Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 2 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4773 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 189 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту. Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы  N 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4486 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

"4-1-тарау. Зейнетақы активтерін беру

      31-1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартын (бұдан әрі - шарт) бұзуға ниеті бар жинақтаушы зейнетақы қоры не ұйым (Қор) шартты бұзу туралы ұйымды не жинақтаушы зейнетақы қорын бұзу белгіленген күнге дейін жиырма күн бұрын нақты бұзу күнін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.
      31-2. Шартты бұзудың бастамашысы - заңды тұлғаның бірінші басшысы бұйрығының негізінде оны бұзу туралы хабарламада көрсетілген немесе шарт талаптарына сәйкес анықталған зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шартты бұзған күнге дейін он жұмыс күнінен кем емес уақытта келісу комиссиясы құрылады.
      31-3. Келісу комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шарты бұзылатын және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа ұйымға не Қорға инвестициялық басқаруға беретін ұйымның (бұдан әрі - өткізіп беруші ұйым) және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасалатын ұйымның не Қордың (бұдан әрі - қабылдаушы ұйым) уәкілетті өкілдерінен тұрады.
      31-4. Келісу комиссиясы:
      1) шартты бұзу күніндегі жағдай бойынша зейнетақы активтерін түгендеуді жүзеге асырады;
      2) осы Ереженің 31-5-тармағында көрсетілген құжаттарды өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға беру тәсілдерін және мерзімдерін айқындайды;
      3) өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға зейнетақы активтерін беру тәсілдерін және мерзімдерін айқындайды.
      31-5. Келісу комиссиясының жұмысы барысында өткізіп беруші ұйым қабылдаушы ұйымға өткізіп беруші ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың барлық кезеңінде мынадай құжаттарды береді:
      1) өткізіп беруші ұйымның бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдарға зейнетақы активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға берген тапсырмаларының көшірмелері;
      2) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдардың өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерінің есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға берген тапсырмаларының орындалуы туралы есептерінің көшірмелері;
      3) өткізіп беруші ұйым зейнетақы активтерінің есебiнен бағалы қағаздармен дербес түрде мәмілелер жасаған кезде - осындай мәмілелердің жасалғандығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан кастодиан банкі берген үзiндi-көшiрмелердiң көшiрмелерi;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң "ДЕПО"  қосалқы шотынан орталық депозитарийдің берген үзiндi-көшiрмелердiң көшiрмелерi;
      6) зейнетақы активтерiн өткiзiп беру күнiне қолданылып жүрген,  зейнетақы активтерiнiң есебiнен екiншi деңгейдегi банктермен жасасқан (сатып алынған) банк салымы шарттарының (екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттiк сертификаттарының) түпнұсқалары;
      7) зейнетақы активтерiн өткiзiп беру күнiне мерзiмдерi өтiп кеткен зейнетақы активтерiнiң есебiнен екiншi деңгейдегi банктермен жасасқан банк салымы шарттарының көшiрмелерi;
      8) шартты бұзу күнiнiң алдындағы айлардағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң орташа құны туралы анықтамалардың уәкiлеттi органға ұсынылған көшiрмелерi;
      9) өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруына қатысты өзге де құжаттар (келiсу комиссиясы мүшелерiнiң келiсiмдерi бойынша).
      31-6. Келiсу комиссиясы жұмысының нәтижелерi бойынша мазмұнында мынадай мәлiметтерi бар зейнетақы активтерiн қабылдау-өткiзу актiсi ресiмделедi:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның, қабылдаушы ұйымның және жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкiнiң толық атауы (аталған ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктерiне сәйкес);
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның тiркелген (мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктерiне немесе статистикалық карточкаларына сәйкес) және нақты орналасқан жерi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның банктiк деректемелері;
      4) тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жинақтаушы зейнетақы қорына, өткізіп беруші ұйымға және қабылдаушы ұйымға берiлген лицензияның нөмiрi және берiлген күнi;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң фамилиясы, аты, бар болса әкесінің аты;
      6) зейнетақы активтерiнiң есебiнен жасалған инвестициялардың ағымдағы құн (есептелген кірісті қоса) бойынша жиынтық мөлшерi;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан оның шотына жүргiзiлген зейнетақы төлемдерi аударымдарының сомасы (инвестициялық шотқа қайта келiп түскен ақшаны есепке ала отырып);
      8) инвестициялық шоттардағы ұлттық және шетелдiк валютамен көрсетiлген ақша қалдығы;
      9) ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін, санын (данамен), сатып алу бағасын, бір бағалы қағаз бойынша есептелген кірісті, бір бағалы қағаздың ағымдағы құнын, бағалы қағаздардың жалпы санын, есептелген кірістің жалпы сомасын, бағалы қағаздарға жасалған инвестициялардың ағымдағы құнын, зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздарға қатысты өзге де ықтимал мәліметтерін көрсете отырып өткiзiп берiлетiн бағалы қағаздардың тізбесі;
      10) депонент банктердің атаулары, салымдардың сомалары, банктік салымы туралы шарт жасасқан күні, салымдар мерзімі, олар бойынша жылдық пайызбен сыйақы мөлшерлемелері, есептелген сыйақы сомалары, алынған сыйақы сомалары, зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған салымдарға қатысты өзге де ықтимал мәліметтері көрсетіле отырып, екінші деңгейдегі банктердегі өткізіп берілетін салымдардың тізбесі;
      11) міндеттемелердің сомалары, оның ішінде қателесіп есепке алынған сомалар, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдері шотына аударуға жататын сома, өзге де кредиторлық берешек сомасы, жинақтаушы зейнетақы қорының және өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерінің және инвестициялық кірістің есебінен төленуге жататын комиссиялық сыйақы сомасы, өзге ықтимал міндеттемелердің сомасы;
      12) өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық кезеңдегі есептелген комиссиялық сыйақысының жалпы сомасы;
      13) өткізіп беруші ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық кезеңдегі инвестициялық кірістің және зейнетақы активтерінің есебінен төленген және төлеуге жататын жинақтаушы зейнетақы қорының және өткізіп беруші ұйымның комиссиялық сыйақыларының сомалары;
      14) шартты бұзу күнiнiң алдындағы күннiң соңына зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын есептеудiң нәтижелерi;
      15) осы Ереженің 31-5-тармағына сәйкес көлемін көрсете отырып өткізіп берілетін құжаттардың тізбесі;
      16) келісу комиссия мүшелерінің анықтауы бойынша өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға өткiзiлетін қордың зейнетақы активтерiне қатысты өзге де ықтимал мәлiметтер;
      31-7. Келісу комиссиясы өзінің жұмысын шартты бұзу күніне аяқтайды.
      31-8. Зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі келісу комиссиясымен шартты бұзу күнiне жинақтаушы зейнетақы қоры, өткiзiп берушi ұйым, қабылдаушы ұйым, жинақтаушы зейнетақы қордың кастодиан банкi, уәкiлеттi орган үшiн бiр-бір данадан бес данада жасалады, жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші және қабылдап алушы ұйымның келісу комиссиясы мүшелерінің, бірінші басшының және бас бухгалтердің қолы қойылып және жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші және қабылдап алушы ұйымның мөр бедерімен расталады.
      Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актісінде жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкiнiң осы қабылдау - өткізу актiсі деректерінің дұрыстығы туралы, кастодиан банктiң бiрiншi басшысы немесе оның жинақтаушы зейнетақы қорға кастодиандық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын бөлiмшесiне жетекшiлiк жасайтын басшы қызметкерiнің қолымен және кастодиан банкі мөрiнiң бедерімен расталған белгiсi болуы тиіс;
      Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актiсін шартты бұзуға бастамашы ұйымның бiрiншi басшысы бекiтедi.
      31-9. Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актiсі ол бекітілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынылады.
      31-10. Зейнетақы активтерін қабылдаушы ұйымға инвестициялық басқаруға өткiзiп беру күнi - зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актiнiң бекiтiлген күнi болып танылады.
      31-11. ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған не қайтарып алған жағдайда, ұйым лицензияның қолданылуын тоқтата тұрылған не оны қайтарған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына шарт бойынша міндеттемелердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жібереді және ұйымның бірінші басшысының бұйрығы негізінде келісу комиссиясын құрады. Келісу комиссияның құрамы осы Ереженің 31-3-тармағымен белгіленеді.
      Келісу комиссиясы он күн ішінде осы Ереженің 31-4 - 31-6, 31-8 - 3-10-тармағына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.".

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп беру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 22 қазандағы  N 460 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдер тізілімінде N 955 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп беру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 22 қазандағы N 460 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 16 қазандағы  N 692 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1303 тіркелген);
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп беру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 22 қазандағы N 460 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі  N 131 қаулысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 955 тіркелген" (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 2321 тіркелген).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н.Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады