Акциялар ұстаушылардың тізілімін дербес жүргізуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың акцияларын әлеуетті сатып алушылар болып табылатын инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директоратының 2000 жылғы 12 қазан N 679 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1309. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      15. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Акциялар ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргiзудi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдардың акцияларын әлеуеттi сатып алушылар болып табылатын инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау жөніндегi кейбiр шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1309 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, 2000 жыл, N 12)...

___________________________________       

      Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы  Z970077_  (бұдан әрi "Заң" деп аталады) 10-бабының алтыншы азатжолын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  U973755_  жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 17) тармақшасын орындау үшiн, Заңның 34-бабы 9-тармағының, аталған Ереженiң 4-тармағы 23) тармақшасының және 5-тармағы 11) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 шiлдедегі N 944  P960944_  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізу туралы ереженiң 41-тармағы в) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді: 
      1. Осы Қаулыда пайдаланылған ұғымдардың мыналарды бiлдiретiндiгi белгiленсiн: 
      1) "Қоғам" - "Акционерлiк қоғамдар туралы"  Z980281_  Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңының 35 бабы 2-тармағының негізiнде өз акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргізудi жүзеге асыратын акционерлiк қоғам; 
      2) "Қоғамның бiрiншi басшысы" - Қоғамның алқалы атқарушы органының басшысы немесе Қоғамның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға не оның мiндетiн атқарушы тұлға; 
      3) "Маман" - Қоғамның Ұлттық комиссия берген екiншi санатты бiлiктiлiк куәлiгін (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi орындау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат құқығы бар) иеленген және Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi функцияны жүзеге асыратын қызметкерi.
      2. Қоғамның бiрiншi басшысының Маманға: 
      1) акциялардың эмиссиясына қатысты құжаттарды: Ұлттық комиссияның акциялардың эмиссиясына ұлттық бiрiздендiру нөмiрiн (ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн) беру туралы хаттарын (куәлiктерiн) және/немесе акциялардың эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердi, акциялар эмиссиясының проспектiсiн (проспектiлерiн) және өзге де ықтимал құжаттарды; 
      2) Қоғамның акцияларды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi (есептердi) Ұлттық комиссияға бергендiгін растайтын құжаттарды; 
      3) Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімін жүргізу үшін қажетті өзге де құжаттар беруге міндетті екендігі белгіленсін. 
      3. Маманның: 
      1) эмитенттердiң Заңның 24-бабы 1-тармағында белгіленген мiндетiне; 
      2) осы Қаулының 2-тармағына сәйкес алған құжаттарға сүйене отырып Қоғамның акцияларды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептердi беру мерзiмдерiн дербес есептеуге мiндетi белгiленсiн. 
      4. Маманның жазбаша нысанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық комиссияға акцияларды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi берудiң соңғы күнi басталғанға дейiн кемiнде он күнтiзбелiк күннен бұрын кешiктiрмей Қоғамның бiрiншi басшысын аталған есептi Ұлттық комиссияға өз уақытында беру қажеттiлігі туралы ескертуге мiндеттi екендігі белгiленсiн. 
      5. Қоғам Ұлттық комиссияға акцияларды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi берудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзiмiн бұзған жағдайда, Маманның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық комиссияға аталған есептi берудiң соңғы күнiнен кейiнгi күнi: 
      1) соттың заңды күшiне енген шешiмiн орындау жөнiндегi; 
      үзiндi-көшiрмелерге акцияларды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргiзудi тоқтата түру туралы жазбаны мiндеттi түрде енгiзе отырып акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрмелер беру жөнiндегi операцияларды қоспағанда: 
      Қоғамның акцияларын ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар (оның iшiнде Қоғамның эмиссиялық шотынан акцияларды ұстаушылардың дербес шотына аудару жөнiндегі операциялар) жүргiзудi тоқтата тұруға; 
      2) Қоғамның бас кеңсесiнде және филиалдарында акцияларды ұстаушылар үшiн қолайлы орындарда тиiстi хабарландырулар орналастыру арқылы акцияларды ұстаушыларды; 
      жеке хабарлар жiберу арқылы Қоғам акцияларының меншiк иелерiн; 
      Қоғам акцияларының нақтылы ұстаушыларына жеке хабарлар жiберу арқылы (оларға өздерiне тиесiлі Қоғамның акцияларын нақтылы ұстауға берген тұлғаларды олардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргiзудi тоқтата тұру туралы жазбаша ескерту мiндетiн жүктей отырып) Қоғам акцияларының нақтылы ұстаушыларын; 
      Қоғам акцияларын ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргiзудi тоқтата тұру туралы жазбаша ескертуге; 
      3) Қоғамның акцияларын ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргізудi тоқтата тұру туралы және Маман мен Қоғамның қолданған әрекеттерi туралы Ұлттық комиссияның назарына жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi екендігі белгiленсiн. 
      6. Осы Қаулының 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген хабарларға және жазбаша ақпаратқа осындай құжаттарға Қоғамның атынан қол қоюға уәкiлеттiк берiлген тұлғаның қол қоятындығы белгiленсiн. 
      7. Қоғамның акцияларын ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргізуді тоқтата тұрудың оларды нақтылы ұстаушының осы нақтылы ұстаушының клиенттерінің арасында, сондай-ақ нақтылы ұстаушының және оның клиенттерінің арасында Қоғам акцияларымен операциялар жүргізуді тоқтата тұратындығына әкеп соғатындығы белгіленсін. Бұл ретте нақтылы ұстаушы тиісті клиенттерді Қоғамның акцияларын ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргізуді тоқтата тұру туралы, сондай-ақ Қоғам акцияларының эмиссиясын Ұлттық комиссия Заңының 21-бабы 1-тармағының төртінші азатжолына және 24-бабының 5-тармағына сәйкес болмаған деп тану мүмкін екендігі туралы жазбаша ескертуі керек. 
      8. Қоғам акцияларын ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар (оның ішінде акцияларды Қоғамның эмиссиялық шотынан акцияларды ұстаушылардың дербес шотына аудару жөніндегі операциялар) жүргізуді жаңартуды Қоғамның оның акцияларын шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есепті Ұлттық комиссияға бергендігін растайтын құжаттардың негізінде Маманның жүзеге асыратындығы белгіленсін. Бұл ретте Маман аталған операцияларды жаңарту туралы Қоғам акцияларын ұстаушыларына және Ұлттық комиссияға осы Қаулының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген тәртіпте жазбаша ескертілуін қамтамасыз ету керек. 
      9. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркелген күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.
      10. Ұлттық комиссия орталық аппаратының корпоративтік қаржылар басқармасына осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) өз акцияларын ұстаушылардың тізілімін дербес жүргізуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың назарына жеткізу жөнінде барлық ықтимал шараларды қабылдасын.
      11. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының корпоративтік қаржылар басқармасына және Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.     

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады