Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 13 қазан N 388 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 желтоқсан N 1335 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі Басқарамысының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысымен.

      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
                           ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен  бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген өзгерiс бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiстi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тiркеуден өткізiлген күннен бастап екі апталық мерзiмда осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесін бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекітiлген Банк операцияларының жекелеган түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеуші есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінiңаумақтық филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.  

      Ұлттық Банк Төрағасы

Қазақстан Республикасының                 Қазақстан Республикасының
 Қаржы министрлігімен                     Ұлттық Банкі басқармасының
 Келісілген                                 2000 жылғы 13 қазандағы
 23 қараша 2000 жыл                            N 388 қаулысымен
                                                  Бекітілген

         Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
    1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен  бекiтiлген Банк
    операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
   қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс

     - 6-тармақтың екінші бөлігіндегі "тоқсан сайын" деген сөз "жыл сайын" деген сөзбен ауыстырылсын.  

     Ұлттық Банктің Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады