Алматы қаласы әкімінің 1997 жылғы 25 тамыздағы "Баспананы ұстау жұніндегі шығындарға арналған тұлемдердің мұлшерін белгілеу туралы" N 442 шешіміне ұзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімінің шешімі 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 64. Алматы қалалық әділет басқармасымен 2000 жылғы 21 ақпанда N 101 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2001 жылғы 4 қаңтардағы N 2 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 04.01.2001. N 2 шешімімен.

      Суды пайдалануға арналған жалпыүйлік есептеу приборлары үшін ақы төлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (айрықша бөлім) сәйкес келтіру үшін, аталған приборларды техникалық жағынан жарамды етіп, күтіп-ұстау, олардың қызметін пайдалану үшін ақы белгілеу мақсатында Алматы қаласының Әкімі

                         ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

     Алматы қаласы Әкімінің 1997 жылғы 25 тамыздағы "Баспананы ұстау жөніндегі шығындарға арналған төлемдердің мөлшерін белгілеу туралы" N 442 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      - 1 тармақ келесі редакцияда берілсін:
      1. "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар қызмет көрсететін мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлеріндегі, сондай-ақ пәтерлер иелерінің иелігіндегі баспананың 1 шаршы метр пайдалы алаңы үшін 6 теңге 94 тиын мөлшерінде ақы төлеу белгіленсін, ұсынылып отырған қызметтер тізімін (N 1 қосымша) басшылыққа алып, оның құрамына инженерлік желілер бойынша техникалық қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу енгізіледі, сондай-ақ бір газ қондырғысы үшін үй ішіндегі базалық қондырғы бойынша техникалық қызмет көрсеткені үшін 15 теңге мөлшерінде қосымша ақы және су есептегіш және су есептеу қондырғысы бойынша техникалық қызмет көрсеткені үшін баспананың 1 шаршы метр пайдалы алаңы үшін 0-60 теңге мөлшерінде ақы төлеу белгіленсін".
      N 1 қосымшада:
      - 5 тармақ мынадай бөліммен толықтырылсын: "Суды тұтынуға арналған жалпыүйлік есептеу приборларының техникалық қызметі".
      - "1 шаршы метр пайдалы алаңға арналған шығындар" бабында "0-60" теңге болып оқылсын.

      Алматы қаласының
          Әкімі                             В.Храпунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады