"Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 84 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 қазанда N 1262 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 (V032591) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейту мақсатында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңының  10-бабы екiншi азатжолының, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегі заңының  33-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - "Ұлттық комиссия" деп аталады) туралы ереженiң 4-тармағы 3) тармақшасының негізiнде Ұлттық комиссия қаулы етеді:
      1. "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
      жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1997 жылғы 28 ақпанда 263 нөмiрмен тiркелген Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы ережеге (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1997 ж., 92-100-беттер):
      1) 4-тармақ алып тасталсын;
      2) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Облигацияның атаулы құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де және шетелдiк валютамен де белгiлене алады және бiр эмиссияның барлық облигациялары үшiн бiрыңғай болу керек.";
      3) 12-тармақ алып тасталсын;
      4) мынадай мазмұндағы 21-1 тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Осы Ереженiң 21-тармағының күшi жылжымайтын мүлiк ипотекасымен қамтамасыз етiлген облигациялардың жаңа шығарылымдарына (ипотекалық облигацияларға) қолданылмайды.".
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) мемлекеттiк емес облигациялар эмитенттерiнiң назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) мемлекеттiк емес облигациялар шығаруға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
      Ұлттық комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады