Кейбір ауылдық округтерді ірілендіріп шекараларын өзгерту және жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктер құру туралы

Жаңартылған

Ақмола облыстық мәслихатының, облыс әкімінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N С-5/5 Ақмола облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 19 желтоқсанда N 406 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селоларының», «селосы», «селолары», «селолар», «селолары» деген сөздер «ауылдық», «ауылдарының», «ауылдары», «ауылдар», «ауылдары» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Z934200_ Заңының 11-бабына "Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің U000432_ Жарлығына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру мақсаттарында, Аршалы, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жарқайың және Целиноград аудандарының әкімдері мен мәслихаттарының бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім етті:
      - облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
      Аршалы ауданы бойынша:
      1. Волгодоновское ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Вологодоновка, Қойгелді, Береке, № 42 разъезд селоларының шекараларында Волгодоновское ауылдық округі, округ орталығы Волгодоновка ауылы;
      - Вячеславка, Бабатай станциясы ауылдарының шекараларында Вячеславское ауылдық округі, округ орталығы Вячеславка ауылы.
      Еңбекшілдер ауданы бойынша:
      1. Заураловское және Макенка ауылдық округтерінің шекаралары Қаратал ауылын Заураловское ауылдық округының әкімшілігі қарамағынан алып, Макинка ауылдық округінің әкімшілігі қарамағына тапсырылсын, округ орталығы Макинка ауылы.
      2. Еңбекшілдер және Уәлиханов ауылдық округтерінің шекаралары Терек ауылын Еңбекшілдер ауылдық округінің әкімшілігі қарамағынан алып, Уәлиханов ауылдық округі әкімшілігінің қарамағына тапсыру арқылы өзгертілсін, округ орталығы Уәлиханов ауылы.
      Ерейментау ауданы бойынша:
      1. Павлов және Улентинское ауылдық округтарының шекаралары өзгертіліп, бір әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Қойтас, Ажы ауылдарының шекараларында, Қойтас ауылдық округі, округ орталығы Қойтас ауылы.
      Есіл ауданы бойынша:
      1. Бізұлық ауылдық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Бізұлық ауылдық округі, Бізұлық ауылының шекарасында, округ орталығы Бізұлық ауылы;
      - Сұрған ауылдық округі, Сұрған ауылы мен Сұрған станциясының шекараларында, округ орталығы Сұрған ауылы.
      2. Интернациональный ауылдық округі ірілендіріліп, өзгертіліп, үш әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Интернациональная ауылдық округі, Интернациональная ауылының шекарасында, орталығы Интернациональная ауылы;
      - Ейское ауылдық округі, Ейское ауылының шекарасында, орталығы Ейское ауылы;
      - Юбилейное ауылдық округі, Юбилейное ауылының шекарасында, орталығы Юбилейное ауылы;
      3. Қаракөл ауылдық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Қаракөл ауылдық округі, Қаракөл ауылының шекарасында, орталығы Қаракөл ауылы;
      - Речное ауылдық округі, Речное ауылының шекарасында, орталығы Речное ауылы;
      4. Московское ауылдық округі ірілендіріліп, үш әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Жаныспай ауылдық округі, Жаныспай ауылының шекарасында, орталығы Жаныспай ауылы;
      - Ковыльненское ауылдық округі, Ковыльненское ауылы мен Ковыльный станциясының шекараларында, орталығы Ковыльненское ауылы;
      - Московское ауылдық округі, Московское ауылының шекарасында, орталығы Московское ауылы;
      5. Ярославское ауылдық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Раздольное ауылдық округі, Раздольное ауылының шекарасында, орталығы Раздольное ауылы;
      - Ярославка ауылдық округі, Ярославка ауылының шекарасында, орталығы Ярославка ауылы.
      Жарқайың ауданы бойынша:
      1. Баранкөл ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      - Баранкөл ауылдық округі, Баранкөл және Бапалақ ауылдарының шекараларында, орталығы Баранкөл ауылы;
      - құмсуат ауылдық округі, Құмсуат ауылының шекарасында, орталығы Құмсуат ауылы.
      2. Бірсуат ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      - Бірсуат ауылдық округі, Бірсуат және Балуанкөл ауылдарының шекараларында, орталығы Бірсуат ауылы;
      - Зерноградское ауылдық округі, Зерноградское ауылының шекарасында, орталығы Зерноградское ауылы.
      3. Далабай ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      - Далабай ауылдық округі, Далабай, Ақтөбе ауылдарының шекарасында, округ орталығы Далабай ауылы:
      - Тассуат ауылдық округі, Тассуат ауылының шекарасында, округ орталығы Тассуат ауылы.
      4. Нахимовский ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      - Нахимовский ауылдық округі, Нахимовка, Обылсай ауылдарының шекараларында, округ орталығы Нахимовка ауылы.
      - Львовский ауылдық округі, Львовское ауылының шекаралында, округ орталығы Львовский ауылы.
      5. Пригородное ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Пригородное ауылдық округі, Пригородное ауылының шекарасында, орталығы Пригородное ауылы;
      - Гастелло ауылдық округі, Гастелло және Дауылбай ауылдарының шекараларында, орталығы Гастелло ауылы.
      Целиноград ауданы бойынша:
      1. Шұбар, Қызылсуат, Малотимофеевка ауылдары шекараларында Шұбар ауылдық округі құрылсын:
      - округ орталығы Шұбар ауылы.
       2. Талапкер, Қоянды, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ауылдар, № 96 разъезд шекараларында, Талапкер ауылдық округі құрылсын:
      - орталығы Талапкер ауылы.
      3. Қосшы ауылдық округінің аумағы өзгертіліп, ол төмендегі шекарада белгіленсін:
      - Қосшы, Майбалық, Тайтөбе ауылдары, округ орталығы Қосшы ауылы.
      4. Красноярка ауылдық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Жалғызқұдық, Краснояр ауылдарының шекараларында Красноярка ауылдық округі, орталығы Жалғызқұдық ауылы;
      - Мәншүк Мәметова атындағы ауылының шекарасында Мәншүк Мәметова атындағы ауылдық округ, орталығы Мәншүк Мәметова атындағы ауыл.
      5. Софиевка ауылдық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Софиевка, Миновка, Апполоновка ауылдарының шекараларында Софиевка ауылдық округі, орталығы Софиевка ауылы;
      - Приречное және Антоновка ауылдарының шекараларында Приречное ауылдық округі, орталығы Приречное ауылы.
      6. Малиновка ауылдық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Малиновка, Өтеміс ауылдарының шекараларында Малиновка ауылдық округі, орталығы Малиновка ауылы;
      - Ильинка, Қаражар, Жаңажол ауылдарының шекараларында Қараөткел ауылдық округі, орталығы Ильинка ауылы.

      Облыстың мәслихат сессиясының төрайымы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

      Оқығандар: Закиев М.М.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады