Лицензиялау жөніндегі өкілеттік беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің шешімі 2000 жылғы 24 мамыр N 496 Ақмола облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 6 ақпанда N 451 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 28.02.2006 № 1  (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсан 1995 ж. N 1894 P951894_ "Қазақстан Республикасы Президентінің 17.04.1995 ж. Қаулысын жүзеге асыру туралы" және 10 желтоқсан 1999 ж. N 1895 P991895_ "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.1995 ж. N 1894 Қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қаулыларына сәйкес, "Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу" жұмыстарын лицензиялау үдерісін тиімділендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 17.03.1995 ж. N 2200 Z952200_ "Лицензия беру туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағын, 1999 жылғы 8 қазандағы өзгертулермен бірге басшылыққа ала отырып:
      1. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне "Жылу энергиясының қосынды қуаты 100 Гкал/сағ. дейінгі жылу көздерінен жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу" жұмыстарын лицензиялау өкілеттігі берілсін.
      2. Қалалар мен аудандардың әкімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.1995 ж. N 1894 P951894_ және 10.05.1999 ж. N 556 Р990556_ Қаулыларымен белгіленген және бекітілген талаптарға сәйкес, жылыту кезеңі басталғанға дейін жылу көздерінің иелеріне немесе жалға алушыларға лицензиялар берілуін қамтамасыз етсін.
 
      Облыс әкімі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады