Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
______________________________________
Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 шілдедегi
Заңы
6-бабының 3) тармақшасын және
57-бабын
орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755
Жарлығымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 12) тармақшасының негізiнде, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың төлем қабылеттілігiне және қаржы тұрақтылығына кепiлдiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады)
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Ұсынылып отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілсін.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
.
2. Осы Қаулының, Нұсқаулықтың Ұлттық комиссия Директоратының қаулысымен күшiне енгiзiлетiн 20-22 тармақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн Ұлттық комиссия Төрағасының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетi Төрағасымен келiсiм бойынша шығарылған бұйрығымен күшiне енетiндігі белгiленсiн.
3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар осы Қаулы және Нұсқаулық күшiне енгізiлген күннен бастап екi айдың iшiнде өздерiнiң қызметтерiн жоғарыда аталған Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi екендiгі белгiленсiн.
4. Жоғарыда аталған Нұсқаулық күшiне енгізiлген сәттен бастап Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 09 қыркүйекте 363 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын компанияларға арналған пруденциялық нормативтер туралы
ереженiң
күшi жойылады деп танылсын.
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) және Нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің және кастодиан-банктердің назарына жеткізсін;
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) және Нұсқаулықты зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның
Төрағасы
Комиссияның мүшелері
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясының
"Зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық нормативтер
туралы ережені" бекiту жөнінде"
2000 жылғы 15 қарашадағы N 87
қаулысымен бекітілді
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық
нормативтер туралы ереже
Ескерту: Атауы, кіріспесі жаңа редакцияда жазылды;
барлық мәтін бойынша "осы Нұсқаулықта", "осы Нұсқаулық", "осы Нұсқаулықтың", "осы Нұсқаулыққа" деген сөздер тиісінше "осы Ережеде", "осы Ереже", "осы Ереженің", "осы Ережеге" деген сөздермен; "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссиясының", "Ұлттық комиссияны", "Ұлттық комиссияға" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органды", "уәкілетті органға" деген сөздермен; "Компания", "Компаниялар", "Компанияға", "Компанияларға", "Компанияның", "Компаниядан" деген сөздер тиісінше "Ұйым", "Ұйымдар", "Ұйымға", "Ұйымдарға", "Ұйымның", "Ұйымнан" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін әзірленді және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтерді белгілейді.
1. Осы Ережеде қолданылған ұғымдар мыналарды білдiредi:
1) Ұйым - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры;
2) Уәкілетті орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі қызметтер мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) "зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгі" - Қордың зейнетақы активтерiнiң оларды Ұйым инвестициялық басқару нәтижесiндегi олардың өзгерiстерiнiң сипаты үшiн пайдаланылатын және осы Ережеге сәйкес есептелетiн үлестiк өлшемi;
4) "Қор" - жинақтаушы зейнетақы қоры;
5) "таза" зейнетақы активтерi" - Қордың оның зейнетақы активтерiне қатысты мiндеттемелерiн (зейнетақы төлемдерi, басқа Қорларға аударымдар жөнiндегi мiндеттемелердi және басқа да ұқсас ықтимал мiндеттемелердi) шегерiп тастағандағы зейнетақы активтерi.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434
қаулысымен
,
2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
.
2. Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі күнделікті мәні 1-ден кем болмайтын К 1 коэффициентімен сипатталады. К 1 коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К 1 = (ӨА-М)/ МКЕАМ, онда
ӨА - осы Ереженің 3-тармағымен белгіленген өтімді және басқа активтер;
М - міндеттемелер;
МКЕАМ- формула бойынша есептелген меншікті капиталдың ең аз мөлшері:
МКЕАМ = (ЗААҚ * k)*0,10, онда
ЗААҚ - зейнетақы активтерінің ағымдағы құны,
k - формула бойынша есептелген кредиттік тәуекел коэффициенті:
E (қаржы құралының ағымдағы құны* дефолта коэффициенті)
k = -----------------------------------------------------------
қаржы құралының ағымдағы құны
Дефольта коэффициентінің мәні осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434
қаулысымен
,
2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
3. Ұйымның мына активтері өтімді активтер болып табылады:
1) ақша, оның ішінде:
баланс бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын кассадағы ақша;
екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы ақша;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;
3) Бағалы қағаздары қор биржасының ең жоғары санаты бойынша ресми тізімге енгізілген немесе еншілес резидент банктер болып табылатын, мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі "А"( "Etandard & Poor's" және "Fіtch"рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Eervіce" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша)(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) санаттарынан кем емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі бар резидент емес енші беруші банктердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары;
4) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес айналысқа ақша шығарған) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып):
5) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі қор биржасының ең жоғары санаты бойынша (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан және "Қазақстан Даму банкі" АҚ облигацияларынан басқа) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізімге енгізілген Ұйымдарға қатысы бойынша аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялы бағалы қағаздары;
6) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары;
6-1) ықтимал шығындар резервін шегергендегі, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі борыш сомалары мен есептелген сыйақыны ескере отырып);
7) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі "Қазақстан Даму банкі" АҚ облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
8) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ" ("Etandard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Eervіce" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
9) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ" ("Etandard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Eervіce" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
10) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ" ("Etandard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Eervіce" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің борыштық бағалы қағаздары бойынша акциялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
11) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
12) тазартылған қымбат металдар;
13) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі қор биржасының ең жоғары санатынан кейінгі (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан басқа) (елу процентке кемітілген негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Ұйымдарға қатысы бойынша аффилирленген тұлға болып табылмайтын (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар) Қазақстан Республикасының ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
14) Ұйымдарға қатысы бойынша аффилирленген тұлға болып табылмайтын (мүмкін жоғалтудың резервін шегере отырып), қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергендегі ұйымның дебиторлық берешегі, оның ішінде:
Ұйымдарға қатысы бойынша аффилирленген тұлға болып табылмайтын, Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшердегі шарт талаптары бойынша дебиторлық берешекті шегергендегі жасалған шарт талаптарын қызметкерлердің және басқа тұлғалардың үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірген дебиторлық берешек (мүмкін жоғалтудың резервін шегере отырып);
Ұйымдарға қатысы бойынша аффилирленген тұлға болып табылмайтын, Ұйымның балансы бойынша жасалған шарт талаптарын қызметкерлердің және басқа тұлғалардың тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірген елу процентке кемітілген активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешекті шегергендегі дебиторлық берешек (мүмкін жоғалтудың резервін шегере отырып).
Басқа активтер ретінде Ұйымның мынадай активтері танылады:
1) Ұйымның баланстық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтар, оның ішінде:
Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі немесе тұрақты пайдалану құқығындағы жер;
Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі үйлер және ғимараттар;
Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі машиналар мен жабдықтар;
2) бағдарламалық қамтамасыз ету - Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
,
2005 жылғы 19 сәуірдегі N 133
қаулысымен
.
4. <*>
Ескерту: 4-тармақ алынып тасталды -
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
5. Ұйымда инвестициялық басқаруда тұрған зейнетақы активтерінің кірістілігі формула бойынша есептелетін мынадай К2 номиналды кіріс коэффициентімен сипатталады:
__
Сt
К2 = ( ___ - 1) х 100, бұл жерде
__
С0
_
Сt - Қордың есептi күнтiзбелiк айда Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң осы Ұйымның 6-тармағына сәйкес есептелген орташа құны;
_
С0 - Қордың отыз алты ай бұрын Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң осы Ереженің 6-тармағына сәйкес есептелген орташа құны.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
6. Қордың қандай да болмасын айда Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң орташа құны осы Қордың осы айдың әрбiр күнтiзбелiк күнiнiң соңында осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгінiң осы Ереженің 7-тармағына сәйкес есептелген орташа арифметикалық мәнi ретiнде есептеледi.
7. Қордың қандай да болмасын күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгінiң орташа құнын ұйым мына формула бойынша есептейдi:
ПАі
Сi = ____, бұл жерде
УЕі
Сi - Қордың осы күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құны;
ПАi - Қордың осы күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы активтерiнiң осы Ереженің 8-тармағына сәйкес есептелген ағымдағы құны;
УЕi - Қордың осы күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы активтерiнiң осы Ереженің 9-тармағына сәйкес есептелген шартты бiрлiктерiнiң жалпы саны.
8. Қордың қандай да болмасын күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледi (осы Ереженің 10-тармағында белгiленген ерекшелiктердi ескерумен):
ПАi = ПА(i-1)+Вi+Ті+Д+Иi+Пi1+Пі2-Ні1-Ні2-КВі, бұл жерде
ПА(і-1) - Қордың өткен күнтiзбелiк күннiң соңына Ұйымның
инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы
активтерiнiң ағымдағы құны;
Ві - осы күнi Қорға түскен зейнетақы жарналары;
Тi - осы күнi Қорға түскен басқа Қорлардан аударылған
зейнетақы активтерi;
Дi - Қордың зейнетақы активтерi бойынша осы күнi
есептелген инвестициялық табыс;
Иi - Қордың инвестициялық шотындағы қалдық бойынша осы
күнi кастодиан-банк төлеген сыйақы (мүдде);
Пi1 - зейнетақы жарналарын уақытында төлемегендiк үшiн
Қордың осы күнi алған өсiмi;
Пі2 - зейнетақы активтерiн уақытында инвестицияламағандық
үшiн Қордың осы күнi алған өсiмi;
Ні1 - осы күнi Қордан есептелген зейнетақы төлемдерi,
Қордан басқа Қорларға жасалған аударымдар және
Қордың инвестициялық шотына қателесiп түскен
сомалар бойынша мiндеттемелер (Қор және оған қызмет
көрсететiн кастодиан-банк түскен күнi қателесiп
түскен деп таныған, қаржы құралдарына
орналастырылмаған және Қордың
салымшыларының/зейнетақы төлемдерiн алушылардың
жеке шоттарына есепке алынбаған сомаларды
қоспағанда);
Нi2 - анықталғанға дейiн осы күнi есептелген сомалар;
КВі - Қордың және Ұйымның осы күнi есептелген
комиссиялық сыйақылары.
9. Қордың қандай да болмасын күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiктерiнiң жалпы саны мына формула бойынша есептеледi (осы Ереженің 10-тармағында белгiленген ерекшелiктердi ескерумен):
Вi
+ Тi + Пi1 - Нi1 - Нi2
Еi = УЕ(i-1)+ _________________________
С(i-1)
бұл жерде
УЕ(i-1) - Қордың осы күннiң алдындағы соңғы күнтiзбелiк
күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында
болған зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiктерiнiң
жалпы саны;
С(i-1) - Қордың осы күннiң алдындағы соңғы күнтiзбелiк
күннiң соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында
болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң
құны.
Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
.
10. Қордың зейнетақы активтерi Ұйымның инвестициялық басқаруына бастапқы түскен кезде (осы Ереженің 11-тармағында белгiленген ерекшелiктердi қоспағанда) осы қордың зейнетақы активтерi инвестициялық басқаруда болып табылған бiрiншi күннiң соңына Сi, ПАi және УЕi көрсеткiштерiнiң есебi мынадай мәндерге сүйене отырып жүзеге асырылады:
1) С(i-1) - 100 теңге;
2) ПА(i-1) - Қордың Ұйым инвестициялық басқаруға
қабылдаған "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны;
3) УЕ(i-1) - Қордың Ұйым инвестициялық басқаруға
қабылдаған "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құнын
100 теңгеге бөлудiң нәтижесi.
11. Қордың зейнетақы активтерiн бiр Ұйымнан екiншiсiне инвестициялық басқаруға өткiзген кезде осы Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын есептеу үзiлмейдi және оның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға қабылдаған Ұйым жүзеге асыруды жалғастыра бередi.
12. К
2
коэффициентін Ұйым тек зейнетақы активтерi осы немесе басқа Ұйымдарда отыз алты және одан көп айда инвестициялық басқаруда болған Қорларға ғана қатысты аталған мерзiм iшiнде мынадай оқиғалардың болғандығына не болмағандығына қарамастан есептейдi:
1) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға осы Ұйымға берiлген лицензияны қолдануды тоқтата тұру;
2) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы К
2
коэффициентін есептеу күнiне Қордың зейнетақы активтерi инвестициялық басқаруда болған басқа Ұйымға берiлген лицензияны қолдануды тоқтата тұру;
3) зейнетақы активтерiн тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн Қорға берiлген лицензияны қолдануды тоқтата тұру;
4) Қордың зейнетақы активтерiн бiр Ұйымнан екiншiсiне инвестициялық басқаруға өткiзiп беру.
Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
13. Ұйымдар ұсынған К
2
коэффициенті есептерiнiң негiзiнде Уәкілетті орган осы Ереженің 14-тармағына сәйкес ай сайын мыналардың мәндерiн есептейдi және ағымдағы айдың он бесiнен кешiктiрмей Интернет желiсiне, сондай-ақ басқа да ықтимал бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайды:
1) осы Ереженің 12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн барлық Қорлар бойынша К
2
коэффициенті;
2) осы Ереженің 12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн барлық Қорлар бойынша өткен толық он екi айдағы орташа атаулы кіріс коэффициентті.
Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
14. Орташа атаулы табыстың коэффициентi "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны бойынша (К
2
коэффициентiн есептеу жүзеге асырылған кезеңнiң бiрiншi айының бiрiншi күнi жағдайы бойынша) осы Ереженің 12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн барлық Қорлар бойынша бiр кезеңдегi К
2
коэффициенттерiнiң орташа өлшенген өлшемi ретiнде есептеледi.
Ескерту: 14-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
15. Зейнетақы активтері осы Ұйымда инвестициялық басқаруда тұрған әрбір қор бойынша К
2
коэффициентінің ауытқуы тиісті кезеңнің орташа номиналды кірісі коэффициентінің мәнінен 30%-тен кем болмауы тиіс.
Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды -
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
4-тарау. "Жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі"
3 пруденциалдық нормативі
Ескерту: 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378 қаулысымен .
16. Жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі күнделікті мәні 1-ден кем болмайтын К 4 коэффициентімен сипатталады. К4 коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К 4 = ЖӨА( МКЕАМ*0,3), онда
ЖӨА - жоғары өтімді активтер.
Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
17. <*>
Ескерту: 17-тармақ алынып тасталды -
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
5-тарау. "РЕЗЕРВТIК КАПИТАЛ" 4-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ
Ескерту: 5-тарау (18-23-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378 қаулысымен .
6-тарау. "ӨЗ АКТИВТЕРIНIҢ ЕСЕБIНЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАУ"
5-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ
Ескерту: 6-тарау (24-25-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378 қаулысымен .
7-тарау. "БIР ЭМИТЕНТТIҢ МЕМЛЕКЕТТIК БАҒАЛЫ
ҚАҒАЗДАРЫНА, БIР БАНКТЕГI САЛЫМДАРҒА ЖӘНЕ
ИНВЕСТИЦИЯЛАУ" 6-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ
Ескерту: 7-тараудың атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен , 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .
26. Ұйымның бір эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына, екінші деңгейдегі бір банктегі салымдарға уәкілетті орган белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
1) эмиссиялаған бағалы қағаздарға, сондай-ақ осы банктегi салымдарға:
зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде осы банктiң дауыс берушi акцияларына инвестициялар осы банктiң дауыс берушi акциялары жалпы санының он процентiнен кем болған жағдайда - әрбiр жеке Қордың Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 10%-i;
өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Ұйымның өз активтерi көлемiнiң 10%-i,
бiрақ жиынтығында осы банктiң өз капиталы мөлшерiнiң 35%-нен көп емес (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигациялардан басқа);
осы банктің борыштық бағалы қағаздарының "ВВ-" ("Etandard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе осы банктің меншікті капиталының 50%-нен аспайтын "ВаЗ" ("Moody's Investors Eervіce" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы болған жағдайда;
екінші деңгейдегі бір банк айналысқа бағалы қағаздар үшін ақша шығарған инвестициясының мөлшері, не екінші деңгейдегі бір банкке салынған салымдардағы инвестиция мөлшері банктің меншікті капиталының мөлшерінен 25 %-тен аспауы тиіс (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигацияларды қоспағанда);
1-1) екiншi деңгейдегi банктiң және банктiң екiншi деңгейдегi банктер болып табылмайтын аффилиирленген тұлғаларының бағалы қағаздарына, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасының төртiншi азатжолымен, 2) тармақшасының төртiншi азатжолымен және 3)
тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеулердi сақтай отырып осы банктегi салымдарға:
зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 10%-ы;
өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Ұйымның өз активтерi көлемiнiң 10%-ы;
2) екiншi деңгейдегі банк болып табылмайтын эмитенттiң облигацияларына:
зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 10%-i;
өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Ұйымның өз активтерi көлемiнiң 10%-i,
бiрақ жиынтығында осы эмитенттiң өз капиталы мөлшерiнiң 25%-нен (қаржы агенттіктерінің, ипотекалық облигациялардың, инфрақұрылымдық облигациялардың және қаржы агенттігінің кепілдігімен шығарылған облигациялардан басқа) немесе осы эмитенттiң бiр эмиссиясы облигацияларының жалпы көлемiнiң 25%-нен көп емес (аталған өлшемдердiң қайсы аз болып табылатындығына байланысты);
3) екiншi деңгейдегi банк болып табылмайтын эмитенттiң акцияларына -
зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 15%-i;
өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Ұйымның өз активтерi көлемiнiң 15%-i,
бiрақ жиынтығында осы эмитент акцияларының жалпы санының 10%-нен көп емес.
Ескерту: 26-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434
қаулысымен
,
2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
,
2003 жылғы 4 тамыздағы N 284
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
,
2005 жылғы 19 сәуірдегі N 133
қаулысымен
.
27. Ұйымның бiр эмитенттiң мемлекеттiк бағалы қағаздарына, екiншi деңгейдегi бiр банктегi салымдарға және жүзеге асыруы мүмкiн инвестицияларының жиынтық мөлшерiн есептеу кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті - банктiң (эмитенттiң) өз капиталы оның банктiк қызметтi реттейтiн заңдарға және акционерлiк қоғамдар туралы заңдарға сәйкес баспасөз басылымдарда жарияланған не листингтiк рәсiмдерге сәйкес бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушы ұсынған соңғы тоқсандағы балансының негiзiнде айқындалады;
2) шетелдік эмитенттің өз капиталы Reuters немесе Bloomberg V.L.P. ақпараттық талдау жүйелерінде немесе ИНТЕРНЕТ желісінде сауда жүйесінде осы бағалы қағаздар құнды деп есептелетін бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сайтында немесе осы бағалы қағаздар эмитентінің сайтында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде айқындалады;
3) бiр бiрiне қатысы бойынша аффилиирленген банктер бiр банк ретiнде танылады, бұл ретте осы Ереженің 26-тармағының 1)-тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеу осындай банктердiң әрқайсына қатысты қолданылады;
3-1) екiншi деңгейдегi банктер болып табылмайтын, бiр бiрiне қатысы бойынша аффилиирленген эмитенттер екiншi деңгейдегi банк болып табылмайтын бiр эмитент ретiнде танылады, бұл ретте осы Ереженің 26-тармағының 2) тармақшасының төртiншi азатжолымен
және 3) тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеулер осындай эмитенттердiң әрқайсына қатысты қолданылады.
Ескерту: 27-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434
қаулысымен
,
2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
27-1. Ұйым кассасында күн аяғындағы ақша қалдығының мөлшері Ұйымның өз активтерінің 10%-нен аспауы тиіс.
Ескерту: 27-1-тармақпен толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434
қаулысымен
,
2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
.
28. Осы Ереженің 26 және 27-тармақтарында белгiленген нормалар халықаралық қаржылық ұйымдардың Ұйым уәкілетті орган белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне сәйкес сатып алуы мүмкiн бағалы қағаздарына қолданылмайды.
Ескерту: 28-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
,
2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 484
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
29. Ұйым әрбiр жұмыс күнi алдыңғы жұмыс күнiнiң соңы жағдайы бойынша, сондай-ақ тiкелей ағымдағы жұмыс күнiнiң алдындағы әрбiр демалыс күндерiнiң соңына:
1) К1 коэффициентiнiң мәнiн;
2) К4 коэффициентiнiң мәнiн;
3) осы Ереженің 1-қосымшасындағы үлгi бойынша зейнетақы активтерi осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбiр жеке Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын;
4)
алынып тасталды
;
5)
алынып тасталды
;
6) жүзеге асырылған инвестициялардың 6-пруденциялық нормативтерге сәйкес келуiн есептеудi жүргiзуге мiндеттi.
Ескерту: 29-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
30. Ай сайын, бесiншi жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ұйым уәкiлеттi органға электрондық тасымалдағышта:
1) өткен айдағы К
2
коэффициентінің мәндерiн есептеулердi (ағымдағы айдың басына зейнетақы активтерi осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбiр Қор бойынша
жеке);
2) осы Ереженің 2-қосымшасындағы үлгі бойынша ағымдағы айдың басына зейнетақы активтерi осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбiр жеке Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң өткен айдағы орташа құны туралы анықтаманы беруге
мiндеттi.
Ескерту: 30-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
31. Осы Ереженiң 29-тармағында және 30-тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген қағаз жазбадағы есептеулерге (осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша), сондай-ақ 32-тармақта көрсетiлген пруденциалдық нормативтердiң есебiне арналған қосымша мәлiметтерге (осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша) бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және Ұйымда сақталады. Ұйым уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы мәлiметтердi қағаз жазбада ұсынады.
Ескерту: 31-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
32. Уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құқықтық актiлерiне сәйкес электрондық тасымалдағышта Ұйым ұсынатын қаржылық және өзге де есеп берудiң және Ұйым осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық тасымалдағышта ұсынатын пруденциалдық нормативтердiң есебiне қосымша мәлiметтер негiзiнде К
1
және К
4
коэффициенттерiнiң мәнiн ай айын есептейдi.
Электрондық тасымалдағыштағы пруденциалдық нормативтердiң есебiне арналған қосымша мәлiметтер осы айдың бесiншi жұмыс күнi Астана уақытымен 18.00-сағаттан кешiктiрмей есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша ұсынылады.
Пруденциалдық нормативтер есебінің есеп беру және қосымша мәліметтердегі деректері Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі. Оларды құрастыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге теңестіріліп дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеден асатын сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Ескерту: 32-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
,
2003 жылғы 4 тамыздағы N 284
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
32-1. Осы Ереженiң 30-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген есептеулер, сондай-ақ осы ереженiң 32-тармағында көрсетiлген пруденциалдық нормативтердiң есебiне арналған қосымша мәлiметтер электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдаланумен ұсынылады.
Ескерту: 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
32-2. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн Ұйымның бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.
Ескерту: 32-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
33. Осы Ереженің 29-тармағына сәйкес есептелген, сондай-ақ К
2
коэффициентінің мәндері осы Ережеде белгіленген пруденциалдық нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда Ұйым бір күннің ішінде мұндай сәйкес келмеу фактісі және себептері туралы оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарымен қоса уәкілетті органға хабарлайды.
Ескерту: 33-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
33-1. Ұйым бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін және/немесе зейнетақы жарналарын қамту қызметін және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды біріктірген жағдайда пруденциалдық нормативтерді есептеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.
Ескерту: 33-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
34-37. Тармақтар алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен .
Ұлттық комиссияның
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясының
2000 жылғы 15 қарашадағы
N 87 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық нормативтер
туралы ереженің 1-қосымшасы
Ескерту: 1-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
.
(в кк.аа.жж. форматындағы күн) соңына
(зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйым ілік септігіндегі қысқаша атауы) инвестициялық
басқаруындағы (жинақтаушы зейнетақы қорының ілік септігіндегі
қысқаша атауы) зейнетақы активтерінің бір шартты
бірлігінің құны туралы
Анықтама
(үтірден кейін екі белгімен)
--------------------------------------------------------------------
Күні!Зейнетақы !Басқа ! Алынған өсім !Кастодиан!Төлемдер
!жарналары,!қорлар. !---------------------!-банктің !және ау.
!түскен !дан ауда!зейнетақы !зейнетақы !сыйақысы !дармалар
! !рымдар !жарналарын!активтерін! !___________
! ! !уақытында !уақытында ! ! !
! ! !аударма. !инвести. ! !төлен!есеп
! ! !ғандық !циялама. ! !ген !тел.
! ! !үшін !ғандық ! ! !ген
! ! ! !үшін ! ! !
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! ! 7
--------------------------------------------------------------------
кк.
аа.
жж.
Жиыны:
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------------------------------
Анықтал.!Қателесіп! Зейнетақы ! Инвестициялық !"Таза"
ғанға !есепке ! активтерінен ! табыстан !зейнетақы
дейінгі !алынған !комиссиялық сыйақы !комиссиялық сыйақы !активте.
сомалар !сомалар !-------------------!-------------------!рінің
!бойынша !есептелген!төленген!есептелген!төленген!ағымдағы
!міндет. ! ! ! ! !құны
!темелер ! ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------
8 ! 9 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14
-------------------------------------------------------------------- х
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
----------------------------
Шартты ! Зейнетақы !
бірліктердің! активтерінің !
2 ! бір шартты !
саны ! бірлігінің !
! 3 !
! құны !
---------------------------!
15 ! 16 !
----------------------------
х х !
---------------------------!
Бірінші басшы (қолы)
Бас бухгалтер (қолы)
М.О.
____________________________
1 Қордың инвестициялық шотындағы қалдық бойынша кастодиан-банк
төлеген сыйақы (мүдде).
2 Үтірден кейін үш белгіге дейінгі дәлдікпен.
3 Үтірден кейін жеті белгіге дейінгі дәлдікпен.
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясының
2000 жылғы 15 қарашадағы
N 87 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық нормативтер
туралы ереженің 2-қосымшасы
Ескерту: 2-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134
қаулысымен
.
(күнтізбелік жылды санмен белгілеу) жылғы
(айдың аты)-дағы (зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ілік септігіндегі
қысқаша атауы) инвестициялық басқаруындағы (жинақтаушы
зейнетақы қорының ілік септігіндегі қысқаша атауы)
зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің
орташа құны туралы
Анықтама
(үтірден кейін екі белгімен)
--------------------------------------------------------------------
Күні!Зейнетақы !Басқа ! Алынған өсім !Кастодиан!Төлемдер
!жарналары,!қорлардан !---------------------!-банктің !және ау.
!түскен !аударымдар!зейнетақы !зейнетақы !сыйақысы !дармалар
! ! !жарналарын!активтерін! !_________
! ! !уақытында !уақытында ! !тө.!есеп.
! ! !аударма. !инвести. ! !лен!тел.
! ! !ғандық !циялама. ! !ген!ген
! ! !үшін !ғандық ! ! !
! ! ! !үшін ! ! !
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! ! 7
--------------------------------------------------------------------
кк.
аа.
жж.
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------------------------------
Анықтал.!Қателесіп! Зейнетақы ! Инвестициялық ! "Таза"
ғанға !есепке ! ктивтерінен ! табыстан !зейнетақы
дейінгі !алынған !комиссиялық сыйақы !комиссиялық сыйақы !активтері
сомалар !сомалар !-------------------!-------------------!нің ағым.
!бойынша !есептелген!төленген!есептелген!төленген!дағы құны
!міндет. ! ! ! ! !
!темелер ! ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------
8 ! 9 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 --------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
----------------------------
Шартты ! Зейнетақы !
бірліктердің! активтерінің !
2 ! бір шартты !
саны ! бірлігінің !
! 3 !
! құны !
---------------------------!
15 ! 16 !
----------------------------
---------------------------!
(күнтізбелік жылды санмен белгілеу) жылғы
(айдың аты)-дағы бір шартты бірліктің орташа құны
3
.
Бірінші басшы (қолы) Бас бухгалтер (қолы)
М.О.
Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық
нормативтер туралы
Ереженің 3-қосымшасы
Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
Дефолта коэффициентінің мәні
Қаржы құралының сипаттамасы |
Бағалы қағазды (салымды)
|
||||
Бір
|
Бір жыл-
|
Екі жыл-
|
Үш
|
Төрт
|
|
"ААА" ("Etandard & Poor's"
|
0,00 |
0,00 |
0,03 |
0,07 |
0,10 |
Халықаралық кредиттік рейтинг
|
0,00 |
0,00 |
0,03 |
0,07 |
0,10 |
"ААА" ("Etandard & Poor's"
|
0,00 |
0,00 |
0,03 |
0,07 |
0,10 |
"ААА" ("Etandard & Poor's"
|
0,00 |
0,00 |
0,03 |
0,07 |
0,10 |
"АА" ("Etandard & Poor's" және
|
0,01 |
0,03 |
0,08 |
0,16 |
0,26 |
Халықаралық кредиттік рейтинг
|
0,01 |
0,03 |
0,08 |
0,16 |
0,26 |
"АА" ("Etandard & Poor's" және
|
0,01 |
0,03 |
0,08 |
0,16 |
0,26 |
"АА" ("Etandard & Poor's" және
|
0,01 |
0,03 |
0,08 |
0,16 |
0,26 |
"А" ("Etandard & Poor's" және
|
0,05 |
0,14 |
0,24 |
0,40 |
0,57 |
Халықаралық кредиттік рейтинг
|
0,05 |
0,14 |
0,24 |
0,40 |
0,57 |
"А" ("Etandard & Poor's" және
|
0,05 |
0,14 |
0,24 |
0,40 |
0,57 |
"А" ("Etandard & Poor's" және
|
0,05 |
0,14 |
0,24 |
0,40 |
0,57 |
"ВВВ" ("Etandard & Poor's" және
|
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15 |
Халықаралық кредиттік рейтинг
|
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15 |
"ВВВ" ("Etandard & Poor's"
|
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15 |
"ВВВ" ("Etandard & Poor's" және
|
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15 |
"ВВ" ("Etandard & Poor's" және
|
1,20 |
3,43 |
6,06 |
8,40 |
10,46 |
Халықаралық кредиттік рейтинг
|
1,20 |
3,43 |
6,06 |
8,40 |
10,46 |
"ВВ" ("Etandard & Poor's" және
|
1,20 |
3,43 |
6,06 |
8,40 |
10,46 |
"ВВ" ("Etandard & Poor's" және
|
1,20 |
3,43 |
6,06 |
8,40 |
10,46 |
Қазақстан Республикасының
|
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Акциялар |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Қазақстан Республикасының
|
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15 |
"А" санаты бойынша сауда-сат-
|
5,93 |
12,63 |
18,17 |
22,18 |
24,95 |
"Кері репо" операциялары
|
0,00 |
x |
x |
x |
x |
Қазақстан Республикасының
|
5,93 |
12,63 |
18,17 |
x |
x |
Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық
нормативтер туралы
Ереженің 4-қосымшасы
Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
.
К 1 және К 4 коэффициенттері мәнінің есептері
N |
Көрсеткіш атауы |
Баланс
|
Еске-
|
Есептік
|
1. |
Ақша - барлығы (жол сомасы
|
|
|
|
1.1. |
Баланс бойынша активтер
|
|
100% |
|
1.2. |
Екінші деңгейдегі банктердің
|
|
100% |
|
2. |
Қазақстан Республикасының
|
|
100% |
|
3. |
Бағалы қағаздары қор биржа-
|
|
100% |
|
4. |
Мүмкін жоғалтудың резервін
|
|
100% |
|
5. |
Мүмкін жоғалтудың резервін
|
|
100% |
|
6. |
Мүмкін жоғалтудың резервін
|
|
100% |
|
7. |
Мүмкін жоғалтудың резервін
|
|
100% |
|
8. |
Мүмкін жоғалтудың резервін
|
|
100% |
|
9. |
Шетел эмитенттерінің мүмкін
|
|
100% |
|
10. |
Шетел эмитенттерінің мүмкін
|
|
100% |
|
11. |
Халықаралық қаржы ұйымдарының
|
|
100% |
|
12. |
Тазартылған қымбат металдар |
|
100% |
|
13. |
Мүмкін жоғалтудың резервін
|
|
50% |
|
14. |
Ұйымға қатысты аффилирленген
|
|
|
|
14.1. |
Ұйымға қатысты аффилирленген
|
|
100% |
|
14.2. |
Ұйымға қатысты аффилирленген
|
|
50% |
|
15. |
Ұйымның баланс құны бойынша
|
|
|
|
15.1. |
Ұйымның балансы бойынша ак-
|
|
100% |
|
15.2. |
Ұйымның балансы бойынша ак-
|
|
100% |
|
15.3. |
Ұйымның балансы бойынша
|
|
100% |
|
16. |
Ұйымның балансы бойынша
|
|
100% |
|
17. |
Өтімді активтер жиынтығы
|
|
|
|
18. |
Баланс бойынша міндеттеме |
|
100% |
|
19. |
Меншікті капиталдың ең аз
|
|
|
|
20. |
К
1
((17-жол - 18-жол)
|
|
|
|
21. |
Жоғары өтімді активтер жиын-
|
|
|
|
22. |
К 4 (21-жол/19-жол*0,3); К 4 > 1 |
|
|
|
23. |
Баланс бойынша активтер сомасы |
|
|
|
Басшы ______________________________ ___________
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер ______________________________ ___________
(аты-жөні) (қолы)
Мөрдің орны;
Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық
нормативтер туралы
Ереженің 5-қосымшасы
Ескерту: Қосымшамен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
200__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша
__________________________________________________
(ұйымның атауы)
пруденциалдық нормативтердің есебіне
арналған қосымша мәліметтер
(мың теңгемен)
Бел-
|
Көрсеткіш атауы |
Баланс
|
1 |
2 |
3 |
8001 |
Жеке меншіктегі немесе тұрақты жер пайдалану
|
|
8002 |
Жеке меншіктегі үйлер немесе ғимараттар |
|
8003 |
Жеке меншіктегі машиналар немесе жабдықтар |
|
8004 |
Басқа да негізгі құрал-жабдықтар |
|
8005 |
Ұйымға қатысты аффилирленген тұлға болып та-
|
|
8006 |
Ұйымға қатысты аффилирленген тұлға болып та-
|
|
8007 |
Басқа дебиторлық берешек (мүмкін жоғалтудың
|
|
8008 |
Тазартылған қымбат металдар |
|
8009 |
Бағдарламалық қамтамасыз ету |
|
8010 |
Басқа материалдық емес активтер |
|
8011 |
Мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі қор
|
|
8012 |
Мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі қор
|
|
8013 |
Басқа бағалы қағаздар |
|
Басшы ______________________________ ___________
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер ______________________________ ___________
(аты-жөні) (қолы)
Мөрдің орны