Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
__________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер" нұсқаулығын бекiту туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1330 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2001 жылғы қаңтарда жарияланған, N 1, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1690 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434
қаулысымен
енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ұсынылып отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер" нұсқаулығында:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені" бекiту жөнінде" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаулысымен бекітілді";
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін әзірленді және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтерді белгілейді.";
барлық мәтін бойынша "осы Нұсқаулықта", "осы Нұсқаулық", "осы Нұсқаулықтың", "осы Нұсқаулыққа" деген сөздер тиісінше "осы Ережеде", "осы Ереже", "осы Ереженің", "осы Ережеге" деген сөздермен; "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссиясының", "Ұлттық комиссияны", "Ұлттық комиссияға" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органды", "уәкілетті органға" деген сөздермен; "Компания", "Компаниялар", "Компанияға", "Компанияларға", "Компанияның", "Компаниядан" деген сөздер тиісінше "Ұйым", "Ұйымдар", "Ұйымға", "Ұйымдарға", "Ұйымның", "Ұйымнан" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Ұйым - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры;
2) Уәкілетті орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі қызметтер мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
2-1) тармақша алынып тасталсын;
2-тармақтың 5) тармақшасында:
бірінші абзацтағы "мыналармен" деген сөз "уәкілетті орган белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;
9-тармақта:
формула мынадай редакцияда жазылсын:
Вi
+ Тi + Пi1 - Нi1 - Нi2
"УЕi = УЕ(i-1)+ _________________________";
С
(i-1)
"КВi1 - Қордың және Компанияның осы күнi зейнетақы жарналарынан есептелген комиссиялық сыйақылары" деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақтың 2) тармақшасындағы "("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ын қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақтағы "("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ын қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. "Өз қаражатын негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге салу" 3-пруденциалдық норматив";
16-тармақта:
бірінші абзацтағы "айналымнан тыс активтерге және тауарлы-материалдық запастарға" деген сөздер "негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ВА - Ұйымның Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге салымдарының мөлшері";
24-тармақта:
бірінші абзацтағы "мыналармен" деген сөз "уәкілетті орган белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;
7-тараудың атауындағы "(депозиттерге)" деген сөз алынып тасталсын;
26-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйымның бір эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына, екінші деңгейдегі бір банктегі салымдарға уәкілетті орган белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:";
1) тармақшадағы "(депозиттерге)" деген сөз алынып тасталсын;
1-1) тармақшадағы "(депозиттерге)" деген сөз алынып тасталсын;
2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарындағы "5%" деген сөздер "10%" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарындағы "5%" деген сөздер "10%" деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақта:
бірінші абзацтағы "(депозиттерге)" деген сөз алынып тасталсын;
1) тармақшадағы "ұйымы" деген сөз "резиденті" деген сөзбен, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ы" деген сөздер "бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шетелдік эмитенттің өз капиталы Reuters немесе Bloomberg V.L.P. ақпараттық талдау жүйелерінде немесе ИНТЕРНЕТ желісінде сауда жүйесінде осы бағалы қағаздар құнды деп есептелетін бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сайтында немесе осы бағалы қағаздар эмитентінің сайтында орналастырылған оның соңғы рұқсат етілген тоқсандық немесе жылдық балансы негізінде айқындалады";
3-2) тармақша алынып тасталсын;
27-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27-1. Ұйым кассасында күн аяғындағы ақша қалдығының мөлшері Ұйымның өз активтерінің 10%-нен аспауы тиіс.";
28-тармақтағы "осы Нұсқаулыққа, Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11
қаулысымен
бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына және жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына" деген сөздер "уәкілетті орган белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
32 және 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. К1 және К4 коэффициенттері мәндерінің есебін Ұйымдар апта сайын есепті кезеңнен кейінгі бесінші жұмыс күні, аптаның бірінші күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдай бойынша алматы уақытымен сағат 16.00-ден кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.
К1 және К4 коэффициенттері мәндерінің есебін Ұйымдар көрсетілген айдың бесінен кешіктірмей есептіден кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша уәкілетті органға ұсынады.
33. Осы Ереженің 29-тармағына сәйкес есептелген, сондай-ақ К2 және К3 коэффициенттердің мәндері осы Ережеде белгіленген пруденциалдық нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда Ұйым бір күннің ішінде мұндай сәйкес келмеу фактісі және себептері туралы оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарымен қоса уәкілетті органға хабарлайды.";
34-37-тармақтар алынып тасталсын;
1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженің 1-қосымшасы";
атауындағы "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания" деген сөздер "зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағанның атауындағы "(мүдде)" деген сөз алынып тасталсын;
10 және 11-бағандардың атауындағы "жарналарынан" деген сөз "активтерінен" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженің 2-қосымшасы";
атауындағы "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания" деген сөздер "зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағанның атауындағы "(мүдде)" деген сөз алынып тасталсын;
10 және 11-бағандардың атауындағы "жарналарынан" деген сөз "активтерінен" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы