Қазақстан Республикасы кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің мерзімдері мен міндетті түсім санын белгілеуге арналған өтініштерді қарау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 2000 жылғы 6 қарашадағы N 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 4 желтоқсан N 1318 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

     "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына , "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жататын не жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi N 538 қаулысына сәйкес Бұйырамын:
     1. Мыналар бекiтiлсiн:
     1) Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнің мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын белгiлеуге арналған өтiнiштердi қарау Ережелерi (бұдан әрi - Ереже) (1-қосымша).
     2) Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен міндеттi түсiм санын белгiлеуге арналған өтiнiш нысаны (бұдан әрi - Өтiнiш) (2-қосымша).
     2. Мұнай және газ, ауыр өнеркәсiп, өңдеушi өнеркәсiп және импортты алмастыру департаменттерiне:
     1) Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен міндеттi түсiм санын белгiлеуге арналған құжаттарды қарау;
     2) Сауда департаментiне ай сайын Өтiнiшке орай (Ереженiң 1-9-тармақтары) мәлiметтердi көрсете отырып, шешiмдердiң шығыс нөмiрiн, орындаушының тегiн және телефонын көрсетумен берiлген шешiмдер туралы ақпаратты берiп отыру жүктелсiн.
     3. Сауда департаменті:
     1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн;
     2) Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен міндеттi түсiм санын белгiлеу туралы берiлген шешiмдердің тiзiлiмдерiн жүргізсін;
     3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетiне ай сайын Өтiнiшке орай (Ереженiң 1-9-тармақтары) мәлiметтердi, шешiмдердiң шығыс нөмiрiн, орындаушының тегiн және телефонын көрсетумен берiлген шешiмдер туралы ақпаратты берiп отырсын;
     4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзімдерi мен мiндеттi түсiм санын белгiлеу туралы шешiмдерге қол қоюға құқығы бар уәкiлеттi тұлғалардың қолының үлгiлерiн берсiн.
     4. Осы бұйрықты бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi Қ.А. Бозымбаевқа жүктелсiн.
     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

      Министрдің
     міндетін атқарушы

    Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы
    Мемлекеттiк кiрiс                  Энергетика, индустрия
    министрлiгінiң Кеден             және сауда министрлiгiнiң
    комитетiмен келiсiлдi            2000 жылғы 6 қарашадағы
    11. 10. 2000 ж.                        N 370 бұйрығына
                                           1-қосымша

Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан
тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегі операциялар
нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу
өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын
белгілеуге арналған өтiнiштердi қарау ережесi

     1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына , "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жататын немесе жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi N 538 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
     2. Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жататын немесе жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын (бұдан әрi - тауарларды) "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жататын немесе жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi N 538 қаулысымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiлейдi.
     3. Кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеуге тауарларды әкелудi немесе әкетудi жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне мынадай құжаттарды ұсынуға мiндеттi:
     1) белгiленген нысан бойынша жазбаша өтiнiш;
     2) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк:
     заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
     жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсiпкер ретiндегi (патент) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
     3) тауарлардың тек қайта өңдеу мақсаттары және мiндеттi қайтарылу шартымен салыстыру үшiн түпнұсқасы әкетiлетiндiгiн (әкелiнетiндiгiн) куәлендiретiн қайта өңдеуге арналған шарттың (келiсiм-шарттың) көшiрмесi;
     4) отандық тұлғалардың көрсеткiштерiмен салыстырғандағы алынатын өндiрiс көлемi, тауардың саны және түсiм нормасы көрсетiлуiмен қайта өңдеу режимiнiң техникалық-экономикалық негiздемесi;
     5) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заңына сәйкес мiндеттi лицензиялауға жататын, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес лицензияланатын қызмет түрлерiмен айналысу құқығына арналған лицензия.
     "2" және "5" - тармақшаларда көрсетiлген құжаттар өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысының қолымен және мөрiмен расталған ксерокстық көшiрмелерде берiледi.
     4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Салалық департаменттерi тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын белгiлеу кезiнде:
     1) осы Ереженiң 3-тармағында ұсынылған құжаттарды зерттейдi;
     2) қайта өңдеу өнiмдерiнiң түсiм нормасын белгiлейдi;
     3) тауарлардың дәл түсiмiн алу мүмкiн болмаған кезде аралықтағы түсiм нормасын белгiлейдi;
     4) түсiм нормасына сәйкес қайта өңдеу өнiмдерiнiң саны есебiнiң дұрыстығын белгiлейдi;
     5) қайта өңдеуге арналған технологиялық қажеттi мерзiмдер негiзiнде қайта өңдеудiң мерзiмдерiн анықтайды.
     5. Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын белгiлеу туралы шешiм тиiсiнше үлгiде ресiмделген барлық құжаттар ұсынылған жағдайда Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бланкісінде хат түрінде ресімделеді.
     6. Құжаттарды қарау мерзімі өтінішпен бірге құжаттардың толық жинағы алынған күннен бастап 10 күнтізбелік күнді құрайды.     

    Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
    Мемлекеттiк кiрiс                     Энергетика, индустрия
    министрлiгiнiң Кеден                  және сауда министрлігінің
    комитетімен келісілді                 6 қараша 2000 ж.
    11.10.2000 ж.                         N 370 бұйрығына
                                          2-қосымша

              Қазақстан Республикасының кеден
    аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу
  жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта
  өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын
                   белгiлеуге арналған
                         ӨТIНIШ

    1. Өтiнiш берушi - ұйым, оның мекен-жайы, телефоны
    2. Тауардың атауы
    3. Тауардың коды, оның сипаттамасы
    4. Тауардың саны
    5. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң атауы
    6. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң коды, олардың сипаттамасы
    7. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң саны
    8. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң түсiм нормасы
    9. Керi әкелудiң (әкетудiң) мерзiмдерi
    10. Өтiнiш берушiнiң қолы (басшы, бас бухгалтер)     

    Мөрі                              Күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады