"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 22 қазандағы N 460 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 16 қазан N 692. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 25 қараша N 1303 тіркелді. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы  N 153  (қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгiнiң үздiксiз есептелуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты Қаулы етеді: 
      1. "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 22 қазандағы N 460 қаулысына  V990955_  ("Рынок және құқық", "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 9(11), 8-10-беттер) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 28 қазанда 955 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулыққа: 
      1) 4-тармақ мынадай мазмұнды 7-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "7-1) Шартты бұзу күнiнiң алдындағы айлардағы Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң орташа құны туралы анықтамалардың Ұлттық комиссияға ұсынылған көшiрмелерi;"; 
      2) 5-тармақ мынадай мазмұнды 13-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "13-1) Шартты бұзу күнiнiң алдындағы күннiң соңына Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын есептеудiң нәтижелерi;". 
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн Ұлттық комиссия Төрағасының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитет Төрағасымен келiсiм бойынша шығарған бұйрығымен күшiне енетiндiгi белгiленсiн. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау 

 

басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:

     1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) кастодиан-банктердiң,

"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және Қазақстан

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 

назарына жеткізсін;

     2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

     

     Ұлттық комиссияның Төрағасы

     

     

     

     Қазақстан Республикасы 

     Еңбек және халықты әлеуметтік 

     қорғау министрлігінің

     Жинақтаушы зейнетақы қорларының

     қызметін реттеу жөніндегі

     комитетімен

             Келісілген

     

     Комитет Төрағасы

     

     2000 жылғы 16 қазан

     

     

     

     Мамандар:

              Омарбекова А.Т.          

              Икебаева Ә.Ж.

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады