Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 25 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы "Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi- дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық- түлiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" N 674
P000674_
қаулысына сәйкес және клиникалық көрсеткiштердi ескере отырып науқастарды дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 29 мамырдағы "Науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесi және оларды дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн босатудың нормалары туралы" N 127 шешiмiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
3-1-тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"3-1. Облыс денсаулық сақтау департаментi бұл мақсаттар үшiн қарастырылған бюджеттiк қаражат шеңберiнде клиникалық көрсеткiштерi бойынша жекелеген науқастарға тегiн дәрi-дәрмек босатудың жылдық нормасын көбейту мүмкiндiгiн қарау жөнiнде комиссия құрсын";
жоғарыда аталған шешiммен бекiтiлген науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң және дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн босатылатындардың бiр адамға шаққандағы жылдық нормаларының тiзбесiне:
1-тармақтағы 4-бағанның "Морфин" жолындағы "270" саны "600" санымен ауыстырылсын;
4-тармақтағы 4-бағанның "Диакарб" жолындағы "4600" саны "6000"
санымен ауыстырылсын;
8-тармақтағы 3, 4-бағандар мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Азидотимидин (ретровир)", "108 г.";
12-тармақтағы 3-бағанның "Беклофорт" жолы мынадай мазмұндағы
сөздермен толықтырылсын "(будесонид форте)";
20-тармақтың 4-бағанындағы "200" саны "1000" санымен ауыстырылсын.
Облыс әкімі