Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтер мен пайдалану және тұрғын үйлерді (жеке тұрғын үйлерді ұстап-тұрудан басқалары) күтіп ұстау шығындарына төлем мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімінің шешімі 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 437 Атырау облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 7 қыркүйекте N 272 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 24.07.2008 № 19 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қазандағы "Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңдылық актілерінің бірқатарына өзгерістер енгізу туралы" N 471-1 Z990471_ Заңын жүзеге асыру мақсатында шешім етемін:
      1. Тұрғын үйлерді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды өтеуге берілетін жәрдемнің ішіне кіретін жұмыс түрлеріне кететін шектеулі шығындар көлемі бекітілсін.
      2. Пәтер иелері кооперативтері 2000 жылдың 20-і сәуіріне дейін еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына заңдылық ретімен бекітіліп, қолданылып жүрген пайдалану шығындары тарифтерін тапсырсын.
      3. Тұрғын үйлік жәрдемін тағайындағанда қабылданатын бәр адамға шаққанда айына төмендегідей коммуналдық қызметтерді тұтынудың шектеулі мөлшері белгіленсін:
      1) газ - тамақ дайындауға, шаруашылық ауыз-су қажеттеріне, суды жылытуға, N 2 қосымшаға сәйкес;
      2) салқын, ыстық су, шайынды сулар, N 3 қосымшаға сай;
      3) электр энергиясы 30 квт. сағатқа дейін, ал электр плиталарымен жабдықталған үйлерде тұратындарға 55 квт. сағатқа дейін.
      4. Тұрғын үйлік жәрдемін тағайындағанда заңдылық ретімен белгіленіп, қолданылып жүрген төмендегідей коммуналдық қызмет түрлерін тұтыну мөлшері қабылдансын:
      1) лифтілік қызмет көрсету;
      2) қатты тұрмыстық қалдықтар шығару;
      3) жылумен қамту.
      5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Қайрешев С.), қала және аудандар әкімдері тұрғын үйлік жәрдемін тағайындағанда осы шешімді басшылыққа алсын.
      6. Бұл шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Мүрсәлиеваға жүктелсін.
      7. Бұл шешім 2000 жылдың 1-ші сәуірінен бастап күшіне енеді.

      Облыс әкімі

Облыс әкімінің 14 сәуір
2000 жылғы N 437 шешіміне
1 қосымша       

Тұрғын жәйларды күтіп ұстау шығындарына жәрдем берілер кезде ескерілетін жұмыстар тізбесі

---------------------------------------------------------------------
  Жұмыстар түрлері |     Пайдалы алаңның 1 шаршы метріне кететін|
                   |                 шығындар (теңге)   --------------------------------------------------------------------

1  Ағымдағы жөндеу:
     а) үйдің бөліктерін күтіп-ұстау: ғимараттардың периметрі
     бойынша отмосткілерінің бөлек учаскелерін ауыстыру, ойықтар мен
     жырықтарды бітеу, қосылған жерлерді герметизациялау,
     қабырғалардың қататын жер учаскелерін қымтау, төбеден (түгел ауыстырудан басқасы)
     су ағуын тоқтату жұмыстарының барлық түрлері, бөлмелер ішіндегі
     сылақ-әрлеу жұмыстарының барлық түрлері, перилаларды жөндеу мен
     ауыстыру, үйлердің кіре беріс дәліздеріндегі ағаш
     баспалдақтардың элементтерін ауыстыру;
     б) тұрғын ғимараттарды күзгі-қысқы және жазғы маусымға дайындаудың барлық жұмыс түрлері, дәліздегі есіктердің жөндеуі және
сынған әйнектерін ауыстыру, тұрба құбырларын қымтап орау, құдықтарды тазалау, шатырларды қоқыстан, балшықтан, жапырақтардан тазалау,
төлелерді жылына 2 рет тазалап, дезинфекциялау.                0-61
2 Үй айналасы аумақтарын тазалау, жаяу адам жүретін жолдарды қардан, мұздан тазалау, газондарды тазалау, қырқу, қыс кезінде жаяу адамдар жүретін жолдарға топырақ себу, аула тазалаушылардың еңбек ақысы, әлеуметтік қамсыздандыру, қажетті заттар, жұмыс киімдерін алу,
контейнер алаңдарын тазалау.                                     1-74
3 Кезекші жарық беру (дәліздерге жарық беру)                     0-48
4 Әкімшілік басқару қызметкерлері (еңбек ақы, әлеуметтік қамсыздандыру, әкімшілік-шаруашылық шығындары)                   1-55
5 Элеваторлық тораптар мен жылу жүйелеріне техникалық қызмет
көрсету:                                                         1-86  а) жылу жүйелеріне қызмет көрсету;
- жылу жүйелерін тексеру;
- жылу жүйелерін қосып-ажырату (күзде, көктемде, авария кезінде      режимдік кезде);
- жылу жүйелерін консервациялау (көктемде), жылу жүйелерін консервация мерзімінде 10 күнде бір рет тексеру;
- жылу жүйелерінің режимдері өзгергенде және қосқанда реттеп отыру;
- жылу жүйелерінің елеусіз ақауларын жою, (түсіп қалған қымтау    орамаларын, жабынды бетін бекіту, су тамшылау ақауларын жою, соның  ішінде ауыстырмай-ақ бұрандалы қосындылардағы құбырларға бандаж қою,
   грязевиктерді, ауа жинағыштарды, реттеу арматураларын тосаптан және жиналған тұздан тазалау, магистралдық тұрба құбырлары астындағы босаған тіреулерді бекіту, прокладкілерін, арматураларын ауыстыру);
- жылу беру маусымы алдында жүйелердегі суды ауыстыру;
- жылу жүйелерін гидравликалық тазалау;
- электроаппатураларын Бақылау Өлшеу Құралдары мен Автоматика құралдарын құрастыру және жұмысқа қосу;
б) элеваторлық тораптарды қызмет көрсету мен қамту жөнінде (ИТП):
- ИТП-ларды айына екі рет температураларын, қысымды ығыстыру      коэффициентін өлшеп бақылау;
- жылу беру маусымының басы мен аяғында жылу жүйесінің жұмыс режимі      бойынша ыстық сумен қамту режиміне ауыстыру;
- реттеу және тыю арматураларының прокладкілерін ауыстыру;
- грязевиктерді, тыю және реттеу арматураларын жиналған тұздан,   тосаптан тазалау;
- дросселдік органдарды ауыстыру (сопел, стақан, шайба) және қажет      болса түзету;
- су ағу ақауларын жою;
- босаған тіреулерді бекіту;
- электроаппаратураларды, Бақылау Өлшеу Құралдары мен Автоматиканы     қосу, реттеу және бақылау.
6 Ыстық және салқын сумен қамту, канализация, электрмен қамтуды   техникалық қамтамасыз ету:
а) сантехникалық:
- канализациялық ағындыларды тазалау;
- төлелердегі канализацияларды тазалау (1-ші құдықты қосқанда);
- 1-ші қабаттағы бітелген унитаздарды тазалау;
- клапандарды, прокладкаларды, контргайкілерді, сгондарды,
  бұрандаларды, қалытқыларды, коронкаларды, вентилдерді, иінді     подводкілерді, материалдарымен қоса ауыстыру;
- пәтер жалдаушының материалынан (орамал кептіргішті, сифондарды,    грушаларды, манжеттерді, смесителдерді, дәнекерлеу жұмыстарын  қосқанда ауыстыру, авариялық жағдайдағы санитарлық техникалық құрал жабдықтарды ауыстыру);
- сумен шаю бачоктарын реттеу;
- бұрандалы қосындыларға су тамшылау ақауларын оңдау;
- вентилдерге сальниктер толтыру;
- тесіктерді жамау;
- үй қабаттары арасындағы жабындыларды тесуді қоса, салқын, ыстық   су жүретін тіке тұрбалар учаскелерін ауыстыру;
- салқын, ыстық су құбырларының жеке бөлек учаскелерін ауыстыру (бір метрге дейін);
- төлелердегі 2-метрге дейін, немесе пәтерлердегі шойын канализация  құбырларын ауыстыру (материал құнын есептемегенде, фасондық бөліктерді қоса);
- канализация құбырларының және олардың шығып тұрған бөліктерінің отырып кетуі ақауларын жою;
- төлелерден су сорғызу;
- төлелерде профилактикалық жөндеу жүргізу;
б)электротехникалық:
- электрмен қамтудың уақытша схемаларын жасау;
- ГРЩ (топтық бөлу шкафтарында) жанып кеткен фаза-нөл өткізгіштерді  қалпына келтіру;
- кезекші жарыққа электр қуаты кернеуін беру;
- кезекші жарықтың ажырату нүктелерін ауыстыру.
7 Басқа да шығындар:
Банкілік және кассалық қызмет көрсету                         0-45
Жалпы                                                         9-92
ҚҚС 20%                                                       1-98
Барлығы ҚҚС-ты қосқанда                                      11-90

Облыс әкімінің     
14 сәуір 2000 жылғы N 437
шешіміне N 2 қосымша 

Бір адамға шаққанда айына шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге, су жылытуға, тамақ дайындауға газ жіберу нормалары

---------------------------------------------------------------------  N |   Құрал-жабдықтар аты       |Табиғи газ м3 |Сұйытылған газ Кг
---------------------------------------------------------------------  1 Газ плитасы және орталық ыстық суы барлар    10          4,8
2 Газ плитасы бар, орталық ыстық суы жоқ газбен
  жылытылатын құралы жоқтар                    12,5        8,2
3 Газ плитасы барлар, газбен жылыту құралы бар
  және орталық ыстық сумен қамтылмайтындар     18,5       13,7

Облыс әкімінің     
14 сәуір 2000 жылғы N 437
шешіміне N 3 қосымша 

Салқын және ыстық суды пайдалану және сарқынды суларды сорғызу  нормалары

1. Ыстық және салқын су тұтыну нормасы
---------------------------------------------------------------------  N  Пәтерлер типтері       1 адамға шаққанда    | 1 адамға шаққанда
                         |тәулігіне салқын су  |тәулігіне ыстық су
                         |тұтынудың жалпы      |тұтынудың жалпы
                         |нормасы литр         |нормасы литр
---------------------------------------------------------------------  1  Пәтерлік типтегі тұрғын үйлер:
   - орталықтандырылған ыстық су
     және канализациясы барлар              100            120
   - орталықтандырылған салқын су
     және канализациясы барлар              210             -
   - канализациясыз орталықтандырылған
     салқын суы барлар                      75             -
     орталықтандырылған салқын суы бар
     және ваннасыз канализациясы барлар     125             -
2) Секциялық типтегі тұрғын үйлер:
   - орталықтандырылған ыстық су және
     канализациясы барлар                    60             80
3) Жеке тұрғын үйлер:
   - су беру колонкалары барлар            40             -
   - су құбыры үйлеріне кіргізілгендер     75             -
2. Сарқынды суларды сорғызу нормалары канализациямен жабдықталған үйлерге сарқынды суларды сорғызу нормалары бір адамның тәулігіне тұтынатын ыстық және салқын су жалпы нормалары бойынша белгіленеді.
      /Мамандар: Ержанова К.С., Хасанов М.Х./

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады