Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 30.12.2013 № 08-1-1-1/669 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарының сүйегi салынған табыттар мен сауыттарды Қазақстан Республикасына жiберу үшiн ресiмдеу процесiн ретке келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қайтыс болған адамдардың сүйегi салынған табыттар мен сауыттарды Қазақстан Республикасына жiберу үшiн ресiмдеу Ережелерi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау істері Сыртқы Істер министрінің
Агенттігінің төрағасымен 2000 жылғы 21 қарашадағы
келісілді N 262
2001 жылғы 12 қаңтар бұйрығымен бекітілді
Қайтыс болған адамдардың сүйегi салынған табыттар мен
сауыттарды Қазақстан Республикасына жiберу үшiн ресiмдеу
ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Осы Ережелер қайтыс болғандардың отбасы мүшелерi мен туыстарының сұрауы бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң Қазақстан Республикасына жiберетiн Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың сүйегi салынған табыттар мен сауыттарды ресiмдеудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Қайтыс болған адамның денесiн тасымалдау үшiн пайдаланылатын табыт марқұмның жеке басын сәйкестендiру үшiн бас жатқан жердiң деңгейiнде қарауға арналған терезесi бар, ауа кiрмейтiндей етiп дәнекерленген, металл табыт болуы тиiс. Табыт, көлемi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандартына сәйкес белгiленген ағаш жәшiкке салынады.
3. Қайтыс болған адамдардың сүйегi салынған табыттар мен сауыттарға Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң сургуч мөрлерi қойылады, ал олар болмаған жағдайда, болу мемлекетiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн көрсететiн мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелерiнiң мөрлерi қойылады.
4. Табытпен немесе сауытпен бiрге төмендегi құжаттар жiберiледi:
1) қайтыс болуы туралы дәрiгерлiк анықтама;
2) қайтыс болған адамда iндет ауруларының болмағандығы және қайтыс болған адамның мәйiтi әкетiлетiн елдi мекенде шығу тегi бактериялық немесе вирустық жұғу қабiлетi жоғары iндет ауруларының (оба, тырысқақ, антракс, сары безгек және Ласс, Марбург, Мачупо, Эболалардың вирустық қан құйылу безгектерi, маймылдардың шешегi) жоқтығы туралы және қайтыс болған адамның мәйiтiн Қазақстанға апаруға берiлген рұқсат туралы анықтамалар;
3) Табытта немесе сауытта бөгде заттардың болмауы туралы анықтама;
4) Егер ол жасалса және оны алудың мүмкiндiгi болған жағдайда, өлiктi сойып ашу хаттамасынан көшiрме.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген құжат сауытты жiберу кезiнде талап етiлмейдi.
Осы тармақтың 1), 2), 4) тармақшаларында аталған құжаттарды болатын мемлекеттiң медициналық мекемелерi бередi және олар мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аударылып, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң мөрiмен, ал олар жоқ болған жағдайда, болу мемлекетiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн көрсететiн мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң мөрлерiмен расталуы тиiс.
Бөгде заттардың болмауы туралы анықтама (осы тармақтың 3-тармақшасы) дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемеде толтырылады.
Жоғарыда аталған құжаттар сенiмхаты болуы тиiс бiрге жүретiн адамға берiледi, ал ол болмаған жағдайда, табытпен бiрге, авиа жүк құжатына олардың тiзбесi енгiзiле отырып, жiберiледi.
Сенiмхатты Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекеме бередi.
5. Қайтыс болуы шығу тегi бактериялық немесе вирустық жұғу қабілетi жоғары iндет ауруларына (оба, тырысқақ, антракс, сары безгек және Ласс, Марбург, Мачупо, Эболалардың вирустық қан құйылу безгектерi, маймылдардың шешегi) байланысты емес және қайтыс болуы кезiнде iндет аурулар тiркелмеген елді мекенде болған адамның табытымен бiрге оның заттары жiберiлетiн болса, олар үшiн (заттарға) авиа жүк құжатына енгiзiлетiн тiзбе 3 данада әзiрленедi.
6. Қайтыс болған адамның жұмыс орнына (немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментiне) төмендегi мәлiметтер берiле отырып, шұғыл ақпарат жiберiледi:
1) қайтыс болған адамның фамилиясы, есiмi, әкесiнiң аты және туылған жылы;
2) табытты жiберу күнi;
3) ұшақ рейсiнiң нөмiрi;
4) бiрге жүретiн адам болған жағдайда, оның фамилиясы, есiмi, әкесiнiң аты;
5) Қазақстан Республикасындағы қайтыс болған адам тұрған мекен-жай;
6) Қазақстан Республикасындағы қай пунктке дейiн табыт жiберiлдi.
7. Қайтыс болуы шығу тегi бактериялық немесе вирустық жұғу қабiлетi жоғары iндет ауруларынан (оба, тырысқақ, антракс, сары безгек және Ласс, Марбург, Мачупо, Эболалардың вирустық қан құйылу безгектерi, маймылдардың шешегi) болған немесе қайтыс болу кезiнде осындай iндет аурулары тiркелген елдi мекенде болған адамның мәйiтiн апаруға болмайды.
8. Қайтыс болуы шығу тегi бактериялық немесе вирустық жұғу қабiлетi жоғары iндет ауруларынан (оба, тырысқақ, антракс, сары безгек және Ласс, Марбург, Мачупо, Эболалардың вирустық қан құйылу безгектерi, маймылдардың шешегi) болған немесе қайтыс болу кезiнде осындай iндет аурулары тiркелген елдi мекенде болған адамды оның отбасы мүшелерi немесе туыстары Қазақстан Республикасында жерлегiсi келсе, қайтыс болған адамның мәйiтiн өртеу арқылы топырағы салынған ыдысты Қазақстан Республикасына әкелу ұсынылады.
9. Қайтыс болуы шығу тегi бактериялық немесе вирустық жұғу қабiлетi жоғары iндет ауруларынан (оба, тырысқақ, антракс, сары безгек және Ласс, Марбург, Мачупо, Эболалардың вирустық қан құйылу безгектерi, маймылдардың шешегi) болған немесе қайтыс болу кезiнде осындай iндет аурулары тiркелген елдi мекенде болған адамның заттары, дезинфекция мен дезинсекцияның қолданылған әдiстерi бiрге берiлуi тиiс анықтамада көрсетiле отырып, дезинфекциядан және дезинсекциядан өткiзiлуi тиiс.
10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiгi санитарлық-карантиндiк пункттердiң мамандары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өту пункттерiнде осы Ережелерде көрсетiлген iлеспе құжаттардың сәйкестiгiн бақылайды P940579_ .
11. Осы Ережелердiң талаптарына iлеспе құжаттардың сәйкессiздiгi кезiнде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiгi санитарлық-карантиндiк пункттердiң мамандары тиiстi құжаттарды алу мүмкiндiгi туралы мәселенi шешедi немесе мәйiттi тасымалдау мен жерлеудiң тәртiбiн анықтайды.