Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 680 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 13 мамырдағы N 177. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1897. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 680 қаулысына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банктегі инвестициялық есепшоттарындағы және осы қордың кастодиан-банкінің шетелдегі кастодиан-банктердегі корреспонденттік есепшоттарындағы жиынтық ақшасын қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялауға арналған ақша қалдығының ең жоғары мөлшері осы қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу жөніндегі уәкілетті органға зейнетақы активтерін өсімпұл есептеусіз инвестициялау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуі талап етілмеген кезде, осы қордың зейнетақы активтерінің мөлшері:
      1) бір миллиард теңгеге дейін болғанда - 400.000 (төрт жүз мың) теңге;
      2) бір миллиард теңге және одан да көп болғанда - зейнетақы активтері мөлшерінің 0,1%-і болып белгіленсін.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетіне, кастодиан-банктерге, бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады