"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтер" нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет басқармасында 2001 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1690. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412 қаулысымен.

        Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін    2-тармақтан   қараңыз ).
__________________________________

      Зейнетақы активтерiнiң сақталысын және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару кезiнде туындаған тәуекелдердi төмендетудi қамтамасыз ету, зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртiбiн нақтылау мақсатында, "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2 наурыздағы  Заңының  қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтер" нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87  қаулысына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн. 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi. 
      3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментi (Шалғымбаева Г.Н.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесе отырып осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күн iшiнде осы қаулыны бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктеумен), "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң және кастодиан - банктердiң назарына жеткiзсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы     

     Қазақстан Республикасының Еңбек және 
     халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
     Жинақтаушы зейнетақы қорларының
     қызметін реттеу жөніндегі комитетімен
     келісілген
     2001 жылғы 21 қараша

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 16 қарашадағы 
N 434 қаулысына     
қосымша         

"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі
қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық
нормативтер" нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясының 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87
қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар 

      "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтер" нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87  қаулысына
      Аталған қаулымен бекiтiлген "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтер" нұсқаулығына: 
      1. 1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "2-1) "Арнаулы кәсiпорын" - Special Рurроsе Vеhiсlе (SРV): халықаралық облигациялар шығару мақсатында құрылған, жалғыз қатысушысы (акционерi) Қазақстан Республикасының ұйымы, осы заңды тұлғаның осы облигациялар бойынша мiндеттемелерiне кепiл берушi болып табылатын шетелдiк заңды тұлға;". 
      2. 3-тармақта: 
      1) 3) тармақшадағы "10 және одан көп" деген сөздер "10-нан 30-ға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) мынадай мазмұндағы 3-1) және 3)-2) тармақшалармен толықтырылсын: 
      "3-1) Компанияның инвестициялық басқаруындағы және 10-нан 30-ға дейiн миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны кезiнде, - мына формула бойынша есептелген өлшемдер: К1мin = 0,01 х 0,95n, мұнда К1міn - К1 коэффициентiнiң ең төменгi рұқсат етiлген мәнi; n - ПА - 25/5 бөлшегi мәнiнiң тұтас саны, мұнда ПА - Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны, миллиард теңге; 
      3-2) Компанияның инвестициялық басқаруындағы және 50 миллиард теңгенi және одан көбiн құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны кезiнде, - мына формула бойынша есептелген өлшемдер: К1міn = 0,0086 х 0,96n, мұнда n - ПА - 45/5 бөлшегі мәнiнiң тұтас саны, мұнда ПА - Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны, миллиард теңге;". 
      3. 7-тараудың атауындағы "депозиттерге" деген сөз "салымдарға (депозиттерге)" деген сөздермен ауыстырылсын және "екiншi деңгейдегi бiр банктiң депозиттiк сертификаттарына" деген сөздер алып тасталсын. 
      4. 26-тармақта: 
      1) бiрiншi азатжолдағы "депозиттерге" деген сөз "салымдарға (депозиттерге)" деген сөздермен ауыстырылсын және "екiншi деңгейдегi бiр банктiң депозиттiк сертификаттарына" деген сөздер алып тасталсын; 
      2) 1) тармақшаның бiрiншi азатжолындағы "депозиттерге" деген сөз "салымдарға (депозиттерге)" деген сөздермен ауыстырылсын және "екiншi деңгейдегi бiр банктiң депозиттiк сертификаттарына" деген сөздер алып тасталсын; 
      3) мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "1-1) екiншi деңгейдегi банктiң және банктiң екiншi деңгейдегi банктер болып табылмайтын аффилиирленген тұлғаларының бағалы қағаздарына, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасының төртiншi азатжолымен, 2) тармақшасының төртiншi азатжолымен және 3) тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеулердi сақтай отырып осы банктегi салымдарға (депозиттерге): 
      зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi көлемiнiң 10%-ы; 
      өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Компанияның өз активтерi көлемiнiң 10%-ы; 
      4) 2) тармақшаның төртiншi азатжолында: 
      "өз капиталы мөлшерiнiң 25%-нен" деген сөздерден кейiн "(осы Нұсқаулықтың 27-1-тармағымен белгiленген жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "санының" деген сөз "көлемiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын. 
      5. 27-тармақта: 
      1) бiрiншi азатжолдағы "депозиттерге" деген сөз "салымдарға (депозиттерге)" деген сөздермен ауыстырылсын және "екiншi деңгейдегi бiр банктiң депозиттiк сертификаттарына" деген сөздер алып тасталсын; 
      2) 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3) бiр бiрiне қатысы бойынша аффилиирленген банктер бiр банк ретiнде танылады, бұл ретте осы Нұсқаулықтың 26-тармағының 1) тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеу осындай банктердiң әрқайсына қатысты қолданылады;"; 
      3) мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: 
      "3-1) екiншi деңгейдегi банктер болып табылмайтын, бiр бiрiне қатысы бойынша аффилиирленген эмитенттер екiншi деңгейдегi банк болып табылмайтын бiр эмитент ретiнде танылады, бұл ретте осы Нұсқаулықтың 26-тармағының 2) тармақшасының төртiншi азатжолымен және 3) тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеулер осындай эмитенттердiң әрқайсына қатысты қолданылады; 
      3-2) осы Нұсқаулықтың 26-тармағының 1-1) тармақшасының және осы тармақтың 3) және 3-1) тармақтарының мақсаты үшiн "Аффилиирленген тұлға" ұғымын қолдану практикасы туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 26 қазандағы N 181 қаулысының нормалары пайдаланылады.". 
      6. Мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "27-1. Зейнетақы активтерiн Арнаулы кәсiпорын шығарған бағалы қағаздарға инвестициялау кезiнде эмитенттiң өз капиталы ретiнде облигациялар шығаруға кепiл берушiнiң өз капиталы пайдаланылады.". 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады