1973-1982 жылдары туылған азаматтарды 2000 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкiмiнің 2000 жылғы 17 қазандағы № 334 шешімі. Қызылорда облысынында Әдiлет басқармасында 2000 жылғы 30 қазанда № 407 болып тiркелдi. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 447 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын, сол сияқты Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын орындау тұрғысында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері шақыру комиссияларын құрсын және олардың жұмысын ұйымдастырсын.

      2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы № 1 қосымшаға сай бекітілсін.

      3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:

      - азаматтарды әскерге шақыру және әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде әскери комиссариаттарды осы жұмыстарды атқаруға сай жабдықталған шақыру пункттерімен қамтамасыз етсін, қажетті мөлшерде дәрігерлер, аяжандар, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушілер құрамын бөлсін;

      - мерзімді әскери қызметке шақыруға орай әскерге шақырылған азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын және осы мақсаттар мен шақыру мерзіміндегі кезекшілік үшін қажетті көлік бөлсін;

      - мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастырсын.

      4. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) Қазақстан Республикасының Әскери Күштері қатарына әскери қызметке шақыру және тасымалдау кезеңінде қаржы бөлу жағын ұйымдастырсын.

      5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):

      - шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізуді үйымдастыру үшін облыстық шақыру пунктіне жоғары білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын, сол сияқты аудандарға және Қызылорда қаласына жетіспейтін дәрігер-мамандарды № 2 косымшаға сай бөлсін;

      - аудандардағы және Қызылорда қаласындағы емдеу-профилактикалық мекемелерінде және облыстық жауапкершілігі шектелген "Денсаулық" серіктестігінің дәрігерлік орталығына, облыстық Диагностикалық орталығына шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастырсын, олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін тереңдетілген дәрігерлік тексеру жүргізсін;

      -Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1995 жылғы № 61 бұйрығына сәйкес облыстық әскерге шақыру учаскесін дәрігерлік жабдықтармен, медициналық, шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін.

      6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов), теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Б.Есмаханов) және олардың жергілікті органдары:

      - шақыру кезінде полиция наряды мен жылжымалы пункттерін бөлсін, тұрғындардың көп жиналатын жерлерінде және әскерге шақырылғандарды тиеу мен тасымалдау кезінде шығарып салушылар арасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шара көрсін;

      - міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізсін.

      7. Облыстық әділет басқармасы (Б.Қалымбетов) әскери қызметке шақырылғандардың қылмыстық ісі сотта қаралғандары және әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандарға қатысты заңды түрде күшіне енген сот үкімдері жөнінде және әскерге шақырылғандардың сотталғаны туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің қандай бабы және қай уақытта бас бостандығынан айырылғандығы көрсетілген үкімдерінің көшірмелерін немесе анықтамаларды) жеті күн мерзімде тиісті әскери комиссариаттарға хабарласын.

      8. Облыстық әділет басқармасының азаматтардың хал-актісін тіркеу жөніндегі бөлімі (В.Сеитова) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың тегі мен аты-жөнін және азаматтық хал актілеріне олардың туған жылдары мен туылған жерлерінің өзгергендігі, сондай-ақ әскери міндеттілермен әскерге шақырылғандардың арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді жеті күн мерзімде әскери комиссариаттарға хабарласын.

      9. Облыстық прокуратураға (Б.Асқаров) міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысын күшейту ұсынылсын.

      10. "Автобус паркі" қалалық коммуналдық кәсіпорын ("Маршрут" акционерлік қоғамы) (Н.Нұрымбетов) облыстық әскери комиссариатқа әскерге шақырылғандарды тасымалдау мен жөнелтуге қажетті көлік бөлу мәселесін қарасын.

      11. Қалалық электр желісі акционерлік қоғамы (Ғ.Ибраев) облыстық әскери комиссариатқа шақыру комиссиясының жұмыс жүргізу кезінде электр жарығын үзбей беріп тұруды қамтамасыз етсін.

      12. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ шақыру учаскелеріне бөлінген басқа да қызметшілердің шақыруға байланысты атқарған жұмысы кезінде жұмыс орны, қызметі және орташа айлық жалақысы сақталсын.

      13. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық әскери комиссариат (О.Петроченков), облыстық ішкі істер (Т.Рахимов), облыстық әділет (Б.Қалымбетов), облыстық денсаулық сақтау (Д.Дәулетбаев) басқармалары, теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Б.Есмаханов) осы шешімді орындау тұрғысында атқарылған жұмыстар жайлы 2001 жылғы 5 қаңтарда облыс әкіміне хабарласын.

      14. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Н.Ерімбетовке және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне (Ә.Бәкіров) жүктелсін.

      С. НҰРҒИСАЕВ

  Облыс әкімінің
  2000 жылғы 17 қазандағы
  № 334 шешіміне
  № 1 қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының

ҚҰРАМЫ

      Н.Ерімбетов - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

      О.Петроченков - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары

      Г.Марданшина - облыстық диагностикалық орталығының аяжаны, комиссия хатшысы

      Комиссия мүшелері:

      Б.Италмасов - ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары

      Ә.Ізтлеуов - облыстың бас терапевті

      М.Қаниев - облыстық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы

      Қ.Наурызбасв - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы

  Облыс әкімінің
  2000 жылғы 17 қазандағы
  № 334 шешіміне
  № 2 қосымша

Облыстық шақыру пункті жанындағы облыстық дәрігерлік комиссиясының

ҚҰРАМЫ

      М. Қаниев - дәрігерлік комиссияның төрағасы

      Комиссия мүшелері:

      Б. Мантаев - облыстық аурухананың хирургі

      Г. Сансызбаева - облыстық аурухананың терапевті

      А. Әбішев - облыстық жүйке аурулары ауруханасының психиатры

      С. Мұстафаева - қалалық тіс емханасының дәрігері

      К. Ізмағанбетов - облыстық диагностикалық орталығының лор дәрігері

      О. Өмірзақов - облыстық Диагностикалық орталығының невропатологы

      В. Сороколетов - облыстық тері-венерологиялық диспансерінің тері аурулары жөніндегі дәрігері

      Ж. Бодықов - облыстық өкпе аурулары диспансерінің фтизиатры

      О. Смаханов - Казлепрозорийдің лепр дәрігері

      Р. Ізнатова - облыстық диагностикалық орталығының дәрігері

      Т. Бөрібаев - облыстық диагностикалық орталығының көз дәрігері

      А. Сапаров - облыстық аурухананың травмотологі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады