Қазақстан Республикасының карантин қызметi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 31 мамыр 1994 ж. N 579. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Республика аумағына аса қауiптi (карантиндiк) жұқпалы ауруларды әкелу және олардың таралуына санитарлық қорғауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлген Қазақстан Республикасының карантин қызметi туралы Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнде штат саны 11 кiсiден тұратын Карантиндiк жұқпалы аурулар бас басқармасы құрылсын. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Карантиндiк жұқпалы аурулар бас басқармасын ұстауға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң орталық аппарат санын 11 адамға көбейту есебiнен қаржыландыруды көздесiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасы аумағына аса қауiптi жұқпалы ауруларды әкелу және олардың таралуынан қорғаудың санитарлық тәртiптерiн және санитарлық-бақылау пункттерi туралы ереже әзiрлеп бекiтсiн. 
      "Фармация" Мемлекеттiк холдинг компаниясымен бiрлесе отырып аса қауiптi жұқпалы аурулардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз етуге арналған дәрi-дәрмек пен профилактикалық жабдықтар номенклатурасын анықтап кемiмейтiн қорын құрсын. 
      Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар эпидемияларға қарсы шараларға қаражат бөлудi және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында, осы Ережеде және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ұсыныстарымен белгiленген тәртiп бойынша аса қауiптi (карантиндiк) жұқпалы аурулар ошағын жою және таралуына жол бермеудiң кешендiк шараларын қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1994 жылғы 31 мамырдағы     
N 579 қаулысымен         
Бекiтiлген            

            Қазақстан Республикасының карантин қызметi
                             туралы
                             Ереже

      1. Қазақстан Республикасының карантин қызметi сырттан әкелетiн аса қауiптi (карантиндiк) жұқпалы аурулардың алдын алуға, олардың таралуына жол бермеуге бағытталған жалпымемлекеттiк шаралар жүйесiн қамтиды.
      Бұл шараларға мыналар енедi:
      сыртқы ортаға эпидемиологиялық қадағалау және лабораториялық бақылау жасау; 
      аумақты санитарлық қорғау, шекаралық бақылау шараларын қоса; 
      адамдар мен жүктер қозғалысына шектеу қою (карантин енгiзу);
      елдi мекендер мен қалалардағы қосымша санитарлық-гигиеналық iс-шаралар;
      халықты сапалы ауыз сумен, азық-түлiкпен қамтамасыз ету, санитарлық-дезинфекциялық iс-шаралар;
      емдеу-профилактикалық шаралары;
      медициналық-санитарлық ағарту.
      2. Қазақстан Республикасы аумағын эпидемиядан санитарлық қорғау және емдеу шараларын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне тапсырылады. 
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi: 
      облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, (департаменттерiнiң, бөлiмдерiнiң), санитарлық-эпидемиологиялық стансалардың, Қазақтың оба ауруына қарсы ғылыми-зерттеу институты мен оба ауруына қарсы стансаларының, сондай-ақ iс жүзiндегi халықаралық медициналық-санитарлық ережелер талаптарын ескере отырып қауiптi жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу және жол бермеу жөнiндегi ведомстволық медициналық қызмет жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестiредi; 
      республика аумағын санитарлық-эпидемиологиялық қорғау бойынша мақсатты ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтамасыз етедi; 
      республика аумағын санитарлық-эпидемиологиялық қорғауды ұйымдастыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Көлiк министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгi жанындағы Бас кеден басқармасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен және ведомстволарымен өзара қатынаста болады; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне эпидемиологиялық жағдай асқынған кезеңдерде шекаралас мемлекеттермен өзара қатынас мәселелерi бойынша келiсiм жасасу туралы ұсыныс дайындап енгiзудi қамтамасыз етедi; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметiн және аумақтық денсаулық сақтау органдарын шет елдердегi аса қауiптi жұқпалы аурулар жағдайы жөнiнде хабардар етедi; 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне және Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияға мемлекеттiк шекарадан өткiзуге санитарлық-карантиндiк режим орнату және оны алу, мемлекеттiк шекарадан және Қазақстан Республикасы iшiнде карантин белгiленген аумақта адамдар қозғалысына, жануарлар, өсiмдiктер алып өтуге шектеу қою және алу мәселелерi жөнiнде ұсыныс енгiзедi; 
      Белгiленген тәртiпке сай тиiстi халықаралық денсаулық сақтау ұйымдарымен ақпарат алмасуды жүзеге асырады. 
      4. Елдi мекеннiң, ауданның, облыстың аумағында аса қауiптi жұқпалы ауру бiлiнген жағдайда денсаулық сақтау органдарының ұсынысы бойынша, жергiлiктi атқару органдары жекелеген аумақтардағы тұрғындардың шаруашылық қызметi мен тұрмысына байланысты ерекше жағдайдағы карантин енгiзедi, ауру ошағын оқшаулау мен жою жөнiнде кешендi iс-шаралар жүргiзедi, оның сипаты мен көлемi, карантин белгiленген аумақтар халқын сапалы ауыз сумен, азық-түлiкпен және бiрiншi кезектегi тауарлармен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлiгiнiң нұсқауымен белгiленедi. 
      5. Аса қауiптi жұқпалы (карантиндiк) аурулардың дерт ошағынан таралу қаупiнiң алдын алуға бағытталған жергiлiктi атқару органдарының, министрлiктер мен ведомстволардың, мекеме мен ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметiне жедел басшылық жасап, үйлестiрiп отыру Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия мен оған қарасты облыстық, аудандық, қалалық эпидемияға қарсы төтенше комиссияларға тапсырылады. 
      Эпидемияға қарсы төтенше комиссиялар - мемлекеттiк және жергiлiктi басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың жұқпалы аурулардың жаппай жайылып кетуiне жол бермеу және оны жоюға бағытталған алдын алу шараларына байланысты қызметтi үйлестiредi. 
      6. Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия аса қауiптi жұқпалы аурулардың республикада таралып кетпеуiнiң алдын алу мен оның қауiптi ошағын жоюға бағытталған жергiлiктi әкiмдер, министрлiктер мен ведомстволар, мемлекеттiк комитеттер, меншiк нысанына қарамай акционерлiк және холдинг компаниялар, концерндер, ассоциациялар, басқа да өндiрiстiк құрылымдар мiндеттi түрде орындалуына тиiс жедел шешiмдер қабылдайды. 
      Эпидемияға қарсы қолданылатын шараларға байланысты шек қоюды енгiзу және тоқтату Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi органдарының ұсынысы бойынша, Республикалық (облыстық, қалалық, аудандық) эпидемияға қарсы төтенше комиссияның шешiмiмен жүзеге асырылады. 
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Карантиндiк жұқпалы аурулар бас басқармасы министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысанына қарамай мекемелер мен ұйымдардың сондай-ақ лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына карантиндiк аурулар әкелу мен таратудан қорғау, олардың ошағын жою жөнiндегi эпидемияға қарсы iс-шараларына бақылау жүргiзедi. 
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Карантиндiк жұқпалы аурулар бас басқармасының мынадай құқықтары бар: 
      өз құзырының шегiнде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғау жөнiнде Денсаулық сақтау министрлiгiнiң актiлерiн әзiрлеп шығаруға және олардың орындалуын қадағалауға; 
      министрлiктерге, ведомстволарға, кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, сонымен қатар лауазымды адамдар мен жекелеген азаматтарға эпидемияға қарсы санитарлық iс-шаралар жүргiзу туралы талаптар қоюға; 
      жұқпалы аурулармен ауырғандармен қатынаста болғандарды, сондай-ақ карантиндiк аурулар қоздырғыштарын жұқтырған адамдарды карантинге алуға; 
      мемлекеттiк шекарадан сонымен қатар Қазақстан Республикасының iшiнде карантин белгiленген аумақта адамдар қозғалысына, жануарлар мен өсiмдiктер алып өтуге шектеу қою туралы ұсыныс енгiзуге; 
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi атынан адамдардың аса қауiптi қоздырғыштарын (сараптамалық бақылау комиссиясының басшылығына жататындардан басқасына) әкелу (әкету) және олармен Қазақстан Республикасының мамандандырылған мекемелерiнде жұмыс жасау құқығына рұқсат (лицензия) беруге; 
      қауiптi жұқпалы аурулар ошақтарына аурудың таралуына жол бермеу және оның зардаптарын жою үшiн мамандандырылған медициналық құрылымдар мен оперативтiк топтар жiберуге; 
      қауiптi жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында халықты медициналық-санитарлық ағарту үшiн бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiктерiн пайдалануға; 
      Карантиндiк жұқпалы аурулар бас басқармасы өз құзыры шеңберiнде мыналар бойынша ақпар жинап талдау жасауды ұйымдастырады; 
      Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерде аса қауiптi аурулар туралы; 
      халықаралық ұйымдар хабарлаған аса қауiптi (карантиндiк) ауру қоздырғышын жұқтырған елдер мен аумақтар туралы; 
      мемлекеттiк шекара арқылы жүк тасымалы мен адамдар қозғалысына шектеу қоюдың санитарлық тәртiптерiнiң өзгерiсi туралы; 
      шет елдерде және Қазақстан Республикасында қауiптi жұқпалы (карантиндiк) ауруларды әкелуден әрi таратудан туындаған төтенше жағдайларға шара қолдану барысы мен олардың зардаптарын жою туралы; 
      Карантиндiк аурулар бас басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң басқармалары мен оның бөлiмшелерiмен және басқа ведомстволардың денсаулық сақтау органдарымен бiрлесе отырып, қауiптi жұқпалы ауру шыққан ошақтарда; 
      ауырғандарды және олармен қатынаста болған адамдарды тез арада анықтауды қамтамасыз етедi; 
      ауруларды ауруханаға жатқызып және емдеу шараларын iске асырады; 
      ерекше және ерекше емес шұғыл профилактика жасауды, клиникалық, лабораториялық және патологиялық-анатомиялық болжам жасауды; 
      аурулармен қатынаста болғандарды оқшаулауды; 
      адамдарға медициналық бақылау жасау мен обсерваторияда зерттеудi; 
      дезинфекция, дезинсекция және дератизациялауды; 
      санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастырады; 
      тұрғындардың басқа жаққа кетпеуiн және келмеуiн, ауру ошағы шыққан жерден жүк тасуды шектейтiн, өзге де карантиндiк шараларды орындау жөнiнде ұсыныс енгiзедi; 
      Iшкi iстер органдарымен, кеден қызметiмен бiрлесе отырып, карантиндiк аймақтан өтетiн барлық жол қатынасы бойынша уақытша (карантиндiк) санитарлық-бақылаудан өткiзетiн пункттер ұйымдастырады. Көрсетiлген пункттердiң жұмыс тәртiбiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлейдi; 
      жүктердi, тауарларды санитарлық өңдеуден өткiзу қажеттiлiгiн және осы өңдеудiң көлемiн анықтайды; 
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Сауда министрлiгiмен және басқа министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесе отырып, карантиндiк аймақта азық-түлiк, шикiзат, тауарлар өндiруде, сатуда және оларды сол аймақтан тыс жерлерге тасымалдауда жұқпалы аурудың таралуына жол бермейтiн мiндеттi талаптар әзiрлейдi; 
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгiмен, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және канализация жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарымен және басқа министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесе отырып халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және ағын суларды залалсыздандыру жөнiнде мiндеттi ұсыныстар әзiрлейдi. 
      8. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi және оның бөлiмшелерi жергiлiктi атқару органдарымен бiрлесе отырып: 
      аса қауiптi жұқпалы аурумен ауырғандармен және оны таратушыларды анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасынан өтетiн аэропорттарда, теңiз (өзен) порттарында, темiржол және автобус стансаларында, тексеру пункттерiнде өз қаражаты есебiнен карантиндiк бақылауды ұйымдастыру және iске асыру үшiн қажет орын, медициналық тексеру жасайтын жабдықтар орналасатын бөлме және ауруларды уақытша бөлектейтiн орын, көлiк иелерi мен жолаушыларды жайғастыратын, жүк пен тасымалды сақтайтын қоймалар бөледi; 
      қоршаған ортаны (порт аймағын, аэропорт маңын, темiржол және автобус стансаларын), ағын суларды, шаруашылыққа, тұрмысқа қажеттi суларды, қалдықтар мен қоқыстарды ауру таратудан алдын алуды қамтамасыз етедi; 
      әуе кемесi экипажы кеме капитандарын барлық көлiк қатынасының диспетчерлiк қызметiне жолаушының, жол қатынасы қызметкерлерiнiң ауырғаны жайында жергiлiктi үкiмет орындары мен медициналық қызметке шұғыл хабарлауды мiндеттейдi; 
      халықаралық тасымалдауда қызмет жасайтын әуе кемесi экипажының командирлерiне халықаралық тасымалдауға қызмет жасамайтын аэропортқа ерiксiз қонуға мәжбүр болған жағдайда экипаж мүшелерiн және жолаушыларды алдын ала санитарлық-эпидемиологиялық бақылаусыз жергiлiктi тұрғын халықпен қатынас жасатпауын мiндеттейдi; 
      Карантиндiк жұқпалы ауруларды анықтайтын аудандарға медицина қызметкерлерiн және қажеттi медициналық жүктердi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 16 сәуiрдегi N 315 қаулысымен бекiтiлген "Төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың Республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы" Ережеге (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 159-бап) сәйкес жүзеге асырады. 
      9. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның шешiмi бойынша карантиндiк iс-шаралар ұйымдастырған кезде: 
      адамдар мен көлiк құралдарының бақылаудан тыс қозғалысын толық тоқтатуды қамтамасыз ететiн карантин аймағының шекарасын белгiлейдi; 
      карантиндiк аймақ iшiндегi санитарлық-медициналық объектiлердi және су көздерi мен су қоймаларын күзетедi; 
      ауруларды анықтауға және оқшаулауға көмек көрсетедi. 
      10. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi қажет болған жағдайда белгiленген тәртiпке сәйкес карантиндiк iс-шараларды қамтамасыз етуге қатысады. 
      11. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шет елдiк мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай ауырлаған кезде, дипломатиялық арналар бойынша Қазақстан Республикасына шетел азаматтарын жұқпалы ауруы (тырысқақ, iш сүзегi, оба) жоқ деген белгi соғылған медициналық сертификаты болған жағдайда ғана қабылдайтынын мәлiмдейдi. 
      12. Шекара әскерлерiнiң қолбасшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Бас кеден басқармасымен және Денсаулық сақтау министрлiгiнiң органдарымен бiрлесе отырып эпидемиологиялық жағдайы ауыр шетелдiк мемлекеттiң азаматтарын мемлекеттiк шекарадан өткiзуде мiндеттi түрде медициналық сертификатын тексерiп өткiзу тәртiбiн белгiлейдi. 
      13. Облыстар мен Алматы және Ленинск қаласының әкiмдерi аса қатерлi жұқпалы аурулардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз етуге қажет арнаулы қор (Эпидқор) және басқа уақытта пайдалануға болмайтын диагностикалық құралдар мен дәрi-дәрмек материалдық резерв запасын құрайды. 
      14. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң органдары мен мекемелерiне қатерлi жұқпалы аурулардың халық арасына таралуына тоқтатудың алдын алу үшiн санитарлық-түсiндiру жұмыстарын тегiн жүргiзу мүмкiндiктерiн бередi. 
      15. Лауазымды адамдар мен азаматтар санитарлық ережемен нормаларды бұзғаны үшiн және карантиндiк жұқпалы ауруларға қарсы шараларды орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады