Диспетчерлерлендіру жөніндегі қызметті пайдалану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 2000 жылғы 7 қараша N 372 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 14 қараша N 1282 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 2001 жылғы 12 қаңтардағы N 8 бұйрығымен. ~V011366

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы қаулысымен бекітілген Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2000 жылғы 11 тамыздағы N 5 отырысы хаттамалық шешімінің ІІ бөлігінің 3 тармағына сәйкес және диспетчерлендіру жөніндегі қызметті пайдалану кезінде тараптардың өзара қатынасын реттеуші нормативтік-құқықтық құжат енгізу қажеттілігіне байланысты Бұйырамын:
      1. Ұсынылып отырған Диспетчерлендіру жөніндегі қызметті пайдалану

ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда 
министрлігінің Электр энергетикасы және қатты отын департаменті осы 
Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде тіркеуге енгізсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Энергетика, индустрия және сауда 
вице-министрі К.Д. Дүкенбаевқа жүктелсін.



     Министрдің міндетін
     атқарушы



                                               "Бекiтiлдi"

Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң 2000 жылғы 7 қарашадағы N 372 бұйрығымен


             Диспетчерлендiру бойынша қызметтi пайдалану
                             Ережелерi

                         1. Жалпы ережелер

      1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы" Заңына Z990438_ және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 606 P000606_ "Қазақстан Республикасы электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда тиiмдiлiгiн арттыру бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысымен мақұлданған Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда рыногын жетiлдiру концепциясына (бұдан әрi - Концепция) сәйкес әзiрленген.
      2. Ереже Қазақстан Республикасының Бiртұтас электр энергетикалық жүйесi рыногының Техникалық операторы (бұдан әрi - Техникалық оператор) ретiнде iс-қимыл жасайтын, диспетчерлендiру бойынша қызмет көрсететiн орталық диспетчерлiк басқаруымен орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқару тәртiбiн анықтайды.
      3. Орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқару, электр қуаты мен электр энергиясын беру және сатып алу-сату шарттары және жедел диспетчерлiк басқару аймағын бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық құжаттары негiзiнде бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде өндiрiс режимдерiн, беру және электр қуатын тұтынуын басқарады.
      4. Концепцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Бiртұтас электр энергетика жүйесiнiң Орталықтандырылған диспетчерлiк басқару қызметiн Техникалық оператор атқарады.
      5. Диспетчерлендiру, бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде стандартты жиiлiктi реттеу және қолдау, өндiрiс режимдерiнiң орталықтандырылған басқаруын, электр энергиясы мен қуатын беру және тұтынуды қамтамасыз ету бойынша және Қазақстан Республикасы Бiртұтас электр энергетикалық жүйелерi қызметiнiң сенiмдiлiк критерийлерiнiң сақталуы негiзiнде электр қуаты мен энергиясын берудiң сенiмдi схемасын құраудағы Техникалық оператор көрсететiн қызмет.
      6. Қазақстан Республикасының Бiртұтас электр энергетика жүйесi (бұдан әрi - ҚР БЭЖ) электр станциялары, бiр-бiрiмен үздiксiз технологиялық өндiрiс процесiнде режимнiң ортақтығымен байланысты электр жеткiзу желiлерi мен қосалқы станциялардың және орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруы жанындағы электр қуаты мен энергиясын тұтыну жиынтығы.
      7. Ереже Техникалық оператор мен электр қуаты мен электр энергиясын өндiру және тұтыну қарым-қатынасының барлық қатысушыларына, меншiкте және ведомстволық құрамда болуына қарамастан, мiндеттi.

                   2. Диспетчерлендiру процесi

      8. Диспетчерлендiру процесi ҚР БЭЖ қызметiнiң сенiмдiлiгi үшiн электр қуаты мен электр энергиясын өндiру мен тұтыну қарым-қатынасының қатысушыларына Техникалық оператордың келесi негiзгi қызметтердi көрсетуiн қамтиды:
      1) ҚР БЭЖ стандартты жиiлiгiн реттеудi және қолдауды;
      2) Электр энергиясы мен қуатын өндiру, беру және тұтыну режимдерiнiң орталықтандырылған басқаруын қамтамасыз етудi;
      3) ҚР БЭЖ қызметiнiң сенiмдiлiк критерийлерiн сақтай отырып электр қуаты мен энергиясын берудiң сенiмдi схемасын құруды;
      4) Электр энергиясын (қуатын) нақты өндiру мен тұтынуға жедел бақылауды;
      5) Апатты бұзушылықтарды жою, оқшауландыру және шығынды азайту мақсатында электр энергиясы мен электр қуатын өндiру мен тұтыну қарым-қатынасы қатысушыларының жабдықтарында қондырылған релелiк қорғау (бұдан әрi - РҚ) және апатқа қарсы автоматика (бұдан әрi - АА) құрылғыларының бiртұтас принциптерiн әзiрлеудi;
      6) ҚР БЭЖ апатты бұзушылықтарды жою, оқшауландыру және алдын-алуды, оның iшiнде Қазақстан Республикасы БЭЖ қуат резервтерiн басқаруды, ПУЛ ЭҚР классификациялық таблицасына сәйкес "ПУЛ электр қуатының резервтерi" қуат резервiн енгiзудi, Қазақстан Республикасы БЭЖ жиiлiгi мен қуатын реттеудi, апатқа қарсы басқару принциптерi мен электр режимдерiн дайындауды, АА және РҚ қондырғыларының параметрлерiн келтiрудi және схемасын келiстiрудi қамтамасыз етудi;
      7) Қазақстан Республикасы БЭЖ электр станциялары жабдықтарының жұмыс режимдер мониторингiн жүзеге асыруды;
      8) Электр желiлерi мен электр станциялардың негiзгi жабдықтарын жөндеуге жiберудiң техникалық шарттарын қамтамасыз етудi;
      9) Қазақстан Республикасы БЭЖ сенiмдiлiк критерийлерi негiзiнде iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен, олардың диспетчерлiк орталықтарымен өзара iс-қимылдарын қоса отырып, қатар жұмысты ұйымдастыру үшiн жағдайларды әзiрлеудi.
      9. Диспетчерлендiру процесiнде Техникалық оператор:
      1) электр энергиясы мен электр қуатын өндiрушi және тұтыну қарым-қатынасының қатысушыларына сапалы өнiм шығаруға мүмкiндiк беретiн электр энергиясының нормативтiк сапасын қамтамасыз етедi.
      2) электрмен жабдықтауды қалпына келтiруге бағытталған жедел шаралар қабылданады;
      3) энергия өндiрушi ұйымдарға олардың тiкелей тұтынушыларының тұтыну көлемi бойынша күнделiктi және уақтылы ақпарат берiлiп отырады;
      4) генерациялаушы жабдықтың iстен шығуының алдын алу үшiн кез келген апаттық жағдайларда бөлушi автомат жиiлiгiнiң тағайыншамасы берiлiп, есеп жүргiзiледi.
      10. Техникалық оператор ҚР БЭЖ электр энергиясы мен электр қуатын өндiрушi және тұтыну қарым-қатынасы қатысушыларының қатар жұмысына байланысты. Оның iшiнде іргелес мемлекеттерден электр энергиясын жеткiзу мәселелерiне:
      1) РҚ және АА принциптерi мен қондырғыларының тағайыншамасын келiстiру;
      2) Қазақстан Республикасы БЭЖ жұмыс режимдерi өзгерген жағдайдағы келiссөздер, электр энергиясы мен электр қуатын өндiрушi және тұтыну қарым-қатынасы қатысушыларының диспетчерлендiру процесiнде мүддесiн қорғаумен байланысты барлық техникалық және ұйымдастыру мәселелерiн реттеу жатады.
      11. Техникалық оператордың диспетчерлендiру бойынша көрсететiн қызметi объективтi қажеттiлiкке байланысты техникалық оператор мен диспетчерлендiру бойынша электр энергиясы мен электр қуатын өндiрушi және тұтыну қарым-қатынасы қатысушыларының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылықтарға, Қазақстан

Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес 
бекiтiлген шарттармен реттеледi.

         3. Диспетчерлендiру бойынша қызметтi ұсыну тәртiбi
     
     12. Қызметтi ұсыну тәртiбi, келiсiм-шарттары, оның iшiнде 
жедел-диспетчерлiк басқару бойынша қызмет үшiн төлем, Техникалық оператор 
және электр энергиясы мен электр қуатын өндiрушi және тұтыну 
қарым-қатынасы қатысушыларының арасында бекiтiлген шарттар негiзiнде 
жүргiзiледi.
     13. Жедел-диспетчерлiк басқару бойынша Техникалық оператор көрсететiн 
қызмет бағасы (тарифi), Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар 
туралы" Заңына сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн өкiлеттi 
органдармен белгiленедi.

                            4. Жауапкершiлiк
     
     14. Орталықтандырылған диспетчерлiк басқару органдары 
жедел-диспетчерлiк басқару қарамағындағы электр желiлерiнен электр 
энергиясын тұтыну, бөлу, беру және өндiру режимi бойынша жедел өкiмдi 
орындамаған ұйымды өшiруге құқықты.
     15. Электр энергиясы мен қуатын тұтыну, бөлу, беру және өндiру 
қарым-қатынасының қатысушылары өз мiндеттерiн орындамаған жағдайда 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

     Мамандар: 
            Омарбекова А.Т.
            Қасымбеков Б.А.  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады