"Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгінің Ұлттық зейнетақы агенттiгiнің 1998 жылғы 9 наурызындағы N 30-Ө бұйрығымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгi 1998 жылғы 19 наурызда тiркеген N 436 "Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi туралы ақпараттарды ашу және жариялау жөнiндегі ережеге" өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі көмитеті төрағасының 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығы. Қазақстан Ресупбликасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қарашада N 1296 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 149 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына  сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi туралы ақпаратты ашу және жариялау жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiру мақсатында, Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1998 жылғы 9 наурызындағы N 30-Ө бұйрығымен  бекiтiлген "Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi туралы ақпараттарды ашу және жариялау жөнiндегi Ережеге" мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2. Нормативтiк құқықтық актiнiң аталуы келесi редакцияда берiлсiн: "Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi туралы ақпараттарды ашу және жариялау жөнiндегi Нұсқамасы"
      3. Қолданудағы Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi туралы ақпараттарды ашу және жариялау Ережесiне толассыз нөмiрлеу енгiзiлсiн. I тараудың реттiк саны 1-ге өзгертiлсiн. 1 тараудың азат жолы 1 тармақ болып есептелсiн; 2.1, 2.2, 3.1, 4.1, 4.2, 4.3, 5.1, 5.2, 5.3, 6.1 тармақ нөмiрлерi 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 болып сәйкестелсiн.
      4. 2-шi тарау мынадай мазмұндағы 3-1. жаңа тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының" 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 451-1 Заңына  сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары деп оқтын-оқтын баспа басылымдары, радио-және телебағдарламалар, кинодокументалистика, тыңдап-көру жазбалары және тұлғалардың шектелмеген шеңберiне арналған бұқаралық ақпаратты оқтын-оқтын немесе үзбей көпшiлiкке таратудың өзге нысандары танылады. Оқтын-оқтын баспа басылымдары болып газет-журналдар, альманахтар, бюллетендер және тұрақты атауы, ағымдық нөмiрi бар, жарты жылда бiр реттен сирек емес шығарылатын оларға қосымша басылымдар есептеледi."
      5. 4-шi тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Қор жылдық есептi тапсырғаннан кейiн, бiр айдың iшiнде аудиттiң қорытындысын ескере отырып, жыл сайын мыналарды:
      1) өз қаражаты бойынша - бухгалтерлiк теңгерiм және қаржы-шаруашылық қызметiнiң есебiн;
      2) зейнетақы жинақтары бойынша - жинақталған зейнетақы қаражаты бойынша есеп беру үлгiлерiн."
      6. 5-шi тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "5. Мiндеттi түрде жарияланатын қаржылық, статистикалық және өзге есептер жөнiндегi ақпарат өкiлеттi орган белгiлеген бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы тиiс."
      7. 6-шы тармақтағы 6 деген саннан кейiн "Жарияланатын" деген сөзi "және таратылатын" деген сөздермен толықтырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.
      8. 5-шi тарауда "Ұлттық зейнетақы агенттiгi", "Агенттiк", "Агенттiкке" деген сөздер мәтiн бойынша "Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi Комитет", "Комитет", "Комитетке" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. 10-шы тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "10. Қор, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияламай тұрып, жарнамалық материалдардың толық мәтiнiн келiсу үшiн, Комитетке ұсынуы тиiс."
      Комитет жарнамалық материалдарды алған күннен бастап, 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қарап, жарнамалық өнiмдердiң Нұсқаулық талаптарына сәйкес екендiгi туралы, немесе  жiберiлген кемшiлiктердi жою жөнiнде қорытынды бередi.
      Қор жарнамалық материалды таратуды тек қана Комитеттiң оң қорытындысын алғаннан кейiн жүргiзуге тиiс."
      10. 11-шi тармақтағы "жарияланымға өзгерiс енгiзудi, оны" деген сөздерден кейiн "болдырмау" деген сөзбен толықтырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.
      11. Заң бөлiмi (Қ.Қ. Қамали) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының әдiлет Министрлiгiнде белгiленген тәртiп бойынша тiркесiн.  

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады