Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 8 қаңтардағы N 2-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1392. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 110 (V042845) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенiне байланысты, Бұйырамын: 
      1. Қосымшадағы "Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы Нұсқаулық" бекiтiлсiн, және Қазақстан Республикасының әдiлет Министрлiгiндегi мемлекеттiк тiркеуден кейiн енгiзiлсiн. 
      2. "Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы Нұсқаулық" мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi 1998 жылғы N 69-Ө (мемлекеттiк тiркеуi N 536 1998 17.07)  бұйрығымен  бекiткен, "Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiмен инспекциялау (тексеру) жүргiзу тәртiбi туралы Ереже" күшiн жойды деп есептелсiн. 
      3. Заң бөлiмi (Қ. Камали) осы бұйрықпен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы Нұсқаулықты" Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 

      Министр 

                                           БЕКІТІЛДІ
                                    Қазақстан Республикасы Еңбек  
                                   және халықты әлеуметтік қорғау 
                                     министрлігінің Жинақтаушы   
                                   зейнетақы қорларының қызметін 
                                      реттеу жөніндегі комитеті
                                      2001 жылғы 08 қаңтардағы     
                                            N 2-Ө бұйрығы 

Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы 
Нұсқаулық 

1. Жалпы ережелер 

 
      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттейтiн заңдарына сәйкес әзiрленген және жинақтаушы зейнетақы қорларын тексеру барысында туындайтын қарым-қатыстарды тәртiптейдi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан былай - ЖЗҚ) тексерудi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi Комитетi (бұдан былай - Комитет), қажеттiгiне қарай басқа мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiн тартып, дербес өзi атқарады. 
      3. Тексерудiң негiзгi қағидалары: 
         1) тәуелсiздiк; 
         2) әдiлдiк; 
         3) құпиялылық. 
      4. Инспекциялау Қазақстан Республикасының заңдарының, ЖЗҚ зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қызметiнiң негiзiнде тәуелсiз жүргiзiлiп, салымшылар және алушылар мүддесiнiң қорғалуын, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуын қамсыздандыру мақсатында атқарылады. Инспекциялау ЖЗҚ iс-әрекетiн жалпы немесе жеке мәселелерi бойынша зерттеу және ЖЗҚ қорлары қызметкерлерiнiң әрекеттенуi ҚР заңдарына сәйкес атқарылатынын тексеру арқылы жүргiзiледi. 
      5. Инспекциялау түрлерiне жататыны: құрама тексеру және ағымдағы тексеру (жеке мәселелер бойынша инспекциялау). 
      Құрама тексеру ЖЗҚ барлық iс-әрекетiн қамтитын тексеру болып табылады. 
      Ағымдағы тексеру, ЖЗҚ iс-әрекетiне қойылатын салымшылар мен алушылардың, мемлекеттiк органдардың және ЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы қорларының шағымдарын тексеру, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жеке мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн тексеру болып табылады. 

2. ЖЗҚ инспекциялаудың негiзгi элементтерi  

      6. ЖЗҚ зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн атқару қызметiне бас лицензия алу кезiнде тапсырылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және анықтығын бақылау. 
      7. ЖЗҚ жарғылық капиталын толықтыру кезiнде тапсырылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және анықтығын, сонымен қатар, жарғылық капиталдың дер кезiнде толықтырылғандығын бақылау. 
      8. Мемлекеттiк органдарына және бұқаралық ақпарат құралдарына берiлетiн статистикалық есептiң дұрыстығын, толықтығын, анықтығын және уақтылылығын бақылау.
      9. ЖЗҚ бухгалтерлiк есеп беру мен есеп беру саясатының дұрыстығын, толықтығын және анықтығын бақылау.
      10. ЖЗҚ дербес зейнетақы шоттардағы зейнетақы жарналарын және инвестициялық табыстарын есепке алу бойынша операцияларды дұрыс, толық, анық және дер кезiнде атқарғандығын бақылау.
      11. Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша атқарылатын ЖЗҚ операцияларының дұрыстығын, толықтығын, анықтығын және уақтылылығын бақылау.
      12. Зейнетақы активтерiнiң шартты бағасы дұрыс, толық және анық есептелгенiн бақылау.
      13. Қате есептелген зейнетақы жарналарының қайтарылуы дұрыс, толық және анық орындалғандығын бақылау.
      14. Зейнетақы жинақтарын аудару операцияларының дұрыс, толық, анық және дер кезiнде орындалғандығын бақылау.
      15. ЖЗҚ, зейнетақы активтерiн басқару және банк-кастодианның өзара жүргiзген операцияларының дұрыстығын, толықтығын, анықтығын және уақтылы орындалғандығын бақылау.
      16. ЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттау жүйесiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн бақылау.
      17. Меншiктi капиталды ЖЗҚ негiзгi құралдары мен мүлiксiз активтерiне енгiзу нормативтерiнiң дұрыс, толық және анық сақталуын бақылау.
      18. Салымшылар мен алушылардың зейнетақы жинақтары туралы ақпарат берудiң дұрыстығын, толықтығын және анықтығын бақылау.
      19. ЖЗҚ филиалдарының, өкiлеттiктерi мен агенттерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атқарылатынын бақылау.
      20. ЖЗҚ зейнетақы шарттарын жасасу және салымшыларды тарту бойынша атқарылатын iс-әрекетiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн бақылау.
      21. Зейнетақы ережелерiнiң сақталуы мен орындалуын бақылау.

3. ЖЗҚ инспекциялау тәртiбi

      22. Инспекциялау Комитеттiң тапсырмасы бойынша, бұйрығы негiзiнде жүргiзiледi.
      23. Тапсырма төмендегi элементтерден құрайды:
          1) инспекциялау түрi;
          2) инспекциялау мерзiмi;
          3) ағымдағы тексеру жүргiзу жағдайындағы тексеру мәселелерi.
      24. Құрама инспекциялау күнтiзбелiк жылында бiр рет атқарылады.
      25. Болатын тексеру туралы комиссия ЖЗҚ-на алдына-ала хабарлауға құқылы.
      26. Құжаттардың сақтығын қамсыздандыру мақсатымен, өзара құжаттарды алып-берiсу ЖЗҚ-да тиiстi ресiмделу арқылы жүргiзiледi.
      27. Бұрын болған тексерудiң нәтижесiне сүйенiп, комиссия алдыңғы жүргiзiлген тексерудiң аяқталған мерзімін тексеру мерзімі деп белгiлеу құқысымен инспекциялауды жүргiзедi.
      28. Жүргiзiлген инспекциялау қорытындысы есеп беру арқылы ресiмделедi.

4. Инспекциялау қорытындысы бойынша есеп беру тәртiбi

      29. Инспекциялау қорытындысы бойынша есеп беру коммерциялық құпия болып табылады.
      30. Есеп Комитет құрылымдарына, және басқа мемлекеттiк органдарына, Комитеттiң бiрiншi басшысының рұқсаты бойынша, қызмет бабындағы мiндеттердi атқаруға қатысты көлемде ғана берiледi. Есептегi ақпаратты жариялау, Қазақстан Республикасының заңдарымен қамтылған жауапкершiлiктiкөздейдi.
      31. Инспекциялау аяқталғаннан кейiн, қорытындысы ЖЗҚ бiрiншi басшысымен және бас бухгалтерiмен немесе олардың орнын басатындарымен талқыланады. 
      32. Есепке комиссия қызметкерлерi, ЖЗҚ бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi, немесе олардың орнын басатындары қол қояды. 
      33. ЖЗҚ бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi, немесе олардың орнын басатындары инспекциялау аяқталғаннан кейiн есепке қол қоюға мiндеттi. Есеппен, немесе есептiң бөлiгiмен келiспеген жағдайда, ЖЗҚ бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi, немесе олардың орнын басатындары өзiнiң ескертпелерiн жазбаша түрде есепке тiркеуге құқылы. 
      34. ЖЗҚ iс-әрекетiнiң негiзгi бағыттарын тексеру қорытындысы бойынша пiкiр алысу Комитет басшылығының мәжiлiсiнде, ЖЗҚ басшыларының қатысуымен, қажетiне қарай, ЖЗҚ басқа да лауазымды адамдары шақырылып, өтедi. Инспекциялау қорытындысы Комитетте талқыланғаннан кейiн, нәтижесiне қарай, есепке түзетулер енгiзуге мүмкiн.
      35. Есепке қол қойылғаннан кейiн, ол Комитеттiң бiрiншi басшысымен, немесе оның орнын басатын адаммен бекiтiледi.
      36. Есеп комиссия тексерген ЖЗҚ қызметiн жан-жақты суреттеуге тиiс.
      37. Есептiң екi данасына қол қойылады. Бекiтiлгеннен кейiн, бiр данасы ЖЗҚ берiледi, екiншiсi - Комитетте сақталады.
      38. Қазақстан Республикасының заңдары бұзылғандығы айқындалғанда, Комитет кемшiлiктердi жою мерзiмiн көрсетiп, ЖЗҚ ұйғарым жiбередi.

5. Комиссия және ЖЗҚ мiндеттерi мен құқықтары

      39. Комиссия құқылы:
         1) ЖЗҚ қызметiн толық және анық инспекциялау үшiн қажеттi барлық құжаттарға рұқсат алуға;
         2) Құжаттардың тапсырылу мерзiмiн белгiлеуге;
         3) Есепке тiркелетiн тиiстi құжаттардың көшiрмесiн жасауға;
         4) ЖЗҚ қызметiне қатысты кез келген адамнан ақпарат алуға;
         5) ЖЗҚ инспекциялауға кедергi жасағандығы туралы Комитетке ескертiп, инспекциялауды тоқтатуға.
      40. Комиссия мiндеттi:
         1) ЖЗҚ тапсырған құжаттардың сақталуын қамсыздандыруға;
         2) ЖЗҚ-нан алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
         3) ЖЗҚ, салымшылар мен алушылардың, және ЖЗҚ қызметiне қатысты  үшінші жақтың құқықтары мен мүддесіне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттен аулақ болуға.
      41. ЖЗҚ құқылы:
         1) Комиссиядан инспекциялауға қажеттi құжаттардың тiзiмiн алдын-ала сұратуға;
         2) Комиссия белгiлеген құжаттарды тапсыру мерзiмiн келiсуге;
         3) Қол қою кезде есеппен танысуға;
         4) Келiспеген жағдайда өзiнiң ескертпелерiн тiркеуге;
         5) Комиссия қызметкерлерi лауазымдық өкiлеттiгiн бұзған жағдайда, Комитет басшысына және құқық қорғау органдарына хабарлауға.
      42. ЖЗҚ мiндеттi:
         1) комиссия қызметкерлерiне инспекциялау үшiн бөлме беруге;
         2) комиссия қызметкерлерiнiң ЖЗҚ ғимаратына еркiн кiруге жағдай жасауға;
         3) комиссия қызметкерлерiне құжаттарды тапсыруға жауапты адамдарды белгiлеуге;
         4) инспекциялауға қатысты сұрақтарға түсiнiктеме беруге;
         5) Комитетке, белгiленген мерзiмде, анықталған кемшiлiктердi жою шаралары туралы жазбаша түрде есеп беруге.
     43. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте реттеледi.     

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады