Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Ақжар және Қызылжар аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 134а бірлескен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 28 шілдеде № 139 тіркелді

      Айыртау, Ақжар және Қызылжар ауданы мәслихаттары мен аудан әкімдерінің өтінімдері негізінде және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңның 11 бабына сәйкес облыстық мәслихаттың IV сессиясы мен облыс әкімі ШЕШІМ шығарды:

      1. Айыртау ауданы бойынша:

      - оның аумағын Қазан селолық округі құрамынан бөле және Қаратал, Шүкірлік, Сарыөзек, Ботай ауылдары мен Высокий селосын оның құрамына қоса отырып, Қаратал селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Қаратал ауылы айқындалсын;

      - оның аумағын Антонов селолық округі құрамынан бөле және Карасевка, Орлинагорск селолары мен Бірлестік, Қызыләскер, Өскін ауылдарын және Сырымбет селолық округі құрамынан - Светлый селосын оның құрамына қоса отырып, Қамысақты селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Карасевка селосы айқындалсын;

      - оның аумағын Имантау селолық округі құрамынан бөле және Лобанов, Заря селолары мен Әлжан, Шалқар ауылдарын оның құрамына қоса отырып, Лобанов селолық округі құрылсын;

      - оның аумағын Гусаковск селолық округі құрамынан бөле және Константиновка, Матвеевка және Төменгі бұрлық селолық округі құрамынан - Ақшолақ, Ақанбұрлық ауылдары мен Краснов селосын оның құрамына қоса отырып, Константиновск селолық округі құрылсын;

      2. Ақжар ауданы бойынша:

      - оның аумағын Алқатерек селолық округі құрамынан бөле және Айсары және Қызылағаш ауылдарын оның құрамына қоса отырып, Айсары селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Айсары ауылы айқындалсын;

      - оның аумағын Кішіқарағай селолық округі құрамынан бөле және Менжинск селосы мен Байтөс ауылын оның құрамына қоса отырып, Кенашы селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Менжинск ауылы айқындалсын;

      - оның аумағын Талшық селолық округі құрамынан шығара және Қулыкөл және Қарашілік ауылдарын оның құрамына қоса отырып, Қулыкөл селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Қулыкөл ауылы айқындалсын;

      - оның аумағын Ұялы селолық округі құрамынан бөле және Майск селосы мен Жаңатұрмыс және Найзатомыр ауылдарын оның құрамына қоса отырып, Майский селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Майск селосы айқындалсын;

      - аумағы 44568 га. Совхоз селолық округінің Қызылту ауылы Ленинград селолық округінің әкімшілік бағынысына берілсін.

      3. Қызылжар ауданы бойынша:

      - оның аумағын Вагулин селолық округі құрамынан бөле және Глубокий, Пресновка селоларын оның құрамына қоса отырып, Лесной селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Пресновка селосы айқындалсын;

      - оның аумағын Березовск және Светлопольск селолық округтері құрамынан бөле және Пеньково, Березовка, Белый селоларын оның құрамына қоса отырып, Рощинск селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Пеньково селосы айқындалсын;

      4. Айыртау, Ақжар, Қызылжар ауданы әкімдеріне (Әбілқайыров А.Ә., Оверко В.Г., Дмитриенко П.Г.) құрылып жатқан селолық округ аппараттарын ұстауға ассигнация іздестіріліп табылсын, екі айлық мерзімде аудандардағы әкімшілік-аумақтық өзгерістермен байланысты қажетті процессуалдық әрекеттер іске асырылсын.

      5. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихат хатшысы Е.Ж. Әубәкіровке және облыс әкімі аппаратының басшысы Х.Қ. Әкімхановқа жүктелсін, атқарылуы туралы 2000 жылдың 1 қыркүйегінде хабарлансын.

      Облмәслихат ІV сессиясының
      төрағасы Қ.Мыңжасов
      Облыс әкімі Қ.Нағманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады