Жетібай ауылының шекарасын өзгерту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 3/31 қаулысы және Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2000 жылғы 31 наурыздағы № 2/30 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет басқармасында 2000 жылғы 26 сәуірде № 212 болып тіркелді. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 347 қаулысымен және Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/78 шешімімен

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № 347 қаулысымен және Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 09.12.2016 № 6/78 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына және Маңғыстау облыс әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 308 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/331 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 70-1 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/119 "Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін "ауыл (село)" санатына жатқызу туралы" қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы" бірлескен қаулы мен шешіміне сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № 347 қаулысымен және Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 09.12.2016 № 6/78 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Жетібай ауылының шекарасына қарасты "Ұлутас" ашық акционерлік қоғамының жерлерін ауданның босалқы жер қорына жатқызу арқылы өзгеріс енгізілсін.
      Ескерту. Мәтін жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № 347 қаулысымен және Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 09.12.2016 № 6/78 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      Сессия төрағасы Е.Тәжібаев
      Аудан әкімі С.Нұрұлы
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы А.Мееров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады