Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 32 толықтыру егізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 577 бұйрығы ("Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері", 2001 ж. N 6, ст.325) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1390

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Z970162_ 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" V991058_ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесінде:
      "10.5.105.34.31 Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстар" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын:
      "10.5.105.65 Жергілікті деңгейде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау
      10.5.105.65.30 Мемлекеттік табиғи парктер".
      2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады