Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 36 өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 8 қаңтардағы N 6 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 ақпанда тіркелді. N 1384

      1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiнде:
      "128 Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары резервiнiң қаражаты есебiнен соттардың шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау
      129 Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражаты есебiнен соттардың шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау" бағдарламалары мынадай редакцияда жазылсын: № "96 Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары резервiнiң қаражаты есебiнен соттардың шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау
      97 Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражаты есебiнен соттардың шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау";
      "16.1.105.57 Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы

органдарының борышын өтеу" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "16.1.105.39 Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы 
органдарының борышын өтеу";
     2. Заң қызметi (Қ. Әбдiқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова) 
департаменттерi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     
     Министр
     
     
      Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады