Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуді (жылжуды) көздейтін капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердің шетелде шоттар ашуына жазбаша келісім берудің процесін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуді (жылжуды) көздейтін капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердің шетелде шоттар ашуына жазбаша келісім берудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің капитал қозғалысына байланысты және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуді (жылжуды) көздейтін операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердің шетелде шоттар ашуына жазбаша келісімін алу үшін өтінім берушілердің ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қарауды және әзірлеуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшесі белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуді (жылжуды) көздейтін капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердің шетелде шоттар ашуына жазбаша келісім беруге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-Министрі қол қояды деп белгіленсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
28 қарашадағы 2000 жылғы
N 509 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің валюталық
құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына
көшудi (жылжуды) көздейтiн капиталдың қозғалысына байланысты
операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердiң шетелде шоттар
ашуына жазбаша келiсiм берудiң ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Капитал қозғалысына байланысты валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына көшудi (жылжуды) көздейтiн операцияларды жасауға
V970314_
, сондай-ақ резиденттердiң шетелде шоттар ашуына жазбаша келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi - уәкiлеттi құрылымдық бөлiмше) жүзеге асырады.
2. Келiсiм уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшенiң атына осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттарды жолдаған заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - Өтiнiм берушi) берiледi.
3. Келiсiм мынадай операцияларға берiледi:
1) валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына көшудi (жылжуды) көздейтiн капиталдың қозғалысына байланысты және 100 мың АҚШ долларына баламалы сомадан асатын операцияларға: шетелдегi резиденттердiң инвестицияларына (уәкiлеттi банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтерiн, атап айтқанда резидент еместердiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен брокерлiк және дилерлiк қызметтерiн қоспағанда);
резиденттерден резидент еместердiң пайдасына алынған мүлiктiк және жылжымайтын мүлiкке деген өзге де құқықтардың төлемдерiне;
резиденттердiң резидент еместердiң 120 күннен астам мерзiмге арналған экспорттық-импорттық мәмiлелерi бойынша несиелендiруге байланысты есептердi жүзеге асыруына;
резиденттердiң резидент еместерге 120 күннен астам мерзiмге арналған несиелердi беруге;
2) резиденттердiң шетелдерде шоттар ашуына.
4. Берiлген Келiсiмдердiң есебiн есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне әрбiр берiлген Келiсiм бойынша Келiсiм-шарттардың (Шарттардың, Келiсiмдердiң) сомасын, Келiсiмдi алған заңды және жеке тұлғаның атауын көрсете отырып, берiлген Келiсiмнiң саны туралы ақпаратты беретiн уәкiлеттi құрылымдық бөлiмше жүргізеді.
2. Келiсiмдi беру туралы өтiнiштi қараудың мерзiмдерi
5. Келiсiмдi беру немесе оны беруден негiзделген бас тарту туралы шешiмдi уәкiлеттi құрылымдық бөлiмше Өтiнiм берушiге 15 күннен аспайтын мерзiмде, ал егер Өтiнiш берушi шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылса, ол осы Ережеге сәйкес барлық қажеттi құжаттарды берген күннен бастап 10 күн iшiнде жiбередi.
3. Келiсiмдi берудiң шарттары мен тәртiбi
6. Келiсiм Өтiнiм берушiге тек осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылған жағдайда ғана берiледi.
7. Өтiнiм берушi Келiсiмдi алу үшiн уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшеге мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясын алуға қажеттi қызмет түрлерiн көрсете отырып Келiсiмдi беруге арналған өтiнiштi. (Шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғасы-субъектiсi берген өтiнiште заңды тұлғаның шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатынын растайтын жазба болуы тиiс
Z970131_
);
2) қаржыландыру көздерiн көрсете отырып, осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес капиталдық қозғалысына байланысты операцияларды жүргiзу қажеттiгiнiң экономикалық негiздемесiн;
3) құрылтайшы құжаттардың көшiрмесiн (Жарғыны, Құрылтайшы Шартты);
4) жеке тұлғаны растайтын құжаттардың көшiрмесiн (жеке тұлғалар үшiн);
5) экспорттық-импорттық мәмiлелер бойынша келiсiм-шарттардың көшiрмесiн (120 күннен астам мерзiмге арналған экспорттық-импорттық мәмiлелер бойынша резидент еместердi несиелендiруге байланысты резиденттердiң есептемелердi жүзеге асыруына арналған Келiсiмдi алу үшiн резидент өтiнiш берген кезде);
6) алдын-ала төленген жағдайда төлем құжаттарының көшiрмесiн (120 күннен астам мерзiмге арналған экспорттық-импорттық мәмiлелер бойынша резидент еместердi несиелендiруге байланысты резиденттердiң есептемелердi жүзеге асыруына арналған Келiсiмдi алу үшiн резидент өтiнiш берген кезде);
7) экспорттық-импорттық операциялар бойынша мәмiле құжаттарының көшiрмесiн;
8) несиелiк келiсiмнiң көшiрмесiн (егер шетелде шот ашу несиелiк келiсiмнiң шарты болып табылған жағдайда);
9) резидент Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптарын сақтамаған жағдайда, Өтiнiм берушiнiң валюталық заңдарды бұзғаны үшiн мемлекеттiк бюджетке айыппұл төлегенiн растайтын төлем құжатын (операциялардың тиiстi түрлерiне арналған Келiсiмдi алу үшiн резидент өтiнiш берген кезде);
10) Өтiнiм берушiнiң Келiсiм беруге арналған өтiнiштi бергенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Өтiнiм берушiнiң берешегiнiң жоқтығы туралы Өтiнiм берушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының құжатын (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар үшiн). Құжаттардың толық емес пакетiн берген жағдайда, бөлiмше Өтiнiш берушiден салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Өтiнiм берушiнiң неғұрлым кеш мерзiмдегi берешегiнiң жоқтығы туралы, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктерде шоттарының бар-жоғы туралы тiркелген жерi бойынша салық органының құжатын сұратуға құқығы бар;
11) соңғы есептi күнгi салық органының белгiсiмен заңды тұлғаның жылдық балансын (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн) беруге мiндеттi.
8. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшенiң жiберген
ескертпелерiн қалпына келтiрген жағдайда Келiсiм беруге деген өтiнiш жалпы негiзде қаралады.
9. Келiсiмде осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жүргiзуге арналып берiлген Келiсiмде әрекет ету мерзiмi көрсетiлуi мүмкiн.
4. Келісім беруден бас тарту
10. Келісім беруден бас тарту мынадай:
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi болған;
мемлекет кепiлдiк берген заемдар және мемлекеттiк бюджеттен берiлген несиелер бойынша заңды тұлғаның берешегi болған;
осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген құжаттарды түгел ұсынбаған жағдайда;
қасақана жалған ақпарат берген жағдайда;
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банктерi арқылы - резиденттерге шетелдерде шоттар ашуға арналған Келiсiмдi алу үшiн резидент өтiнiш берген кезде шетел валютасында және теңгемен операцияларды жүргiзудiң мүмкiндiгi болғанда;
экспорттық-импорттық мәмiлелердi экономикалық тиiмсiз және резиденттердiң резидент еместерге 120 күннен астам мерзiмге арналған несие берген, резиденттердiң шетелде инвестицияларды жүзеге асырған жағдайларда (Өтiнiш берушiнiң ағымдағы жай-күйiн, яғни заңды тұлғаның меншiктi қаражатымен қамтамасыз етiлгендiгiн немесе оның қаржылық дәулеттiлiгiн сипаттайтын меншiктi және заем қаражаттық қарым-қатынастарының өлшемi (левераж) жүргiзiледi.
5. Басқа да жағдайлар
11. Келiсiм бiр жолғы болып табылады және осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген операциялардың бiрiн жасау үшiн ғана берiледi.
12. Келiсiмдi уәкiлеттi құрылымдық бөлiмше резиденттiң берілген Келiсiмнiң негiзiнде жүргiзiлген операциялар бойынша мiндеттемелерге қатысты уәкiлеттi құрылымдық бөлiмше тарапынан қандай да бiр мiндеттемесiз бередi.
13. Осы Ереженi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.