Қыс мезгілдері су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімінің шешімі 2000 жылғы 17 қараша N 652 Атырау облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 26 қаңтарда N 330 тіркелді

      Қыс мезгілдері облыс су айдындарында адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шешім етемін:
      1. Қала және аудандар әкімдері ауа райы жағдайын ескеріп, мұз үстінен жаяу және көлікпен өтуге тиым салсын, су объектілері бар меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына облыстың су айдындарында судан құтқару бекеттерін ұйымдастыру міндеттелсін.
      2. Облыстық судан құтқару қызметі мекемесі (Б. Қойшыбаев) іздестіру тобының және қысқы құтқару құралдарының даярлығын қамтамасыз етсін.
      3. Ішкі істер басқармасы (Қ. Мырзабаев) Солтүстік-Каспий аймақтық

биоресурстар қорғау жөніндегі басқармасымен (К. Сүлейменов) бірлесіп облыс 
су айдындарында, оның ішінде Каспий теңізінің жағалауында күзетті 
күшейтсін.
     4. Білім басқармасы (С. Еспосынова) мектеп және оқу орындары 
оқушылары арасында қыс мезгілінде су айдындарында қауіпсіздікті сақтау 
шараларының алдын алу жұмыстарын ұйымдастырсын.
     5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары 
Н. Мақашевқа жүктелсін.
     
     Облыс әкімі                
     
     (Оқығандар: Ержанова К.С., Хасанов М.Х.)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады