Инвесторлардың мүдделерiн және заңмен қорғалатын құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755
U973755_
жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - "Ұлттық комиссия" деп аталады) туралы ереженiң 4-тармағы 12) тармақшасының және Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20
V980683_
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларының 58-тармағының екiншi азатжолының негiзiнде Ұлттық комиссия қаулы етеді:
1. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтердi жүзеге асыратын банктiк емес ұйымдарға клиенттердiң ақшаларына есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттар ашуға рұқсат берiлетiн банктердiң (банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың) тiзбесiне:
1) бағалы қағаздары рыногында кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиялары бар;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бiрiншi топқа жатқызған не аталған қағидалардың талаптары қолданылмайтын ұйымдар енгiзiлетiндiгі белгiленсiн.
2. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтердi жүзеге асыратын банктiк емес ұйымдарға осы банктiк емес ұйымдардың аффилиирленген тұлғалары - банктерде (банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда) клиенттердiң ақшаларына есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттар ашуға тыйым салынсын.
3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгіленсiн.
4. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтердi жүзеге асыратын банктiк емес ұйымдар өздерiнiң қызметiн (бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi реттейтiн нормативтiк актiлердi қоса) осы Қаулыға сәйкес ол күшiне енгізiлген күннен бастап 30 күн iшiнде келтiруге мiндеттелсiн.
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн.
6. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiн осы Қаулы туралы жазбаша ескертсiн;
2) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
3) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
4) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері