Екiбастұз қаласындағы Солнечный кентiнiң шегiне қосымша жер қосу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімінің шешімі 2000 жылғы 4 қыркүйектегі N 201 Павлодар облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 28 қыркүйекте N 441 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Жер туралы" U952717_ Жарлығының 3-тармағының 83-бабына сәйкес Солнечный кентiнiң бұдан әрi әлеуметттiк-экономикалық дамуына жағдай жасау және Екiбастұз қаласы әкiмi мен Екiбастұз қалалық мәслихатының шешiмдерiн ескере келе, жер және су қорларын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Екiбастұз қаласындағы Солнечный кентiнiң шегiне санаттары мен

аумақтары бойынша қосымшаға сәйкес қосымша 10158,6 гектар жер қосылсын.
     2. Облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (келiсiм 
бойынша) жер-есеп құжаттамасына қажеттi өзгерiстер енгiзсiн.
     3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.И. 
Кошевойға жүктелсiн.
     4. Осы шешiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Облыс әкімі
                                         Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
                                           4 қыркүйектегі N 201
                                             шешiмiне қосымша
                  Екiбастұз қаласы Солнечный кентi
                       жерiнiң сипаттамасы 
_______________________________________________________________________(га)
 N |               Көрсеткiштер                   |Жалпы  |Жайы-   |Басқа 
Р/с|                                              |аумағы |лымдық  |жерлер
___|______________________________________________|_______|________|_______
1  |                   2                          |   3   |    4   |    5
___|______________________________________________|_______|________|_______
1. 1999 жылдың 1 қарашасында жер есебiнде болғаны    365,0     46,0   319,0
2. Облыс әкiмi шешiмiнiң жобасын дайындау кезiндегi
   дәлдiктердi ескергенде                            370,0     46,0   324,0
3. Облыс әкiмiнiң шешiмi бойынша Солнечный   
   кентiнiң шегiне кiретiнi барлығы:               10158,6   84837,2 5321,4
   соның iшiнде жердi пайдаланушылар бойынша:
   Екiбастұз қаласының арнайы жер қоры              4954,5    4837,8  117,3
   "Қазақстан электр желiлерiн басқару компаниясы"
   ашық акционерлiк қоғамы                             4,1      -       4,1
   ВЛ - 10,35 кВ                                       0,3      -       0,3
   "Қазақстан  темiр жолы" республикалық 
   мемлекеттiк кәсiпорны                              38,3      -      38,0
   азаматтардың бау-бақша шаруашылығы жерлерi        214,0      -     214,0
   Құдайкөл селолық округi                            11,2      -      11,2
   "Екiбастұз ГРЭС-2" ашық акционерлiк қоғамы       4935,5      -    4935,5
   азамат Б.А. Қуелбаевтың жерлерi                     1,0      -       1,0
4. Кенттiң облыс әкiмiнiң шешiмi қабылданғаннан 
   кейiнгi жиынтық жерi                            10528,6    4883,2 5645,4
___________________________________________________________________________
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады