Нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің әрекеттері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 16 қазандағы N 690 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 қараша N 1311 тіркелді. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 89 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 89 қаулысымен.

--------------Қаулыдан үзінді------------------

      Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың:
      1) "Нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің әрекеттері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 2000 жылғы 16 қазандағы N 690 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1311 тіркелген) күші жойылды деп танылсын...
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға
--------------------------------

      Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған немесе осындай лицензиясы қайтарып алынған ұйымдар клиенттерiнiң құқықтарын және заңмен не шартпен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  3-бабы 2-тармағының 3), 8) тармақшалары негiзiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 380   қаулысымен .
     1. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң әрекеттерi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн (қоса берiлдi). 
     2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiнен енгiзiлетiндiгі белгiленсiн. 
     3. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар осы Қаулының көшiрмесiн алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде: 
     1) жоғарыда аталған Нұсқаулықтың көшiрмесiн олардың клиенттерi үшiн қолайлы жерлерге орналастыруға (осындай ұйымдардың бас офистерiнде және филиалдарында); 
     2) жоғарыда аталған Нұсқаулықты акциялар ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргiзудi жүзеге асыратын және оларда осы ұйымдардың шоттары ашылған эмитенттердiң назарына жеткiзуге мiндеттелсiн. 
     4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы: 
     1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткiзсiн; 
     2) осы Қаулыны нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін дербес жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
     3) осы Қаулының және жоғарыда аталған Нұсқаулықтың орындалысына бақылау жасасын.

      Ұлттық комиссияның
     Төрағасы  

Қазақстан Республикасы      
Бағалы қағаздар жөніндегі    
ұлттық комиссиясы директоратының
2000 жылғы 16 қазандағы N 690 
қаулысымен бекітілді     

  Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын
жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк
және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясын
қолдану тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған
жағдайда бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң
әрекеттерi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ  

      Ескерту: Барлық мәтін бойынша "ұлттық комиссия", "ұлттық комиссиясының", "ұлттық комиссияның", "ұлттық комиссияға", "ұлттық комиссияны" деген сөздер "уәкілетті орган", "уәкілетті органының", "уәкілетті органға", "уәкілетті органды" деген сөздермен ауыстырылды;
     барлық мәтін бойынша "тізілім ұстаушы", "тізілім ұстаушыларға", "тізілім ұстаушылардағы", "тізілім ұстаушылардың", "тізілім ұстаушыға" деген сөздер "тіркеуші", "тіркеушілерге", "тіркеушілердегі", "тіркеушілердің", "тіркеушіге" деген сөздермен ауыстырылды  -  ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 380   қаулысымен .

     Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес әзiрлендi және нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясын (бұдан әрi "Лицензия" деп аталады) қолдану тоқтатыла тұрған не осындай лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда қағаздар рыногы субъектiлерi әрекеттерiнiң тiзбесiн және орындау тәртiбiн белгiлейдi.

  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  

     1. Осы Нұсқаулықта қолданылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi: 
     1) "Брокер-дилер" - Лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған немесе Лицензиясы қайтарылып алынған ұйым; 
     2) тіркеуші - бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;
     3) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
     4) нақтылы ұстаушы - қолданылып жүрген лицензияны немесе бағалы қағаздар рыногында кастодиандық, депозитарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны иеленген ұйым.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 380   қаулысымен

  2-тарау. БРОКЕР-ДИЛЕРДІҢ МIНДЕТТЕРI  

     2. Брокер-дилерге бұрын берiлген Лицензия тоқтатыла тұрған немесе қайтарылып алынған жағдайда, ол уәкілетті органның Лицензияны тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы жазбаша ескертпесiн алған күннен бастап екi жұмыс күнi (алған күндi қоса отырып) iшiнде: 
     1) бұл туралы өзiнiң барлық клиенттерiне олардың әрқайсына жеке хабар жiберу және клиенттер үшiн қолайлы орындарда (осы Брокер-дилердiң бас офисiнiң және филиалдарының үйлерiнде) тиiстi хабарландыру орналастыру арқылы хабарлауға; 
     2) бұл туралы осы Брокер-дилердiң нақтылы ұстау шоттары ашылған барлық нақтылы ұстаушыларға хабарлауға; 
     3) оған нақтылы ұстауға бағалы қағаздарын берген өзiнiң клиенттерi (шоттар ашу және жүргiзу үшiн клиенттер берген мәлiметтерге сәйкес) және мәлiметтердi қалыптастыру күнiнiң басталу жағдайы бойынша оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ клиенттердiң (клиенттердiң уәкiлеттi өкiлдерiнiң) қол қою және заңды тұлғалар - клиенттердiң мөрлерiнiң таңбалары үлгілерiнiң көшiрмелерiн қалыптастыруға және уәкілетті органға беруге мiндеттi.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 380   қаулысымен

     3. Осы Нұсқаулықтың 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес клиенттерге жiберiлген хабарда (осы Нұсқаулықтың 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес орналастырылған хабарландыруда): 
     1) Брокер-дилердiң клиенттерге тиесiлi және олар нақтылы ұстауға алған бағалы қағаздармен жасалатын кез келген операцияларды, осындай бағалы қағаздарды клиенттердiң осы бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзетiн тіркеушілердегі және қолданылып жүрген Лицензияларды иеленген ұйымдардағы шоттарына аудару жөнiндегi операцияларды қоспағанда, жүзеге асыруға мүмкiндiгі жоқ екендiгi туралы көрсетiлу; 
     2) клиенттердiң бастамасы бойынша нақтылы ұстау жөнiндегi шартты бұзу мүмкiндiгi туралы (Лицензия қайтарылып алынған кезде - нақтылы ұстау жөнiндегі шартты бұзу туралы) көрсетiлу; 
     3) нақтылы ұстау жөнiндегi шарт бұзылған кезде клиенттердiң оларға тиесiлi бағалы қағаздарды тiкелей осы бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргізетiн тіркеушілердегі шоттарға немесе қолданылып жүрген Лицензияларды иеленген ұйымдардағы шоттарға аударуға, осындай аударымдарды орындау үшiн қажеттi рәсiмдердi қысқаша көрсете отырып, құқылы (Лицензия қайтарылып алынған кезде - мiндеттi) екендiктерi көрсетiлу; 
     4) клиентке тиесiлi бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзетiн тіркеушілердің және қолданылып жүрген Лицензияларды иеленген ұйымдардың атаулары, орналасқан жерi және телекоммуникациялық реквизиттерi туралы мәлiметтер болу керек. 

     4. Уәкілетті органның осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген мәлiметтердi қабылдауға уәкiлетi қызметкерлерi Брокер-дилердiң клиенттерiне тиесiлі бағалы қағаздардың саны туралы мәлiметтердi оған нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздардың жалпы санымен салыстырып тексеруге және айырмашылықтар анықталған кезде осы Брокер-дилерден жетiспейтiн мәлiметтердi талап ету арқылы оларды жедел жоюға мiндеттi. 

     5. Брокер-дилердiң клиенттерi және оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы Брокер-дилердiң осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес уәкілетті органға берген мәлiметтер коммерциялық құпия мән-мағынасы болып табылады және уәкілетті орган оларды осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген жағдайларда ғана пайдалынады. 
     Уәкілетті органның аталған мәлiметтердi қабылдауға, сақтауға және пайдалануға уәкiлеттi қызметкерлерiнiң тiзбесi уәкілетті орган Төрағасының бұйрығымен белгiленедi. 
     Брокер-дилердiң клиенттерi және оларға тиесiлі бағалы қағаздар туралы осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес алынған мәлiметтердi жария еткендерi үшiн уәкілетті орган және оның қызметкерлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгіленген жауапкершілікте болады (осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда).
      Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 380   қаулысымен .  

  3-тарау. ТІРКЕУШІНІҢ МIНДЕТТЕРI 

     6. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы уәкілетті органның жазбаша ескертпесiн немесе Брокер-дилердiң хабарын (қайсының бұрын алынғандығына байланысты) алған күн iшiнде нақтылы ұстаушы осы Брокер-дилер үшiн ашылған нақтылы ұстау шоты бойынша операцияларды, бағалы қағаздарды клиенттердiң тiкелей бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзетiн тіркеушілердегі немесе нақтылы ұстаушылардағы шоттарына аудару жөнiндегi операцияларды қоспағанда, тоқтата тұрады.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 380   қаулысымен .

  4-тарау. БРОКЕР-ДИЛЕРДIҢ КЛИЕНТТЕРIНЕ
ТИЕСIЛI БАҒАЛЫ КАҒАЗДАРДЫ АУДАРУ  

     7. Брокер-дилердiң клиенттерiне тиесiлі бағалы қағаздарды тiкелей осы бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмдерiн жүргiзетiн тіркеушілердегі шоттарға аударуды бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шотынан есептен шығарып тастауға шығарылған бұйрығының және Брокер-дилердiң бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шотына салуға шығарылған бұйрығының негiзiнде тіркеуші жүзеге асырады.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 380   қаулысымен

     8. Брокер-дилердiң клиенттерiне тиесiлі бағалы қағаздарды қолданылып жүрген нақтылы ұстаушылардағы шоттарға аударуды Брокер-дилердiң бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шотынан шығарып тастауға шығарылған бұйрығының және нақтылы ұстаушының бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шотына салуға шығарылған бұйрығының негiзiнде нақтылы ұстаушы жүзеге асырады. 
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 380   қаулысымен

     9. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда нақтылы ұстаушы осы Нұсқаулықтың 6-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде Брокер-дилердiң клиентiнiң оған тиесiлi бағалы қағаздарға қатысты қандай да болмасын өкiмiн (клиенттiң өзiнiң бұйрығын немесе клиент таңдаған нақтылы ұстаушының бұйрығын) алмаған кезде, нақтылы ұстаушы бұл жайында уәкілетті органды жазбаша ескертеді, уәкілетті орган осындай жазбаша ескертпенi алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тіркеушіге осы клиент туралы және Брокер-дилердiң осы клиентi туралы осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес берiлген мәлiметтер көлемiндегi оған тиесiлі бағалы қағаздар туралы ақпарат, сондай-ақ клиент қолы (клиенттiң уәкiлеттi өкілдерi қолдарының) үлгiсiнiң және клиент мөрiнiң (егер ол заңды тұлға болса) таңбасының көшiрмесiн бередi (тiркеушiнiң уәкiлеттi өкiлiне қол қойғыза отырып). 
     Аталған ақпаратты алысымен нақтылы ұстаушы үш жұмыс күнi iшiнде (алған күндi қоса отырып) осы клиентке уақытша шот ашуға, оған осы клиентке тиесiлi бағалы қағаздарды аударуға, оған тиiстi жазбаша ескертпе (алынған ақпараттағы коммуникациялық реквизиттер бойынша) жiберуге және уәкілетті органға орындалған әрекеттер туралы есеп беруге мiндеттi. Уақытша шот әдеттегi шот режимiне клиент Қазақстан Республикасының заңдарымен және тіркеушіде шот ашуға арналған, тіркеушінің немесе нақтылы ұстаушының iшкi ережелерiмен белгiленген құжаттарды ұсынғаннан кейiн ауыстырылады.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 380   қаулысымен .      

       Ұлттық комиссияның
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады