Денсаулық сақтауда уәкілетті орган тағайындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 27 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 24 сәуірде N 123 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011 жылғы 25 тамыздағы N 20 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.08.25 N 20 Шешімімен

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.А.Өтембаевтың 1999 жылғы 26 қарашадағы N 12-4/12515 хаттамалық шешіміне сәйкес және қаржыландыру сызбасының өзгерістерін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:

      1.  <*>
      Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 16 тамыздағы N 29 шешімімен.

      2. Мыналар денсаулық сақтаудағы бағдарлама әкімші-мекемелері болып тағайындалсын: 
      - облыстық денсаулық сақтау департаменті - облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар үшін; 
      - қалалық денсаулық сақтау бөлімі - қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар үшін; 
      - аудандық денсаулық сақтау бөлімі - аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар үшін. 

      3. Мемлекеттік мекеме болып қайта тіркелуге жататын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар тізімі бекітілсін. 

      4. "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы облыс әкімінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 10 шешімінің 2 қосымшасындағы "Денсаулық сақтау департаменті" тарауының 3, 5, 6, 11 тармақтары күшін жойды деп танылсын. 

      5. Қала және аудан әкімдеріне жергілікті жерлерде сәйкес шешімдер қабылдансын. 

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.П.Никандровқа жүктелсін. 
 
         Облыс әкімі

Облыс әкімінің
2000 жылғы 3 ақпандағы
N 27 шешіміне қосымша

  Мемлекеттік мекеме болып қайта тіркелуге жататын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың 
ТІЗБЕСІ

      1. Облыстық қан орталығы 

      2. Облыстық онкологиялық диспансер 

      3. Облыстық наркологиялық диспансер 

      4. Алкоголизммен, нашақорлықпен және таксикоманиямен ауыратындарды мәжбүрлі емдеу үшін мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады