Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 25 шешімімен.
Науқастардың мүшелерiн трансплантациялағаннан кейiн тиiстi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 29 мамырдағы "Науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесi және оларды дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн босатудың нормалары туралы" N 127 шешiмiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған шешiммен бекiтiлген науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесiнде және дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша бiр адам басына тегiн босатудың жылдық нормаларында мынадай мазмұндағы:
"28. Мүшелiк трансплантациядан кейiнгi жағдайы;
преднизолон; 14400 мг;
сандиммун неорал; 70000 мг;
азатиоприн; 36000 мг"
28-тармақпен толықтырылсын.
Облыс әкімі