Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 12 қазан N 680. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 28 қараша N 1306 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары қызметтерiнiң жағдайын оңтайландыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидалары 8-тармағының және аталған қаулымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидалары 11-тармағының негiзiнде Ұлттық комиссияның Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банктегі инвестициялық есепшоттарындағы және осы қордың кастодиан-банкінің шетелдегі кастодиан-банктердегі корреспонденттік есепшоттарындағы жиынтық ақшасын қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялауға арналған ақша қалдығының ең жоғары мөлшері осы қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу жөніндегі уәкілетті органға зейнетақы активтерін өсімпұл есептеусіз инвестициялау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуі талап етілмеген кезде, осы қордың зейнетақы активтерінің мөлшері:
      1) бір миллиард теңгеге дейін болғанда - 400.000 (төрт жүз мың) теңге;
      2) бір миллиард теңге және одан да көп болғанда - зейнетақы активтері мөлшерінің 0,1%-і болып белгіленсін.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 мамырдағы N 177 қаулысымен .
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң осы Қаулының тiркеуге жатпайтындығы туралы хаты алынған күннен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өзiнiң мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегі мiндеттi жүктей отырып) назарына жеткiзсiн.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және талдау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және кастодиан-банктердiң ("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның кастодианы ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоса) назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулыны зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасау жүктелсiн.    

      Ұлттық комиссияның
         төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады