Алматы қаласындағы қайталама металл нарығын реттеу және олардың заңсыз айналыммен күрес жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Алматы қалалық Мәслихатының шешімі IІ сайланған VІ сессиясының 2000 жылғы 27 қыркүйектегі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2000 жылғы 20 қазанда N 205 тіркелді. Мемлекеттік тіркеуге жатпайды - Алматы қаласы әділет департаментінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 02-11/227 шешімімен ("Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңының 38 бабына сәйкес) және онсыз қолданылады. Күші жойылды - ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2006 жылғы 26 шілдедегі N 264 шешімімен

       РҚАО Ескертпесі: N 02-11 және 227 2005 жылғы 20 қаңтардағы Алматы қалалық Әділет департаменті хатының негізінде шешім "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабымен көзделген нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге жатпайды және онсыз қолданылады.
      ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты Алматы қаласы Әкімінің жанындағы шағын бизнес департаменті директорының орынбасары В.В. Ликтің Алматы қаласындағы қайталама металл нарығын реттеу және олардың заңсыз айналыммен күрес жөніндегі шаралар туралы баяндамасын тыңдап, талқылай келе, Алматы қаласындағы қайталама металл нарығының жағдайын белгілі бір деңгейде дамып отырғандығын атап өтеді.
      Сонымен қатар, Үкіметтің "Қайталама қара және түсті металдар нарығы туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 383 P000383_ Қаулысы толық көлемде орындалмағандығынан, қара және түсті металды қабылдайтын заңсыз нүктелер саны көбейді, көлеңкелі бизнес жанданды, кәсiпорындардағы, саяжайлардағы, тұрмыстағы, зираттардағы металдар мен бұйымдарды ұрлауға байланысты қылмыстар саны артты. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
 

                            ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 

       1. Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы шағын бизнес департаментi директорының орынбасары В.В. Ликтiң Алматы қаласындағы қайталама металл нарығын реттеу және олардың заңсыз айналыммен күрес жөнiндегi шаралар туралы баяндамасы назарға алынсын.
      2. "Алматы қаласындағы қайталама қара және түстi металл нарығын реттеу жөнiндегi бағдарлама" бекiтiлсiн, қоса берiлiп отыр.

     II-сайланған Алматы
     қалалық  Мәслихатының
     VI-сессиясының төрағасы

     II-сайланған Алматы
     қалалық Мәслихатының
     хатшысы 

                                               II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының IV-сессиясының
            2000 жылғы 27 қыркүйектегi
              шешiмiне қосымша
 

Алматы қаласында қайталама қара және түсті
металдар нарығын реттеу жөніндегі
БАҒДАРЛАМА

                           Алматы қ., 2000 жыл

                                МАЗМҰНЫ
     I.  ЖАЛПЫ БӨЛIМ
     1.1.БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ
     1.2.БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
     1.3.БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТI
     II. ҚАЙТАЛАМА ТҮСТI МЕТАЛДАР НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСIН ТАЛДАУ
     III.БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ШАРАЛАРЫ
     IV. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМI
      V. КҮТIЛЕТIН  НӘТИЖЕ

І. Жалпы бөлiм

      Осы Бағдарламаны Алматы қаласы Әкiмiнің аппараты Қайталама металлургияның республикалық салалық қауымдастығымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Z934100_ , "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Z980258_ Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N№383 "Қайталама қара және түстi металл нарығы туралы" P000383_ Қаулысына сәйкес әзiрледi.
      Бағдарлама 2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму стратегиясының талаптарына сай келедi және оның басымдықтарын iске асыруға бағытталған:
      - қолда бар шикiзатты тиiмдi пайдалану, мәселесiнде "Өнеркәсiптiк саясат" стратегиясы;
      - "Экология және табиғи ресурстар" стратегиясы мәселесі - қалдықтарды ұқсату арқылы;
      - "Ресурс көздерi технологиясын енгiзу" және "Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды ұқсату" мәселесiнде "Табиғи ресурстарды теңгермелi пайдалану үшiн негiз жасау" басымдығы.
 

       1.1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ
 

       Түстi және қара металдың қайталама ресурстарының бақылаудағы, өте тиiмдi және қауiпсiз пайдаланылуын, Алматы қаласының жалпы экономикалық көтерiлуiне, сондай-ақ "Таза ауа - Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтыру кешендi бағдарламасына сәйкес аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға ықпал ететiн қайталама металлургия саласын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету.
 

       1.2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
 

       * Алматы қаласындағы қайталама түстi және қара металдың көлеңкелi айналымының алдында қайталама түстi және қара металдың заңды және бақыланатын айналымының стратегиялық бәсекелестiк артықшылығын қамтамасыз ету.
      * Алматы қаласындағы түстi және қара металл сынықтарының қалдықтарын жинауды, сақтауды, ұқсатуды, арту мен пайдалануды анықтау кезiнде ұлт қауiпсiздiгi мен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;
      * жеке, заңды тұлғалар мен мемлекетке тиесiлi қайталама ресурсты тиiмдi пайдалануға ықпал ету;
      * қосымша жұмыс орнын құру;
      * Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын халық табысын көбейтудi қамтамасыз ету;
      * қоршаған орта үшiн осы қызмет түрiнiң экологиялық, экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      * сынықтардың көлемi мен су көздерiне, оның ұқсатылуы мен өткiзiлуiне бақылаудың қажеттi және жеткiлiктi деңгейiн қамтамасыз ету;

      1.3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТI    

      Бағдарлама мақсатын iске асыру үшiн мына мiндеттердi шешу қарастырылады:
      * әрбiр ауданда түстi және қара металды қабылдайтын даярлау нүктесiн ұйымдастыру;
      * металл сынығын ұқсату жөнiндегi бос қуаттылықты анықтау және өндiрiстi ұйымдастыру;
      * өз қызметi барысында сынықтарды алатын кәсiпорындарды анықтау мен есепке алу және оны ұқсату үшiн әкетудi ұйымдастыру;
      * Алматы қаласында металл сынығы жинақталған жердi анықтау және оны ұқсату үшiн әкетудi ұйымдастыру;
      * металды қабылдаудың заңсыз нүктелерiнiң қызметiн анықтау және жолын кесу;
      * тәркiленген сынықты өткiзудi реттеу;
      * сынықты заңсыз өткiзудiң жағдайын, деректерiн анықтаудың тиiмдi әдiсiн әзiрлеу. Тапсырылған сынықтың сипатын белгiлеу және дәл анықтау.
 

II. ҚАЙТАЛАМА ТҮСТI МЕТАЛДАР НАРЫҒЫН
РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСIН ТАЛДАУ
 

       Металды, оның iшiнде түстi металды жинау және қайта пайдалану дамыған елдерге тән қызметтiң дәстүрлi және таралған түрi болып табылады.
      1998 жылы осы қызметтiң түрiн Үкiметтiң мемлекеттiк реттеуi өзiнiң қисынды аяқталуына жеттi (59 337 млн. АҚШ доллары сомасына 91766 тонна қайталама алюминийдiң маркалық құймасы сыртқа шығарылды). Бұдан әрi реттеу, бiр таңқаларлығы, бiздiң мемлекетке залал шектiрдi. Бұны заңды жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың өз қызметiн тоқтатуынан немесе өз көлемiн айтарлықтай төмендеткендiгiнен (маркалы құймалар экспортының бар-жоғы 11891,5 тоннаны құрап 8,786 млн. АҚШ доллары ғана болды) екендiгiнен көруге болады.
      1999 жылы қызметтiң осы түрiн лицензиялық реттеу iс жүзiнде тоқтатылды, ал оның орнына тыйымдар механизмi енгiзiлдi. Бұның негiзгi себептерiнiң бiрi - бұл мәселеде жүйелi жалпы көзқарастың, мемлекеттiк органдар қызметiнiң жоқтығы, осы iс-әрекеттердiң нәтижесi қайталама металл айналымының көлеңкелi секторға кетуiне алып келдi және осы айналымды бақылайтын механизм толығымен жойылды.
      Қондырғыларды заңсыз бөлшектеу, түстi металы бар материалдық құндылықтарды ұрлау кезiндегi көлеңкелi бизнес шектiрген залалды заңсыз айналым залалымен орайластыру қажет. Экономикалық залал негiзiнен тыйым шараларын қабылдауынан туындады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 13.03.2000 ж. N№383 "Қайталама қара және түстi металл нарығы туралы" Қаулысы қабылданғаннан кейiн заңсыз қабылдау нүктелерiнiң қызметi айтарлықтай төмендедi. Алайда, қазiргi уақытта олардың қызметi қайтадан жандана бастады.
      Жеке тұлғалардан сынықтарды қабылдауға тыйым салу металл сынығын жинауды ұйымдастыруды тоқтатуға және жеке секторда сынықтардың пайда болуына, қала аумағын ластауға әкелiп соқтырды.
 

III. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ШАРАЛАРЫ
 

       3.1. Қайталама металлургия саласын дамыту үшiн заңсыз бизнеспен күресудiң маңызы зор.
      Тапсырушының жеке басын ескерусiз және сынықтың қайдан әкелгендiгiн анықтамай металл қабылдайтын заңсыз нүктелер желiсi түстi металдың ұрлануына ықпал етiп отыр. Бұл өз кезегiнде заңды жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың беделiне секеу түсiрiп отыр.
      Заңсыз нүктелер өз қызметiн жасырмайды, мұны түстi металды қабылдауды ұйымдастыру туралы iлiнген маңдайшалар айғақтайды.
      Алматы қаласының IIББ металдарды қабылдайтын заңсыз нүктелердi анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау жөнiнде учаскелiк инспекторлар жұмысын күшейтiп, олардың қызметтерi туралы аудандық әкiмшiлiктерге есеп беруiн қадағалауға тиiс.
      Ай сайын Алматы қаласы бойынша жүргiзiлген жұмыс бойынша ақпарат жинап, оны Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қажет. Қайталама металлургияның республикалық салалық қауымдастығы сынықтардың ұрлануы және металды қабылдайтын заңсыз нүктелердiң жұмысы туралы ақпаратты жинау жөнiнде "жедел желi" ұйымдастыратын болсын.
      3.2. Алматы қаласының Әкiмiне металл ұқсататын сала кәсiпорындары мен мемлекеттiк органдардың өзара қатынасын үйлестiру үшiн шағын бизнес департаментi шегiнде құрылым бөлу ұсынылсын.
      3.3. Аудан Әкiмдерiне ұсынылсын:
      * аудан аумағында металл сынығын қабылдау нүктелерiн ұйымдастыруға;
      * сынықтардың құралу көзi болып табылатын ұйымдарды анықтауға;
      * сынықтарды ұқсату үшiн бос жарамды қуаттылықтарды анықтауға және мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзе отыра оларды пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеуге көмектессiн;
      * сынықтарды, оларды ұқсататын жерге апаруды ұйымдастыруға.

IV. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМI

      Бағдарламаны iске асыру үшiн
      Қалалық Мәслихат
      Алматы қаласы Әкiмiнiң аппараты
      Қайталама металлургияның республикалық салалық қауымдастығы
      Алматы қаласы IIББ
      Алматы қаласының прокуратурасы
      Алматы қаласы бойынша салық комитетi
      Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармасы     өкiлдерi қатарынан Үйлестiру кеңесi құрылады.
      Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын және Үкiмет қаулылары мен осы бағдарламаны басшылыққа алады. Кеңес мәжiлiсi кемiнде айына бiр рет өткiзiледi. Онда бағдарламаны iске асыру шараларының бекiтiлген жоспарының орындалуы туралы ақпарат тыңдалады. Кеңестiң басты назары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 13.03.2000 ж. N 383 Қаулысының орындалуына, рұқсаты жоқ түстi және қара металл қабылдайтын нүктелердiң қызметiнiң жолын кесу, оларды сақтау ұқсату мен өткiзу жөнiндегi шараларды қабылдауға аударылуы тиiс.
 

V. КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕ
 

       Қайталама металлургия саласы кәсiпорындары табысты дамыған жағдайда мыналарды болжауға болады:
      - сынықтың ұрлануын, оның контрабандасын, көлеңкелi бизнестiң сатылай "заңдастырылуын" айтарлықтай төмендету;
      - бюджет қаражатын жұмсамай металл сынығынан қаланы тазарту,сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру мәселесiн шешу;
      - әртүрлi сынықтарды, трубаларды, құрылғылы құрылыс элементтерiн таптау және даярлау әдiсiмен, алюминийдi ұқсату жолымен шикiзатты барынша
тереңiрек бөлудi ұйымдастыру;
      - қайталама қорытуды даярлайтын кәсiпорындар базасында машина жасау мен өзге салалар үшiн даярлау өндiрiсiн ұйымдастыру.

     II-сайланған Алматы
     қалалық  Мәслихатының
     VI-сессиясының төрағасы             

     ІI-сайланған Алматы
     қалалық Мәслихатының
     хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады