Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімінің 03.08.2004 N 19 шешімімен
Облыс әкімінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 320 "Облыс әкімінің 1999 жылғы 15 сәуірдегі № 55 "Әкімдер аппаратының құрылымы, олардың дербес орындаушы органдарының тізбесі, қызметкерлерінің санының лимиттері, қызметтік жеңіл автокөліктерінің саны, еңбекақы қоры және қызметтік іссапарларға арналған шығындар туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" сәйкес және жергілікті орындаушы органдардың құрамын жетілдіру мен олардың жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН.
1. Облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармасының ережесі бекітілсін /қосымша беріледі/.
2. Облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармасының құрылымы бекітілсін /қосымша беріледі/.
С. Нұрғисаев |
2000 жылы "26" қазандағы № 338 | |
Облыс әкімінің шешімімен бекітілген |
Облыстық сауда және мемлекеттік сатып алулар жөніндегі басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Қызылорда облысының сауда жөне мемлекеттік сатып алулар облыстық басқармасы /одан әрі қарай-Басқарма/ Казақстан Республикасьның Зандары, нормативтік келісімдері мен облыстық сауда және мемлекеттік сатып алулар басқармасы жөніндегі Ережесінде қарастырған атқару мен бақылау-қадағалау қызметтерін жүзеге асыратын және сауда мен мемлекеттік сатып алуларды үйымдастыруда үйлестіру жүргізетін Қызылорда облысы әкімінің атқарушы органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Үкіметінің қаулылары мен актілеріне және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік және құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес атқарады.
3. Басқарма "Казақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы" Казақстан Республикасы заңы, Азаматтық кодексі негізінде құрылған занды тұлға болып табылады. Ұйымдастыру-құқықтық нысанында ол мемлекеттік мекеме болып, Казақстан Республикасы елтаңбасы бейнеленген мөрі мен мөртаңбаны, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған, белгіленген нысандағы бланкілері, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
4. Баскармасының толық атауы - "Қызылорда облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
5. Басқарма аппаратын қаржыландыру жергілікті бюджеттен қаралған атқарушы органдарды ұстау үшін бөлінген қаржыдан жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік сатып алуды қаржыландыруды тапсырысшы жергілікті бюджеттердің, сонымен қатар бағдарламаның әкімшіліктерінің келісімімен республикалық бюджеттен тиісті қаржы жылына арналған қаражатын нысанды пайдалану жөніндегі қаржы жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Басымдықтары
Қызылорда облыстық сауда жөне мемлекеттік сатып алулар жөніндегі баскармасының басымдықтары болып табылатындар:
Саудада:
1) сауданың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
2) ішкі рынокта Қазақстандық тауарлар үлесін көбейту үшін жағдай қалыптастыру;
3) ішкі саудада бәсекелестіктің дамуына ықпал жасау;
4) ауылдық жерлерде сауда инфрақұрылымдарының дамуын көтермелеу;
5) тұтынушылар құқын қорғау.
Тауарлар мен қызмет көрсетулерге мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруда:
6) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы заңына сәйкес тауарлар мен жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуларда конкурстардың ұйымдастырушысы болып табылады;
7) тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сатып алуға бөлінген бюджеттік каржыны оңтайлы жәңе тиімді пайдалану нәтижесіне жету;
8) отандық ықтимал өнім берушілерге, оның ішінде кіші кәсіпкерлік субъектілеріне басымдықтармен қамтамасыз ету.
3. Басқарманың қызметі мен міндеттері
I. Басқарманың негізгі қызметтік міндеттері:
1) сауданы дамыту, бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру және оларды үйлестіру;
2) мамандандырылған мемлекеттік және нарықтық институттар құру мен олардың қызметтерін жетілдіру арқылы сауда саясаты алдында тұрған міндеттерді шешу;
3) тауарларды импорттауда отандық өндірушілерді шетелдік жауапкершіліксіз бәсекелестіктен қорғауды қамтамасыз ету;
4) сатылатын өнімдерді стандарттау, метрология мен сертификаттау бойынша нормативтік құжаттар талабының сақталуына бақылау жасау;
5) ауылдағы тұтынушылар кооперациясы жүйесінің дамуын көтермелеу;
6) сауда ақпаратын жинау, талдау жөне тарату;
7) облыстағы базарлар мен сауда кәсіпорындарының санитарлық-техникалық, архитектуралық-эстетикалық жағдайын жақсарту, халыққа қызмет көрсету мәдениетін көтеру, сервистік қызмет көрсетуді кеңейту мен дамытуға инвестициялар салу;
8) тауар-салалық белгілері бойынша облыс базарлары мен сауда көсіпорындарын мамандандыру, оларды жергілікті тауар өндірушілердің бәсекеге төтеп беретін өнімдерімен толтыру, тауар сапасын арттыру жөне түрлерін кеңейту;
9) тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың конкурстарын ұйымдастырушысы болады;
10) мемлекеттік сатып алу процесстерін үйлестіру жөне оның мониторингін жасау;
11) өз құзіреті шегінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік материалдарды әзірлеу және бекіту;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
13) мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы белгіленген нысан бойынша және белгіленген мерзімде Казақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігіне және жоғарғы мемлекеттік органдарға есеп беру;
14) тапсырушыларға мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәселелері бойьшша әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету;
15) Республикалық және жергілікті бюджеттер бекіткен көрсеткіштердің негізінде тапсырушылар калыптастырған сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің номенклатурасы мен көлемдеріне талдау жасау.
II. Басқарма өз қызметінде:
1) Сауда кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану, базарлар қызметін-үйлестіруді қамтамасыз етеді;
2) жергілікті бюджеттен, сонымен қатар бағдарламаның әкімшіліктерінің келісімімен республикалық бюджеттің қаржысының есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында конкурстар ұйымдастырады;
3) меншік нысанына қарамастан сауда кәсіпорындарды, қоғамдық тамақтандыру, базарларды қайта мамандандыру, қайта кұру және жаңадан құру процесстеріне қатысады;
4) облыстағы сауда салаларына талдау жүргізеді және оларды дамытудың жобалары мен жоспарларын әзірлейді;
5) мемлекеттік сатып алу процесстерін үйлестіру мен мониторинг жасауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы заңдарын сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
7) сауда қызметі мен мемлекеттік сатып алуды іс-қимылдары мәселелері бойынша ережелер және өзге де нормативтік құжаттарын белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді;
8) түрлі меншік нысаны негізіндегі сауда саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдарына нарықтық инфракұрылымын қалыптастыруына әдістемелік және ұйымдастырушылық көмектер көрсетеді;
9) базар жұмыстарын үйлестіреді, базардың тауар салалары бойынша мамандығын анықтайды, соған сәйкес категорияларын тағайындайды;
10) ішкі жөне әлемдік тұтыну нарық коньюнктурасына талдау жасау негізінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өндіру сұранысын қалыптастырады;
11) өкілетті бақылаушы органдарымен бірлесе отырып сатылатын өнімдердің сапасын жақсарту, сауда деңгейін және сауда ережесі мен тұтынушылардың құқығын қорғау жұмыстарына бақылау жасайды;
12) азаматтардың сауда және қоғамдық тамақтандыру туралы ұсыныстары, шағымдары мен арыздарын қарайды, тиісті шаралар қабылдайды.
4. Басқарманың құқығы
Басқарма, өзіне жүктелген қызметтерді орындау барысында заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес мынадай құқықтарға ие:
1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан: облыс бойынша сауда көсіпорындардың, қоғамдық тамақтандыру мен базарлардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізуді бақылайды;
2) жергілікті бюджеттен, сонымен қатар бағдарламаның әкімшіліктерінің келісімімен республикалық бюджеттің қаржысымен жүргізілетін тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың конкурстарын ұйымдастырады және оған қатысады;
3) басқа ведомствалармен бірге облыстың басқа аймақтарымен және шетелдік фирмалармен ынтымақтастық келісім-шарттарын дайындауға қатысады;
4) өз құзыреті шегінде нормативті құжаттарды шығаруға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Казақстан Республикасы Үкіметі қаулылары мен үкімдерін және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауы бойынша шешім қабылдайды;
5) меншік түріне қарамастан сауда кәсіпорындар және мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік сыртқы зайымдар мен гранттар есебінен жүргізілетін сатып алулар туралы ақпараттарды белгіленген мерзімде, мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарда көзделген өзінің міндеттемесін орындамаған және (немесе) тиісті түрде орындамаған өнім берушілер туралы мәліметтерді сұратады және алады;
6) ұсынылған есептік деректердің дұрыстығын тексереді;
7) сауда және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша мүдделі органдармен келісе отырып үйлестіру, ғылыми-техникалық және сараптау комиссиялары уақытша жұмысшы топтарын құрады жөне кеңестер өткізеді;
8) мемлекеттік сатып алу процедурасы бұзылуы жағдайында байқау нәтижелерін қайта қарау немесе қайтадан байқау өткізуге құқылы.
5. Басқарманың мүлкі
Басқармада жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Мүлкі негізгі қорлардан тұрады.
6. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
Басқарманы әкімшілік мемлекеттік қызметтегі бос орынға жарияланған байқау комиссиясының нәтижесі бойынша облыс әкімі қызметке тағайындайтын және босататын бастық басқарады.
Бастықтың орынбасарын әкімшілік мемлекеттік қызметтегі бос орынға жарияланған байқау комиссиясының нәтижесі бойынша облыс әкімінің тиісті орынбасарының келісімімен басқарма бастығы тағайындайды.
Бастықтың орынбасары Басқарма бастығының жұмыста болмаған кезінде оның қызметін атқарады.
Басқарма бастығы
Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, басшылық жасайды және басқармаға орындауға жүктелген өзінің қызметіне тікелей жауапкершілікті атқарады.
Белгіленген заң тәртібімен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу және оларға материалдық көмек көрсету, сондай ақ, сөгіс беру бойынша шешім қабылдайды;
1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманы танытады;
2) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Ресггубликасы заңына сәйкес Басқарма қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау жауапкершілігін, дәрежесін белгілейді;
3) басқарма аппаратының штаттық кестесін және аппаратты ұстауға арналған шығыс сметаларын жергілікті бюджетте қаралған атқару органдарын ұстау сметасына байланысты бекітеді.
7. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Басқарманы қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасы Зандарына және облыс әкімінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
2000 жылғы "26" қазандағы № 338 | |
Облыс әкімінің шешімімен бекітілген |
Облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасының құрылымы
Басшылық:
1. Басқарма бастығы
2. Бастық орынбасары
Барлығы: -2
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімі:
1. Бөлім бастығы
2. Бас маман
3. Жетекші маман
Барлығы: -3
Облыс саудасын аймақтық дамыту жөніндегі топ:
1. Бас маман
2. Жетекші маман
Барлығы: -2
Барлығы: 7 қызметкер