Облыстық өнеркәсiп және көлiк департаментiнiң Ережесi мен құрылымын бекiту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 26 қазандағы № 337 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет басқармасында 2000 жылғы 15 қарашада № 439 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімінің 03.08.2004 N 19 шешімімен.

      Облыс әкімінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 320 "Облыс әкімінің 1999 жылғы 15 сәуірдегі № 55 "Әкімдер аппаратының құрылымы, олардың дербес орындаушы органдарының тізбесі, қызметкерлер санының лимиттері, қызметтік жеңіл автокөліктерінің саны, еңбекақы қоры және қызметтік іссапарларға арналған шығындар туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      Облыстық өнеркәсіп және көлік департаментінің Ережесі мен құрылымы бекітілсін (қосымша беріледі).

      С. Нұрғисаев

  Облыс әкімінің
  2000 жылғы 26 қазандағы
  № 337 шешімімен бекітілген

Мемлекеттік мекеме "Облыстық өнеркәсіп және көлік департаменті"

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ереже.

      1.1. Қызылорда облысының әкімінің-өкілдік органы болып табылатын, мемлекеттік мекеме- "Облыстық өнеркәсіп және көлік департаменті" (әрі қарай -- Департамент). Қазақстан Республикасының заңдарында, нормативтік актілерде, өнеркәсіп және көлік департаменті туралы ережеде ескерілген шекте атқарушы, бақылаушы міндеттерін және өнеркәсіпте, көлік және кен қорын қолдануда үйлестіруді іске асыратын заңды тұлға статусын иемденген, мемлекеттік мекеме.

      1.2. Департамент өз қызметін, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдары мен актілеріне, жарлықтарына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне басқа да нормативтік, құқық актілеріне, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес атқарады.

      1.3. Департамент - "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілдік және атқару органдары туралы Заңының және ҚР Азаматтық Кодексі негізінде құрылған заңды тұлға. Ұйымдастыру құқығы түрі бойынша ол банкілерде есеп шоты, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған және Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген мөрі, белгіленген үлгіде ресми құжаты бар мемлекеттік мекеме болып табылады.

      Департамент азаматтық -құқықтық байланыстарда өз атынан сөйлейді.

      1.4.Департамент өз құзыры қызметінде облыс көлемінде міндетті түрде күші бар белгіленген заңды тәртіппен шешімдер, өкімдер түрінде актілер шығарады.

      1.5.Департаменттің құрылымы және штаттар санының шегі облыс әкімінің шешімімен бекітіледі.

      1.6. Департамент мына мекен жайда орналасқан: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі 71 үй.

      1.7. Департамент аппаратын қаржыландыру жергілікті бюджетте қаралған атқарушы органдарды ұстау үшін бөлінген ақшадан жүзеге асырылады.

II. Департаменттің қызметтері, негізгі міндеттері және құқығы.

      2.1. Департаменттің негізгі қызметтік міндеттері:

      - өнеркәсіп және көлік салаларының даму бағдарламасын жасау мен іске асыру және оларды үйлестіру;

      - сыртқы экономикалық қарым-қатынастар бойынша ұсыныстар дайындау, қашық және жақын шет мемлекеттермен байланыс жасауды реттеу, халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерді өткізуге ат салысу;

      - жергілікті атқару органдарымен өзара іс-қимылда болып, облыстық өндіріс кешеңдеріне мемлекеттік басқару жасау, өнеркәсіп, көлік салаларының қызметтерін үйлестіру, талдау жүргізу;

      - өнеркәсіп, көлік салаларын дамыту концепциясын әзірлеу;

      - Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай кен орнының ілеспе газдарын қайта өңдеу бағдарламасын жүзеге асыру;

      - меншік түріне және басқару саласына қарамастан көлік мекемелерінің қызметтерін реттеу;

      - Қызылорда облысының жер қойнау байлығын қолдану құқығына келісім-шарт жасасып және оны орындау;

      - түсті және қара металдардың қалдығын және сынығын сыртқа шығаруды есептік тіркеуден өткізу.

      2.2. Департамент өз қызметінде:

      - тау-кен өндіру, мұнай-газ, машина жасау кешендері, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері мен көлік мекемелерінің қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      - біріккен кәсіпорындар мен басқа құрылымдарды құру процестеріне қатысады;

      - кешендердің даму жоспарларын және жобаларын әзірлеу мен зерттеуді жүзеге асырады, өндірістік қуаттарды дамыту, олардың пайдалануын жақсарту, өндірістің техникалық деңгейін көтеру жөніндегі ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты ұйымдастырады;

      - өндірісті технологиялық жағынын жетілдіру, өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру және қайта құру шараларын дайындап, іске асырады;

      - кәсіпорындарды сенім басқаруына беру жөніндегі тендерлерді ұйымдастыруға қатысады;

      - мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындары, бірлестіктері, басқа да жергілікті коммуналды меншіктегі құрылымдардың, сонымен қатар облыста автокөлік тасымалдау ұйымдарының қызметтері туралы қағидалар, ережелер және басқа да нормативтік құжаттарды белгіленген тәртіппен әзірлеп, бекітуге ұсынады;

      - өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарына әр түрлі меншік түріне негізделген нарық инфрақұрылымын қалыптастыруға, әдістемелік және ұйымдастыру-экономикалық көмегін көрсетеді;

      - облыста өнеркәсіп саласын дамыту мәселелерін шешу үшін қаржы және валюта қаражатының сұранысын негіздейді және белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсыныстар жасайды;

      - ішкі және әлемдік тұтыну нарық коньюктурасына талдау жасау негізінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өндіру ұсыныстарын қалыптастырады;

      - облыста көлік қызметін басқару жөніндегі облыс әкімінің мемлекеттік органы болғандықтан, коммуналды мемлекеттік өндірістерге қатысты мекемелердің өкілетті органы болып табылады;

      - облыста көлік саласы дамуының кешендік бағдарламасын әзірлейді және жүзеге асырады;

      - көлік қызметін реттейтін нормативті-құқықтық базасын жетілдіру үшін ұсыныстар дайындайды;

      - облыс аумағында, күші бар заңдылық шеңберінде, біртұтас көлік саясатын жүргізеді;

      - облыстық маршруттардың схемаларын, жүру кестелерін, тасымалдаушылардың маршруттарды өзгерту туралы ұсыныстарын, жаңа маршруттар ашу, графиктері мен жүру кестелерін, тариф құрылымдарын қайта қарау және жолаушылар тасымалдауды жетілдіруге арналған басқа да шараларды қарап бекітеді;

      - тасымалдаушылардың меншік түріне қарамастан қызмет көрсетуге тендерлер ұйымдастырып, өткізеді және келісім-шарттар жасасады;

      - әр түрлі меншіктегі тасымалдаушылардың маршруттағы қызметтерінде тендерлік талаптардың орындалуын бақылап, қадағалайды;

      - Қызылорда облысының минералды-шикізат кешенін дамыту үшін, басқа да жергілікті атқару органдарымен бірге тікелей бағытталған инвестиция тарту және пайдалану стратегиясын әзірлейді;

      - коммерциялық мақсатта жер қойнауындағы жалпы таралған пайдалы қазбаларды пайдалануға, келісім-шарттар жасауға, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі Оңтүстік Қазақстан жер қойнауы аймақтық басқармасының Қызылорда инспекциясымен бірлесе отырып қабылданған өтініштерді қарайды;

      - жергілікті атқару органдарының, Қызылорда жер қойнауын пайдалану және қорғау инспекциясының және басқа да мүдделі мекемелердің қатысуымен жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру құқығын алу жөніндегі инвестициялық бағдарламаларға конкурстар өткізеді;

      - Қызылорда жер қойнауын пайдалану және қорғау инспекциясымен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың, жер қойнауын пайдалану үшін алған лицензия және келісім-шарт талаптарының орындалуын талдау жүргізуді жүзеге асырады, бақылауды ұйымдастырады;

      - түрлі түсті және қара металдардын қалдықтары мен сынықтарын қайта өндеу және сату, жинау, сақтау жөніндегі қызметпен айналысу туралы облыс әкімінің, ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жіберілетін өтініштерін дайындайды;

      - облыс аумағынан шығарылған түрлі түсті және қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, сонымен қатар олардың қайта өңделген өнімдерін тіркеуден өткізеді.

      2.3. Департамент құқығы.

      Департамент өзіне жүктелген қызметтерді орындау үшін:

      - басқару түріне қарамастан облыстағы өнеркәсіп, көлік мекемелерінің жұмыстарын үйлестіруге;

      - басқа ведомоствалармен бірге облыстың басқа аймақтарымен және шетелдік фирмалар мен облыстың ынтымактастық келісім-шарттарын дайындауға қатысуға;

      - өз құзыры шегінде, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауына бағытталған шешім қабылдауға, нормативті актілерді шығаруға;

      - меншік түріне қарамастан өнеркәсіп, көлік, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарынан Департамент белгілеген мерзімде мәліметтер сұрауға және алуға;

      - өз құзыры шегінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мекемелерді және ұйымдарды қайта құру және жою жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      - бірлескен кәсіпорындар мен холдингтер ұйымдастырғанда, құрылтай құжаттарын дайындауға қатысуға;

      - мүдделі органдармен келісе отырып, үйлестіру, ғылыми-техникалық және сараптау комиссияларын, уақытша жұмысшы топтарын құру, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік проблемаларына арналған кеңестер өткізуге құқылы.

ІІІ. Департамент мүліктері.

      3.1. Өнеркәсіп және көлік департаменті жекелеген мүліктерін қауырт басқаруға құқылы. Мүліктер негізгі қордан тұрады.

IV. Департаменттің қызметін ұйымдастыру.

      Департаментті облыс әкімі қызметке тағайындайтын және босататын бастық басқарады.

      Бастықтың орынбасарын тиісті облыс әкімінің орынбасарының келісімімен департамент бастығы тағайындайды.

      Департамент бастығы:

      Департамент қызметіне басшылық жүргізеді, оның атынан барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарда өкілеттік етеді, қолданылатын заңдарға сәйкес сенім хатсыз іс-әрекет жасайды.

      "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР заңына сәйкес қызметкерлердің қызметтік міңдеттерін орындау жауапкершілігінің дәрежесін белгілейді.

      Департамент аппаратының штаттық несиелерін, аппаратты ұстауға арналған шығыс сметаларын, жергілікті бюджетте қаралған атқару органдарын ұстау сметасына байланысты бекітеді.

      Департамент қызметкерлеріне белгіленген заңдылық тәртіп пен тәртіптік жаза қолданады.

      Зандылықтарға сәйкес басқада өкілеттіліктерді іске асырады.

V. Департаментті қайта құру және тарату.

      Департаментті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес және облыс әкімінің шешімімен жүргізіледі.

  Облыс әкімінің
  2000 жылғы 25 қазандағы
  № 337 шешімімен бекітілген

Облыстық өнеркәсіп және көлік департаментінің құрылымы

      1. Басшылық

      1. Департамент бастығы

      2. Департамент бастығының орынбасары

      Барлығы-2

      2. Өнеркәсіп бөлімі

      1. Бөлім бастығы

      2. Бас маман

      3. Жетекші маман

      Барлығы- 3

      3. Көлік бөлімі

      1. Бөлім бастығы

      2. Бас маман

      3. Бас маман

      Барлығы- 3

      4. Жер қойнауын пайдалану бөлімі

      1. Бөлім бастығы

      2. Бас маман

      3. Жетекші маман

      Барлығы- 3

      Барлығы- 11

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады