бекiтiлген жеке сметаның екi данасын бередi.
Мемлекеттiк мекеме бекiтiлген жеке сметаның бiр данасын өзіне қалдырады бекітiлген жеке сметаның бiр данасын Қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.
Ақылы қызмет көрсетулер бойынша кiрiстер мен шығыстардың жылдық сомасы ұлғайған жағдайда, жаңа жеке және жиынтық смета жасалады және белгiленген тәртiппен бекiтiледi.";
"196. Мемлекеттiк мекемелердiң қаражатты бюджеттiк шоттардан және заңнамаға сәйкес ашылатын басқа да шоттардан "Ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат" шотына аударуына тыйым салынады.".
58. Мынадай мазмұндағы 196-1-тармақпен толықтырылсын:
"196-1. "Ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражат" ағымдағы шот бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар бойынша банктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеудi ақылы қызмет көрсетулерге сатудан алынатын қаражаттың есебiнен мемлекеттiк мекеме өзi мен екіншi деңгейдегi банк арасындағы шарттың негiзінде жүргiзедi. Жоспарлау кезінде осы сома осы қаражат бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасының шығыс бөлiгiнде көрсетiледi.".
59. 198-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"198. Ағымдағы шот бойынша операцияларды шотты ашуға (әрекет ету мерзiмін ұзартуға) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң, Қазынашылықтың аумақтық "органының немесе жергiлiктi қаржы органдарының алынған рұқсаты негізiнде шоттағы ақша қалдықтарының шегiнде Қазынашылықтың аумақтық органдары бақылайды.".
60. 201-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"201. Депозиттiк шот мемлекеттiк мекеменің уақытша билiк етуi үшін түсетін және белгiлі бір жағдайлар орнаған кезде мемлекеттік бюджетке есепке алуға немесе қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес енгізушiлерге қайтаруға жататын қаражатты есепке алу үшін жұмсау құқығынсыз мемлекеттiк мекемелерде, сондай-ақ сот атқарушыларының орындау құжаттарына ақы төлеу мақсатында борышкерлерден, үшiнші тұлғалардан алынатын, борышкерлердiң тұтқынға алынған мүлкiн сатудан алынатын ақша сомасын алуы үшін, борышкердiң атынан мемлекеттік нотариустың атына ақшаларды есептеу үшін, оларды несие берушiге беру үшін, пайдасына жарна төленген тұлғаның жазбаша келiсiмiмен депозитке салған тұлғаға немесе сот шешімi бойынша ақшаны қайтару үшiн, кредиторға беру үшін және белгіленген уақыты өткен талап етiлмеген ақшаны республикалық бюджетке есептеу үшін аумақтық әдiлет органдарында ашылады.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсіне тiкелей есепке алуға жататын және салымшылардың қайтаруына жатпайтын қаражат үшін мемлекеттік мекемелерге депозиттік шоттар ашылмайды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің түзеу мекемелеріне және тергеу изоляторларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң Қатаң бақылаудағы республикалық психиатриялық ауруханасына депозиттiк шоттар сотталғандардың, қылмысының жасалуына күдiктілердің және айыпкерлердің, психиатриялық ауруханалардағы пациенттердің жеке ақшаларын есепке алу үшін және осы қаражатты заңнамалық кесiмдермен көзделген мынадай шығыстарға пайдалану үшiн депозиттiк шоттар ашылады:
азық-түлiк тағамдарын, бiріншi қажетті бұйымдарды сатып алуға;
жақын туыстарға және өзге де адамдарға ақша аударымдарын, сәлемдемелердi, бандеролдарды жөнелтуге;
қалааралық телефонмен сөйлесуге ақы төлеуге;
сауда желiлерi арқылы әдебиеттер сатып алуға, газеттер мен журналдарға жазылуға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарға және психиатриялық ауруханалардан шыққан пациенттерге ақшасының қалдығын қайтару.
Ақыл-есi кемiс балаларға арналған интернат үйлерiне, психоневрологиялық интернаттарға асырандылардың жеке шотынан ақшаны есептеу үшін, осы қаражатты асырандылардың жеке мақсаттарына:
азық-түлiк өнімдерін қосымша сатып алуға;
қосымша медициналық көмек көрсетуге;
дәрi-дәрмектердi қосымша сатып алуға киiм-кешектер, аяқ-киiмдер мен бiрiнші кезектегi қажет заттарды, гигиена жабдықтарын қосымша сатып алуға;
төсек және іш киімдерді қосымша сатып алуға жұмсау құқығымен депозиттік шоттар ашылады.".
61. 204-тармақтағы "республикалық" деген сөз "тиiстi" деген сөзбен ауыстырылсын;
62. 205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"205. Қолма қол ақшаларды депозиттiк шотқа есепке алу жөніндегi және депозиттiк шоттан қайтару жөніндегi банктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу мемлекеттiк мекеме мен екінші деңгейдегi банктiң арасындағы шарттың негiзінде мынадай:
заттай айғақтар ретiнде алынған ақша қаражаттары мен тәркіленген мүлiкті сатудан алынған ақша қаражаттарын депозиттiк шотқа есепке алу кезінде және оларды қайтарған кезде банктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу прокуратура, алдын ала тергеу, жауап алу және сот сараптамасы органдарының сондай-ақ салық қызметі және кедендiк органдарының шығыстар сметасының есебiнен жүргiзiлетiн;
атқарушы құжаттар бойынша сомаларды өндiрiп алушыға өтеу үшiн борышкерден алынған сомаларды есепке алу, сомаларды депозиттiк шоттан өндiрiп алушыға беру және қалдық соманы борышкерге қайтару кезiнде банктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу борышкердiң есебiнен жүргiзiлетiн жағдайларды қоспағанда депозиттiк соманы енгізген тұлғаның есебінен жүргізіледі.".
63. 214-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"214. Бюджеттiк ақшаның есебiнен конверсияланған, ағымдағы жылы пайдаланылмаған шетел валютасындағы ақша қалдықтары ағымдағы жылдың аяғына дейiн тиiстi бюджеттiк шоттарға қалпына келтiрiлуi тиiс.".
64. 216-тармақта:
төртiншi абзац "тiркеу куәлiгiн" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтiк құқықтық кесiмдер көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
сегiзiншi абзацта:
"үш" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"46" деген сан "45-1" деген санмен ауыстырылсын;
65. 220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"220. Мемлекеттiк мекеме ұсынған құжаттардың негiзiнде облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласы Қазынашылық басқармасы уәкiлетті тұлғалардың қолдарымен екi данада (бiрiншi данасы күннiң құжаттарына тiгiледi, екiншiсi Х-400 электронды почта және фельдъегерлiк байланыс бойынша Қазынашылық комитетіне жiберiледi) айырбастауға (N 45-2 қосымша) өтініштi ресiмдейдi.".
66. 221-тармақтың үшінші абзацындағы "906810 шот" деген сөз "035906610 шот" деген сөздермен ауыстырылсын.
67. 222-тармақ мынадай реакцияда жазылсын:
"222. Қазынашылық комитетiнде жабық электронды почта бойынша төлемдердi қабылдау жөнiндегi жауапты атқарушы криптографиялық қорғаныстың барлығын тексереді, криптографиялайды және "криптографияланды" деген белгi, күнi мен қолын қояды.
Конвертациялық операциялар жөнiндегi жауапты атқарушы өтiнiштегi деректемелердiң толықтығы мен дұрыстығын операцияның мақсаты мен мазмұнын, өтініште операцияларды жүргiзу үшін негiздемедегi сiлтеменiң болуын тексередi, "тексерiлдi" деген белгi, күні мен қолын қояды.
Ұсынылған өтініштердiң ресiмделуінің дұрыстығын тексергеннен кейiн Қазынашылық комитетi екi данада айырбастауға өтiнiш (N 46 қосымша), сондай-ақ уәкiлеттi тұлғалардың қолдарымен екi данада тiзiмiн (N 47 қосымша) жасайды, көрсетiлген өтініштер Х-400 жабық электронды почта бойынша және факсимильдi байланыс бойынша (түпнұсқа - фельдъегерлiк байланыс бойынша) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментіне жiберiледi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментi шетел валютасын айырбастайды және валюталардың түрлерiне байланысты Қазынашылық комитетiнiң корреспонденттiк шоттарына есепке алады. Бұл ретте, олар бойынша теңгелiк жабу Монетарлық операциялар департаментімен алматы уақытымен операциялық күннiң 15 сағатына дейiн түсетін өтiнiш сол күні орындалады. Олар бойынша теңгелiк жабу 15 сағаттан кейiн түсетiн өтiнiш келесi операциялық күнi орындалады.".
68. 11-бөлiмде:
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Шетел валютасын қайта айырбастау жөніндегi операциялар";
229-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"229. Қазынашылық комитетінде құжаттарды жүргiзудiң тәртiбi соңғы абзацты қоспағанда, 222-тармақпен бiрдей.
Сондай-ақ облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласының Қазынашылық басқармаларындағы шотта ақшаның бар-жоғы тексерiледi."
233-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Салықтық төлемдер мен алымдарды қайта айырбастаудың тәртiбi осы тарауда айтылған тәртiпке ұқсас.";
234-тармақта:
төртiншi абзац "тiркеу куәлiгiн" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтiк құқықтық кесiмдер көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
жетіншi абзацтағы "үш" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
236, 237-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"236. Ұсынылған құжаттардың негiзiнде облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласының Қазынашылық басқармалары екi данада аударуға өтiнiш (төлем тапсырысы) (N 49 қосымша) жасайды:
бiрінші данасы облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласының Қазынашылық басқармасының күн құжаттарына тiгiледi;
екiншi данасы Х-400 жабық электронды почта бойынша және түпнұсқасы - фельдъегерлiк байланыс бойынша Қазынашылық комитетіне жiберiледi.
237. Қазынашылық комитетінің жабық электронды почта бойынша төлемдердi қабылдау жөнiндегi жауапты атқарушы облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласы Қазынашылық басқармасы ұсынған құжаттарда криптографиялық қорғаныстың барлығын тексередi, криптографиялайды және "криптографияланды" деген белгi, күн мен қолын қояды.
Аударма операциялары бойынша жауапты атқарушы деректемелердiң толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын, облыстық (Алматы қалалық және Алматы облыстықтан басқа) және Астана қаласының Қазынашылық басқармасының шотында ақшаның бар-жоғын операциялардың мақсаты мен мазмұнының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгін, аударуды жүргiзу үшiн негiздемеге сiлтеменiң бар болуын тексередi. Тексеруден кейiн "тексерiлдi" деген белгi, күнi мен қолы қойылады.
Қазынашылық комитетiнде аударуды ресiмдеген кезде үш данада еркiн айырбасталымды валютада аударуға өтініш (ААВ-да төлем тапсырысы) және екi данада уәкiлеттi тұлғалардың қолдарымен тiзiмi жасалады. Бiріншi даналары Қазынашылық комитетінің күндiк құжаттарында қалдырылады, ал қалған даналары Х-400 жабық электронды почта, факсимильдi байланыс бойынша және түпнұсқасы - фельдъегерлiк байланыс бойынша Монетарлық операциялар департаментіне жiберiледi.
5-тарауда:
барлық септеулерде қолданылатын "Орталық", "Бас Алматы аумақтық басқармасы" деген сөздер алынып тасталсын;
"Астана қаласы" деген сөздерден кейiн "және/немесе Алматы, қаласы" деген сөздермен толықтырылсын;
241-тармақ мынадай мазмұндағы бiрiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармасы мемлекеттiк мекемелердi қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалымен "Қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргiзудiң тәртiбi туралы" Келiсiм жасайды.";
242-тармақтағы "келiсiм-шартқа" деген сөздер "Келiсiмге" деген сөзбен ауыстырылсын;
243-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"243. Бюджеттiк шоттан қолма-қол шетел валютасын алу үшін мемлекеттiк мекеме Астана және/немесе Алматы қалаларының Қазынашылық басқармаларына айырбастауға арналған өтiнiштi, iссапарға арналған бұйрықты және шығыстар сметасын ұсынады. Өтiнiштi тексергеннен кейiн Астана және/немесе Алматы қалаларын Қазынашылық басқармаларының жауапты атқарушысы 219-тармаққа ұқсас тиiстi бухгалтерлiк хаттау жүргiзедi. Бiр уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының филиалына қолма-қол шетел валютасын алу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының филиалында ашылған Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармаларының корреспонденттiк шотының нөмiрін көрсете отырып айырбастауға өтініш бередi. Ұлттық Банктiң Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының филиалының жауапты атқарушының рұқсат берген қолын алғаннан кейiн Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармасы теңгелiк жабуды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментiне аударады бұл ретте, 221-тармаққа ұқсас бухгалтерлiк хаттау жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Астана қаласындағы және/немесе Алматы қаласындағы филиалы Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармаларының өтініштерiнiң негiзiнде уәкiлетті тұлғалардың қолдарымен айырбастауға өтінішті ресiмдейдi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментіне ұсынады.
245-тармақта:
бiрінші абзацтың екіншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан, әрi мемлекеттік мекеме Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармасына белгiленген тәртiппен ресiмделген қолма-қол шетел валютасын алуға сенімхат ұсынады.";
екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
246-тармақтағы "Қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының деген сөздер "Астана қаласының және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
248-тармақтың бiрінші абзацындағы "қазынашылықтың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларына" деген сөздер "Астана қаласы және/немесе Алматы қаласының Қазынашылық басқармасының валюта бөлiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
249-тармақ алынып тасталсын;
69. Мынадай мазмұндағы 11-1-бөлiммен толықтырылсын:
"11-1-бөлiм. Мемлекеттiк борышты, мемлекеттiк бағалы қағаздарды төлеу жөніндегi төлемдердi жүргiзу және электронды құжаттарды беру үшiн депозиттердi терминал арқылы орналастыру.
1-тарау. Сыртқы борышты (негiзгi борыш, проценттер, өзгелер) төлеу
253-1. Сыртқы борышты төлеу үшін Үкiметтiк борыш пен резервтi жоспарлау, оған қызмет көрсету басқармасы Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына Қазынашылық комитетi Төрағасының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның рұқсат берген қолымен ақы төлеуге өтініш (N 51-1 қосымша) бередi.
Сыртқы борышқа ақы төлеуге арналған өтiнiштiң негiзiнде Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы қарапайым нысанда лимиттердi ашуға өтініш жасайды және оны Республикалық бюджеттiң атқарылуы басқармасына ұсынады. Лимиттердi ашуға арналған өтiнiште көрсетiлген сомаға Республикалық бюджеттiң атқарылуы басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне қазынашылық рұқсат (N 12 қосымша) жазып бередi.
Қазынашылық рұқсаттармен бөлінген бюджет ақшасының лимиті Қазынашылық комитетінің, бюджеттік шотына түскеннен кейін Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына екi данада:
теңгені шетел валютасына айырбастауға төлем тапсырмасын (N 50 қосымша);
аударуға арналған өтiнiштi (N 49 қосымша);
шетел валютасын сатып алуға арналған өтініштi (N 46 қосымша);
ұсынылған құжаттардың тiзiмiн (N 47 қосымша) ұсынады.
Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы валюталық операциялар бөлiмінің жауапты атқарушысы ұсынылған құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын тексереді.
Құжаттардың бiріншi даналары Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасында қалады және үш данада аударуға арналған өтiнiштi, екi данада шетел валютасын сатып алуға арналған өтінiш пен ұсынылған құжаттардың тiзiмiн ресiмдеу және теңгенi шетел валютасына айырбастауға арналған төлем тапсырысының электронды образын қалыптастыру үшiн негiз болып табылады. "Қабылданды" деген белгiсi бар құжаттардың екiншi даналары Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына қайтарылады. Төлем тапсырысының электронды образы iрi төлемдер жүйесi арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Монетарлық операциялар департаментiне электронды почта бойынша жiберiледi, бұл ретте, сыртқы борышты төлеуге арналған сома Бiрыңғай қазынашылық шоттан (889-шот) Монетарлық операциялар департаментінің шотына (906-шот) аударылады. Басқарманың жауапты атқарушысы төлем жүйелерiн тексергеннен кейiн төлем тапсырысының электронды образы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментiне берiледi. Шетел валютасын сатып алуға арналған өтiнiш, ұсынылған құжаттардың көшiрмесi мен аударуға арналған өтiнiштiң екi данасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментiне ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментi теңгенi шетел валютасына айырбастайды және оны валюталардың түрлерi бойынша Қазынашылық комитетінiң корреспонденттiк шоттарына есепке алады.
Мемлекеттік борышқа ақы төлеудi жүргiзу үшiн Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасына төлем тапсырысын (N 3 қосымша) ұсынады. Бұл ретте, мынадай бухгалтерлiк жазба жүргiзiледi:
120814 "Қазынашылық комитетінің бюджеттiк шоты" шотының дебетi;
794 "Ішкi және сыртқы мемлекеттiк борышты есептеу жөнiндегi транзиттік шот" шотының кредитi.
Бiр мезгiлде мемориалды ордерді қалыптастыра отырып екiншi жазба жүргізедi:
794 "Iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты есептеу жөніндегi транзиттiк шот" шотының дебетi;
120200 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің шығыстарын көтеру жөніндегi бақылау шоты" шотының кредитi.
Операциялардың жүру шамасы бойынша Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасы банктiк жазбалар ұсынады:
120814 "Қазынашылық комитетiнiң бюджеттiк шоты" шоты бойынша Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына;
794 "Ішкi және сыртқы мемлекеттiк борышты есептеу жөніндегi транзиттiк шот" шоты бойынша Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына, бұл ретте, шоттағы қалдық нөл болуы керек. Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы мемлекеттiк борышқа ақы төлеу жөніндегi операциялардың (ақша айырбастау және аудару) жүру шамасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетінің шоттары бойынша валюталардың түрлерiне орай Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына банктiк жазбаларды ұсынады.
2-тарау. Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша негiзгi борышты өтеу, проценттердi және комиссиялық төлемдердi төлеу
253-2. Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша негiзгi борышты өтеу, проценттердi және комиссиялық төлемдердi төлеу үшін Үкiметтiк борышты және резервтi жоспарлау, оған қызмет көрсету басқармасы Қазынашылық комитетi Төрағасының немесе оның орнын алмастыратын тұлғаның рұқсат етiлген қолымен қорытынды (N 50-2 қосымша) жасайды.
Қорытындыға сәйкес Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы лимиттердi ашуға өтінішін жасайды және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң қазынашылық рұқсатын (N 12 қосымша) жазып беретiн Республикалық бюджеттiң атқарылуы басқармасына ұсынады.
Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасы қазынашылық рұқсатты есепке алғаннан кейiн Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына екi данада негiзгi борышты төлеуге, проценттер мен комиссиялық төлемдердi төлеуге төлем тапсырысын (N 3 қосымша) ұсынады. Бiріншi данасы Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына, екiншi данасы Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына "қабылданды" деген белгi қойылып қайтарылады.
Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы төлем тапсырысының негiзінде негiзгi борышты төлеудi, проценттер мен комиссиялық төлемдерді (N 3 қосымша) төлеудi жүргiзедi.
Мемлекеттiк борышқа ақы төлеудi жүргiзу үшiн Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасына төлем тапсырысын (N 3 қосымша) ұсынады. Бұл ретте, мынадай бухгалтерлiк жазба жүргiзiледi:
120814 "Қазынашылық комитетiнiң бюджеттік шоты" шотының дебетi;
794 "Iшкi және сыртқы мемлекеттік борышты есептеу жөніндегi транзиттiк шот" шотының кредитi;
Бiр мезгiлде мемориалды ордерді қалыптастыра отырып, екінші жазба жүргiзiледi:
794 "Iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты есептеу жөнiндегi транзиттік шот" шотының дебетi;
120200 "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің шығыстарын көтеру жөнiндегi бақылау шоты" шотының кредитi.
Операциялардың жүру шамасы бойынша Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасы банктiк жазбалар ұсынады:
120814 "Қазынашылық комитетiнiң бюджеттiк шоты" шоты бойынша Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына;
794 "Iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты есептеу жөнiндегi транзиттiк шот" шоты бойынша Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына, бұл ретте, 794 баланстық шоттағы қалдық нөл болуы керек.
3-тарау. Депозиттi орналастыру
253-3. Уақытша бос ақшаны Бiрыңғай қазынашылық шоттан салымдарға орналастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Депозитті орналастыруға арналған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Қазынашылық комитетiнiң Yкiметтік борыш пен резервтi жоспарлау, оған қызмет көрсету басқармасы Қазынашылық комитетінің Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасына оның негiзiнде соңғысы уақытша бос ақшаның сомасына Бiрыңғай қазынашылық шоттан салымдарға ақша аударуға төлем тапсырысты ресiмдейтiн Депозиттi орналастыруға арналған шартты ұсынады.
Төлем тапсырысының ресiмделуiнiң дұрыстығын тексергеннен кейiн Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептiлiк басқармасы Бiрыңғай қазынашылық шоттан салымдарға ақша аударуға төлем жүргiзедi және оны электронды почта бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жiбередi.
Уақытша бос ақшаны салымдарға орналастыру Шартта айтылған мерзімдерге және ережемен жүргізіледі.".
70. 282-тармақтағы "келесi күннен кешiктiрiлмей" деген сөздер "үш банктiк күннiң iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
71. Мынадай мазмұндағы 285-1, 289-1, 290-1-тармақтармен толықтырылсын:
"285-1. Сол төлемдер бойынша iшкi және сыртқы корреспонденттiк және қосалқы корреспонденттiк шоттардың алшақтығын үш банктiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi. Егер төлем үш банктiк күннiң iшінде реттелмесе, онда облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармалары Қазынашылық комитетiне алшақтықтың себебi, қолданылып жатқан шаралар мен реттеу мерзiмдерi туралы түсiнiктеме жазба ұсынады. Корреспонденттiк және қосалқы корреспонденттiк шоттар бойынша қаржы жылының аяғында алшақтық болуға жол берiлмейдi.";
"289-1. Есептi кезеңде (қорытынды айналымдар) мемлекеттiк мекемелер 032-А (132-А) "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" нысанында саналатын өткен жылдың 31 желтоқсаны бойынша лимиттер қалдығының есебiнен шығыстарды жұмсамайды, жекелеген шығыс операцияларына есептi кезеңде мемлекеттiк мекемелерге "қорытынды айналымдар" белгiсi бар алынған қазынашылық немесе қаржылық рұқсаттардың негiзiнде жүргiзуге рұқсат етiледi.";
"290-1. Қорытынды айналымдардың кезеңінде iшкi және сыртқы Қазынашылықтың аумақтық органдарының корреспенденттiк шоттарындағы және Қазынашылықтың аудандық бөлiмдерінің қосалқы шоттарындағы алшақтыққа жол бермеу үшін:
1) қорытынды айналымдармен қолма-қол ақша беру бойынша кассалық шығыс жүргiзуге, ал 889-шоттан - ағымдағы жылмен қайтаруға тыйым салынады;
2) iшкi корреспонденттiк шот бойынша төлемдердi сыртқы корреспонденттiк шотқа есепке алынған жылмен қабылдауға, сондай-ақ қосалқы корреспонденттiк шот (885, 886) бойынша да төлемдердi жүргiзуге;
3) қорытынды айналымдар бойынша төлемдер оң жақ жоғары бұрышына "қорытынды айналымдар" деген айрықша жазбамен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдары арқылы ресiмделедi. "Z" айрықша белгiсi қойылған корреспонденттiк шотқа түскен сомалар ақшаны тиiстi бюджеттік шотқа есепке ала отырып, iшкi коршот бойынша қорытынды айналымдармен көрсетілсін.".
72. 292-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Транзиттiк бюджеттiк шоттардың қалдықтары (б/ш 100, 120) қорытынды айналымдардың соңғы күнi жабылады.".
73. 294, 295-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"294. Республикалық бюджеттен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер Қазынашылықтың аумақтық органдарынан қаржы жылы аяқталғаннан кейiн қорытынды айналымдарға дейiн және қорытынды айналымдардан кейiн "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлінген лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосын" алып, өзiнiң есеп мәлiметтерiмен салыстырады. Қазынашылықтың аумақтық органдарына қорытынды айналымдардан кейiн мемлекеттiк мекеменің қолдарымен және мөрлерiмен расталған 032-А нысандары қайтарылады. Қазынашылықтың аумақтық органдары бес данадағы ведомосты алған кезде үш күндiк мерзiмнен кешiктiрмей қолдармен және мөртаңбамен растайды. Ведомостың екi данасы Қазынашылықтың аумақтық органдарында қалады, үш данасы мемлекеттік мекемеге берiледi, оның ішінде екеуi шығыстар сметасының атқарылуы туралы жылдық есептiң құрамында қызмет көрсетушi Қазынашылықтың аумақтық органына және жоғары тұрған мемлекеттiк мекемеге ұсынылады.
295. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемеге қаржы бөлудi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың өкiмшiлерi олардан ұсынылған ведомостың (N 032-А нысан) негiзінде осы ведомосқа олардың тiкелей өздерінің бюджеттiк шоттарынан алған сомасын қоса алғанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бөлiгiнде лимиттердi төмен тұрған таратушылардың есепті жылғы кассалық шығыстарының сомасы толтырылатын N 1 нысан бойынша республикалық бюджеттен алынған қаражат туралы ведомость жасайды. N 1 нысанның ведомосы (0503061-код) төрт данада теңгемен жасалады және 25 қаңтардан кешiктiрмей бақылау және қол қою үшiн тиiстi облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармасына берiледi. Ведомостың екi данасы облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармасында қалады екi данасы, өз кезегiнде, бiр данасы лимиттердi бас таратушыға берiлетiн лимиттерi таратушыға жiберiледi.".
74. 297-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"297. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi. 032-А нысанының және лимиттердi төмен тұрған таратушылардан алынған ведомостардың негiзiнде соманы мың теңгемен көрсете отырып, N 2 нысан (0503063-код) (N 54 қосымша) бойынша бюджеттен алынған қаражат туралы жиынтық ведомосты жасайды және 30 қаңтардан кешiктiрмей үш данада Қазынашылық комитетiне бередi.
Сыртқы заемдардан қаражат алған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi N 2 нысанның (0503063-код) ведомосында көрсетiлген соманы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк қарыз алу департаментінде растайды.
Банктiк операциялар бойынша Қазынашылық комитетінің жауапты қызметкерлерi республикалық бюджет бойынша жүргiзiлген кассалық шығыстар туралы жиынтық есептiк деректердi республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерінің деректерiмен салыстырады. Расталған ведомостың екi данасын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады, үшiншi данасын өзiнде республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуы туралы жылдық есеп жөніндегi iс-қағазда қалдырады.".
75. 305-тармақтың бiрінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Барлық төлем құжаттарын қабылдағаннан, Қазынашылықтың аумақтық
органдары бюджет бойынша түсiмдердi таратқаннан, шығыстарды жұмсағаннан
кейiн күн сайынғы және ай сайынғы есептік ведомостар қалыптастырылады және
мемлекеттiк мекемелерге және тиiстi салық және жергiлiктi қаржы
органдарына берiледi:".
76. N 3 қосымша N 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
77. N 7 қосымша алынып тасталсын.
78. N 8 қосымша N 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
79. N 9 қосымшада 2, 3-бағандардың атауындағы "чектiң" деген сөз
"төлем тапсырысының" деген сөздермен ауыстырылсын.
80. NN 3-8 қосымшаларға сәйкес NN 9-1 - 9-6 қосымшалармен
толықтырылсын.
81. NN 18, 21 қосымшалар NN 9, 10 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын.
82. N 49 қосымша N 11 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
83. NN 12, 13 қосымшаларға сәйкес NN 45-1, 45-2 қосымшалармен
толықтырылсын.
84. NN 14, 15 қосымшаларға сәйкес NN 50-1, 50-2 қосымшалармен
толықтырылсын.
85. N 52 қосымшада 2-баған "аты-жөні" деген сөздерден кейiн
", атқарып отырған лауазымы" деген сөздермен ауыстырылсын.
86. N 54 қосымша N 16 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Алушы-банкке түскені Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 1 қосымша
N 3 қосымша
N _____ төлем тапсырмасы
______ жылғы "___"___________ ж.
(үзінді көшірменің күні)
сомасы
Ақшаны жөнелтуші _________________________ ЖСК Коды
(атауы)
-------------------
СТН ______________________________________ БСК
Алушы-банк _______________________________
(атауы)
----------------------------------------------
Бенефициар _______________________________ -------------------
(атауы) ЖСК БеК
СТН ______________________________________
-------------------
Бенефициардың банкі ______________________ БСК
(атауы)
--------------------------------------------------------------------
Делдал-банк БСК
---------------------------------------------------------------------------
Сомасы жазумен:
Тауарды (қызметтер көрсетуді) алған күн Төлем мақсатының
__________________________________________ коды
Төлемнің мақсаты: ___________________________________ Бюджеттік
(тауардың, орындалған жұмыстардың, сыныптаманың
көрсетілген қызметтердің атауы, коды
_____________________________________________________ Валюталандыру
тауар құжаттарының нөмірі мен күні, шарттың нөмірі күні
мен күні және өзге де деректемелері көрсетіле отырып)
Алушы-банктің жүргізгені
______ жылғы "___"_________
М.О. ________________________
(ақша жөнелтушінің қолы) ___________________________
(жауапты орындаушылардың қолдары)
Мөртабанның орны
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 2 қосымша
N 8 қосымша
________________________________________
Қазынашылықтың аумақтық органының атауы
Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер бойынша артық төлеуді
салық төлеушілерге қайтаруға арналған
төлем тапсырмаларын тіркеу
журналы
Журналды барлық парақтары осы үлгі бойынша басылсын
---------------------------------------------------------------------------
тіркеу!Төлем тапсыр. !Қайтару !Бюджеттің!шот!Қайтару !Бюджеттің! шот
N !масының дерек.!жүргізіле. ! атауы ! N !есепке ! атауы ! N
!темелері !тін кодтың ! ! !алынатын ! !
!--------------! N ! ! !кодтың N ! !
! күні ! N ! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9
---------------------------------------------------------------------------
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
жалғасы
---------------------------------------------------------------------------
Төлем тапсыр. ! Төлем тапсыр.!Қайтарудың !Төлеуші, ! Орындалуы !Орындаушы
масы бойынша !масын ресімде.!негіздемесі!оның де. ! туралы !
сомасы !ген салық ор. ! !ректеме. ! белгі !
!ганының атауы ! !лері ! !
---------------------------------------------------------------------------
10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 ! 15
---------------------------------------------------------------------------
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 3 қосымша
N 9-1 қосымша
Әзірленген күні ____________
Уақыты _____________________
603-н.
Республикалық және жергілікті бюджеттер
арасында түсімдердің бөлінуін
бақылау тізімдемесі
МФО __________________ Күні ______________
________________ ОҚБ
-------------------------------------------------------------
Кіріс коды ! Түсімдердің атауы ! Республикалық бюджетке бөлу
! ! нормативі
-------------------------------------------------------------
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
Қазынашылық басқармасының бастығы ____________________
Жергілікті қаржы органының
басшысы ______________________________________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
салық комитетінің бастығы ____________________________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 4 қосымша
N 9-2 қосымша
Әзірленген күні ____________
Уақыты _____________________
604-н.
Облыстық мәслихат бекіткен нормативтерге
сәйкес аудандар мен қалалардың бюджеттеріне
түсетін түсімдердің бөлінуін
бақылау тізімдемесі
МФО __________________ Күні ______________
________________ ОҚБ
-------------------------------------------------------------
Кіріс коды ! Бөлуге арналған қаржы органы ! Бөлу
! ! нормативі
-------------------------------------------------------------
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
Қазынашылық басқармасының бастығы ____________________
Жергілікті қаржы органының
басшысы ______________________________________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
салық комитетінің бастығы ____________________________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 5 қосымша
N 9-3 қосымша
Әзірленген күні ____________
Уақыты _____________________
605-н.
Республикалық және жергілікті бюджеттер
арасында түсімдерді бөлу
тізімдемесі
МФО __________________ Күні ______________
________________ ОҚБ
-------------------------------------------------------------
Кіріс коды ! Түсімдердің атауы ! Жергілікті бюджет үшін
! ! бөлу нормативі
-------------------------------------------------------------
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
Қазынашылық басқармасының бастығы ____________________
Жергілікті қаржы органының
басшысы ______________________________________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
салық комитетінің бастығы ____________________________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 6 қосымша
N 9-4 қосымша
Әзірленген күні ____________
Уақыты _____________________
606-н.
Жергілікті бюджеттерге есепке алынатын
түсімдердің тізбесі
МФО __________________ Күні ______________
________________ ОҚБ
-------------------------------------------------------------
Кіріс коды ! Түсімдердің атауы
-------------------------------------------------------------
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
Қазынашылық басқармасының бастығы ____________________
Жергілікті қаржы органының
басшысы ______________________________________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
салық комитетінің бастығы ____________________________
Республикалық бюджетке тиесілі салықтар жоқ __________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 7 қосымша
N 9-5 қосымша
Әзірленген күні ____________
Уақыты _____________________
607-н.
Республикалық бюджетке аударылатын
түсімдердің тізбесі
МФО __________________ Күні ______________
________________ ОҚБ
-------------------------------------------------------------
Кіріс коды ! Түсімдердің атауы
-------------------------------------------------------------
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
Қазынашылық басқармасының бастығы ____________________
Жергілікті қаржы органының
басшысы ______________________________________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
салық комитетінің бастығы ____________________________
Жергілікті бюджетке тиесілі салықтар жоқ __________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 8 қосымша
N 9-6 қосымша
Әзірленген күні ____________
Уақыты _____________________
611-н.
_________________ Бюджетке
(бюджеттің атауы)
есепке алуға рұқсат етілмейтін
кірістер кодтарының тізбесі
Жергілікті қаржы органының басшысы
_____________________ _______ жылғы ______________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
салық комитетінің бастығы
_____________________ _______ жылғы ______________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
Қазынашылық басқармасының бастығы
_____________________ _______ жылғы ______________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 9 қосымша
N 18 қосымша
3-нысан
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың қаражатты жұмсауы туралы
Ақпарат
_________________________ Қазынашылық комитетінің төрағасы _________
(республикалық бюджеттік (қолы)
бағдарламалар әкімшісінің __________________
атауы), коды (аты-жөні, тегі)
Күні _____________
Уақыты ___________
Өлшем бірлігі: мың теңге
---------------------------------------------------------------------------
Функционалдық топ ! ! 1 жылға ! Есепті
Бағдарлама ! Атауы ! нақтыланған ! кезеңге
Кіші бағдарлама ! ! тізімдеме ! нақтыланған
Ерекшелігі ! ! (жоспар) ! тізімдеме
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
Кіші бағдарлама
бойынша жиыны
Бағдарлама бойынша
жиыны
Республикалық
бюджеттік
бағдарламалардың
әкімшісі бойынша
жиыны
---------------------------------------------------------------------------
жалғасы
---------------------------------------------------------------------------
Қаржыландыру лимиттері ! Кассалық ! Пайдаланылмаған
--------------------------------------! атқарылуы ! лимиттердің қалдығы
Қазынашылық! Мақсатсыз ! Барлығы ! ! (8-11)
рұқсаттар ! пайдаланғаны ! (8+9) ! !
!үшін қайт.алулар! ! !
---------------------------------------------------------------------------
8 ! 9 ! 10 ! 11 ! 12
---------------------------------------------------------------------------
Қазынашылық комитеті Бухгалтерлік есеп
және есептілік басқармасының бастығы _________ ______________
(қолы) (аты-жөні)
Жауапты орындаушы ________ _____________
(қолы) (аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 10 қосымша
N 21 қосымша
____ ж. "___"________ N ___ қорытындының негізінде Бекітемін
____ ж. арналған республикалық бюджет шығыстарының Қазақстан
тізімдемесін өзгерту туралы Республикасының
N ____ Анықтама Қаржы (Бірінші
вице-министрі)
министрі
________ (қолы)
_____ жылғы
"___"_______
---------------------------------------------------------------------------
Атауы ! Кеміту ! Бюджеттік сыныптаманың кодтары ! Өзгерістердің
-------!---------!------------------------------------!--------------------
!(ұлғайту)!Функ.!Мекеме!Бағдар.! Кіші !Ерек. !Бар.! о.і.ай
! !топ ! !лама !бағдарл.!шелігі!лығы!---------------
! ! ! ! ! ! ! !қаңтар!ақпан!
---------------------------------------------------------------------------
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Жиыны:
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
(мың теңге)
---------------------------------------------------------------------
сомасы
---------------------------------------------------------------------
бойынша
---------------------------------------------------------------------
наурыз!сәуір!мамыр!маусым!шілде!тамыз!қыркүйек!қазан!қараша!желтоқсан
---------------------------------------------------------------------
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Келісілді: Тексерілді: Жасалды:
Бюджет департаменті Бюджет процесінің Мемлекеттік Функциональдық
директорының орынбасары әдістемесі бюджетті бөлімшесінің
басқармасының жоспарлау және басшысы
бастығы оның атқарылуы
басқармасының
бастығы
_____________ ______________ _____________ _____________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 11 қосымша
N 49 қосымша
Шетел валютасымен ақша аударуға арналған өтініш
Күні ______
Ақшаны жөнелтуші ________________ Шотты дебеттеу ЖСК
_________________________________
І ІІ
__________ АЖк
СТН _____________________________ І - (1) Резидент; (2) Бейрезидент
II - Экономика секторы (0-9)
Алушы банк ______________________ Валютандырылған күн: ____________
БСК
_________________________________
СТН _____________________________
Валюта _________ Сомасы _________ Сомасы жазумен __________________
_________________________________ _________________________________
Бенефициар ______________________ Несие шоты _________ ЖСК ________
СТН _____________________________ III IV
___________ БеК
ІІІ-(1) Резидент; (2) Бейрезидент
IV - Экономика секторы (0-9)
Бенефициардың банкі _____________ Делдал банк _____________________
БСК ________ БСК ________
СТН _____________________________ СТН _____________________________
Алушы банктің комиссиясы ________ Делдал банктің комиссиясы _______
Ақша жөнелтушінің есебінен ______ Ақша жөнелтушінің есебінен ______
Бенефициардың есебінен __________ Бенефициардың есебінен __________
Келісім-шарттың нөмірі, күні ____ Төлемнің мақсаты ________________
ТМБС ____________________________
Ерекше шарттар __________________________________________________________
Ақша жөнелтушінің қолдары _______ Алушы банк жүргізді _____________
Басшының аты-жөні __________ "___"___________ ж.
М.О. қолы __________________ жауапты атқарушылардың қолдары
_________________________________
Бас бухгалтердің аты-жөні
____________________________ М.О.
қолы ____________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 12 қосымша
N 45-1 қосымша
Шетел валютасын сатып алуға
мемлекеттiк мекеменiң N ____ өтiнiшi
______ ж. "___"______________
Мемлекеттiк мекеменiң атауы: ____________________________________
Мемлекеттiк мекеменiң бюджеттiк
шоты: _________________ МФО __________________ СТН ______________
Мемлекеттiк мекеменiң валюталық
шоты: ___________________________________________________________
Операцияның мақсаты: ____________________________________________
Айырбастау шарттары:
---------------------------------------------------------------------------
Операцияның түрi ! Валютаның түрi ! Ұлттық Банктiң !Валютаның ! Теңгемен
! ! бағамы ! сомасы ! сомасы
---------------------------------------------------------------------------
30 банктiк күн ішінде валюта пайдаланылмаған жағдайда, Қазынашылықтың
облыстық басқармасына сатып алынған шетелдiк валютаны сату құқығын беремiз.
Өтiнiмнiң әрекет ету мерзiмi ______ ж. "___"_____________
Бюджеттiк сипаттың, ақылы қызмет көрсетулердiң, демеушiлiк және
қайырымдылық көмектiң қаражаты _____________________________________
(керек емесiн сызыңыз)
Басшы:
М.О.
Бас бухгалтер:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 13 қосымша
N 45-2 қосымша
Шетел валютасын сатып алуға
Қазынашылық басқармасының N ____ өтiнiшi
______ ж. "___"______________
Облыстық Қазынашылық басқармасының атауы: ___________________________
Почталық мекен-жайы: ________________________________________________
Мәмiле бойынша мәселелердi шешуге уәкiлеттiк берiлген
қызметкердiң аты-жөнi _______________________________________________
Облыстық Қазынашылық басқармасының
Қазынашылық комитетiндегi шотының N _________________________________
Мемлекеттiк мекеменiң
атауы: ______________________________________________________________
Операцияның мақсаты: ________________________________________________
Бiздiң есебiмiзден және бiздiң атымыздан мынадай шарттарда шетел
валютасында қаражат сатып алуға мәмiле жасасуды тапсырамыз:
---------------------------------------------------------------
Валютаның түрi ! Ұлттық Банктiң ! Шетел ! Бағам бойынша
! бағамы бойынша ! валютасымен ! теңгемен сатып
! ! сатып алу ! алу сомасы
! ! сомасы !
---------------------------------------------------------------
Өтiнiмнiң әрекет ету мерзiмi ______ ж. "___"____________
Бюджеттiк сипаттың, ақылы қызмет көрсетулердiң, демеушiлiк және
қайырымдылық көмектiң қаражаты ______________________________________
(керек емесiн сызыңыз)
Басшы:
М.О.
Бас бухгалтер:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 14 қосымша
N 50-1 қосымша
Ақы төлеуге арналған өтінім
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң Қазынашылық комитетi
Қазынашылық басқармасының N ____ өтiнiшi
N _______ күні ______ жылғы "___"__________
Ақы төлеуге бекiтемiн
Қазынашылық комитетiнiң
төрағасы _________
(қолы)
Шетел валютасындағы сомасы (жазумен)
________________________________________________!________________________
Теңгемен сомасы (санмен және жазумен)
________________________________________________!________________________
Валюталандыру күнiмен көрсетiлген деректемелер
бойынша бiздiң қаражатымызды төлеуiңiздi
сұраймыз
________________________________________________!________________________
Бенефициар: алушының атауы, шетелдiк банк,
қала, ел, мекен-жайы
________________________________________________!________________________
Бенефициар шотының нөмiрi және корреспондент-
банктiң дәл атауы
________________________________________________!________________________
Аударудың ерекше жағдайлары: ! Негiзгi борышты және
1. Несие желiсi ! проценттердi төлеу
2. Экспорттаушы
3. Импорттаушы
4. Келiсiмге сәйкес (аккредитив) N
---------------------------------------------------------------------------
Төлемнiң құрылымы: ! Жиыны ! Бюджеттiк сыныптаманың коды
---------------------------------------------------------------------------
! ! 138100519 ! 144211221 ! 164400621
___________________________________________________________________________
1. Шетел валютасындағы негiзгi
борыш
___________________________________________________________________________
теңгемен
___________________________________________________________________________
2. Шетел валютасындағы пайыздар
___________________________________________________________________________
теңгемен
___________________________________________________________________________
3. Шетел валютасындағы басқалар
___________________________________________________________________________
теңгемен
___________________________________________________________________________
Шетел валютасындағы жиыны
___________________________________________________________________________
теңгемен
___________________________________________________________________________
Шотқа сәйкес
Қаржылық жоспарлау, үкiметтiк борыш пен резервке
қызмет көрсету басқармасының бастығы ___________________________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 15 қосымша
N 50-2 қосымша
Бекітемін:
Қазынашылық комитетінің төрағасы
____________ аты-жөні
_____ жылғы "___"________
______________________________________ өтеу үшін
Қорытынды
Қаржылық жоспарлау, үкіметтік борыш пен резервке қызмет көрсету
басқармасы _____ жылғы "___"________ өтеуге жататын ____________________
негізінде _____ жылғы "___"________ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
1 АҚШ доллары - _____________ теңге _____________ тиын ресми бағамы
бойынша теңгемен Алматы қаласының Төлем жүйелері басқармасындағы N
351889400 коды 190201125 Бірыңғай қазынашылық шоттан Бастапқы Дилерлердің
корреспонденттік шоттарына аудара отырып, өзіне ___________ теңге _______
тиын мөлшеріндегі негізгі борышты және ___________ теңге ____________ тиын
мөлшеріндегі пайыздары өтеуді қамтитын сомасы _______________________
(санмен және жазумен)
өтеуді жүргізу мүмкін деп санайды.
---------------------------------------------------------------------------
Акционерлік банктің!Атаулы құны!Ресми бағам !Негізгі борыш ! Пайыздар (шы.
атауы !бойынша кө.!бойынша тең.!(шығыстар коды!ғыстар коды
!лемі !гемен ауда. !217 44 00 612)! 217 42 11 211)
! !рылған атау.! !
! !лы құнның ! !
! !көлемі ! !
---------------------------------------------------------------------------
! АҚШ долл. ! теңге ! теңге ! теңге
---------------------------------------------------------------------------
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Жиыны:
___________________________________________________________________________
Қаржылық жоспарлау, үкіметтік борыш пен резервке
қызмет көрсету басқармасының бастығы _______________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусымдағы
N 298 бұйрығына
N 16 қосымша
N 54 қосымша
Республикалық бюджеттен алынған қаражат туралы
Жиынтық тізімдеме
Коды
ЕҚБС бойынша N 2 нысан О503063
______________________ ж. Күні _______
Республикалық бюджеттік
бағдарламалардың әкімшісі __________________________ ҚҰБС бойынша _______
Бағдарлама ____________________________________
Кіші бағдарлама ____________________________________ _______
Мерзімі: жылдық ____________________________________ ЕҚБС бойынша _______
Өлшем бірлігі ______________________________________ ӨББЖ бойынша _______
---------------------------------------------------------------------------
Ерекше.! Облыстардың атауы !Барлығы
лігі !-----------------------------------------------------------!
! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
111
___________________________________________________________________________
112
___________________________________________________________________________
113
___________________________________________________________________________
114
___________________________________________________________________________
121
___________________________________________________________________________
125
___________________________________________________________________________
126
___________________________________________________________________________
131
___________________________________________________________________________
132
___________________________________________________________________________
133
___________________________________________________________________________
134
___________________________________________________________________________
Және с.с.
___________________________________________________________________________
Жиыны
___________________________________________________________________________
Барлығы _______________________________________________
(сомасы жазумен)
М.О. Басшы ___________ ҚР ҚМ Мемлекеттік М.О. ҚР ҚМ Қазынашылық
Бас бухгалтер ___ қарыз алу комитетінің төрағасы __________
департаментінің Банктік операциялар жөніндегі
директоры _______ бухгалтерлік есеп және
есептілік басқармасының
бастығы _____________
____ жылғы "___"_______ ____ жылғы "___"_______ ____ жылғы "___"_______
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.