Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы № 983 "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысын орындау тұрғысында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері облыстық әскери комиссариаттың шақыру пунктіне офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлердің келуін қамтамасыз етсін.
2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы №1 қосымшаға сай бекітілсін.
3. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) запастағы офицерлерді дәрігерлік тексеруден өткізуді қамтамасыз етуге байланысты қаржы бөлуді ұйымдастырсын.
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):
- жоғары білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын № 2 қосымшаға сай бөлсін;
- запастағы офицерлердің Қызылорда қаласындағы облыстық диагностикалық орталығында, сол сияқты арнайы емдеу-профилактикалық мекемелерінде, "Денсаулық" жауапкершілігі шектелген облыстық дәрігерлік орталығында тегін және кезектен тыс тексеруден өткізуін ұйымдастырсын.
5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов) міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарған запастағы офицерлерді іздестіру және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізсін.
6. Облыстық әділет басқармасы (Б Қалымбетов) әскери қызметке шақырылған запастағы офицерлердің қылмыстык ісі сотта қаралғандары және запастагы офицерлерге қатысты заңды түрде күшіне енген сот үкімдері жөнінде әскери комиссариаттарға хабарласын (запастағы офицерлердің Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің кандай бабы және қай уақытта бас бостандығынан айырылғандығы көрсетілген үкімдердің көшірмелерін немесе анықтамаларды).
7. Облыстык әділет баскармасының азаматтардың хал-актісін тіркеу жөніндегі бөлімі (В.Сейітова) запастағы офицерлердің тегі мен аты-жөнін және азаматтык хал-актілеріне олардың туған жылдары мен туылған жерлерінің өзгергендігі, сондай-ак запастағы офицерлердін арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді әскери комиссариаттарға хабарласын.
8. Облыстык прокуратураға (Б.Асқаров) міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысын күшейту ұсынылсын.
9. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлердің, сондай-ақ запастағы офицерлердің жарамдылығын анықтауға қатысқан кызметшілердің. шақыруға байланысты жұмыс атқарған кезінде жұмыс орны, қызметі және орташа айлық жалакысы сақталсын.
10. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық әскери комиссариаты (О.Петроченков), облыстык ішкі істер (Т.Рахимов), әділет (Б.Қалымбетов), денсаулық сақтау (Д.Даулетбаев) және қаржы (Қ.Әжібеков) басқармалары осы шешімнің орындалуы жайлы 2000 жылдың 10 қазанына облыс әкіміне хабарласын.
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Н.Ерімбетовке және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне (Ә.Бәкіров) жүктелсін.
С. НҰРҒИСАЕВ |
Облыс әкімінің | |
2000 жылғы 15 қыркүйектегі | |
№ 312 шешіміне № 1 қосымша |
Облыстық шақыру Комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Н. Ерімбетов - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
О. Петроченков - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары
Г. Тұрсынбекова - облыстық арнаулы емдеу-профилактикалық мекемесінің аяжаны, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Б. Италмасов - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
А. Ізтлеуов - облыстың бас терапевті
М. Қаниев - облыстық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы
Қ. Наурызбаев - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы
Облыс әкімінің | |
2000 жылғы 15 қыркүйектегі | |
№ 312 шешіміне № 2 қосымша |
Облыстық шақыру пункті жанындағы облыстық дәрігерлік комиссиясы
М. Қаниев - дәрігерлік комиссияның төрағасы
Комиссия мүшелері:
Е. Ешмұратов - облыстық. Диагностикалық орталықтың (ОДО) хирургі
Н. Тілеубаева - ОДО-нің терапевті
А. Әбішев - облыстық жүйке аурулары ауруханасының психиатры
М. Асанов - ОДО-ның тіс дәрігері
К. Сеилона - ОДО-ның лор дәрігері
Ж. Ахметова - ОДО-ның невропатологы
В. Сороколетов - облыстық тері-венерологиялық диспансерінің тері аурулары жөніндегі дәрігері
Ж. Бодықов - облтубдиспансердің фтизиатрі
О. Смаханов - Казлепрозорийдің лепр-дәрігері
Б. Ержанов - ОДО-ның рентгенологы
Д. Сүлейменова - ОДО-ның көз дәрігері
А. Алдамжаров - ОДО-ның травмотологы